kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы :"Көңіл айту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушыларды тұрмыстық қатынаста аралас-құраласы бар адамдардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айту рәсімін түсіндіру.

тәрбиелік –жастарды мейірімділікке тәрбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы :"Көңіл айту"»

Жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектеп







Ашық сабақ







Тақырыбы : «Көңіл айту»











Дайындаған : Дүйсенова А.К.















сабақтың тақырыбы : Көңіл айту.

Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушыларды тұрмыстық қатынаста аралас-құраласы бар адамдардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айту рәсімін түсіндіру.

тәрбиелік –жастарды мейірімділікке тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі :деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Психологиялық дайындық.Оқушылармен амандасу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Сөз әдебі дегеніміз не?

Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас деген не?

Әңгімелескенде адам өзін қалай ұстау керек?

Құттықтау сөз қай кезде айтылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Білім

Көңілдегеніміз не?

«Көңіл» деген сөзге сөз тіркестері бар?

көңіл қалу, көңіл қайту, көңіл айту, көңіл қалауы, көңіл көтеру, көңіл санасы, көңіл кірі, көңіл кешуі, көңіл жүгі, көңіл ашу, көңіл көзі, көңіл рахаты, көңіл бөлу, көңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілсіз құлақ, қара көңіл, ақ көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынған көңіл, құс көңіл, қайғылы көңіл, есер көңіл, мазасыз көңіл, талапты көңіл, жаралы көңіл.

«Көңіл пырағы» «Көңілдәптері»

тәрізді бірқатар тіркестер, қанатты сөздер баршылық. Мұның бәрі көңілдің танымдық мүмкіндігінің кең, түрлі қатпарлы, қырлы екенін танытады. Ал енді қазақта көп айтылатын «Көңіл қалу», «көңіл көтеру», «көңіл аулау», «көңіл кету», «көңіл қобалжуы», «көңіл ағаруы», «көңіл тазаруы», «көңіл шалқуы» деген сөздер, ұғымдар адам көңілінің түрлі күйінен көрініс беріп, бейсаналық психикалық халін де алдыңа жайып тастайды. 
Көңіл деп аталатын қуат адамның жүрегінде. Содан көңіл деген ұғымды жүрек деген ұғым ретінде қолданатындар, көңіл жүрек, дұл ұғымдарымен ұштас дейтіндер де көп.

Әйтеуір, адам денесіндегі барлық мүшелері осы көңілге

бағынады. Біздің сезім мүшелеріміз арқылы алынған хабарлардың барлығы да көңілде, яғни, жүректе жиналып, адамға әсер етеді. Жалпы, адам ықыласының негізгі көрсеткіші – көңіл. Мұнан туатын қорытынды: көңіл – жүрек қалауы.
Жүсіп Баласағұни айтады: «Кісі көңілі – түпсіз теңізбен тең», - деп. Дүние қалай үнемі үздіксіз



алмасып тұрса, адам көңілі де сондай сәттерге толы. Хаққа ғашықтық, өмірдің жалғандығынан, өткіншілігінен түңілу –көңіл қалауының, таным-түсінігінің ерекше қалпы. Дәстүрлі қазақ ұғымында көңілге байланысты түсініктер көп. Ол ақын-жазушылардың шығармаларында жиі кездеседі.

Қолдану

Қазақтың көңіл айтуы.
Біздің халқымызда атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі ғұрыптық салттардың бірі – азалы адамды жұбату үшін қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айту. Ол сонымен бірге сыйластықты, жақындықты да танытады. Көңіл айтуда өлең де, қанатты сөздер де қолданылады.Қаза алдымен естіртіледі де ( Естірту)`, содан кейін К. а. басталады. К. а-ға жұбату жалғасады.
Қазаға көңіл айтудың кең тараған түрлері: 1. «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Болған іске болаттай берік бол!». 2. «Қарыс жерде қаза бар. Өзекті жерде өлім бар. Өлгенге – иман, қалғанға береке берсін!». 3. «Аққу ұшыпкөлге кетті. Ақсұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ. Бәріміз баратын жерге кетті. Өлмейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ. Қайғыңа ортақпыз». 4. «Аллаһ Тағала алдынан жарылқасын. Жаны жәннатта болсын!». 5. «Топырағы торқа болсын, қазасы қайырлы болсын!». 6. «Арт жағына қайыр-берекесін берсін. Жасамаған жасын балаларына берсін!». 7. «Шетінеген нәресте ахиретте шапағатшы болсын!». 8. «Егілте бермей еліңді, буын бекем беліңді!».
Қазақта ақын-жыраулардан қалған қазаға көңіл айтудың көптеген түрлері бар. Талдау

Ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі.

Мысалы, Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға келіп көңіл айтқанда былай депті: «Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қозғағалы келдім». Ал Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанында оған келіп былайша көңіл айтқан: «Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар. Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!».

Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек хан «Жиреншеге 6із естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар», - деп уәзірлерімен сөз байлап кояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып ханның үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:

- Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады?- депті. Жиренше шешен отырып:

- Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады, - депті.

- Шешесіөлгенқалайболады?

- Ағарбұлағысуалғанменбірдейболады.

- Ағасыөлгенқалайболады?

- Оңқанатықайрылғанменбірдейболады.

- Інісіөлгенқалайболады?

- Солқанатықайрылғанменбірдейболады.

- Апа-қарындасыөлгенқалайболады?

- Ұзынөрісіқысқарғанменбірдейболады.

- Қатыныөлгенқалайболады?

- Аһ!.. МеніңҚарашашымөлгенекенғой? - дейдіЖиренше. Олкүйініпқамшысынтаянғанда, қамшыныңсабыортасынаншартсыныпкетіпті.





Көрісу (дәстүр). «Кімдер екенін айырып болар емеспін, кезек – кезек келіп, мені құшақтап көрісіп жатыр»(Т.Әбдіков). Ет жақын туыс – туғандары, ата – аналары, басқа да сыйлас іліктері қайтыс болған адамдарға артта қалған жақын – жуықтары мен ағайындары (әйелдері) келіп марқұмның жақсы істері мен арманын айтып жылайды. «Көрісу» деген осы. Олар мұндайда «мені апа деп кім айтар?», «көз қырын салатын еді», «әдейі келіп сәлем беретін еді» деген сияқты арман сөздерін айтады. Көрісуші адамдар үй сыртынан жылап келеді. Мұны «дауыс» - дейді. Алыс – жақыннан не жаназаға не көңіл айтуға келген топтың әйелдер қауымы қосылып сөз қоспай бір зарлы әуенмен келеді. Мұны «қара дауыс» дейді. Мұндай дауыс жоқтау кезінде де қолданылады.
              Еліміздің оңтүстік жағында еркектер де дауыс салып кіреді, ал орталық жақтарда әйелдер ғана дауыс қылып келеді

Жаттығумен жұмыс: 168-тапсырма. Мәтінді оқып, көңіл айту дәстүріне, ондағы айтылған сабырға шақыру, жұбату сөздерінің мән-мағынасына назар аудару.

169-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.

Жұппен жұмыс: 170-тапсырма. 1-жұп. 1.Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып сыңарын тауып жазу.

2. «Алтын» деген сөзге фонетикалық талдау жасау.

2-жұп.1.Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің бірін тақырып етіп алып, шағын шығарма жазу.

2. «Мәдениеттілік» деген сөзге морфологиялық талдау жасау.

Баға

-Нені білдік?

-Нені үйрендік?

-Нені білуіміз керек?

Түйін: Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни, иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп көңіліне нәр шашады. Әдепті сөздер - ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп,әдепті сөздерді айтуға жаттыққан



Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы :"Көңіл айту"

Автор: Дүйсенова А.К.

Дата: 24.04.2018

Номер свидетельства: 467579

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ашы? саба?ты? та?ырыбы:«Минералды ты?айт?ыштар» "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tyn-tak-yryby-minieraldy-tyn-aitk-yshtar"
    ["file_id"] => string(6) "185222"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426160731"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Саба?ты? та?ырыбы	Несіпбек Айтов «Н?ркен». М?лік  ?абдуллин  «Батыр  Бауыржан»"
    ["seo_title"] => string(78) "sabak-tyn-tak-yryby-niesipbiek-aitov-nu-rkien-m-lik-g-abdullin-batyr-bauyrzhan"
    ["file_id"] => string(6) "295285"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455799207"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Алғыс айту парызым!"
    ["seo_title"] => string(48) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_alg_ys_aitu_paryzym"
    ["file_id"] => string(6) "462015"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1521098980"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тақырыбы: Ертегіні айту «Бауырсақ»"
    ["seo_title"] => string(31) "takyryby_ertegini_aitu_bauyrsak"
    ["file_id"] => string(6) "546344"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586710049"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Саба?ты? та?ырыбы:  Ауа – Жерді? ?ор?аны. Ауаны ?ор?ау. "
    ["seo_title"] => string(57) "sabak-tyn-tak-yryby-aua-zhierdin-k-org-any-auany-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "171416"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423670549"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства