kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок был проведен на декаде. соответствует нормам и требованиям 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.»

Пән аты: қазақ тілі Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сан есімнің синтаксистік қызметі туралы жаңа мәлімет беру, синтаксистік талдау жасауға баулу,өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру.

Міндеттері:

1.Білімділік: Тақырып бойынша алған ақпараттарды өмірде қолдана білуін қалыптастыру. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Сын тұр- ғысынан ойлауды дамытуға байланысты: болжау жасауға салыстыру жасау арқылы оқушылардың қиялын дамытады. Ойын еркін жазуға үйренеді.

Тәрбиелік: Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету, халқымыздың салт дәстүрлерін ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Практикалық, көрнекілік әдісі, болжау, ой қозғау
Көрнекілігі: Кестелер, суреттер, топтық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі: Сабақ барысында жол сілтеу, түсіндіру, тақырыпты меңгеру

Оқушының қызметі: Тапсырмалар орындау

Күтілетін нәтиже: Өз пікірін дәлелдеу, сауатты жазу, тақырыпты меңгерту
Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздер ме?
-Кезекші сыныпта жоқ оқушылар бар ма?
-Олай болса,сабаққа дайындаламыз.
Сыныпта психологиялық ахуал орнату.
Топқа бөлу. Мұғаліммен амандасу,сыныпта кімнің жоқ екенін айтып,сабаққа дайындалып қатысу.
«Шаттық шеңберінде» оқушылар бүгінгі күнге бір-біріне жақсы тілектерін тілейді.
1,2,3 сандарын санау арқылы топқа бөлінеді. Сәлемдесу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым- қатынастар орнату.
Үй тапсырмасын сұрау. 
Миға шабуыл
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. – ыншы,- інші, - ншы, - нші жұрнақтары сан есімнің қай түріне тән?
4. – лап, - леп, - дап, - деп, - тап, - теп жұрнақтары сан есімнің қай түріне
тән?
5. Реттік сан есім рим цифрымен берілгенде қалай жазылады?
6. Ай, жыл, ғасыр, күн аттарымен тіркескен реттік сан есім қалай
жазылады?

Жаңа сабақ: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сөйлем мүшелері

Ережесі

Мысалдары

Анықтауыш

Байланысатын сөзінің санын, мөлшерін, ретін білдіріп, сан есім әдетте анықтауыштың қызметін атқарады.


Бірінші үй.

Бес кило бидай.

Толықтауыш

Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып, толықтауыш болады.

Мыңмен жалғыз алыстым...

(Абай)

Пысықтауыш

Сан есім септеліп те, септелмей де етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш қызметін атқарады.

Досым он үшке толды.

Баяндауыш

Сын есім жіктік тұлғада келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш қызметін атқарады.

Мұнда жиналғандар саны – алпыс бес.

Өтемістен туған он едік. (Махамбет)

Күрделі мүше болады:

Үш жүзге жуық, жиырма бес пайызға өсті, т.б.


Дәптермен жұмыс:
79 - жаттығу.

1-топ Мәтінді оқып шығып, құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойыңдар, қай мүше екенін, қандай сөзбен тіркескенін айтыңдар

Үлгі: Қанша күн? – он бес – анықтауыш, есептік сан есім.
Он бес күн өткен соң, Бекболаттың аулындағы бір көлік келді. Аман - есен жиырма үй Бекболаттың аулына көшіп барды. Бекболат әр кедейге бір - екі соқа жасап берді. Сарысудың табан балығынан кедейлер екі - үш көлік балық қақтап алды. Сөйтіп екі жылдың ішінде Бекболаттың төңірегінде қырық шамалы үй ағайындары жиналды.
Он бес күн өткен соң, Бекболаттың аулындағы бір көлік келді.
Он бес күн – анықтауыш, есептік сан есім.
бір көлік – анықтауыш, есептік сан есім.
2-топ

Сан есімнің мағыналық түрін ажыратады

Он бес- есептік, қырық шамалы- болжалжық сан есім;

3-топ Сөйлемге морфологиялық талдау жасайды

Сөйтіп, екі жылдың ішінде Бекболаттың төңірегінде қырық шамалы үй ағайындары жиналды.

80-жаттығу

Топтастыру стратегиясы

1-топ 2-топ 3-топ

Сан есінен болған тұрлаусыз мүшелер



Сан есінен болған тұрлаулы мүшелер

Сан есім











81-жаттығу «Қыл қаламым жырлайды» стратегиясы 5-минуттық эссе

«Менің елім – Мәңгілік ел» Қ.Р. Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

Сан есімді тауып сөйлемдегі қызметіне тоқталу


«Қызықты тіркестер» сратегиясы сәйкестендіру


Екінің жарты


Екі бірі

Алтау қазына

Жеті ала

«Өз орныңды тап» әдісі

Мақал сөздің мәйегі жоғалған сөді тауып жазу

... өлшеп, ... кес.

... ... қыдыр.

Білімді ... жығар, білекті .. жығар.

... ала болса, ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі келеді.


Сабақты қорыту

«Ойнай отырып, ойлай отыр» әдісі

Қай сөз табынан бұрын сан есімдер мүлде келмейді?

Қай сөзден бұрын некен-саяқ қана кездеседі?

Жинақтау сан есімдері атау тұлғалы зат есімдерден бұрын келе ала ма?

Басқа сөз таптарынан сан есім жасала ма?

Сан есім жұрнақтары нешеу?

Олардың басқа сөз табы жұрнағына ұқсасы бар ма?

Күрделі есептік сандардан реттік сан есім қалай жасалады?

Бағалау

5-қызыл, 4-көк, 3-сары түспен бағаланады.

Үй тапсырмасы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі ереже жаттау 82-жаттығу шартымен орындау.































Қазақ әдебиеті  8 сынып

Тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру;
Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.

Тәрбиелік: қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, бекіту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, пікірсайыс, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуация туғызу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Көрнекілігі: жазушы портреті, сызба кестелер, нақыл сөз, мақал - мәтелдер, маркер.
Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі, тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар қызыл, сары, жасыл түстерімен 3 топқа бөлінеді.
І. Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар,

Ой шақыру

топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.

Жазушы

Төлен Әбдіков

хатшы аудармашы


драматург қоғам қайраткері

Редактор еуропалық алтын медаль иегері

Жаңа сабақ тақтаға жазылады, әр топқа тапсырма беріледі.

Мағынаны ажырату
І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Тақырыбы: адамгершілік мәселесі
Идеясы: баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.
ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт
6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
7. Қорытынды - Құлазыған көңіл

ІІІ топ. Кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт
Кемпірі
Сапабек (ұлы)
Тома(келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)

Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс. Аяқ - қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.

ВЕНН диаграммасы


Ортақ қасиеті САПАБЕК

ЕРҒАБЫЛ ҚАРИЯ











Айырмашылығы: Ерғабыл – ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым жан
Айырмашылығы: Сапабек – қала тұрғыны, жас, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш
Ортақ қасиеті: Әкелі – балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бір беткей

І Топ. Сөздік жұмысы
Алагеуім - таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ - сапақ
Жолай - жолдан соғу, бару
Шақша - насыбай салатын ыдыс
Ноқта – Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел
Сағағы - мойын, алқым
Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану
Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу
Қитар - жөнге бірбеткей қыңыр, қисық
Теңеу
Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.
2-топ Тұрақты тіркес
Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен - пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)
Көз ілінді - ұйықтап кету
Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді


3-топ Көркемдеуіш құралдар
Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар
Теңеу –айбарлы, бұрандалы
«Жәрмеңке» әдісі

Балалар, сабағымыздың келесі кезеңі«Жәрмеңке» – әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Ерғабыл қарияның неге қалаға барғысы келмейтіні, өз баласына көңілі толмайтыны туралы пікірді келесі топтарға түсіндіру арқылы сатамыз. Егер қызықты етіп түсіндірсе, басқа топтар сатып алады.

Шығармашылық кезең

1- топ: Әңгіменің негізі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.
2- топ: «Елес жетелеу стратегиясы» бойынша болашақты елестету.
3- топ: Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырыңдар.
Сабақты қорыту

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі өз көзқарастарыңды айтып беріңдер. «Ақ қалпақ» (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді), «сары қалпақ» (үзіндінің жағымды тұстарын айтады), «көк қалпақ» (талдау жасайды,топтар не үшін?неге?неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді),« жасыл қалпақ» (шығармаға қатысты тың идеялар мен болжамдар айтады),«қызыл қалпақ» (бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).
А. Жорабаеваның «Перзент парызы» өлеңін тыңдату

Бағалау: Әр топ өздерінің тобындағыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды, егер асыра бағаласа мұғалім тарапынан түзетіледі.
Үйге тапсырма: «Ата - ананың қадірі», « Баланың ата - ана алдындағы парызы» тақырыбына ойтолғау жазу.







































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Автор: Маханбеткулова Айгуль Бексултановна

Дата: 23.12.2016

Номер свидетельства: 372745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімні? с?йлемдегі ?ызметі"
    ["seo_title"] => string(48) "sabaktyntakyrybysaniesimninsoiliemdieghikyzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "298355"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456319345"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы: Сан есімні? с?йлемдегі ?ызметі"
    ["seo_title"] => string(49) "sabaktyntakyrybysaniesimninsoiliemdieghikyzmieti1"
    ["file_id"] => string(6) "298356"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456319353"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сан есімні? с?йлемдегі ?ызметі "
    ["seo_title"] => string(36) "san-iesimnin-soiliemdieghi-k-yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "191228"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427285692"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Открытый урок на тему: "Сан есімні? с?йлемдегі ?ызметі" "
    ["seo_title"] => string(59) "otkrytyi-urok-na-tiemu-san-iesimnin-soiliemdieghi-k-yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "198525"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428416115"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Сан есімні? ?ызметі "
    ["seo_title"] => string(22) "san-iesimnin-k-yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "215640"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432745465"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства