kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пейзаж. Қыс көрінісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы: Пейзаж. Қыс  көрінісі.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:                  Оқушыларға живопись өнерінің  пейзаж  жанры туралы  білімдерін                  

                                       тереңдету  және  оның  түрлерімен танытстыру. Кескіндемелік дағдылар         

                                       мен  біліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі:               Оқушылардың  туған  жердің  табиғатын  аялауға, елін, жерін  сүюге, оны    

                                       қорғауға, жанашырлыққа  тәрбиелеу.

Дамытушылығы:      Бояу  түстері  арқылы  салынған  суреттер  бойынша  оқушының  ой-өрісін, 

                                       қиялын  дамыту, шығармашылық  қабілеттерін  өрістету, сурет  салуға  

                                       икемділік  дағдыларын  қалыптастыру.

Көрнекілігі:                 табиғат бейнеленген  үлгі суреттер, интерактивті  тақта,

Құрал –жабдықтар:   А3 формат қағаз, акварель, гуашь бояулары, қарындаш,өшіргіш.

Сабақтың типі:          Жаңа білімді  меңгерту   

Сабақтың  түрі:         тәжірибелік  сабақ

Сабақтың  әдісі:         дәстүрлі  емес  сурет  салу  әдісі, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, үйрету  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пейзаж. Қыс көрінісі»

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Қыс көрінісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін

тереңдету және оның түрлерімен танытстыру. Кескіндемелік дағдылар

мен біліктерін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны

қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой-өрісін,

қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға

икемділік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: табиғат бейнеленген үлгі суреттер, интерактивті тақта,

Құрал –жабдықтар: А3 формат қағаз, акварель, гуашь бояулары, қарындаш,өшіргіш.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сурет салу әдісі, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, үйрету

тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: психология, әдебиет, геометрия, география


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын бекіту

ІІІ Жаңа сабақ

ІҮ Бейнелеу жұмысы

Ү Сабақты пысықтау, қорыту.

ҮІ Бағалау, үйге тапсырма



І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!


ІІ Үй тапсырмасын бекіту.

1-кезең. «Бинго» ойыны (Өткен сабақтардан не білеміз?)

  1. Перспектива дегеніміз не?

  2. Перспектива қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Перспективаны алғаш үйретуде үлес қосқандар кімдер?

  4. Сурет салуда перспективаның маңызы қандай?

  5. Көкжиек сызығының деңгейі неге байланысты?

  6. Перспективаның негізгі білу керек заңдылықтары қандай?

  7. Ауа перспективасының заңдылықтары?

2-кезең. «Суреттер әлеміне саяхат» әдісі арқылы оқушылардың «перспектива» тақырыбына орындаған жұмыстарына талдау жасау. Әр оқушы өз салған суреттерін қорғайды.

3-кезең. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы бейнелеу өнерінің жанрларын әріптермен

құрастыру және оның орыс тілінде, ағылшын тіліндегі баламаларын айту.


Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрлары бойынша топтастыру.

І топ – Натюрморт

ІІ топ - Мүсін

ІІІ топ - Перспектива


ІІІ Жаңа сабақ

Слайдпен «4сурет 1сөз» әдісі арқылы 4 суреттен 1 сөзді шығару.

Табиғат сөзі шығарылады. Табиғатты бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры пейзаж.

Жаңа тақырыпты таныстыру.

Бейнелеу өнері бірнеше түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Осы өнер түрлерінің ішінде бояуды ең көп қажет ететін живопись кескіндеме өнеріне тоқталамыз.


Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінетінін білеміз.

Олар: натюрморт, портрет, тарихи жанр, ботальдық жанр, пейзаж жанры, анималистік жанр.

Бүгін пейзаж жанрна тоқталамыз.


Пейзаж жанры – табиғат көрінісін көркем бейнелеген көркем шығарма.

Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Бейнелеу өнерінде пейзаж жанр болып саналады. Пейзаждық туындылар ойдан шығарылып немесе табиғаттан қарап бейнеленеді. Пейзаждық композицияда басты «кейіпкер» ретінде табиғат көрінісі алынып, кей жағдайда оған қосымша әсер беру мақсатында адамдар, жануарлар, белгілі бір сюжеттік көріністер пайдаланылады. Табиғаттың өзінен қарап бейнелеуді «пленэр» деп атайды.

«Плэнер» француз сөзінен алынған «таза ауада» деген ұғымды білдіреді.

Ал адамдар өзін қоршаған ортаны бейнелеуді өте ерте заманнан талаптанған.

Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

ХҮІ ғасырға дейін пейзаж Еуропа өнерінде тақырыптық туындылар, портреттерге фон ретінде көптеп пайдаланылды. Еуропа өнерінде пейзаж жеке жанр ретінде ХҮІІІ ғасырдан таныла бастады, оған Голланд суретшілерінің үлесі зор.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс өнеріндегі пейзаж табиғат сұлулығын үлкен сүйіспеншілікпен, лирикалық шабытпен бейнеледі.


XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.Ресей өнерінің пейзаж жанрын әлемге танытқан мына суретшілерді атауға болады:


  • Федор Александрович Васильев (1850-1873ж.ж)

  • Иван Иванович Шишкин (1832-1898ж.ж)

  • Василий Дмитриевич Поленов (1844-1927ж.ж)

Қазақ бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрына тоқталатын болсақ, Әбілхан Қастеевтің

(1907-1973ж. ж) есімін ерекше атауға болады. Қастеев шығармаларынан көктем бүршігіндей тіріліп құлпырған қазақ даласына деген үлкен сүйіспеншілік, лирикалық әуен, шексіз кеңістік берудегі суретшінің кәсіби шеберлігін көруге болады.

Соның ішіндегі «Биік таудағы мұз айдыны» (1955ж),

«Қымыз фермасы»(1967ж), «Таластың ең даласы»(1970ж), «Түрксиб» (1969ж) туындылары күрделі композициялық құрылым, үйлесімді түстік шешім, дәл перспективалық заңдылық арқылы өте шынайы орындалған.
Қазақстанның басқада суретшілері Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі",




Ж. Шарденовтың "Қыс",

т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын,астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын
міндетті түрде білуіміз керек.


Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.


Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж



Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы)


ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.


Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы)

адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.



Дәптермен жұмыс.

Оқушылар жаңа сабақ бойынша «түртіп алу» әдісін қолданады


Қала пейзажында


Дәптермен жұмыс.

Оқушылар жаңа сабақ бойынша «түртіп алу» әдісін қолданады.

адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзажы -

бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды

немесе теңіз дауылын бейнелейді.
Сәулет пейзажы қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзажда зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Пейзаж бейнелеу заңдылықтары.

  1. Көкжиек сызығын анықтау.

  2. Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып бейнелердің жазықтықтағы орындарын белгілеу.

  3. Бейнеленетін табиғаттың көңіл-күйіне байланысты түстік шешім анықтау.


ІҮ Бейнелеу жұмысы

  1. Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.

1 кезең – Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып

есептеледі. Бірінші тауларды, тау етегіндегі ағаштарды қарындашпен салу керек. Екінші ағаштарды, өзенді, көпірді саламыз. Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағашты, шыршаны көрсетеміз. Ең алғаш салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық, көлемі үлкен болып саналады.

2 кезең – тау, ағаш, шырша, өзен, көпірдің көлеңкелерінде кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көрінстердің бояулары, сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 кезең – Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінсін толық аяқтаймыз. Әр топ суреттерін аяқтайды, қорғайды.

«Ақылдының алты қалпағы» әдісі арқылы топтардың салған суреттеріне талдау жасау.

Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлу үдерісін көрсетеді.




Ү. Жаңа сабақты бекіту. Оқушылармен өзіндік жұмыс.

Бейнелеу пәні сабағына байланысты тест алынады.

Тест үлгілері: 1) Балама жауаптары бар тест.

2) Таңдамалы тест

3) Толықтыруды қажет ететін тест.


Балама жауаптары бар тест.

  1. Пейзаж француз сөзінен алынған табиғат деген ұғым.

+ А) ия б) жоқ

  1. Акварель – суда еритін мөлдір бояу.

+ а) ия б) жоқ



  1. Живопись өнерінің бір жанры- пейзаж.

+ а) ия б) жоқ



Таңдамалы тест.

  1. Түстер шеңберінде бір-біріне қатар орналасқан бояу түстері.

а) қарама-қарсы түстер

ә) қосымша түстер

+б) жақын түстер



  1. Бояу араластыратын тақта

а) пастель

+ә) палитра

б) нобай

3. Бұрыштық перспективада неше түйіндесу нүктесі бар?

+а) бірнеше нүкте

ә) 2 нүкте

б) 1 нүкте



Толықтыруды қажет ететін тест.

  1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы

натюрморт дейміз.

  1. Түс және бояумен алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін живопись дейміз.

  2. «Пленэр» француз сөзінен алынған «таза ауада» деген ұғымды білдіреді.



ҮІ. Бағалау, уйге тапсырма.

Сабақта сұраққа қызығушылықпен жауап беріп, сурет салу кезінде белсенділік танытып отырған оқушыларды мадақтап, бағалау пейзажд



Үй тапсырмасы: Бейнелеу өнеріндегі пейзаждің бір түрі ауыл пейзажын суреттеп бейнелеу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Мұқашев, А.Сейтімов, Н.Хамзин. Бейнелеу өнерін оқтыу әдістемесі.

  2. БалкеновЖ. Сурет салуға үйрету.

  3. Интернет мәліметтері.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі





«Келісемін» «Бекітемін»

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі ________З.С.Сыздықбаева жөніндегі орынбасары

«____» __________ 2017 ж _________Р.Б.Мырзағалиева

«____» __________2017 ж.







ТАҚЫРЫБЫ: Пейзаж. Қыс көрінісі.

ОҚУ ПӘНІ: Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістері

ОҚУ ТОБЫ: ББ-9-14

ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ: Палмахова Қанзира Құрманғазықызы

















Қызылорда, 2017 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пейзаж. Қыс көрінісі

Автор: Палмахова Канзира Курмангазиевна

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397780

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Пейзаж. ?ыс к?рінісі "
    ["seo_title"] => string(24) "pieizazh-k-ys-korinisi-1"
    ["file_id"] => string(6) "195653"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952324"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба?ты? та?ырыбы: Пейзаж.?ыс к?рінісі "
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-tyn-tak-yryby-pieizazh-k-ys-korinisi"
    ["file_id"] => string(6) "189638"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426994451"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "?ыс?ы пейзаж"
    ["seo_title"] => string(13) "kyskypieizazh"
    ["file_id"] => string(6) "303011"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457374788"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Презентация для урока пейзаж "
    ["seo_title"] => string(35) "priezientatsiia-dlia-uroka-pieizazh"
    ["file_id"] => string(6) "173990"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424076036"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Саба? та?ырыбы: «Пейзаж»(акварель). Таби?атты? ?оз?алыста?ы к?йі. 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(74) "sabak-tak-yryby-pieizazh-akvariel-tabig-attyn-k-ozg-alystag-y-kuii-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "205664"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429965188"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства