kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отаным-Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға « Отаным-Қазақстан» тақырыбына байланысты лексиканы меңгерту,  тілдік қатынаста білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру, шығармашылдық жұмыста ізденімпаздылыққа үйрету,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отаным-Қазақстан»

Сабақтың тақырыбы: Отаным-Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға « Отаным-Қазақстан» тақырыбына байланысты лексиканы меңгерту, тілдік қатынаста білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру, шығармашылдық жұмыста ізденімпаздылыққа үйрету,

Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой-өрісін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу және патриоттық сезімді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ беру

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, СТО , интерактивті оқыту әдісі, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, тірек-сызба, оқулық, үлестірмелі тест.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, тарих, география.

Сабақтың эпиграфы:

Қазақстан Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, Әнұранды орындау

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Психологиялық даярлық- эпиграфпен танысу, топқа бөлу

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Сондықтан тақырып ойынша алған білімдеріңді ортаға салып, әр кезеңдерде болатын тапсырмаларға белсене қатысып отырыңдар.Сәттілік тілеймін!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» әдісі.

1.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?

2.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

6.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

7.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын, барысын оқушыларға таныстыру.

а)Мұғалімнің кіріспе сөзі: интерактивті тақта арқылы « Отаным-Қазақстан» слайдтарды көрсету, түсіндіру.

Қазақстан-біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, жазық даласы мен ормандары бар. Халқымыз Алтай мен Еділ, ТяньШань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты қорғап, сақтап қалған.Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара түсіністікте, тату өмір сүруде. «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым.Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті-оның жарық дүниедегі жансаясы, Отаны.Сонымен бірге Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады.

б)Жаңа сөздермен таныстыру, мағынасын ашу.

Қорғау үшін-чтобы защитить

Орасан зор аймақты-очень большую территорию

Сақтап қалды-сохранил

Түсіністікте-в согласии

ІV.Жаңа тақырыпты бекіту. Мәтінмен топтық жұмыс.

1 топ. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.

2 топ .Мәтіннен жоспарға негіз болатын сөйлемдерді табу.

3 топ. Мәтінге 10 сұрақ дайындау.

V. Дәптермен жұмыс. Сатылай кешенді талдау.

1 топ. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау.

Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол-менің Отаным.(Бұл сөйлем айтылуына қарай хабарлы сөйлем,2 жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем, оның ішінде себеп-салдар құрмалас сөйлем,себебі- жалғаулық арқылы байланысқан)

2 топ. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол-менің Отаным.(Бұл 1 сөйлемде жақсы көремін- күрделі баяндауыш,2 сөйлемде Отаным-баяндауыш, мен, ол- дара бастауыш, Қазақстанды-тура толықтауыш, менің-анықтауыш)

3 топ. Фонетикалық талдау.

Отаным-Қазақстан( о-дауысты дыбыс, жуан, ашық,еріндік; т- дауыссыз дыбыс,қатаң; а-дауысты дыбыс, жуан, ашық, езулік; ы-дауысты дыбыс, жуан, қысаң, езулік; м-дауыссыз дыбыс,үнді)

VІІ. Сергіту сәті. «Жаса, Қазақстан!» әнін тыңдау.

VІІІ. Мақал-мәтелдер жарысы. ( 3 топ білетін мақалдарын айтады)

Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Қосымша әр топқа толықтыру-тапсырмасы:
1 топқа- Отан ...... да ыстық.(оттан)

2 топқа-Туған ....... ел болмас. (елдей)
3 топқа- Отансыз адам-........ бұлбұл.(ормансыз)

Х.Топтастыру әдісі. Тіл дамыту.

1 топ. Анықтама беру- Қазақстан. Тәуелсіздік. Отан

2 топ. Пікір айту-Отан деген не? Оны қалай түсінесің?

3. топ. Ой толғау. «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша жұмыс.

1.Зат есім-1 Отан

2.Сын есім-2 дербес, бай

3.Етістік-2 өркендейді, көркейеді, дамиды

4.Сөйлем-1 Отанымыз жылдан-жылға көркейіп келеді.

5.Синоним Туған жер

ХІ. Тестілеу әдісі. Блиц сұрақтарға интерактивті тақта құралы- тасбақаның көмегімен жауап беру.

1.Қазақстан өз Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсан)

2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? Қай жылы сайланды?

(Н.Ә.Назарбаев. Ол 1991 жылы 1 желтоқсан)

3.ҚР Мемлекеттік нышандарға не жатады? Қай жылы бекітті?(Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Гимн, Мемлекеттік Елтаңба. 1992 жылы маусым)

4.Қ Р ең алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?(19930жылы 28 қаңтар)

5.ҚР Ата Заңы қай жылы қабылданды?(1995 жылы 30 тамыз)

6.Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға енді?(1993 жыл 15 қараша)

7.ҚР «Тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды?(1997 жылы 22 қыркүйек)

8.ҚР астанасы Алматыдан-Ақмолаға қай жылы көшірілді? Қазір қалай аталады?(1997 жыл 10 желтоқсан, Астана)

9.Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы қашан болды?(1992 жылы 30 қыркүйек)

10.Қазақстан қандай мемлекет?(тәуелсіз, егеменді)

ХІІ.Сабақты қорытындылау. Кері әсер парағы-Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?

ХІІІ.Үйге тапсырма беру. «Менің Отаным-Қазақстан»эссе жазу.

ХІV.Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Отаным-Қазақстан

Автор: Есботаева Саулеш Шаймерденовна

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455633

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ашық сабақ Табырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_tabyryby_mienin_otanym_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "370532"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481958342"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства