kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрт түлік мал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары жас ұстаздарға көмек ретінде пайдалануға мүмкіндіктер береді. 5 класс оқушыларына сай құрылған. Жаңа бағдарлама мен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрт түлік мал»

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы: 4-бөлім

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

«№3 жалпы орта білім беретін аралас мектеп»КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сагитжумартова Самал

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Төрт түлік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А.1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрация арқылы тақырыпты болжау.

5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Ұсынылған иллюстрация арқылы тақырыпты болжайды. Сабақтың соңына дейін барлық оқушы құрылымын сақтап хабарландыру жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып жарнама мәтінін дайындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мақал- мәтелдерді пайдалана отырып, сүйікті үй жануары туралы досына хат жазады.

Бағалау критерийі

Ұсынылған иллюстрация арқылы тақырыпты болжайды.

Төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдерді қолданады.

Ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама,

хабарландыру жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтін төңірегінде сұрақтарға жауап береді. Тақырыпқа қатысты тірек сөздердің мағынасын ашады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мал шаруашылығы, тайлақ, буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан ,бура,жабағы, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, сәурік, құнажын, дөнежін, баспақ, торпақ, тана, тайынша, бағлан, тұсақ, азбан, ақауыз.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Алдын алу шаралары, мал дәрігері, тегін қызметтер, науқан уақыты т.б.

Мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: Малдың қадір-қасиеті, қасиетті мал, төрт түлік, жарнама жазу, тәжірибелі халқымыз, ұлтымыздың ұғымдары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Түйе , жылқы, қой, сиырды бір сөзбен қалай атайды?

2. Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің рөлі қандай?

3. Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 5-ші құндылығы

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» атты тармағындағы идеялар арқылы ата-баба дәстүрін сақтауға, ауылшаруашылығының ерекшеліктерін оқып уйренуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Төрт түлік, төрт түліктің төлдері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут




2 минут










3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

С . «Шаттық шеңбері» . Оқушылар шеңбер бойына жиналып, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне игі тілектерін білдіреді, сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу: Оқушылардың әрқайсысына сыбырлап белгілі бір төлдің атауы айтылады, оқушылар өздеріне берілген төлдің дыбысын дауыстап келтіреді. Дыбысқа байланысты оқушылар өздеріне тиесілі төлдің атауына қарай топтасады.

1-топ «Ботақан»

2-топ «Бұзауқан»

3-топ «Қошақан»

4-топ «Құлыншақ»

С. Миға шабуыл:

Ұсынылған иллюстрация арқылы тақырыпқа болжам жасаңыз, жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.

1. Түйе , жылқы, қой, сиырды бір сөзбен қалай атайды?

2. Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің рөлі қандай?

3. Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Қ.Б. «Бас бармақ» (өзара бағалау)





Сабақтың ортасы

10 минут




























10 минут























































5 минут

Т.Ж. 1-тапсырма (тыңдалым дағдысына) «Ыстық микрофон» әдісі.

Төрт түлік туралы бейнежазбаны мұқият көріңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Бейнежазбада айтылған малдың артықшылығын ескере отырып, әр топ өз атауына сәйкес төлді сату мақсатында шағын жарнама парақшаларын дайындаңыз.


1. Бейнежазбада қандай жануарлар туралы айтылған?

2. Үй жануарларының біз білмейтін қандай қасиеттері бар екен?

3. Жылқы неге қасиетті мал деп саналады?

4. Жануарлардың ішінде төлі ең нәзік мал қайсы?

Дескриптор:

  • - Бейнежазбаны көреді.

  • - Бейнежазба төңірегінде сұрақтарға жауап береді.

  • - Төлді сату мақсатында жарнама дайындайды.


Қ.Б. «Эмоция символдары» (өзара бағалау)


Т.Ж. 2-тапсырма (оқылым дағдысына)

«Галерея» әдісі . Топ болып берілген мәтін бөлігін оқыңыз, топта талқылаңыз. Басқа топтарға барып өз мәтін бөлігін баяндаңыз.

Оқулықтағы 4-тапсырма

Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі,

тұтынса – бұйымы, байлық, мақтаны мен салтанаты да осы мал болған.

Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын,

буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ,

үлек деп бөледі.

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал,

дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туындыларында

жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп

бағалаған.

Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атайды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты,

бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі. Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді.

Малдың қадір-қасиетін тәжірибелі халқымыз «түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деп бағалаған.

