Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: ?лібек, б?л - "?" дыбысы»
Сабақтың тақырыбы: Әлібек, бұл-ң дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ң дыбысы мен әрпін таныстыру. Ң дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға буынға бөле білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасйеттерін дамыту. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту, Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір - бірінің ойын түсінуге, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді игеру Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекіліктер
Көрнекілігі: заттық суреттер, ң әрпінің баспа, жазба түрлері
Сабақ барысы:
1.Ұымдастыру кезеңі. (Оқушыларға кіріспе сұрақтар қойылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.)
-Сенің атың кім?
-Сенің тегің кім?
II. Жаңа сабақ.
- Аң сөзі қай дыбыстан аяқталып тұр? - ң дыбысынан - Бүгінгі өтетін тақырыбымыз ң дыбысы мен әрпі. - ң дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз ң деп әндетейік. - Қандай дыбыс екен? - Дауыссыз - Ң – «ң» дыбысын дыбыстағанда, дыбыс еркін шығу үшін, тіл төмеңгі жақтың алдыңғы тістеріне тиеді. Қане көрсетіңіздер. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.
-Қане, бірге айтып көрейік ңңңңң. Жеке-жеке айтқызады.
Ң дыбысына қатысты бейне ролик көрсету арқылы қайталату.
Сөздікпен жұмыс:
Аң – зверь
Шаң – пыль
Шаңғы- лыжи
Қоңырау – колокольчик
Іңкәр- имя девочки
Сергіту сәті:
«Балық» санамағын орындау.
Тап-таза тұнық суда
Балық жүзіп ойнауда.
Біресе керіледі.
Біресе созылады.
Ал, енді бірде
Құмға тығылады.
2)«Доп» туралы сергіту сәтін жүргізу
«Дыбысты тап» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Мен қазір бірнеше сөздер тізбегін айтамын, сол сөздерде «Ң» дыбысы кездесе, қолдарынды шапалақтаңдар.