Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың атауы | Лексика.Сөз бен мағына. |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Тақта,суреттер,кеспе қағаздар |
Жалпы мақсаттар | а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру; ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру; б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу Пәнаралық байланыс: әдебиет Көрнекіліктер: кеспе қағаздар |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Психологиялық дайындық Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім. (Ж. Молдағалиев) |
Үй тапсырмасын сұрау | Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру,талдау |
Мағынаны тану | Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы. Сөздерді өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр? Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге. «Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев. – Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық? – Мағына – Мағына – сөздің ішкі мазмұны. Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау. |
Сергіту сәті | Орнымыздан тұрайық, Алақанды созайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық. | Оқушылар денелерін жатықтырады |
Ой толғаныс | Топтық жұмыс. (Балаларға кәмпиттер шашылады, Ішінде сұрақтары бар, топ ішіненоқушылар жауап береді.) Лексика дегеніміз не? Сөз дегеніміз не? Мысал? Сөздің тура мағынасы. Мысал келтір? Сөздің ауыспалы мағынасы.Мысал Омонимдер. Мысал? Синонимдер. Мысал? Антонимдер.Мысал? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырманы орындау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын тарату | Парақшаларды толтырады |