Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің табиғаты, әдемі жерлері туралы қосымша мәлімет беру,білім деңгейін көтеру; Байланыстыра сөйлеу тілдерін ,сауатты жазу дағдыларын дамыту; Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу Көрнекілігі: «Ойын түріндегі жаттығулар жинағы»атты электрондық оқу құралы,Бурабай табиғаты бойынша слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ.Жаңа сабақ: 1) сабақтың мақсатын, барысын айту. Таза ауамен демалу үшін табиғат қандай болу керек? 2) табиғат туралы слайдтарды қарап, сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. 3) суреттер бойынша оқушылардың ойларын тыңдау. 4) Біздің қаламызға жақын орналасқан, біз жиі барып демалатын,екінші Швейцария атанған жердің аты қандай? - Бурабай туралы слайдтарды қарап, сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу 5)жаңа сөздермен жұмыс (сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру). 6) «Бурабай» мәтінін түсініп оқып,берілген тапсырмаларды орындау. ІV.Бекіту: 1) Жаңа айтып өткендей біз Бурабайға отбасымызбен жиі барып демаламыз.Онда бару үшін біз әуелі демалуға керек заттарымызды жинап алуымыз керек. Электрондық оқулық бойынша «Чемодан» ойыны. Чемоданға демалыс кезінде пайдаланатын заттарды жинап салып,олардың не үшін керек екендігін түсіндіру. 2) Ал,балалар, заттарымызды жинап салып алдық. Енді жолға шықпастан бұрын пәтеріміздің ішінде не істеп кетуіміз керек? Электрондық оқулық бойынша «Демалуға кетеміз» ойыны. Пәтердің ішінде үтікті, теледидарды,шамды сөндіру,терезені жабу,гүлге су құю т.б.тапсырмаларды орындап,түсіндіру. 3) Өткен грамматиқалық тақырыптарды қайталау Электрондық оқулық бойынша «Поезд» ойыны. Тек бір сөз табынан болып келетін сөздердің соңғы әрпіне басталып отыратын жаңа сөздер жазып шығу.Бірінші сөз суреттердің атауынан ,ал соңғы сөз вагондардың артында көрсетілген суреттердің бірінші әрпіне басталуы тиіс. Жасыл вагондарға зат есімдер,қызыл вагондарға сын есімдер жазылады. V. Бағалау VІ.Үйге: Бурабайдың табиғатын суреттейтін өлеңдер тауып, жаттау. 3 тапсырма 117 бет VІІ. Сабақты қорытындылау. Синквейн құрастыру. 1.Бурабай 2.Қарағайлы, қайынды 3.Демалу, сақтау 4.Бурабайдың қарағайлы, қайынды ормандарында жақсы демалуға болады. 5.Таза ауа. |