(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен

әдет-ғұрыптары» кітабынан)


Дескриптор:

- Берілген мәтін бөлігін түсініп оқиды, топта талқылайды.

- Басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтін бөлігімен таныстырады.


Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаймын.

Ж. 3-тапсырма. (Жазылым дағдысына)

Жуық арада тегін «Мал дәрігерлік науқаны» өтпекші. Науқанның болатыны жайлы төмендегі құрылымды сақтай отырып хабарландыру жазыңыз.


Хабарландыру құрылымының ерекшеліктері

Тақырыбы

Негізгі мәтін

Іс-шараның өтетін уақыты (күні, айы, жылы)

Іс-шараның өтетін орны


Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануыңызға болады: Науқан, мал дәрігерлері, тегін қызметтер, мал аурулары, алдын алу шаралары т.б.

Дескриптор:

- Құрылымын сақтап хабарландыру жазады.

  • - Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Қ.Б «Отшашу» (өзара бағалау)


https://www.youtube.com/watch?v=tMF6iiPp5J0

«Төрт түлік» бейнежазба








А 3 қағазы, стикер, маркер


























59-60 бет Алматы «Атамұра» 2017 Дәулетбекова Ж.

Қосымова Г.

Сабақтың соңы

5 минут


















2 минут

Ж. 4-тапсырма (жазылым дағдысы).

Төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, сүйікті үй жануарыңыз туралы досыңызға хат жазыңыз. Хатты топ ішінде өзара талқыға салыңыз. Үздік хат иесі «Автор орындығына» отырып оқиды.

Дескриптор:

- Стилін сақтай отырып хат жазады.

- Хатта мақал-мәтелдер пайдаланады.

- Хатты топ ішінде талқылап, үздік хат иесін табады.

Қ.Б. «Ботақан, бұзауқан, қошақан» әдісі арқылы

Үй тапсырмасы: Төрт түліктің пайдасы туралы эссе жазу

Кері байланыс

«Бұзауқан жаю» әдісі



















«Бұзауқан суреті»

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

  1. Мақсат бойынша саралау

Оқушылардың көпшілігі орындай алатын тапсырмалар және кейбір оқушылар орындайтын тапсырмалар арқылы саралау жұмыстарын жүргіздім. Оны төмендегі тапсырмадан көруге болады хабарландыру мәтінін жазуды оқушылардың көпшілігі орындаса, ал кейбір оқушылар хабарландырудың құрылымын сақтай отырып жазады. Жазылым дағдысына берілген тапсырмада оқушылардың көпшілігі хат жаза алса, ал кейбір оқушылар стилін сақтай отырып, мақал-мәтелдерді енгізе отырып хат жазады.

2. Қарым-қатынас формалары бойынша саралауды қолданып оқушылармен топқа бөлу арқылы жұмыс жасадым. Қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

«Бас бармақ»,

«Эмоция символдары»,

«Екі жұлдыз, бір тілек»,

«Ботақан, бұзауқан, қошақан»

«Отшашу» қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы оқушының бойында оқуға ынталандыру, нәтижеге қол жеткізу, өз білімін дәлелдеу дағдыларын жетілдірдім. Оқушыларды дамытуға бағыттайтын кері байланысты қамтамасыз еттім.



Жаратылыстану, әдебиет

Бейнежазба

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттеріорындалдыма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

әдіс

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Төрт түлік мал

Автор: Сагитжумартова Самал Копжасаровна

Дата: 04.06.2018

Номер свидетельства: 472140

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "На тему  "Т?рт -т?лік  мал жайында?ы ?ле? жырлар" "
    ["seo_title"] => string(49) "na-tiemu-tort-tulik-mal-zhaiyndag-y-olien-zhyrlar"
    ["file_id"] => string(6) "118209"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1413064827"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Презентация "Т?рт-т?лік мал" "
    ["seo_title"] => string(30) "priezientatsiia-tort-tulik-mal"
    ["file_id"] => string(6) "122286"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1414175530"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Саба?ты?  та?ырыбы: Т?рт т?лік мал "
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-tyn-tak-yryby-tort-tulik-mal"
    ["file_id"] => string(6) "139701"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417780661"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Т?рт т?лік мал мен т?лдері "
    ["seo_title"] => string(28) "tort-tulik-mal-mien-toldieri"
    ["file_id"] => string(6) "212595"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431876351"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Сабақ тақырыбы: Төрт түлік мал."
    ["seo_title"] => string(30) "sabak_tak_yryby_tort_tulik_mal"
    ["file_id"] => string(6) "368291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481455798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства