Тақырыбы: Саяхат сабақ «Оқу құралдары»
Мақсаты:
АКТ элементін қолдану арқылы оқушыларды коммуникативтік тілдесімге үйрету
Міндеті:
1 Оқушыларға оқу құралдары жайлы мәлімет беру. Оқушыларға сауатты түрде сөз тіркесін құра білуге және қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету
2 Танымдық белсенділікке,жауапкершілікке ұқыптылыққа,жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
3 Тіл мәдениетін,қортынды жасай білу,есте сақтау,орфографиялық қырағылығын дамыту.
Көрнекілік құрал:проектор,карточкалар,тілек ағашы,смайлдар,және т.б
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Әдіс тәсіл: ойын,сұрақ жауап,жеке дара жұмыс.
Технология,әдістеме: Шаталов әдістемесі,Ойын технологиясы элементтері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Оқушылармен психологиялық көңіл күй тренингін жүргізу.
Шаттық шеңберіне тұру.
Амансың ба, Алтын күн
Амансың ба,Жер Ана
Амансыңба достарым
Сендерді көрсем қуанам.
Үй жұмысын сұрау. Сандарды айту.
Жаңа сабақ: Менің оқу құралдарым.Оқушыларды саяхат картасымен таныстыру.
1-асу Жандандыру кезеңі. Берілген әріптермен сөз құру.
Сабақ барысында дұрыс жауаптар үшін, тапсырманы дұрыс орындаған
үшін оқушыларға смайлик таратам. (формативті бағалау)
Ә І Ң
Ең алдымен кітапта берілген сөздер бойынша жұмыс жасайық.
Берілген сөздерді мен бірінші қазақша оқимын, сендер менің соңымнан қайталайсыңдар.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) Мұғалім мәнерлеп оқиды
ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.
Сөздік жұмысы
кітап
дәптер
қалам
қарындаш
сызғыш
өшіргіш
2-асу Сөз тіркесін құра
Мынау не? Мынау кітап.
кітап
дәптер
қалам
қарындаш
сызғыш
өшіргіш
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш!
Төрт, бес, алты, жеті,
Төрт, бес, алты, жеті,
Анау ауыл шеті
Сегіз,тоғыз,он,
Сегіз, тоғыз,он
Ал, кәнеки, қон!
Асықпа да, саспа
Бірден қайта баста.
3-асу Сурет пен сөзді сәйкестір.Тірек сызбамен жұмыс. 
кітап
дәптер
қалам
қарындаш
сызғыш
өшіргіш
4-асу «Сиқырлы доп» ойыны. Балалардың жаңа сөздерді меңгергенін тексеру
Қортындылау:
Біз не өттік?
Біз не үйрендік?
5-асу Бағалау
Үй жұмысы. Сөздерді қайталап келу.Өткен сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.Тілек ағашына сабақтан алған әсерін бейнелеу.Қоштасу.