Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Жүректен-жүрекке» тренинг, Оқушылар жүрекшені бір-біріне беру арқылы жылы жүректен шыққан сөздер айтып тілектерін білдіреді. Топқа бөлу: Стикерлердің түстерін таңдау арқылы «Білімді», «Шыдамды», «Мейірімді» топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау. «Попкорн» әдісі «Шәкір ойы» өлеңін жатқа айту. 1.С. Торайғыровтың қандай шығармаларын білесіңдер? 2.С.Торайғыров кім? 3.Ақын қай медреседе оқыды, кімдерден дәріс алды? «Ой шақыру» -Балалар мен бүгінгі сабақты «Адам» деген үлкен мағыналы сөзден бастағым келіп тұр. Жалпы,біз «Сен кімсің?» дегенде,еңәуелі «Адаммын!» деп жауап береріміз хақ. Алайда,Адам,Адамдық,Адам болу деген сөздердің мәнін түсінеміз бе? Өмірден өз орнын таппай, адасып жүрген адамдар да бар. Ендеше,ой-пікірімізді білдіре отырайық. «Байланыс» тренингі. 1.Мен – Адаммын! 2.Адам болу деген не? 3.Адам өмірге не үшін келеді? 4.Менің өмірдегі мақсатым не? 5.Біз тамақ ішу үшін өмірсүруеміз бе,әлде өмір сүру үшін тамақтанамыз ба? Жаңа сабақ. С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің тақырыбы мен идеясы Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңінің шығу тарихына тоқталу. Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын, сезім - күйін жырға қосады. Интерактивті тақтадан өлең сөзі шығып тұрады. Оқушыларға өлеңнің көшірмесін таратады.Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқиды немесе таспадан (диск) тыңдатады. Тыңдалым. Сынып оқушыларынан 1-2 оқушы мәнерлеп оқиды. Оқушылардың пікірін тыңдау. Өлеңнің мазмұны бойынша бейне жазба қарайды. Оқулықпен жұмыс. Сөздік: Дәптерге көшіріп жазу. Жиһан – әлем,дүниежүзі Асылық-астамшылық,күпірлік Серт ету – уәде беру. Топтық жұмыс. І топ «Білімділер» Шығарманың жанрлық ерекшелігін,идеясын түсіну үшін төмендегі кесте бойынша топта жұмыс істейді. Өлең кімге арналған? | | Авторды қандай мәселелер толғандырады? | | Автор көтерілген мәселені қалай шешеді? | | Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйі қандай? | | Өлеңнің идеясын анықта | | Дескрипторлар: -көтерілген мәселені шешеді: -идеясын ашып жазады: -лирикалық кейіпкерді анықтайды. ІІ топ. «Шыдамды» Өлең құрлысына сатылай кешенді талдау жасау 1. Авторы - С. Торайғыров. 2. Тақырыбы - Адамдық 3. Жанр түрі – поэзия (өлең) 4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық 5. Шумақ - 3 6. Тармақ - 4 7. Бунақ саны - 3 бунақты 8. Буын саны - 11 9. Ұйқас - а/а/б/а/- қара өлең ұйқасы 10.Әдеби-теориялық ұғымдар. Жұлдыз болу,толған ай эпитет. Айдай - теңеу.Надандық ауыспалы мағынада. Дескрипторлар: -өлең құрылысына талдау жасайды: -өз жұмысын өзгелердің жұмысымен салыстырады. ІІІ топ «Мейірімді» Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп,Сұлтанмахмұт идеясымен үндестігін тану. Венн диаграммасы: Сергіту сәті: Кімнің жады мықты. Мақал-мәтелдер айту Шығармашылық жұмыс. Ақынның алдына қойған мақсатын өлең мәтініне сүйеніп жазып шығыңдар: «Тірі болсам адам болып шығамын»,... «Конвертегі сұрақ. Оқушылар өз ойын білдіріп,ашық пікірлеседі. 1. Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті? 2. Ақын берген сертін орындады ма? 3. Ақынның ойы мен арманын қалай толықтырар едіңдер? 4.Қандай қоғамдық мәселені көтерді? 5.Кім болуды армандайсыңдар? ақынның өлеңдеріне талдау жасайды; тақырып бойынша қоғамдық мәселені талқылайды; өлеңдердің жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды. Балалар, әрбір адамның да кемшілігі болуы мүмкін. Алайда, ерік-жігеріміз мықты болса – алмайтын қамал жоқ. Өзіміздің кемшілік-қателерімізді жөндеуге ешқашан да кеш болмайды. Олай болса, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің антонимдік жұп арқылы топтастырайық: Ақылды – ақымақ, Білімді – надан, Еңбекқор – жалқаут.б. «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазыңдар. Үйге тапсырма: «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңін жаттау. «Кім болам» тақырыбына эссе жазу. Кері байланыс: «3-2-1» Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. |