Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Тілді ??рметтеу отбасынан басталады»
Сабақтың тақырыбы: Тілді құрметтеу отбасынан басталады
Сабақтың мақсаты: 1.Тіл мерекесі аясында өткен сабақтағы материалдарды оқушыларға қайталап отырып, отбасына байланысты жаңа сөздермен танысу;
2. Оқушының айналасына деген көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту;
3.Тіліне,жеріне,Отанына, отбасына деген сүйіспеншілігін үйрету,ояту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, отбасы мүшелерінің суреті, үйдің макеті, карточка.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару,талдау.
Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру.
Сабақта кім жоқ?
Бүгін қай күн?
Аптаның қандай күні?
Тілдер мерекесі қашан тойланады?
2) Үй тапсырмасын сұрау. 5 саусақ туралы өлеңді жатқа айтқызу.
3) Жаңа сабақ. Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз тіл мерекесіне арналып отыр. Сабақты “ Отанды сүю- отбасынан басталады” демекші мақал- мәтелмен бастаймын. Өйткені сенің Отаның- отбасың, туған туысың, айналаңдағы адамдар. Қазақ тілі 1989жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан- ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
- Балалар айтындаршы, түркі тілдердің ішінде қазақ тіліне жақын тілдер қандай тілдер?