Тақырыбы | Сызба қаріптері.Сызбаларға өлшемдер түсіру |
Мақсаты | Сызба қаріптері туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету. Оқушыларға сызба қаріптерінің түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,қаріптерді дұрыс жаза білуге үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түснеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл,Салыстыру кестесі, Жиго,Эссе |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңбер» деген топ құрғызамын.. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Сәлемдесу Түгендеу Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын. Яғни 1,2,3 3-топқа бөлінеді. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жылы сөздер айтады. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3 деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді. |
Білу Миға шабуыл Кім жылдам Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, | Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. Миға шабуыл әдісін пайдалану Сұрақ – жауап. .Сызба дегеніміз не? 2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы? 3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз? 4.неше сызық түрлері бар? 5.Циркуль қай елдің сөзі? 6.А3 пішімінің өлшемін айт? 7.Негізгі жазу графасының өлшемдерін ата? 8.Масштаб дегеніміз не? | Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды. |
Түсіну Сызба қарпі » Постермен өткен тақырыпты қорғау | Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату Сызбаның өлшем сызықтарындағы сандарды, бас қа да жазуларды, негізгі жазуды сызба шрифті бойынша орындайды. Соны мен келесі мемлекеттік стандарт – «Сызба шрифтері» немесе қаріптер деп те атайды.Қаріп деп- әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Сызба шрифтері кириллица, латын жəне грек əріптері мен рим, араб цифрларынан тұрады. Бұған қосымша қазақ əріптері мен математикалық символдарының белгілеу түрлері көрсетілген. Стандарт бойынша белгіленген сызба шрифтерінің негізгі өлшемдері төмендегідей: бас əріптер биіктігі - латынның кіші h əрпі; кіші əріптер биіктігі - латынның кіші (с) казір h1 əрпі; əріптің ені - латынның кіші (g) қазір (b) қазір А əрпі; əріптердің арақашықтығы - латынның кіші а əрпі; сөздердің ең аз арақашықтығы - латынның кіші (е) өазір А1 əрпі; əріптің жуандығын - латынның кіші (d) қазір s əрпі. Стандарт бойынша сызба шрифтері жіңішке А типті жəне жуан Б типті түрлерге бөлінеді. А типті (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптер 900 тік жəне 750 қиғаш болып келеді. Əріптердің сызылуы жеңіл болу үшін алғашқы кезде көмекші тор көздерді пайдаланған ыңғайлы (3-сурет). Суретте көрсетілгендей əріптер түзу сызықтар мен кішкентай доғалар арқылы сызылады. Оқырманға ескерту ретінде сызба шрифтерін жазбайды, оларды сызады. Стандарт бойынша шрифтердің биіктігі: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; (40) болады. 26 жəне 27-суреттерде əріптердің өлшемдері көрсетілген. 1. Бас əріптердің биіктігі h 14d 2,5 3,5 5 7 10 14 20 2. Кіші əріптердің биіктігі c 10d 1,8 2,5 3,5 5 7 10 14 3. Əріптердің ендері g 7d 1,25 1,75 2,6 3,5 5 7 10 4. Əріптердің арақашықтығы a 2d 0,35 0,5 0,7 1,0 1,4 2,0 2,8 |
Қолдану Жигсо пайдалану | Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек 1 Шығармашылық жұмыс І топ: Г,Ғ,Е,Н,Ң,П,Т,Ц,Ш,Щ ІІ топ: А,Ж,И,Й,К,М,Қ,Ү,Ұ,Х ІІІ топ: Ә,Б,В,Д,З,Л,О,Ө,Р,С,У,Ф,Ч,Ъ,Ь,Ы,І,Э,Ю,Я Үлкен қаріп 14 мм болса, кіші әріп 10 мм немесе 10 мм болса , кіші әріп 7 мм болады. | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау |
Талдау Салыстыру кестесі | Оқушыларға таырыптарды салыстыру білімдерін талдату «Ти» кестесі | Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді |
Жинақтау Кітапен жұмыс | Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді. |
Бағалау Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату | Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек | Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды |
Рефлексия | Екі жұлдыз , бір тілек Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин) ББҮ кестесін толтыру | Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. |
Үйге тапсырма | Сызба қаріптері.Сызбаларға өлшемдер түсіру»тақырыбына кітапша , альбом жасау. | |