kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы тәрбие іргетасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасым алтын бесігім. Отбасы тәрбие иргетасы Тарбие тал бесиктен
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы тәрбие іргетасы»



159 «Еңбекші» қазақ орта мектебі

Досқанаева Жанат Әлмағанбетқызы

Тақырыбы: « Отбасы – тәрбие іргетасы»
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
Міндеттері:
а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы 
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, 
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойындар
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,слайдтар көрсету, суреттер
Барысы:
I. а) Ұйымдастыру кезең

Тренинг “Кездесу”(Амандасу )

Тренинг “Жанұя”(Сұраққа жауап)

Педагогикалық ойын “Мадақтау мен жазалау”

Сыңарын тап” мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

Жобалық тест «Сурет таңдау»

Ашығын айтсам”

Ата-анам алтын қазына”(Суреттер сөйлейді)

Тренинг “Кездесу”(Амандасу)

б) Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.
Сары түсті таңдағандар «ӘКЕ» тобы.Өте әсершіл,сезімтал,көпшіл,ерік күші мол,қайсар,түрлі идеяларға толы адамсыздар.Сіз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Балаңыздың өсіп дамуына үнемі көңіл бөліп отырасыз.Балаңыздың болашағынан үлкен үміт күтесіз.

Қызыл түс – «АНА» тобы.Бірбеткей мақсат – мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаңызға көп талап қоясыз,қатал қарайсыз.Айтқаныңызды орындатасыз.

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп кел еді» А.С.Макаренко

Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші ата-ана!

Тренинг “Жанұя”(Сұраққа жауап)

III. Жаңа ақпарат.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату




болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың бол -ашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Педагогикалық ойын : «Мадақтау және жазалау»






















«Өзіңді білгің келсе» жобалық тест
Сурет таңдау: Күн, тау, үй, ағаш,жол.

Егер күн дәл ортасына салынса – жастық шағы қызықты,ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты,батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты;

- ТАУ дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш.Егер тау ұшты болса,өкпелегіш,тік мінезді адам.Егер аралас салынса – басында қар болса,өзгермелі адам;

үй – суретте ағаш үй салынса,арманы орындалады.Егер бір терезе салынған болса,өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады.Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса,ол тұйық,сақ адам.Үйдің төбесінде мұржасы болса,түтін шығып жатса,әңгімеге жақын,өсекқұмар адам.




Ағаш – біреу болса,өзінің жолдасына ұнайды.Егер бірнешеу болса,балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөліп,көп көңіл аударады.Қоршаған әлемді сүйеді,қанша мықты әдемі салынса,сұлулыққа соншалықты құштар.

Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл,алыс болса керісінше.Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін,ал керісіншеболса шашпа,айналасына тарататын адам;

“Ашығын айтсам”

1.Менің тренинг барысында түйгенім______________

2.Маған ең пайдалы құнды болғаны_______________

3.Маған ұнамағаны_____________________________

4.Ең жақсы ұнағаны_____________________________

5.Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма? _____________

“Ата-анам алтын қазына”(Суреттер сөйлейді)

ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз














































IV. Шығармашылық жұмыс
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
б) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
с) Сергіту сәті. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
д).«Бақытты отбасы модулін» салу.
Ән: «Жан аға» Сарсенова Лаураның орындауында
V.Қорытынды. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.
Өз отбасымызды қорғай білейік! ата-анамызды аялай білейік! құрмет көрсете білейік!



Сынып сағатының тақырыбы: Отбасы –тәрбие бастауы
Сынып сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.
Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1) Келген қонақтарды қарсы алу
2) Сынып сағатының мақсатымен таныстыру
Кіріспе сөз
Бөлімдер бойынша пікір алысу
Қорытынды

Ой толғау тақырыптары

Келіңіз, пікір алысыңыз
1 Отбасы –тәрбие бастауы
2 Қазақ халқының қай салт-дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған
3 Ұят-адам қасиетін бағалайтын сезім
4 Ұл-ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға көзқарас
5 Шешесін көріп- қызын ал, Ыдысын көріп –асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет –журнал оқу. Білімді сатып алуға бола ма?
7 Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық.
8 Жас ұрпақ –ел болашағы. Ол елінің шырағы, ол ақ арманнан ұшқындап лаулауға тиіс.

Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері-ғасырлар идеологиясы. Олардың түсінік- нанымы әлемдік санамен ұласып, ғарыштармен ұштасып жатады. Әр халық ұрпақсыз болмайды. Әр адам жетпеген арманға, шығатын биікке тек қана ұрпағымен жетуді мақсат етіп, үміт артады.
Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың болашағын тәрбиеден бастайды, сонан соң ғана ұлт тілін, тарихын, бабалар мұрасын,аналар тілегін орындау үшін білім мұхитына сапар шегеді.Халықтың кейінгі ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін тек кешегі, күні өткен десек мықты қателесеміз.Тәрбие өнегелері-үзіліп қалмайтын үрдіс, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасып мәңгі жасайтын құбылыс.Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты-ата-бабалардың үлгі өнегесі,ақыл-кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік-дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы,ойға алған негізгі мақсаты.
Қазақ өмірі-тәрбие оқулығы.
Қазақ халқының үй-іші тәрбиесіне таңданған орыс жазушысы,этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне, әділеттілік іздеп шаршаған, бірақ қайрат-жігерін жоғалтпаған, сұңғақ бойлы, әдемі қыз Мәуленді көріп : «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ Мәулен өте ғажайып тәрбиеленген»-деп жазып қойған.
М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен » -өседі деген.
Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19-шы қара сөзінен)
 Әрбір топ «Отбасы –тәрбие бастауы» тақырыбы бойынша пікір айтады.
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы (эксперт) топ құрылады.
 Қазақ халқының салт-дәстүрлері , әрбір қазақ азаматы мен қызының жолбасшысы бола алады. Салт-дәстүрдің өміршеңдігі, ол талай ғасырлардан сыннан өткен,халық арасында қалыптасып қалған, келе-келе заңға айналған әдеттер, сенім мен қасиеттер.
«Үйге қонақ келсе- тамағыңды берме , қабағыңды бер»
Қонақты қума шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептеген.
Қартайған шағындаАлаша хан мал-мүлкін теңдей төртке бөліп , үш баласы-Ұлы, Орта және Кіші жүзге бөліп беріп, қалған төртінші бөлігін «қонақ сыбағасы» деп ортақ меншікке қалдырыпты.
Тәуке ханның 7 жарғысында қонаққа дұрыс қонақасы бермесе айып салынған.
Баланың дүниеге келуі, жоралғылары...
Үлкен мен бала, аға қарындас сыйластығы...
Қонақ күту, табақ тарту, сыбаға...
Отау үй. Кіші ұлдың шаңырақ мұрагері болуы...
Мұсылмандық парыз, оның маңызы...
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.
 Ұят –адам қасиетін бағалайтын сезім.Ол сезім отбасында адамдардың әңгімесінен есту арқылы бала кезден адам бойына ұялайтын ең нәзік , терең сезім.Ол адамның бедел абыройымен тығыз байланысты.Бедел мен абыройға қарапайым еңбегің арқылы, байыпты сөзің арқылы, мейірімді мінезің арқылы,әдеп сақтауыңмен, жөнсіз әрекеттерден бойыңды аулақ ұстауыңмен, үлкенді сыйлап құрметтеуіңмен, достық-жолдастық қарым –қатынасыңмен, ибалығыңмен, ынта –жігер талабыңмен, жақсыны жаманнан айыра алуыңмен, жақсы көру, жек көру ләззатыңмен жете аласың. Ұялу мәдениеттілік, білімділік.
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.
 Ұл мен қыздың өмірдегі өз орны, өмір қойған өз талабы бар. Ұл бала үйленгенде үй боламын десе ел боламын дегені емес пе?
Ұл мен қыз отау тіксе, қарашаңырақтан бөлініп елінің ордасы болғаны. Отау деген сөз от алу деген сөз. Қара шаңырақтың отын өшірмей, жеке от жағуды меңзейді.Сол себепті үй иесін-отаға, ал әйел адамды-отана деген екен.Ұл бала әкесінің ғана ұлы болмай, елінің ұлы болған. Көкбайрақты құлатпай, әнұраннан қуат алған. Елінің тарихын жалғастырған, ел қорғаны болған. Дүниеге ұрпақ әкеліп, әке атанған.
Әке - асқар тау. Әр асқар таудың биігі-арман биігіне , сол арманға өзі жетпесе де ұлына аманат етіп кетеді емес пе?
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.
 Қыз бала –айдын көлдің аққуы, ұлы даланың оттай лаулаған ор киігі, ол сылқылдап күліп, тастан –тасқа секірген, асқар таудан теңізге асыққан ерке бұлағы.
Егер қыз бала үйінде жақсы тәрбие алса, ана, аға-жеңгелерінің өсиетін тыңдап өссе, ана өнерін әрі қарай жалғастырса көргенді адам атанары сөзсіз.
Ата-анасының алғысын алмай, қарғысына қалған қаншама ұл- қыздарымыз жүр. Осындай шіріген жұмыртқалар мен «көкек» қыздар көбейіп, халқымызды мазалап жүр-ау.
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.
 Ұлы Абай педагогикасының құдыреті керемет.
Ата-анаға: «Құдайдан қорық, педеден ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма!
Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң саған рахат көрсете ме,яки жұртқа рахат көрсете ме»-деген
Білімсіздік-хайуандық болады.
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.
 Жас ұрпақ өз әкесінің атына кір келтірмей, ана тіліне көлеңке түсірмей жүрсе ол бақыт!
Ал, ата-ана болдың ба, ұрпағыңды баға да біл, қаға да біл. Халық жанұя мүшелеріне соны күтеді.
Иә, қазақ бостандықты аңсаса дархан көңілі кеңістікті қаласа, арманы аспанмен астасып жатса, анасын күнге, әкесін асқар тауға баласа, жас ұрпағын өмір жалғасы деп ойласа онда біз бақыттымыз!
«Көрген білгенін айтпаса –кәрі кінәлі, оның айтқанын ешкім тыңдамаса-жас кінәлі»
Олай болса, атадан қалған мұраны, анадан қалған өсиетті бағалай біл, Жас ұрпақ демекпіз!
Әр топ сөз алады...
Әрбір айтылған пікірлерді қорытындылап, баға беру үшін сараптаушы топқа сөз беріледі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасы тәрбие іргетасы

Автор: Досқанаева Жанат Әлмағанбетқызы

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392299

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "ата - ана?а ??рмет, бала?а міндет "
    ["seo_title"] => string(36) "ata-anag-a-k-u-rmiet-balag-a-mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "178699"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424873308"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "«Мен және отбасым!» отбасылық сайыс"
    ["seo_title"] => string(35) "mien_zh_nie_otbasym_otbasylyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "359916"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479405537"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Отбасы – алтын ді?гек» "
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy-altyn-din-ghiek"
    ["file_id"] => string(6) "158835"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421818842"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Отбасы - ба?ыт тірегі!""
    ["seo_title"] => string(19) "otbasybakyttirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "317700"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460437763"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Т?рбие - отбасынан басталады. "
    ["seo_title"] => string(27) "t-rbiie-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "164192"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422606458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства