Жаңа тақырып | Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбын ББҮ кестесі арқылы түсінемін. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | | | Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі. 1.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағыдауысты болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б. 2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б. 3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға, к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін, | | Дәптермен жұмыс |
Шығармашылық жұмыс
| Кім жылдам? 1. Етістік нені білдіреді? Етістік нені білдіреді? 2. Етістік қандай сұраққа жауап берді? 3. Дара етістікті ата. 4. Күрделі етістікті ата. 5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. 6. Сабақты етістікке қай септік керек? 7. Салт етістікке қай септік керек? 8. Сабақты етістікті салтқа айналдыратын етіс түрі? 9. Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі? 1.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. 1.Тұйық етістік дегеніміз не? 2.Ол қалай жасалады? 3.Бір мысал ойла,септе. 4.Бір тұйық етістікті тәуелде. 2.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. 3.ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді. Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды |