Жалпымақсаттар | Білімділік: Түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті бекіту. Сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты жазуға үйрету; Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілттерін, тілін дамыту; Тәрбиелік: Мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ - жауап, оқушының оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері: топтық жалпы сыныппен жұмыс. Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, үлестірмелі қима қағаздар. |
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту | Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызын мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім. - Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз. |
Мағынаны тану | Түбірлес сөздер– бір түбір арқылы жасалған туынды сөздер. Макросемалы бір буынды түбірден түрлі сөзжасамдық тәсіл негізінде алуан түрлі семаларға жіктеліп, бір семантик. өріске жататын ортақ мағыналы туынды сөздер түбірлес сөздер аталады. Түбірлес сөздерді құраушы түбір сөздің семемасы барлық туынды сөздер мағынасында сақталады, бұл түбірлес сөздердің бір семантик. өрісте жатуының басты шарты саналады. Сондықтан олар тек тұлғалық жағынан ғана емес, ішкі семантик. құрылымы жағынан да жақын болып келеді. Түбірлес сөздер қатарына барлық сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған атаулар толықтай ене алады. Түбірлес сөздердің сандық жағынан өсуі, дамуы түбір мағынасының сапалық тереңдігімен байланысты. Мысалы, асау сөзі арқылы төмендегідей туынды сөздер жасалады: асаулық, асаудай, бас асау, асаудайын, асаукөк, асаулау, асаулан, асауша, асауырақ, т.б. Фразалық тіркестер атау ретінде танылатындықтан, сөздердің барлығы жеке семаға ие, өзіндік номинативтік белгілері қалыптасқан туынды сөз болады. Түбірлес сөздер қатарын мағыналық даму арқылы жасалған сөздер де толықтыра алады. Мысалы, айтыс-айтыс, сабақ-сабақ, жазу-жазу-жазу, оқтау-оқтау, ақ-ақ-ақ, ат-ат-ат, т.б. омонимдестұлғалар да түбірлес сөздер ретінде қарастырылады. Тұлғалық жағынан бірдей атаулар арасында мағыналық ортақтық, тектестік, жақындық болған жағдайда ғана олар түбірлес сөздер ретінде танылады. Оларды айқындаудың басты шарты – мағына. Түбірлес сөздердің мағыналық құрылымында генет.-семантик. кілт (код) сақталады, бұл негізде сөздер арасындағы ортақ генет. тектестікті табуға болады. Түбірлес сөздерді сөзжасамдық тұрғыдан талдаудың төмендегідей негізгі шарттары бар: 1) Түбірлес сөздер өзегінде бір ғана түбір не негіз болады; 2) өзек сема арқылы қалыптасқан туынды мағынада ортақ сема сақталады; 3) жаңа номинативті мағынада сөзжасамдық мағына болады; 4) Түбірлес сөздер бір семантик. өрісте жатады. Тапсырмалар: Сөздердің түбірі мен қосымшасын сызықпен бөліп көрсету, әр сөздің мағынысын ашу, түсіндіру. I топ. Ойыншы, ойыншық, ойна II топ. Балалық, балақан,балапан III топ. Басшы,бастық,басқар Тапсырманы үш қатардан үш оқушы шығып,тақтаға орындайды. Қалғандары дәптерге өз бетінше орындайды. I ойын-шы,ойын-шық,ойн-а II Бала-лық, бала-қан,бала-пан III топ. Бас-шы,бас-тық,бас-қар Әр түбір сөз бен туынды сөздің мағынысын оқушылар өздері айтып отырады. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |