Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. «Ыстық алақан» әдісі. Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату. Оқушылар Ыстық алақанның жылуын сезінеді, достық қарым-қатынасты байқайды. Топқа бөліну. Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру үшін оқушылар түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді. «Ой шақыру» әдісі. Оқылым алдында мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактивті тақтадан оқушыларға «Әнші құм» туралы бейнефильм көрсетіледі. Мақсаты: ой қозғау. 1.Әлемдегі ең үлкен құм туралы не білесіңдер? 2.Табиғат құбылыстарының қоршаған ортаға әсері қандай? 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін тапсырма орындайды. Оқушылар мәтінді тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады. Әнші құм «Әнші құм» Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында жатыр. Құмды төбенің биіктігі –150 метр, ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Құмның «Әнші құм» аталуының өз сыры бар. Жел соққан кезде ұсақ – ұсақ құм төмен қарай жылжиды.Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әп – әдемі ән құлаққа естіледі.Ал қатты жел соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың даусына ұқсайды.Жел соққан сайын құм формасын жиі – жиі өзгертіп отырады. Жібек жолының бойында орналасқан «Әнші құмның» даусын есту үшін жолаушылар алыс жерлерден әдейі келеді. «Әнші құм» табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған.Ол Алтынемел ұлттық табиғи саябағының құрамына кіреді. Оқығаннан кейін. Мәтінге қатысты өзара сұрақ қояды. Мысалы: Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай? т.б. Ойтүрткі. 1.«Әнші құм» Қазақстанның қай өңірінде? 2.Құмның «Әнші құм» аталуының өз сыры бар ма? Болса неге? Дескрипторлар: Мәтінмен танысады, мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі ақпараттар негізінде құрылған сұрақтарға жауап береді Мәтіннен синоним болатын сөздерді анықтайды. Мәтін мазмұнын түсініп, жаңа ақпарат таба алады. ҚБ «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 2-тапсырма. Қолданатын әдіс-тәсіл. «Шындық, Жалған» Мақсаты: Мәтіндегі ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтау. Оқушылар берілген ақпараттардың шыңдық я жалған екенін табады. 1.Құм жаңбырдың әсерінен дыбыс шығарады. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | 2.Әнші құм шетелде ғана бар. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | 3Алып елдер арасында ең үлкен Әнші құм Қазақстанда. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | 4.Құмның дыбысы тікұшақтың даусына ұқсайды. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | 5.Әнші құмның даусы тек жазда естіледі. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | 6.Әнші құм Алтынемел саябағында жатыр. | Шындық Жалған | Ия Жоқ | Дескрипторлар: Мәтіндегі ақпараттарды саралайды Талданған ақпараттарды кестеге сай толтырады ҚБ «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 3-тапсырма. Деңгейлік тапсырма. І деңгей Синонимдермен сөйлем құрастыр. Үлгі: Не? Қандай? Неліктен? Қалай? деген сұрақтарды пайдалан. ІІ деңгей Тақырыпқа байланысты диалог құрастыр. Не? Қашан? Қайда?деген сұрақтарды пайдалан. ІІІ деңгей Қосымша ақпарат көздерінен мәлімет жинап, мәтіннің өмірмен байланысын анықтаңдар. Үлгі: Не себептен? Қандай? Қалай? деген сұрақтарды пайдалан. Мәтін бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үлгідегі сұраулы сөз тіркестерін пайдаланып, дәптермен жұмыс жүргізеді. Дескрипторлар: Синонимдермен сөйлем құрастырады. Тақырыпқа байланысты диалог құрастырады Мәтіннің өмірмен байланысын анықтайды ҚБ. Оқушылар «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. |