kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Қиял арманға жетелейді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды қиял, арманға жетелеу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Қиял арманға жетелейді"»

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп №10 Мерзiм 26.09.2016 жыл. № 5сабақ

Тақырып: Қиял арманға жетелейді

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Сенімділік, қамқорлық, достық.

Мұғалiм: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Сынып: 3«Ә»


Сабақ мақсаты: Оқушыларды қиял, арманға жетелеу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • балалардың қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту;

  • шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;

  • сенімділік, қамқорлық, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуларын тексеру.

5 Т ережесін еске түсіру.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық



2.Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге «Ана қиялы» аңызды оқып келуге алдынала берілген. Сол аңыз әңгіме бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру.

  • Ана өз арманын балаларына қалай жеткізді?

  • Қалай ойлайсыңдар, ананың арманын қалай жүзеге асыруға болады?

  • Өз армандарыңды қалай жүзеге асыра аласыңдар?

  • Орындалмайтын арман бола ма?

  • Арманды жүзеге асыру үшін не істеу керек?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Армансыз адам болмайды»

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріп өтемін. Оқушылар өз ойларымен толықтырады.



5.Әңгiмелеу (мұғалім сыйы).

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Өсиет әңгіме

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған арманын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде түпкір-түпкірден сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам үш ұлын қасына шақырып:

-Үшеуің қайсысың менің арманымды ары қарай жалғастыра алсаңдар, мирасымды соған қалдырамын. Менің артымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де 100-100 тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыру керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де ақшаларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

-Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр әр жерге шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

-Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

-Тиынды ұсақтап, 50 тиынын мешітке бердім, 20 тиынын қайырымдылық қорға бердім, 20 тиынын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған 10 тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әкесі үшінші баласына риза болып:

-Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату деді.

  • Дүкен иесінің қандай қасиеттері оны жетістікке жеткізді?

  • Әкесі балаларына қандай шарт қойды?

  • Балалары әке арманын қалай орындады?

  • Жақсы өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Біз қандай әрекетіміз арқылы айналамызға жарық сыйлай аламыз?

  • Өз армандарың туралы айтып беріңдер?

  • Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыңдар?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында шығармашылық жұмыс ұсынылады: Дәптердегі суретке қарап «Кешегі қиял-бүгінгі шындық» тақырыбына әңгіме құрап, өз ойларын айтуларына болады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген «Кешегі қиял – бүгінгі шындық» тақырыбындағы суреттерді бояу.

Ойын-жаттығу. Балаларды шығармашылық тапсырмадан кейін, ойларын жинақтап, біраз сергіту мақсатында релаксациялық тәсілімен ойын-жаттығу ұйымдастырылады. Адамдарға, айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдау арқылы көз алдарыңа өмір туралы елестетіп көріңдер. Ол жерде бәрі басқаша. Адамдар тек робот арқылы тіршілік етеді. Күн қатты суық. Көліктер жоқ оның орнына ұшқыш тарелкалар бар... Біздің достарымыз адасып жүр. Біз қалай көмектесеміз. Көзімізді ашамыз. Қиялмен жауап беру керек.



7.Топпен ән айту. Бала тілегі.

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтқан әніміз.


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.


8.Үй тапсырмасы.

Үйге өз қиялдарымен, өз армандарың туралы эссе жазу.


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқулықтағы қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылау.

Сабақ соңында балалар жақсылық тұрғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтады.

Ендеше барлығымыз тыныш отырып, аяқ қолдарымызды айқастырмай еденге қоямыз. Оң қолдарыңызды жүректің тұсына қойып, сабақта алған барлық жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап қоюларыңызға болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Қиял арманға жетелейді"

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371589

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Арман - жар?ын болаша? бейнесі""
    ["seo_title"] => string(47) "ashyksabaktakyrybyarmanzharkynbolashakbieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "310342"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459001002"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Арман-жар?ын болаша? бейнесі" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(42) "armanzharkynbolashakbieiniesisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "275322"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452538941"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Достық - татулықтан басталады!"
    ["seo_title"] => string(30) "dostyk_tatulyk_tan_bastalady_1"
    ["file_id"] => string(6) "408369"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491905622"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Математика саба?ында о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(76) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-loghikalyk-oilau-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "296546"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456046046"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Математика саба?ында о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(65) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-oilau-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "296549"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456046209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства