Просмотр содержимого документа
«Өнеркәсіп түрлері»
8 сынып 20.04.16ж
Мақсаты Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп салалары туралы білім беру7Үстеу туралы түсінік беру Күтілетін нәтиже Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін өнеркәсіп салаларымен танысады Жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы біледі Өзара ұйымшылдық, топтасып жұмыс істеу дағдылары дамиды Сабақтың формасы Топтық, жұптық, жеке Сабақтың әдісі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау
Үй тапсырма сын тексеру Оқушылармен амандасады. Топқа бөледі. Лездемелік сұрақтар арқылы: Тамақ өнеркәсібі салалары Ет өнеркәсібі Ұн тарту – жарма өнеркәсібі Қант өнеркәсібі Сүт өнісмдері өнеркәсібі Балық өнеркәсібі Қазақстандағы тамақ индустриясының қосымша салалары Деңгейлік тапсырма үлгерімі төмен деңгейлі оқушыға беріледі. Мұғаліммен амандасады Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді. Жаңа білімді меңгерту:
Ұзын-ұзын жолдар бар, Үйрек қонар көлдер бар. Ат үстiнде шокиып, Отыратын күндер бар. (Өрмек тоқушы)Оның тiккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi) Ендеше, балалар жұмбақтың шешуіндегі мамандықтар өнеркәсіптің қандай салаларында жұмыс істейді.
2. Мұғалімнің түсіндіруі: Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыраты өнім түрлерін шығарады. Жеңіл өнеркәсіп құрылымы Шикізат өндірісі Жартылай дайын өнімдер Дайын өнімдер Мақта Шитті мақта
Мал терісі Жіп иіру Тоқыма Былғары Тері Тігін Тоқылған бұйымдар (трикотаж) Кілем Аяқкиім Галантерея 2.Топтық жұмыс: 1 - топ: Тоқыма өнеркәсібі. 2 - топ: Мақта – мата өнеркәсібі. 3 – топ: Былғары, тері илеу, аяқ киім өнеркәсібі.
1. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтармен оқушыларды слайд арқылы таныстыру: Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтарға: кондитер, инженер - технолог, технолог мамандықтары жатады. Технолог мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол шикізатты қабылдап алудан бастап, орап дүкенге жібергенге дейінгі жұмыстарға жауап береді. Технолог жан - жақты білімді болу керек. Макарон өнімдерін өндіретін технолог кондитерлік фабрикаларда, наубайханаларда, зауыттарда жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсіпке мынадай мамандықтар жатады: иіруші, тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, ал салаларына: тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары жатады. 1. Кондитер – конфет, торт т. б тәтті тағамдарды даярлайтын маман. 2. Трикотаж – жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата. 3. Галантерея – ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика. 4. Конструктор – бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы. 5. Модельер – сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман. 6. Иіруші – жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.
Эссе жазу: «Егер мен жеңіл өнеркәсіп маманы болсам» және «Егер мен қолөнерші болсам» деген тақырыптарда эссе жазу. Семантикалық карта беріледі
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады
Дәптермен жұмыс жүргізеді
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер жасап қорғайды.
Эссе жазады (жеке жұмыс)
Әр топ өздеріне берілген семантикалық картаны толтырады
«Бағдаршам» әдісі арқылы Үйге §32 Жеңіл өнеркәсіп. Кескін картаға жеңіл өнеркәсіп орталықтарын түсіру Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, мұғалімге қояр сауалдарын стикерге жазады
Өсімдік шаруашылығы Елімізідің ауылшаруашылық өндірісінің салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым, оның үлесіне ауылшаруашылық өнімдерінің 50,7% тиесілі. Ауыл ш-ң басты міндеттерінің бірі – топырақтың құнарлылығын арттыру. Жарық пен жылудың, ылғао мен минералды қоректердің, топырақ құрамының бір – біріне қатынасы ауылшаруашылық дақылдарының түсімін арттырады.
Үстеу - іс - әрекеттің орнын, мөлшерін, мезгілін, мақсатын білдіретін сөз табы. Тақырыпты жалғастыру үшін үш топқа бөлінеміз.
1 топ тапсырмасы Үстеу құрамына қарай 2 - ге бөлінеді. Дара Күрделі
1. Үстеу дегеніміз не? 2. Күрделі үстеу дегеніміз не? 3. Туынды үстеу деген не?
2 топ тапсырмасы ....................... Берілген үстеулерді топтастыр Жоғары, кеше, аз, кеше, зорға, амалсыздан, бекер, тым, әжептәуір, зорға, түнде, аса, әдейі, біршама, бекер, таңертең, осында, кезекпен, босқа, ең
Үстеулерді сәйкестендір Мекен мезгіл себеп - салдар қимыл - сын мөлшер күшейткіш мақсат Емін - еркін көп ілгері әдейі босқа бұрын өте
Сұрақтарға жауап бер 1. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 2. Әрқайсысы қандай сұраққа жауап береді? 3. Қай үстеудің түрі сын есімнің асырмалы шырайын құруға қатысады?
3 топ тапсырмасы Берілген сөйлемдердің ішінен үстеуді тауып, сөйлемдегі қызметін анықта Мен амалсыздан үйге кеттім. Данышпандар ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгін - Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Жақсылықтың ертең - кеші жоқ. Ол кейінірек барады. Ол мені кешеден тосып жүр. Мен елімнің ертеңімін. Оңашада жылап та алдым. Аса қадірлі қонақтарды күттім.
Сөйлемде берілген бір үстеуге морфологиялық талдау жаса Сөз табы Сұрағы Тұлғасына қарай Құрамына қарай Мағынасына қарай Сөйлемде
Сұрақтарға жауап бер Үстеу қай сөйлем мүшесі қызметін атқарады? Мезгіл үстеудің сөйлемдегі қызметі? Күшейткіш үстеу қай сөз табымен тіркесе бір сөйлем мүшесі болады? Қорытынды: Әр топ тақырып бойынша «Үш қалың, үш жұқа сұрақтар» құрастырады.