kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саятшы Ораз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік:

?р т?рлі т?сілдер ар?ылы шы?арманы? негізгі ма?ынасын ме?герту, талдау жасату ар?ылы ал?ан білімдерін тексеру, жа?а с?здерді ме?герту, танымды? ?ызы?ушылы?тарын ояту;

Дамытушылы?: ой ?орытып, ?з т?жылрыымын жасай білуге ?йрету, ?жымда ж?мыс?а, ?з пікірін д?лелдей алу?а ?абілеттерін жетілдіру ;

Т?рбиелік: таби?атты аялай білуге, ынтыма?пен бірлікке, адамгершілікке т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саятшы Ораз »

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарова Балшекер Кайрбековна.

Пәні: қазақ тілі

Өткізілу орны

Жасқайрат негізгі мектебі

7 -сынып

Сабақ №1

Мерзімі: 31.01.2013

Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлата отырып шығармашылыққа, оө ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Жұптық жұмыс жүргізу арқылы бір –бірінің пікірімен санаса білуге, бірін- бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, жаңа сөздерді меңгерту, танымдық қызығушылықтарын ояту;

Дамытушылық: ой қорытып, өз тұжылрыымын жасай білуге үйрету, үжымда жұмысқа, өз пікірін дәлелдей алуға қабілеттерін жетілдіру ;

Тәрбиелік: табиғатты аялай білуге, ынтымаұпен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі

Есіл өзенінің, саятшының суреттері, кеспе қағаздар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

СТО стратегиялары, өзін-өзі бағалау, сөздік жүмысы, топтық жұмыс

Сабақтың жоспары

І кезең Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты ДЖИГ СО әдісі арқылы бөлу.

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Үй тапсырмасы

«Көпір»

тапсырмалары:







Сәбит Мұқанов кім? Оның шығармалары туралы біз не білеміз? «Сандар сөйлейді» ойыны.

1900

26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді

1925

«Октябрь өткелдері» поэмасы.

1928

«Сұлушаш» поэмасы, «Адасқандар»/ «Мөлдір махаббат» романы

1938

«Ботагөз» / Жұмбақ жалау/

1950

«Сырдария» романы, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы.

1955

«Өмір мектебі» трилогиясы.

«Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не? /өнер, ән, құдірет/

Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? /Мырзатай, Мұратбек, Ұлпа/

Қызығушылықты ояту



Түтін салу итпен алу қақпан құру


Аңшылық тәсілдері


Інді қазып алу

Құс салу


Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы саятшылыққа қатысты болмақ. Өткен сабағымызда «Өмір мектебі» трилогиясынан алған «Есіл бойында» әңгімесімен танысқан болсақ, бүгінгі сабағымызда осы романнан алынған «Саятшы Ораз» әңгімесімен танысатын боламыз.

ІІ кезең

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту

Мағынаны ашу

Сөздікпен жұмыс

Саятшы- құсбегі, құс баптаушы. Сауға беру- ақысыз олжа үлестіру. Шілік – өсімдік. Ителгі – жыртқыш құс. Қаршыға – өте алғыр құс. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді.

«Білу»


Топтық жұмыс


І топ

ІІ топ

  1. тапсырма

Әңгімеге жоспар құру:

  1. Жаңа қоныс.

  2. Саятшы Ораз.

  3. Ораздың мергендігі.

  4. Ораздың құс баптау шеберлігі.

  5. Оразға үйір болған балалар.

  6. Ораздың адамгершілігі.

  7. Аңшылық туралы әңгімелер.

Композициялық құрылысына талдау:

Басталуы- Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.

Дамуы- Ораз үйімен қатар қоныс тебуі.

Шиеленісуі- Мұқанның сырқаттануы.

Шарықтау шегі- Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы.

Шешімі- Ораздың адамгершілік танытуы, көмегі.



«Түсіну»

2-Тапсырма

Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады.

Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сырқы түр- тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кешірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл- күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағын ішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буатын, кісенің төңірегенде мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...

Пейжаз- шығармада табиғатты барынша көркемдеп суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт- бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі- үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қатпалдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп –түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағаштары қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысқы күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонныі нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.


«Қолдану»


  1. Топ. Аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар.

  1. Аңға шығар алдында аңшыға «Қанжығаң майлансын!» деген тілек айтылады.

  2. Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды. Алғашқы олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.

  3. Атып алған арқардың, тауешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшы өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшылармен бірдей етіп бөліседі.

  4. Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оны үйдің төріне немесе бесікке іліп қояды.

  5. Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.

  1. Топ. Аңшылық кәсіпке байланысты мақал- мәтелдер.

Құстың алғанынан салғаны қызық. Қыран күнге қарағанда кірпігін қақпас. Ер қартайса қазаншыл болады, Бүркіт қартайса тышқаншыл болады. Бүркіт самғап ұшып, сорғалап түседі. Қыран ұясын қияға салар.

І топ.СИНКУ ЭЙ (бес жолды өлең) Саятшы

  1. 1 зат есім /кім?/- саятшы

  2. 2 сын есім/қандай?/ - әзілқой, мейірімді.

  3. 3 етістік / не істеді?/ - құс салды, аң аулады, сауға берді.

  4. 4 сөзден сөйлем- Саятшы Ораз олжасын үлестірді.

  5. 1 синоним – құсбегі.

ІІ топ. Концептуалдық кесте


Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ораз

Өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді

Мол олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, аса жайдары мінезді адам

Өте жақсы


Сергіту сәті

Қара жорға биі.

«Талдау»


3-тапсырма. сәкестендір

Сүлемен- Сәбиттің...., ....., ...... адам.

Сәбиттің ағасы, жездесі, кедей, бай, орта дәулетті, қолы ашық, сараң.

Ораз- ......., ....., ....., .... .

Өзі ...... ...... , туысы, көршісі, мал бағады, аңшылықпен айналысады, мерген, сараң, адамгершілігі мол, елге сауға береді, қара басының қамын ойлайды, ермек үшін аң аулайды, күнкөріс қамында саятшылықпен айналысады, жарқын мінезді, кісіге телмірмейтін, әзілқой адам.


«Жинақтау»



Тест жұмысы:

  1. Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?

а/ қыста; ә/ қысы- жазы; б/ жазда

  1. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

а/ Сәбит; ә/ Ораз; б/ Мұқан

  1. Алғыр құстардың ішінде ілуде біреуі ғана болмаса, бабын тауып қайыра алмайтыны қай құс еді?

а/ қаршыға; ә/ ителгі; б/ тұйғын;

  1. «Биыл қыста мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуіміз ортақ болайық». Кімнің сөзі?

а/ Мұқан; ә/ Сүлеймен; б/ Ораз;

  1. «Айғайдан қашпайтын аң бола ма, ар жағынан дыбыс шықса, бері қарай қздері де жөікиді»,- дейді Ораз. Қандай аң туралы айтылған?

а/ қасқыр; ә/ қоян; б/ түлкі

  1. Ораз қыста бүркіт салды, ал жазда қандай құстарды салатын еді?

а/ қаршыға, тұйғын; ә/ лашын, тұйғын; б/ ителгі, бүркіт

Тестің дұрыс жауаптары

Жауаптары

1

А

Ә

Б

2

А

Ә

Б

3

А

Ә

Б

4

А

Ә

Б

5

А

Ә

Б

6

А

Ә

Б


«Баға беру»

Бұл жерде мен бағалау парағын жинап алып, көшбасшылардың формативті бағаларын ескере отырып, суммативті баға шығарамын.

Осы жерде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданамын.


Оқушының аты-жөні

тапсырмалар

Жиынтық баға


1

2

3

4

5

6


















Бағалау өлшемдерін қолданамын.

  1. Үй тапсырмасын толық орындау

  2. Сөйлеу мәдениеті

  3. Сабаққа белсенді қатысу

  4. Тапсырмаларды толықтай орындау


Рефлексия


Оқушылар сабақ бойынша кері байланыстарын стик арқылы білдіреді

Үйге тапсырма

«Қазақтың саятшылық дәстүрі» немесе « Құс салу – жан рахаты» (эссе)














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Саятшы Ораз

Автор: Сапарова Балшекер Кайрбековна

Дата: 20.01.2015

Номер свидетельства: 158694

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "С?бит М??анов «Саятшы Ораз» ??гімесі"
    ["seo_title"] => string(32) "sbitmukanovsaiatshyoraznghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "292859"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455363518"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі"
    ["seo_title"] => string(39) "s_mu_k_anovtyn_saiatshy_oraz_n_ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "449574"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515761673"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Презентация к уроку "Саятшы Ораз""
    ["seo_title"] => string(33) "priezientatsiiakurokusaiatshyoraz"
    ["file_id"] => string(6) "311792"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459255358"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі"
    ["seo_title"] => string(43) "s_bit_mu_k_anovtyn_saiatshy_oraz_n_ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "368324"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481459628"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "С.Мұқановтың "Саятшы Ораз" әңгімесі (презентация)"
    ["seo_title"] => string(55) "s_mu_k_anovtyn_saiatshy_oraz_n_ghimiesi_priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "383421"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1485280200"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства