Сабақтың мақсатын айтып кетемін. Бүгінгі сабақтың кіріспесінде мәтін алды тапсырма беріледі. Оқушылар берілген бейнефильмді көреді. Сабаққа болжам жасайды. «Миға шабуыл» әдісі. Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайысыңдар? Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып болжам кестесін жасау. «Ассоциограмма» әдісі. «Жол» сөзіне қатысты тірек-сызба құраңдар.. Бүгінгі тақырыптың «Жол» екенін айтып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады. Оқушылардың алдына бағалау критерийлері беріледі. Бағалау критерийлері | Дескриптор | Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдану. | мәтіннің мазмұнын түсінеді; | үйренген сөздерді қолдана алады; | сол арқылы ойын анық жеткізеді; | Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады. | мәтін не туралы екенін біледі; | мәтіндегі сөйлемдерді еске түсіреді; | нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады; | жол көлік апатын болдырмау жолдарын болжайды, түсіндіреді, ұсынады; | Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды. | көтерілген мәселені табады; | сілтемені (дереккөз) көрсетеді. | Кері байланыс. Топ өз жұмысын белсенді атқара алды; Тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана білді; Сол сөздер арқылы ойын анық жеткізе алады, Ойын жақсы айтты, дегенмен... Менің ойымша, осыны былай жеткізер едім... 1-тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы әр топқа бөлек –бөлек мәтін беріледі. Олар өздеріне берілген мәтінді мұқият оқиды. Топтан бір адам қалып, қалғандары басқа топқа барып, олардың тобына берілген мәтінің мазмұнымен танысады. Қайтып оралып, өз тобында қалған адамға естігенін айтып береді. 2. Осы мәтінді «қысқарту» әдіс арқылы айтып беру. Мәтінді жинақтап айтып шығу. Мәтінмен жұмыс. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс. Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс. Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс. Газет-журналдан, энциклопедиядан алынған мәтінде беріледі. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі. Сұрақ: 1.Мәтінде не туралы айтылған? Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді. 2..Еске сақтап оқу. Оқыған мәтінінен өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту. Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс. Мәтіннің не туралы екенін айта білді; Сөйлемдерді еске сақтауда белсенді болды; Еске сақтап айтуында белсенділік танытты, бірақ нақты айта алмады; 2-тапсырма. «Түртіп алу » әдісі. Бұрыннан білемін. | Жаңа ақпарат | Мен ойлағандай емес | Білгім келеді. | | | | | 3-тапсырма. «Аквариум». Құрастырған сұрақтарыңды пайдаланып, жол ережелерінің тарихы туралы пікірлесіңдер. Сынып ең үздік диалогті анықтасын. 4-тапсырма. «Адасқан әріптер» әдісі. «ЖОЛЫҢ БОЛСЫН !» Бұл жол қарапайым емес. Егер сен мұқият анықтап қарасаң,онда жол және жол ережесіне қатысты 10-нан аса сөз таба аласың. БАҒДАРШАМАШИНАЙНАСФАЛЬТРОЛЛЕЙБУСОЛҒАВТО БУСИГНАЛ 5-тапсырма.«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі. Сабақтан алған білімдерін постер түсіріп қорғау. Қалыптастырушы бағалау Кері байланыс. «БББ» әдісі |