kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөз асылы – шешендік

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Оқушының сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой-пікірін ашық айта білу, баяндау шеберлігін, шығармашылығын арттыра отырып, пікірталас мәдениеті сырларын меңгеруге ықпал жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөз асылы – шешендік»

Күні: 10.10.2016ж.

11 сынып Қазақ тілі Тексерілді:

Алматы облысы Ұйғыр ауданы «№4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагожаева Камшат Кулжабековна


Сабақтың тақырыбы:

Сөз асылы – шешендік

Жалпы мақсаты

 

  Оқушының сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой-пікірін ашық айта білу, баяндау шеберлігін, шығармашылығын арттыра отырып, пікірталас мәдениеті сырларын меңгеруге ықпал жасау. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру
Алған білімдерін өз бетінше жұмыста қолдана алуға жағдай жасау. Өмірдегі әр сәтке байыппен қарауға үйрету.

Міндеттері: 

1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады. 
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру. 
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.

Оқу  нәтижесі:

 

Шешенге қойылатын талаптарды меңгеріп, көпшілік алдында сөйлей алу дағдысы қалыптасады, іскерлік қабілеті дамиды.

 

Түйінді  идея

 

 

Қазақ даласы – шешендік сөздің тұма бұлағы, қайталанбас өнердің алтын бесігі. Сөз өнері – ата-бабамыздың ұрпағына аманат еткен асыл мұрасы, халқымыздың киелі де, қастерлі мұрасы.

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле».

   Ж.Баласағұн

Әдіс-тәсілдер:

СТО, «Миға шабуыл», суретті таны, «Көзқарас» бағдарламасы формасы, анықтамамен жұмыс, ойлаудың алты қалпағы

РЕСУРСТАР:

Б.Адамбаев «Шешендік сөздер» жинағы, бағалау суреттері, стикерлер;

Сабақ барысы:

І .«Қызығушылықты ояту» Ой қозғау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ағылшын ғалымы Бернард Шоу:«егер қолында бір-бір алмасы бар екі адам сол алмаларын алмасса, онда бәрібір екеуін де бір-бірден алма қалар еді. Ал бір-бірден жаңа ойы бар екі адам бір-бірімен пікір алмасса, онда олардың әрқайсысында екі-екіден ой қалыптасады».

Психологиялық дайындық. (оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру)

 Релаксация.«Мен өзіме не тілеймін ... » Қазіргі сәтте қандаймын!

Топқа бөлу. Шешен билердің ұлағатты сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді.

1-топ.

Құлаққа жағымсыз боқты сөз айтқанша,

Жүрекке жылуы бар отты сөз айт.

Майқы би

2-топ.

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Асанқайғы

3-топ.

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса сақа қой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға қой.

Қазыбек би

4-топ.

Еңкейіңкі тартады,

Ер қолынан мал кетсе.

Арбадан үркіп жаман ат,

Ер салдырмас жал бітсе.

Есет би

Сабақты эпиграфы:«Шешеннің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезінген шешен даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді».

Марк Туллий Цицерон


1. Білу . 

 1.Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?
2. Қазақ халқы шешенді неліктен дана санаған? 
3. Шешеннің сөзшең адамнан айырмашылығы бар ма? 
4. «Сөз асылы - шешендік» деген нақыл сөздің мәнісін тереңнен талдап түсіндіріңдер. 

  • - Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

ІІ .«Мағынаны тану» 
2. Түсіну. 
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?

Пікірталасқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тақырыптан ауытқымау Өзін-өзі дұрыс ұстау (сөзге тоқтау, салғыласпау, ашуға ерік бермеу) Өзіндік көзқарасы, ұстанымы болуы керек Қарсыластың кезекті пікір айтуына жол беру Тақырыптың мазмұнын ашуды басты назарда ұстау Берлген уақытты үнемді пайдалану, нақты пікір айту Берік сенімділік, өз пікірін дәлелді жеткізу Қарсыластың пікірінің дұрыс,бұрыстығын саралай білу 3. Қолдану 

- Құрметті оқушылар және «Көзқарас» бағдарламасының қонақтары!

Бүгінгі бағдарлама тақырыбы «Сөз асылы – шешендік». Жалпы осыған дейінгі тақырыптарымыз қазақ шешендік өнерінің кезеңдеріне байланысты болды. Бүгінгі бағдарламадан көретіндеріңіз: «Ел басқару және сөз құдіреті» тақырыбына шағын пікір айту.

  • Тақтаға назар аударсақ, осы кезеңнінің тұлғалары суреттері берілген.Тұлғалар суреттерін слайдтан көрсету.

  • Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Ал би, шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Сол шешім хатсыз, қарарсыз,ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Билердің кесімі, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырған.

  • Қазақ ұлттық шешендік өнерінің I кезеңі бойынша 1-топқа сөз берейік.

  • Халық түсінігінде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, ойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы әрі көркем болуға тиіс. Тіл өнерінің салтанатты думаны сондай шешендік алаңында қызады да, от ауызды сөз шеберлері сол думанда көзге түседі. Соларды қазақ халқы шешен деген атаққа ие еткенде өз өміріндегі ең қымбатты әрі өткір құралы – тілдің терең сырына, мол байлығына қанық, оны сілкілескенде сілтей білетін аса дарынды кісілер деп құрметтейді.

  • Қазақ ұлттық шешендік өнерінің II кезеңі бойынша 2-топқа сөз берейік.

  • Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде тотықұстың қауырсынындай құлпырып, аяқастынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді! Қандай қиын түйінді де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді! Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда құптамасқа, Төле айтқанда «төресі осы» деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген сөз де содан қалған-ды.

  • Қазақ ұлттық шешендік өнерінің III кезеңі бойынша 3-топқа сөз берейік.

  • Төбе басында отырып дүйім елді аузына қаратқан шешендердің шешендік сөз өнері шетелдіктерді де таңғалдырған. Өткен ғасырда жер аударылып келген поляк демократы Адольф Янушкевич өз күнделігінде барша халықты аузына қаратып отырған ақсақалдың алдына өзара керісіп, бір-біріне қол көтерердей болып, қоқаңдасып келген екі кісі бидің бірауыз сөзінен кейін байырқайды. Келесі сәтте сабасына түсіп, жанарымен жер шұқып отырады. Біраздан соң аталы сөз жайма-шуақ жайбарақат күйге жеткізеді. Енді бір сәтте дауласып келгендер қол алысып, түсінісіп, ажырасады. Өзге тілді адам не туралы айтылғанын түсінбесе де, елдікке, бейбітшілікке жеткізген шешенге – дала Демосфендері мен Цицерондарына дән риза болады.

  • Қазақ ұлттық шешендік өнерінің IV-V кезеңі бойынша 4-топқа сөз берейік.

4. Талдау.

Оқушылар сұраққа жауап беруге дайындалады:

Топта талқылайды, өз ойларын айтады.

«Ойлаудың алты қалпағы негізінде» әр топтың ойы тыңдалады.

Сыр-сұхбат

  • Шешен пікірінің танылатын орны қандай жер?

  • Билік айту деген не?

  • Шешім айтылады, айтылған шешімге қарсы не туады?

  • Сол жағдайда шешім айтқан адам қандай әрекет жасайды?

  • Осы жайында кімнің қандай пікірі бар?

  • Сөз майданына шығатын адам қандай болу керек?

  • Үш биді бөліп-жарып қарай аламыз ба?

  • Сіздің ойыңызша шешен би-батырлардың бойында қандай ортақ қасиеттер болады?

  • Сол қоғамда шешен би-батырларне үшін қажет болды?

  • Шешендерден нені үйренуге болады?

Ой қорыту.Кемеңгер шешендердің – үлгі насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға атсалысайық! Көзқарастарымыз әрдайым түзу болсын! 

5. Жинақтау. Ойды өзіңше аяқта

Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім... 

Атың жақсы болса, 
Ер жігіттің пырағы...
 
Тату болса – ағайын жақын, 
Ақылды болса – апайың жақын...

Арадан шыққан жау қиын, 
Таусылмайтын дау қиын...

Шешендерше жауап беру. 
Дау мұраты не? 
Саудагер мұраты не? 
Қыз мұраты не? 
Жол мұраты не? 

Қол бастау қиын ба? 
Жол бастау қиын ба? 
Сөз бастау қиын ба? 

Жерден ауыр не? 
Судан терең не? 
Оттан ыстық не? 
Көктен биік не? 

— Сөз анасы не?
— Су анасы не?
— Жол анасы не?

 Бекіту.

Сөйлем талдау.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық.Халық түсінігінде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, ойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы әрі көркем болуға тиіс. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді! Төбе басында отырып дүйім елді аузына қаратқан шешендердің шешендік сөз өнері шетелдіктерді де таңғалдырған.

Қорытынды:

  1. Бүгінгі сабағымызда кім қандай әсер алды және не ұқтық?

  2. Шешен бойындағы талаптар кез келген адам бойында бола ма?

  3. Қазіргі кезде қандай бағдарламаларда кімді(жүргізуші) шешен деуге болады?
    Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі - қару, әрі - қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз” Н. Ә. Назарбаев

Өзін-өзі бағалау

Бағалау критерийлері:

ия

жоқ

Талаптардың мәнін түсініп, өз ойымды дәлелдей алдым



Маңызды пікір айттым



Шығармашылық жұмысқа қатыстым



Сөйлемді толық талдай алдым




Үй тапсырмасы: . «Шешендік сөздердің өміршеңдігі неде?» тақырыбында ойтолғау жазу













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Сөз асылы – шешендік

Автор: Жумагожаева Камшат Кулжабековна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381700

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Нақты сөйлеуге дайындық.docx"
    ["seo_title"] => string(32) "nak_ty_soilieughie_daiyndyk_docx"
    ["file_id"] => string(6) "392136"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487164601"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ш арысты? ?лгілері"
    ["seo_title"] => string(20) "usharystynulghilieri"
    ["file_id"] => string(6) "311060"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459150841"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?ш арысты? ?лгілері (презентация)"
    ["seo_title"] => string(35) "usharystynulghilieripriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "311065"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459151166"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) ""Конспект урока по казахской литературе на тему Шокан" "
    ["seo_title"] => string(58) "konspiekt-uroka-po-kazakhskoi-litieraturie-na-tiemu-shokan"
    ["file_id"] => string(6) "141912"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1418206638"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(9) "Халы "
    ["seo_title"] => string(5) "khaly"
    ["file_id"] => string(6) "207404"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430452977"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства