Сабақтың тақырыбы:
§1. Адам
Мақсаты:
- Адам, адамның пайда болуы жөнінде түсіндіру;
- Адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
3. Тапсырма беру арқылы ой-өрісін дамыту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже:
Топта бірлесе жұмыс жасауды үйрене бастайды, қабілеттерін танытады, өзін-өзі бағалайды, ой-пікірін айтуға үйренеді.
Түйінді идеясы:
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін ерекшеліктер, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындағы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты көптеген саралаулар мен түсініктер бар.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Ой қозғау, іздену, талдау, сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Ресурстар:
Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