Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Саяхатқа шығу.
Сабақтың мақсаттары:
А)Білімділік:Тақырып бойынша толық мағлұмат беру, алған білімдерін тиянақтау, жалғаулықтарды қатыстырып сқйлемдер құрату.
Дамытушылық: әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздердің мағыналарына қарай қолдануға үйрету, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Көрнекіліктер: ОТК : суреттер, интербелсенді тақта, кәртішкелер, слайдтар
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Пән аралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Міндеттері:
• Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
• Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
• Оқушылардың күнделіктерін ашқызу.
1.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеттері:
А) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
Ә) кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
Б) қатемен жұмыс(дұрыс сөйлеу мәнерін тексеру
1. 180- бет 1- тапсырма. Мәтінді әңгімелеу.
2. Деңгейлік тапсырмалар
Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
Міндеттері:
Ә) өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;
Б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
3.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
1) тілдік бөлім: қосымша: Жіктік жалғауларының ерекше түрі. .
Лексика: сәттілік тілеймін,сәт сапар!
2) қатысымдық– сөйлесімдік бөлім:
тыңдалым: тақырыпқа байланысты диалоктік қатысымда мұғалімнің (тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;
1. Фонетикалық жаттығу
САЯХАТ
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мәтіндерді мәнерлеп оқиды. Оқығанын мазмұндап айту;
айтылым: монологтік сөйлесім. Мектеп демалыстары туралы баяндау. Өзіне ұнайтын (демалысты неліктен) ұнатанынын айту;
176- бет. 1- тапсырма. Диолог бойынша өзара сөйлесім.
жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;
Жаңа сөздермен жұмыс:
Саяхат –
Көрікті жерлер –
Демалатын орындар –
Сөздермен, сөзтіркестерімен сөйлемдер құру.
176- бет. 2- тапысрма.Сөйлемдерге тиісті жалғауларын және жалғаулық шылауларын қойып жазыңдар.
тілдесім: мектеп демалысына қатысты достарымен әңгімелесу. Диалог-құптау;
176- бет. 3-тапсырма. Сөздіктерді пайдалана отырып, жағдаяттарға диалог құру.
1. Сен Алматы қаласына келдің. Көрікті жерлермен танысқың келеді, оның ішінде мұражайлармен. Қалай сұрайсың?
2. Сенің қалана басқа елдерден туристар келді. Оларға демалатын орын керек. Сен өз қаландағы демалатын орындар туралы айтып бер.
IV. Қорытындылау.Рефлексия.
176- бет. 3- тапсырма.
Бүгін біз сабақта нені білдік?
Не үйрендік?
V. Үй тапсырмасы
176- бет. 3- тапсырма. Сөйлесім құру.
Бағалау.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрып мойнымызға, иықтарымызға, көздерімізге, белімізге арналған жаттығуларды орындау.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт