kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? жоспары "?лы географиялы? ашулар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?лы географиялы? ашулар
Саба?ты? ма?саттары:
1. Білімділік: Материктер мен м?хитты т?сіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына к??іл б?лдіру ж?не т?сіндіру, таныстыру.
2. Дамытушылы?: О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту, картамен глобуспен ж?мыс істеу ?абілеттерін ?рі ?арай дамыту.
3. Т?рбиелік: О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру ж?не ?з бетінше зерттеуге баулу.
Саба?ты? т?рі: Аралас
О?ыту ?дісі: С?ра? - жауап, суреттеп т?сіндіру
Саба?ты? ?дістемелік жабды?талынуы: Д?ние ж?зіні? картасы, атлас карта, о?улы?, глобус, суреттер
Саба?ты? жоспары:
№ Саба?ты? кезе?дері Берілетін уа?ыт (мин)
1. ?йымдастыру 1 - 2
2. ?й тапсырмасын с?рау 10 - 12
3. ?ткен саба?пен жа?а саба?ты байланыстыру 2 - 3
4. Жа?а саба?ты т?сіндіру 18 - 20
5. Жа?а саба?ты бекіту 5 - 6
6. ?йге тапсырма беру 1 - 2

Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і. Сынып?а кіріп, о?ушылармен амандасып, оларды? бар жо?ын аны?тап, ?й тапсырмасын с?раймын.
?й тапсырмасын с?рау:
С?ра?: Жер шары бетіні? жалпы ауданы ?анша млн км²?
Жауап: 510, 2 млн км²
С?ра?: Жер шарында барлы?ы ?анша материк бар ж?не оларды ата?
Жауап: 6 материк, Еуразия, Солт?стік Америка, О?т?стік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика
С?ра?: ?р материктерді? аудандарын ата?
Жауап: Еуразия - 54 млн км² астам, Африка 30, 3 млн км², Солт?стік Америка 24, 2 млн км², О?т?стік Америка 18, 3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия ж?не М?хит аралдары 9, 0 млн км²- ге жуы?
С?ра?: Жер шарында?ы ірі архипелагтарды ата?
Жауап: Канаданы? Арктикалы? архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.
С?ра?: Д?ние б?ліктері дегеніміз не?
Жауап: ??рлы?ты? ашылуы мен ?оныстану ерекшеліктеріне с?йкес шартты т?рде ажыратылатын тарихи - географиялы? ірі айма?тар
С?ра?: Д?ние б?ліктері ?анша ж?не оларды ата?
Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Д?ние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жа?а д?ние»)
С?ра?: Д?ниеж?зілік м?хитты? жалпы ауданы ?анша млн км²?
Жауап: 361 млн км²
С?ра?: Д?ниеж?зілік м?хитты? е? тере? жерін ата ж?не оны? тере?дігі ?анша метр?
Жауап: Тыны? м?хитта?ы Мариана ш???ымасы, 11 022 метр
Жа?а саба?ты т?сіндіру:
Адамзатты? географиялы? т?сініктері ал?аш?ы ?ауымды? кезе?нен - а? жина?тала бастады. Жер таби?аты, халы?тары ж?не оларды? т?рмыс - тіршілігі жайлы деректер мы?да?ан жылдар бойы жина?талды, географиялы? зерттеулерді? тарихы бірнеше кезе?дерге б?лінеді.
1 – ші, Ежелгі д?уірлерде байыр?ы ?ылым мен м?дениетті? оша?тары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген ж?не Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жа?а жерлерді игеру мен со?ыс жоры?тары н?тижесінде географиялы? деректер ?ар?ынды т?рде жина?тала бастады. Грекия о?ымыстыларыны? е?бектері географияны? ?ылыми негізін ?алады. Тарих ?ылымыны? негізін салушы грек ?алымы Геродотты? 9 томды?«Тарих» атты е?бегінде географияны? ал?аш?ы ?ылыми т?сініктері берілген.
2 - ші, Ежелгі Грек ?алымы Аристотель Жер – шар т?різді деген Пифагорды? т?сінігін ілгері дамытады. Жылды 365 к?нге б?ліп, Ай мен К?нні? т?тылу себептерін д?лелдеп берді.
Эратосфен ендікті, бойлы?ты на?ты ?лшеп, т???ыш рет географиялы? карта жасады, математикалы? географияны? негізін сал?ан.
Римдік ?алым Страбон географияны жер туралы ?ылым ретінде т?сініп, Жерді географиялы? жа?ынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жаз?ан.
?лы географиялы? ашулар кезе?і ? ХV - ХVІІІ ?асырлар аралы?ында?ы жа?а жерлерді? ашылуымен байланысты география тарихында бол?ан аса ма?ызды жа?алы?тармен сипатталады.
1492 жылы Христофор Колумб бас?ар?ан испан экспедициясы Атлант м?хиты ар?ылы ?ндістан?а баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, с?йтіп Жа?а д?ниедегі жа?а ашулар?а негіз салды. Колумб ?зі Вест - Индия деп атал?ан айма??а кейіннен та?ы 3 рет саяхат жасады.
1498 жылды? 20 мамырында Васко да Гама бас?ар?ан португал кемесі Каликут (Калькутта) Шы?ыс Азияны игеру, тонау ж?не б?лісу кезе?і осы к?ннен басталды.
Колумб аш?ан жа?а жерлерге 1499 - 1503 жылдар аралы?ында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А. Веспуччи жа?а ашыл?ан жерлерді? ?ндістан емес, жа?а д?ние екенін д?лелдеді.
1538 жыл?ы д?ние ж?зі картасында ата?ты картограф Герард Меркатор Американы? солт?стік ж?не о?т?стік б?ліктері ??ымын пайдаланып, оларды «Жа?а Д?ние» деп атады.
1519 - 1522 жылдар аралы?ында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано бас?ар?ан испан экспедициясы т???ыш рет жер шарын айналып ?тіп, еуропалы?тар ?шін бейм?лім Тыны? м?хитты ашты.
ХVІІ ?асырда о?т?стік жарты шарда голланды? Абель Тасман кейін ?з атамен атал?ан аралды, 18 ?асырда а?ылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жа?а Зеландия аралы мен Аустралияны? шы?ыс жа?алауын ашты. Кукты? зерттеулері Жер шарында?ы су мен ??рлы?ты? ара?атынасы туралы ж?не Тыны? м?хит пен оны? аралдары туралы к?птеген м?ліметтер берді.
ХVІІІ ?асырда?ы орыс экспедициясы ??рамында?ы В. Беринг пен А. И. Чириков Американы? солт?стік - батыс б?лігі мен Алеут аралдарын ашты.
1803 - 1806 жылдар аралы?ында И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийді? Тыны?, ?нді, Атлант м?хиттары ар?ылы ж?ріп ?ткен экспедициясы Тыны? м?хитты? к?птеген жа?а аралдарын ашты.
1819 - 1821 жылдар аралы?ында Ф. Белинсгаузен мен М. Лазарев бас?ар?ан экспедиция 1820 жылы 28 ?а?тарда Антарктика материгін ашты.
1909 жылы Американды? Р. Пири Солт?стік полюске, 1911 жылы Норвег Р. Амундсен О?т?стік полюске жетті.
Б?гінгі та?да Жер шарында ашылма?ан жер жо? деуге де болады, біра? онымен географиялы? ашулар то?тады деген ??ым тумау керек. Жа?а географиялы? зерттеулерде ?ылым мен техниканы? со??ы жетістіктері: ?арышты? ж?не аэро кескіндеулер, геофизикалы? зерттеулер, а?паратты компьютерлік ??деу ж?не т. б. ке?інен пайдаланылады. ?азіргі заман?ы география ?ылымы таби?и ортаны ?ор?ау мен таби?ат ?орларын тиімді падалану, м?хит таби?атын жа?а ??ралдар мен ?дістер к?мегімен танып - білу, адамзат пен таби?ат арасында?ы ?зара байланыс, таби?ат апаттарын болжау ж?не оларды болдырмау ба?ытында зерттеулер ж?ргізуде.
Жа?а саба?ты бекіту: С?йкестендіру кестесі ар?ылы
1. 1819 - 1821
Семен Дежнев Беринг б??азы ар?ылы Солт?стік м?зды м?хиттан Тыны? м?хит?а ?тті;
2. 1803 - 1806
Колумб аш?ан жа?а жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;
3. 1519 - 1522
Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев бас?ар?ан экспедиция Антарктика материгін ашты;
4. 1499 - 1503 И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийді? Тыны?, ?нді, Атлант м?хиттары ар?ылы ж?ріп ?ткен экспедициясы Тыны? м?хитты? к?птеген жа?а аралдарын ашты;
5. 1648 Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано бас?ар?ан испан экспедициясы т???ыш рет Жер шарын айналып ?тіп, еуропалы?тар ?шін бейм?лім Тыны? м?хитты ашты;

?орытынды: Б?гінгі саба?та, материктер мен м?хиттарды? зерттелу кезе?дерін баяндап, таныстырдым.
?йге тапсырма::. Та?ырыпты о?у. Кескін карта?а географиялы? ашылулар, зерттеулерді т?сіру. Реферат жазып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? жоспары "?лы географиялы? ашулар"»

ақырыбы: Ұлы географиялық ашулар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1 - 2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10 - 12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2 - 3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18 - 20
5. Жаңа сабақты бекіту 5 - 6
6. Үйге тапсырма беру 1 - 2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 510, 2 млн км²
Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?
Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика
Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?
Жауап: Еуразия - 54 млн км² астам, Африка 30, 3 млн км², Солтүстік Америка 24, 2 млн км², Оңтүстік Америка 18, 3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9, 0 млн км²- ге жуық
Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?
Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.
Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?
Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи - географиялық ірі аймақтар
Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?
Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 361 млн км²
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанша метр?
Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Жаңа сабақты түсіндіру:
Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен - ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс - тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
1 – ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.
2 - ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.
Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.
Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.
Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV - ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест - Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.
Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499 - 1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А. Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.
1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.
1519 - 1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.
ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.
ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В. Беринг пен А. И. Чириков Американың солтүстік - батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.
1803 - 1806 жылдар аралығында И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.
1819 - 1821 жылдар аралығында Ф. Белинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.
1909 жылы Американдық Р. Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р. Амундсен Оңтүстік полюске жетті.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып - білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы

1. 1819 - 1821
Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;
2. 1803 - 1806
Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;
3. 1519 - 1522
Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;
4. 1499 - 1503 И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;
5. 1648 Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін баяндап, таныстырдым.
Үйге тапсырма::. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.













Сабақ тақырыбы Оңтүстік Америка материгі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтап, жүйелеп қорытындылау, тексеру.
Дамытушылық: танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: білікті де білімді жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы. Оңтүстік Америка физикалық картасы. Интерактивті тақта.
Сабақ типі: қайталау, сынақ сабағы.
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды 4 топқа бөлу, сабақ мақсатымен, өтілу барысымен таныстыру.)
2. Сабақтың ұраны:
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Жер шарын танып білуге,
Американы шарлап барамыз.

Сабақтың барысы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: оқушылар біз оңтүстік америка материгіне саяхат жасадық. Енді бүгінгі сабақта сол саяхатта алған білімімізді қорытындылайтын боламыз. Ол үшін мына сайыс турларын орындаймыз. Әр дұрыс жауап берілген сұраққа жұлдызша беріліп отырады.
I. «кім жылдам?»
II. «Бұл кім»
III. «геодоп»
IV. Тест жұмысын орындау

«Кім жылдам?»
I - топ
1. Оңтүстік Америка жерінің жалпы ауданы (18, 3 млн)
2. Оңтүстік Америка ең суы мол өзені (Амазонка)
3. Материктегі ірі тау жүйесі (Анд)

4. Ең ірі аралы (отты жер)
5. Анд тауындағы ең биік тау көлі (титикака)

II - топ
1. Оңтүстік Америка материгіне алғаш аяқ басқан саяхатшы? (Х. Колумб)
2. Оңтүстік Американың байырғы халқы? (үндістер)
3. Оңтүстік Америка жеріндегі кездесетін пайдалы қазбалар (темір, марганец, уран, никел, алмас, мұнай, газ, көмір, қорғасын, күміс, мырыш)
4. Материктің ең биік нүктесі (аканкагура 6960 м)
5. Оңтүстік Америка қыраттары (Гвиан, Бразилия, Ла – Плата)
6. Американың ірі өзендері, көлдері (Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Титикака, Маракайбо)
III - топ
Бұл материк екі құрлықтың аралығында орналасқан. Ел астанасы өзімен аттас. Бұл қай мемлекет? (Панама)
Ориноко өзенінде қай сарқырама орналасқан (Анхель)
Орталық Анд жерінде 3812 м биіктікте үндістердің қасиетті көлі орналасқан. Бұл қай көл? (Титикака)
Саяхатшының құрметіне аталған ел (Колумбия)
Бұл материктегі екі ресми тілдерді ата (испан, португал)
IV - топ
Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама Анхель қай мемлекеттің жерінде?
Экваторға ескерткіш қойылған мемлекет (Эквадор)
Атакама шөлі қай мемлекет жерінде (Чили)
Оңтүстік Америка қандай мәдени өсімдіктердің отаны (картоп, қызанақ, жүгері)
Осы ағаштан үндістер қасиетті күш беретін сусын дайындаған. Бұл қай ағаш? (какао)
«Бұл кім?» ойыны
Материкті ашқан ғалымдардың суреттері беріледі. Оқушылар олардың қандай үлес қосқандарын атап, есімін атайтын болады.
«Геодоп» ойыны
Оқушыларға допты лақтырып сұрақ қойылады. оқушылар сол сұраққа жауап беріп допты кейін қайтарады. Және сол объектілерді картадан көрсететін болады.
Бразилия үстірті, Анд тауы, Марокойбо көлі, Поопо көлі, Ориноко өзені, Уругвай өзені, Ла Плата ойпаты, Потогония үстірті, Атакама шөлі, Катапахи жанартауы, Амазонка өзені, льянос, сельвас, пампа, пуна,
Сергіту сәті. Оқушылар көздерімізді жұмып көз алдарымызға Оңтүстік Америка материгінің картасын елестетеді. Және аталған объектілерді сол картадан қолмен көрсетеді.
«Зообақ» ойыны.
Сабақты бекіту.
Тест
1. Оңтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?

а) Америка ә) Гондвана б) Еуразия в) Лавразия
2. Оңтүстік Америка мына аталған материктердің қайсысынан көлемі жағынан кіші?
а) Солтүстік Америка ә) Африка б) Еуразия в) бәрінен де
3. Материктің солтүстік шеткі нүктесі
а) Гори мүйісі ә) Гальинас б) Париньяс в) Фроуэрд
4. Материк пен отты жер архипелагын қандай бұғаз бөліп тұр
а) Дрейк ә) панама б) фиорида в) магеллан
5. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы не бөліп тұр
а) панама мойнағы ә) кариб теңізі б) панама каналы в) суэц каналы
6. Теңіздердің қайсысы Оңтүстік Америка материгін шайып жатыр?
а) Кариб теңізі ә) Жерорта теңізі б) Лабрадор в) Беринг
7. Аталған ағыстардың қайсысы Оңтүстік Америка жағаларын шайып өтеді
а) Бразилия жылы ағысы ә) Перуана суық ағысы б) Батыс желдер суық ағысы
в) осы аталғандардың бәрі
8. Оңтүстік Америка жер шарының аса ірі үлкен жазығы
а) Ла – Плата ойпаты ә) Ориноко б) Амазонка в) Бразилия таулы үстірті
9. Материктің ең биік нүктесі
а) Эльбурс шыңы ә) Джомолунгма шыңы б) Аканкогуа в) Мак Кинии
10. Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы
а) Бразилия таулы үстірті ә) Амазонка ойпаты б) Анд тауы в) Патагония
Бағалау.
Қорытынды.
Үй тапсырмасы. Оңтүстік Америка материгін қайталау







Алтай тауы

  • bibka

  • 24 қараша 2015

  • 361

  • 0

  • 0

География пәні мұғалімі Балжан Кошпанова
8 сынып
Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру./2мин/ Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру мақсатында смайликтер көрсетіп, көңіл күйлерін реттеп алдым.

Үй тапсырмасын сұрау. /3мин/ Қысқаша сұрақ - жауап арқылы еске түсіріп өттік.
Сабақтың аты: Алтай тауы
Тұсаукесер Алтай тауының видеоролигін көрсету. Слайд
Мақсаты. /2мин/ Алтай тауы туралы толық мәлімет алу. Мақсатын өздері анықтайды.
Міндеті. /12мин/ Алтай туралы өз ойларын білдіруіне мүмкіндік жасау
- Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөз қорларын кеңейту, өздігінен білім алуға жағдай жасау
- Мақсатқа жету үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдау Оқушылардың бір - бірі тыңдауына, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне ықпал ету
Оқыту әдістері. 1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлау
3. Ақпараттық технологияларды пайдалану
6. Оқытудағы көшбасшылық
4. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Сабақ әдісі
Демонстрация - баяндау, сұрақ - жауап, кері байланыс

Ресурстар /5мин/
Қазақстанның физикалық картасы, атлас, слайд, постер
Пәнаралық байланыс
Геология, Экология, Биология

Күтілетін нәтижесі.
/15мин/ Білуі керек:
• Алтай аймағының географиялық орнына сипаттама
• Алтайдың жер бедері мен геологиясын сипаттауды
• Алтайдың пайдалы қазбалары мен климатына сипаттама беруді
• Өлкенің өзен - көлдеріне сипаттама беруді
• Аймақтың табиғат зоналарына сипаттама беруді

Тапсырма көздері
1. Алтайдың табиғи ерекшеліктерін тани білу
2. Қызығушылығын ояту
3. Алтайдың табиғат жағдайына шолу жасау

Мұғалім іс әрекеті
Мұғалім ұйымдастыру мақсатында сәлемдеседі, түгендеді, назарларын сабаққа аудардым.

Топқа бөлуді түрлі – түсті конфеттер арқылы ұйымдастырдым
Әр топқа топ басшыларын тағайындау тапсырылды.
Мұғалім үй жұмысын сұрақ – жауап арқылы сұрадым.
Жаңа тақырыпты игерту мақсатында Блум таксономиясы қолданылды.
Қызығушылықты ояту.
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану.
4. Талдау жүйесі.
5. Жинақтау жүйесі.
6. Қорытынды түйін.
7. Үйге тапсырма.
8. Бағалау.
Мұғалім жаңа тақырыпты білу мақсатында слайд, кесте, картаны пайдалана отырып тақырып жөнінде мағлұмат бердім.
Оқушының түсіну деңгейлерін тексеру мақсатында әр топқа тапсырмалар бердім.
Әр топқа формативті бағалауды ұсындым.
Екінші тапсырманы сабақты толық түсіну мақсатында бердім.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Алтай тауы» сөзжұмбағын шешу жұмысын тапсырдым.

Мұғалім смайликтер арқылы және өзім қорытынды бағаладым.
Екі жұлдыз бір тілекпен рефлексия жасаттым.
Үй жұмысын бердім.

Тапсырмалар жинағы.

1. Географиялық диктант

1. Алтай........ ойпатынан басталып,........... көліне дейінгі аралықты алып жатыр. Оның оңтүстігін............... өзені мен.......... көлі, батысы.......... жотасы.
2. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай.............. Алтай....... ауданға бөлінеді. Олар -..............,............... және................
3............. - Алтай тау жүйесінің........... жеріндегі ең биік шыңы............
4. Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты................................ Шілдеде аласа тау беткейлерінде.............. болса, 1000 м биіктікте................, 2500 - 2700 м биіктікте..................... аспайды.
5. Алтай өлкесі аңға бай. Орманда.................... өсіретін шаруашылықтары бар. Шығыс қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында.............. жылы.................. қорығы ұйымдастырылды.
6.......................... Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында.................... курорты жағасында теңіз деңгейінен........... биіктікте орналасқан.

2. Кім жылдам?

1. Алтай тауының қойнауы қандай кендерге бай?
A) Полиметалл
B) Темір
C) Марганец
D) Хромит
E) Никель
2. Қалба жотасының
биік нүктесі?
А) Сарышоқы
В) Бесшоқы
С) Бесбақан
Д) Мұзтау
Е) Мұзбел









Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстан климатының ерекшеліктері, климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелейді және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастырады. Күн радиациясы түрлерімен танысады. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсінуге жағдай жасалынады.
Сабақтың міндеттері:
- Қазақстан климатының ерекшеліктеріне және климат құрушы факторларға сипаттама береді;
- мәтінді, қосымша теориялық мағлұматтарды оқып, жан - жақты зерттеу арқылы «күн радиациясы», «жиынтық күн радиациясы», «жұтылған және шағылған радиация» деген жаңа ұғымдар туралы білімдерінқалыптастырады және жиынтық күн радиациясының таралу заңдылықтарын карта арқылы анықтайды;
- жеке, жұп, топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы.
Негізгі ұғымдар: климат, климат құрушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері.
Номенклатура: Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент және Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы, Владивосток.
Сабақтың әдістері: мұғалімнің проблемалық сұрақтары, кубизм, Венн диаграммасы, семантикалық кесте, 5 жолды өлең.
Сабақтың бейнесі (тип): жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы шеңберіндегі сабақ
Бағалау: оқушылар бағалау парағын толтырады.
Оқушының есімі сұраққа жауап беру шеберлігі мәтін б – ша материалды қамтуы пікір ерекшелігі белсенді тыңдау жолдасын жұмысқа тартуы жалпы ұпай
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі сабақ жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың тақырыбы «Қазақстанның климаты. Климат түзуші факторлар»
«Қазақстанның климаты» бөлімін бастап отырмыз, онда сіздер:
- Климат түзуші факторлар.
- Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел.
- Қазақстан аумағындағы жауын - шашынның таралуы т. б. тақырыптар бойынша білімдеріңізді тереңдетесіздер.
Сабақтың басты мақсаты – Қазақстанның климат ерекшеліктері және климат түзуші факторлар туралы білімдеріңді тереңдетіп жүйелейсіздер т. б.
Әр топтың бағалау парағы бар, сол бағалау парағы арқылы бір - бірлеріңізді бағалайсыздар.
Тапсырмалармен жұмыс:
І топ. Климат және ауа райы дегеніміз не? Анықтаңыз.
Бейнелі мысал:
«... 17 тамыз, таңертеңнен жылы болды, біз аулада жеңіл киіммен доп ойнадық. Бір уақытта 10 - 15 минуттың ішінде аспанды бұлт басып, күннің көзі көрінбей кетті, бір жақтан тұман пайда болды. Ал жартты сағаттан кейін жел тұрып, жаңбыр басталды. Жаңбыр екі күнге созылды...»
(... )
«... Солтүстік Қазақстанда жылдың жылы кезеңі көктем, сәуірдің соңғы аптасынан, яғни 20 – 22 - де басталып мамыр айының соңына дейін созылады, көктем айы қысқа 20 – 30 күндей болады, салқын және құрғақ болып келеді, осы құбылыс жыл сайын қайталанып отырады...».
(... )
ІІ топ. Климат пен ауа райының ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай? Венн диаграммасын толтырыңыздар.
Климат Ауа райы
3 топ. Қазақстан қандай материкте және ендіктер аралығында орналасқан?
4 топ. Қандай климаттық белдеуде орналасқан?
5 топ. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Осындай тапсырмалардан кейін барып мағынаны тануға мүмкіндік берілді.
II. Мағынаны тану. Қазақстанның климаты туралы алдын - ала берілген тапсырмалар және мәтін бойынша ақпараттармен жұмыс істеп, ойларын жинақтайды [2]:
- географиялық құбылыстардың себептерін, себеп - салдардың тіке және кері байланыстарын анықтауға үйренеді;
- мәтін негізінде семантикалық кестені толтырады, тапсырма негізгі анықтамалар мен ұғымдарды пысықтауға және оқулықпен оқу жұмысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
1 топ. Суреттеңіз.«Қазақстанның климат ерекшеліктері».
2 топ. Зерттеңіз. «Климат түзуші факторлар».

3 топ. Салыстырыңыз. «Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының климатына әсер етуші факторлардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары». Венн диаграммасын толтыру.
4 топ. Қолданыңыз. «Күннің тіршілікке әсері және Күн радиациясы».
Анықтау қажет:
- Күн радиациясы ұғымын, өлшем бірлігін, оның түрлері (тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан күн радиацияларын);
- климат карталарының көмегімен күн радиациясының таралу ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңыз.
5 топ. Дауласыңыз немесе қарсыласыңыз. «Семантикалық кесте арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтап, жүйеге келтіру».
Қосымша тапсырмалар:
1 топ. Солтүстік Қазақстан облысына бір жылда Күннен 1 см ² ауданға түсетін жылу мөлшерін анықтаңыздар.
Картадан бір жылғы жұтылған күн радиациясының көрсеткіші анықталады. СҚО ауданы солтүстігінде (90 ккал/см ²), ал оңтүстігінде (100 ккал/см ²) изосызықтары аралығында орналасқан:
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
2 топ. СҚО ауданы солтүстігінде (90ккал/см²), оңтүстігінде (100 ккал/см²) изосызықтары аралығында орналасқан. Бір жыл ішінде 1м² жерге жұтылған радиация түрінде қандай жылу мөлшері түседі?
95 ккал/см ² ∙ 10 000 см ² = 950 000 ккал.
3 топ. Бір жылда 1 м² жерге жұтылған радиация түрінде түсетіндей мөлшерде жылу алу үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
(1 кг. жақсы көмір жанғанда 7 500 ккал/кг жылу береді). СҚО ауданына бір жылда 95 ккал/см.² жылу мөлшері түседі.
950 000 ккал: 7 500 ккал/кг = 127 кг.
Жер бетінің бір га – ға түскен бір жылғы жұтылған радиацияның орнын толтыру үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
127 кг ∙ 10 000 м² = 1 270 000 кг немесе 1 270 тонна.
Мұншама жүкті тасу үшін, 50 тонна жүк алатын үлкен вагондардың қаншасы керек болар еді?
1 270 т.: 50 т. = 25 вагон.
4 топ. Картадан Петропавл, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
5 топ. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
III. Ой толғаныс. Оқушыларға алған білім ақпараттарын түйіндеп айту үшін бесжолды өлең құрастыруды ұсындым [2]:
1 топ Климат
Шұғыл, континентті
Құрғайды, жылыйды, ылғалданады
Атмосфера циркуляциясына байланысты қалыптасқан,
Режим.
2 топ Ауа
Арктикалық, қоңыржай.
Ығысады, көтеріледі, алмасады.
Ауа массасы үнемі қозғалыстағы
Құбылыс.
3 топ Күн
Жарық, жылы
Шашырайды, жұтылады, шағылысады
Географиялық ендік бойынша өзгеретін
Сәуле.
4 топ Ауа райы
Ыстық, суық.
Өзгереді, қалыптасады, байқалады.
Жергілікті жерге тән тропосфераның
Күйі
5 топ Радиация
Тура, шашыранды.
Өзгереді, жұтылады, шағылысады.
Мезгілге, бұлттылыққа байланысты өзгеретін,
Сәуле.
ІV. Бағалау: Оқушының бағалу парағы.
V. Үйге тапсырма: 1)§20 Мәтінді оқу, сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.
2) Жұмыс дәптерлерін толтыру

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Прииртыш ауылы



Прииртышский жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі Сембинова Гульшат Толеухановна



Эссе

«Мен – мұғалім»

Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады.

Мұғалім оқу материалының мазмұнын дайын күйінде жеткізу, түсіндіру емес, оқушылармен бірлесе іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған мақсатына жетеді. Білікті ұстаз жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына, оқушылардың сана-сезімін, ақыл ойын дамытуға пән аралық байланысты кеңінен қолданады.

Ұрпақ тәрбиесі қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жақсы ұстаз жас өрендерге үлгі-өнеге болып оны сөзімен де, ісімен де дәлелдей білуі тиіс. Ол шәкірттерімен ашық, адал сөйлесіп, оқушының не қалайтының, не көксейтінің жиі сұрап, біліп отыруға міндетті. Осы жағдайда ғана шәкіртпен мұғалім арасындағы кедергі жойылып, өзара сенім беки түседі. Менің түсінігімше әр бала қабілетті тек оқуға деген «түрткісін» (мотивін) дөп басып таба білу керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Анам 40 жыл Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жұмыс істеді. Ата анамның тәрбиелеп өсірген бес баласының үшеуі бүгінгі күнде мұғалімдік қызмет атқарудамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – әрине анам Зура Қалиасқарқызы . Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? жоспары "?лы географиялы? ашулар"

Автор: Шукимбаева Бактылы Абдисадыковна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318854

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы? саба? жоспары "?лы географиялы? ашулар""
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-zhospary-u-ly-ghieoghrafiialyk-ashular-1"
    ["file_id"] => string(6) "318855"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460666882"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы? саба? жоспары "?лы географиялы? ашулар""
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-zhospary-u-ly-ghieoghrafiialyk-ashular-2"
    ["file_id"] => string(6) "318856"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460666888"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "?лы географиялы? ашулар "
    ["seo_title"] => string(29) "u-ly-ghieoghrafiialyk-ashular"
    ["file_id"] => string(6) "202609"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429286534"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(195) "саба? жоспары  Та?ырыбы: Х? ?асырды? со?ы мен Х?І ?асырды? бас кезіндегі ?лы географиялы? ашуларды? ?ажеттілігі. "
    ["seo_title"] => string(130) "sabak-zhospary-tak-yryby-khu-g-asyrdyn-son-y-mien-khui-g-asyrdyn-bas-kiezindieghi-u-ly-ghieoghrafiialyk-ashulardyn-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "204522"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429687244"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Сабақ жоспары География пәнінен:"Қашықтықты өлшеу тәсілдері. Масштаб.""
    ["seo_title"] => string(79) "sabak_zhospary_gieoghrafiia_p_ninien_k_ashyk_tyk_ty_olshieu_t_sildieri_masshtab"
    ["file_id"] => string(6) "377451"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484049395"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства