kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл – достықтың айнасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Тіл – достықтың айнасы

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға Қазақстан халқының тілдер онкүндігі туралы айтып, осы орайда мемлекеттік тілдің рөлін, ана тіліміздің байлығы туралы молынан игертіп, оны әрі қарай байыта түсу, тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге үйрету, тыңдаушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, аудио-видео

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Оқылым.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.                                             Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.     

Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз.                     Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

2-тапсырма. Оқылым бойынша тапсырма:

1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды?

2. Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады?

3. Мәтін мазмұнында айтылатын  өзекті мәселені айтыңыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл – достықтың айнасы»

Сабақтың тақырыбы: Тіл – достықтың айнасы

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға Қазақстан халқының тілдер онкүндігі туралы айтып, осы орайда мемлекеттік тілдің рөлін, ана тіліміздің байлығы туралы молынан игертіп, оны әрі қарай байыта түсу, тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге үйрету, тыңдаушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, аудио-видео

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.


Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Оқылым.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.


2-тапсырма. Оқылым бойынша тапсырма:

1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды?

2. Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұрады?

3. Мәтін мазмұнында айтылатын өзекті мәселені айтыңыз.


3-тапсырма. Берілген мақалдарды толықтырыңыздар.

1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... .
2. Бал тамған тілден ... . 
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... . 
4. Жақсы сөз - ...  .
5. Қаһарлы сөз ...  .
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... . 
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... . 
8. Бас кеспек болса да, ... . 
9. Дәлелсіз сөз ... . 
10. Тіл қылыштан ... . 

Жауабы:

1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар). 
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс) 
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар) 
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ). 
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер). 
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
10. Тіл қылыштан ... (өткір). 



Оқытушы:  Құрметті тыңдаушылар, әр халықтың өз тілі бар екендігін айттыңыздар. Ал, халық жеке адамдардан, отбасылардан құралады ғой. Өмірге келген әр адам осы жарық дүниеден бақыт іздеп, өмір бойы бақытты болғысы келетініне ешкімнің күмәні болмас .

Қазақтың ақ иық ақыны Мұқағали Мақатаев: «Үш бірдей бақытым бар алақанда,...» деп айтып кеткен екен.



4-тапсырма. ТЫҢДАЛЫМ.

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін тыңдап көрейік. Өлең бойынша тапсырма беру. Өлеңді толықтырыңыздар.

Ең бірінші бақытым - .............. ,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің,



Ал екінші бақытым - ......... ......,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей- кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші - .................,

Құдай деген кім десе, ........... ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.



Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсің, шөберелер.

Жадыңда ұста:

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!



Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



5-тапсырма. Құрметті тыңдаушылар, Осы өмірде Тілдің атқаратын қызметін, яғни функцясын саралап алайықшы.

Тіл-қарым-қатынас құралы, Халықтың күре тамыры, Әр ұлттың Тарихы, Әдебиеті, Мәдениеті, Ғылым, Тіл- ұлттық қазынамыз, Сонымен қатар халықтар достығының айнасы екен. Оған дәлел келтірсек биылғы, яғни 2016 жылдың 26 сәуірінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен


Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Осыған орай осы шарадан бір мысал келтірсек.




6-тапсырма. Видео көру.


Данлади-БВАЙ Даниэль Джеймс ұлты – нигериец. Алматы қаласы. Өнертанушы, домбырашы.

1991 жылы 6 наурызда, Лагос қаласы, Нигерияда туған. 5 жасынан Қазақстанда тұрады.

2013 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада өнері» бөлімін бітірген.

Орыс, ағылшын, қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Қорытынды: Тыңдаушыларға сөз беру.

Тыңдаушылар сабақты қорытындылайды.




1. Тыңдаушы:

Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ел тағдыры.

Ұлтымыздың бүгіні, ертеңі, болашағы ана тіліміздің даму деңгейіне байланысты


2. Тыңдаушы:

Тіл -қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Ана тілді білу – міндетің. Өз тілін сезбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен бірдей.


3. Тыңдаушы:

Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,

Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.  


4. Тыңдаушы:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана   тілім, сені егер білмесем.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тіл – достықтың айнасы

Автор: Мұқышева Теңдік Қайрбекқызы

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Тіл – достықтың айнасы."
    ["seo_title"] => string(23) "til_dostyk_tyn_ainasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "368706"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481540909"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Досты?ты ба?алай біл "
    ["seo_title"] => string(22) "dostyk-ty-bag-alai-bil"
    ["file_id"] => string(6) "214542"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432345899"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "«Тіл – досты? пен келісімні? тірегі» актив са?аты "
    ["seo_title"] => string(50) "til-dostyk-pien-kielisimnin-tirieghi-aktiv-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "196277"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428041627"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Конспект к внеклассному мероприятию на тему "Достык кымбат омирде". "
    ["seo_title"] => string(71) "konspiekt-k-vnieklassnomu-mieropriiatiiu-na-tiemu-dostyk-kymbat-omirdie"
    ["file_id"] => string(6) "199650"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428603470"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Адам болам десе?із... (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(30) "adambolamdiesieniztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "303119"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457435369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства