kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәннің атауы: Өндіріс экономикасы

Сабақтың тақырыбы:Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар әдістемесі

Сабақтың мақсаты

-білімділік мақсаты: студенттерге тиімділік ұғымын, түрлерін, тиімділік көрсеткіштерін түсіндіріп, білімдерін пысықтау

-дамытушылық мақсаты: студенттердің есеп шығару  қабілетін дамыту;

-тәрбиелік мақсаты: студенттерді ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, ms powerpoint- та жасалған слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару( 2 минут)

Үй тапсырмасы бойынша студенттердің білімін тексеру ( 10 минут):

 

1.Құжаттар мақсаты бойынша  қалай жіктеледі?

2.Үкімдік және атқарушылық құжаттарды атаңыз

3.Бухгалтерлік толтырылған  және құрамдастырылған құжаттарды атаңыз

4.Ішкі және сыртқы құжаттарға қандай құжаттар жатады?

5.Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау дегеніміз не?

6.Шаруашылық қызметті талдау әдісі дегеніміз не?

 

Жаңа сабақты меңгерту( 10 минут):

Жаңа сабақтың тақырыбы: Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар әдістемесі

Жаңа сабақта қаралатын мәселелер:

1.Өндіріс тиімділігің мәні. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

2.Тиімдік көрсеткіштері. Жалпы және салыстырмалы тиімділік

3.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

 

Өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып,  ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді

Тиімділік экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік болып бөлінеді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар»

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі


Ахметова Клара Нуртугановна


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің атауы: Өндіріс экономикасы

Сабақтың тақырыбы:Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар әдістемесі

Сабақтың мақсаты

-білімділік мақсаты: студенттерге тиімділік ұғымын, түрлерін, тиімділік көрсеткіштерін түсіндіріп, білімдерін пысықтау

-дамытушылық мақсаты: студенттердің есеп шығару қабілетін дамыту;

-тәрбиелік мақсаты: студенттерді ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, ms powerpoint- та жасалған слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару( 2 минут)

Үй тапсырмасы бойынша студенттердің білімін тексеру ( 10 минут):


1.Құжаттар мақсаты бойынша қалай жіктеледі?

2.Үкімдік және атқарушылық құжаттарды атаңыз

3.Бухгалтерлік толтырылған және құрамдастырылған құжаттарды атаңыз

4.Ішкі және сыртқы құжаттарға қандай құжаттар жатады?

5.Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау дегеніміз не?

6.Шаруашылық қызметті талдау әдісі дегеніміз не?


Жаңа сабақты меңгерту( 10 минут):

Жаңа сабақтың тақырыбы: Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар әдістемесі

Жаңа сабақта қаралатын мәселелер:

1.Өндіріс тиімділігің мәні. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

2.Тиімдік көрсеткіштері. Жалпы және салыстырмалы тиімділік

3.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары


Өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді

Тиімділік экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік болып бөлінеді

Экономикалық тиімділік дегеніміз өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы, басқаша сөзбен айтқанда белгілі өнім көлемін оның сапасын жоғалтпай барынша аз шығынмен шығару. Экономикалық тиімділікті сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады.

Өндірістің тиімділігінің жалпы көрсеткіші таза пайда мен рентабельділікке (пайдалылық) байланысты. Рентабельділіктің көрсеткішінің ішінде мына екі көрсеткішке назар аудару керек:

  1. Өнімнің рентабельділігі ол таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы арқылы анықталады.

  2. Өндірістің рентабельділігі ол өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы арқылы анықталады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қолданылады.

Қоғамдық еңбектің өнімділігі өндірілген ұлттық кірістің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы арқылы анықталады

Өқе = ҰК/Ж

мұндағы Өқе - қоғамдық еңбектің өнімділігі,

ҰК – ұлттық кіріс, Ж – жұмысшылар саны

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы жатады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы — еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш — материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

ЕС = Е/Кө

ЕС — еңбек сыйымдылығы;

Е — материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшері;

Кө — өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы — шикізат, материал, жанармай, энергия және т.б. еңбек заттары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасы арқылы анықталады. Салалық (кәсіпорындық, бірлестіктік) өнімнің материалдық сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

МС=М/ Кө

мұндағы: МС - өнімнің материалды сыйымдылығы;

М - акшалай нысандағы өнім шығаруға жұмсалған материалдық шығындардың жалпы көлемі;

Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.

Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы белгілі дәрежеде бір-біріне жақын кәрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне қатынасы арқылы анықталады:

КСө =К/ ∆ Кө

КСө - өнімнің капиталдық сыйымдылығы;

К - салынған капиталдың жалпы көлемі;

∆ Кө - шығарылған өнімнің көлемінің өзгеруі.

Әлеуметтік тиімділік дегеніміз кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі, ол барлық қажеттілікті өтеу дәрежесі арқылы анықталады.

Елдің әлеуметтік жағдайы жоғары болатын болса, бұл экономиканың тиімді жұмыс істеуге ықпал жасайды.

Әлеуметтік тиімділікті мынадай нәтижелер арқылы байқауға болады:

1. Елдің хал-ахуалының көтерілуі (жоғарылауы): енбекақының өсуі, нақты табыстың өсуі, үй жайының болуы, денсаулық сақтау, міндетті білім алу денгейлерінің жоғары болуы.

2. Бос уақытының болуы және оны тиімді пайдалану.

3. Еңбек ету жағдайының жоғары денгейінде болуы.

4. Елдегі немесе аймақтағы экологиялық жағдайының денгейі.

Тиімділік көрсеткіштері – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.

Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды. Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

-өндірістік іс - әрекеттердің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;

-өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

-қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістерін байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі-бір өндірістік-шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұл ұтымды нұсқаны таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико-экономикалық, әлеуметтік және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі - негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады: капитал салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі және қор сиымдылығы, материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т.б. Бірнеше нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін таңдайды

Тиімділікті аттырудың мынадай жолдары бар:

  • ғылыми-техниканың жетістіктерінің өндірісте қолдану;

  • еңбекті ұйымдастырудың ғылыми нысандары мен әдістерін енгізу;

  • үнемдеу тәртібін ұдайы қадағалау;

  • негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату;

  • мамандануды, кооперацияны тиімді пайдалана білу;

  • тиімді инвестициялық саясат

  • еңбек ұжымдарының ұсыныстарымен ынталарын ескеру т.б.

Сабақты бекіту (10 минут)





ЕСЕПТЕР


1.Кәсіпорын қаңтар айында-1200 бұйым, ақпан айында-1900 бұйым, наурыз айында-1800 бұйым өндірді. Бір бұйымның сату бағасы-70тг. Өнім бірлігінің өзіндік құны: қаңтар айында-55 тг, ақпан айында-57 тг. наурыз айында-52тг. құрады. Есептеу керек: шығарылған өнімдердің үш айдағы рентабельділігін салыстыру.

Анықтайсыздар:

1.Түсімді

2.Шығынды

3.Пайданы

4.Рентабельділікті


2 Кәсіпорын негізгі өнім 520 мың теңге, өнеркәсіптегі қызметін - 48 мың теңге көлемінде жоспарлаған. Жартылай фабрикаттың құны жоспарлы мерзімде 50 мың теңге, оның ішінде 50%- өзінің жеке өндірісіне арналған. Аяқталып бітпеген өндіріс мерзімнің соңыңда көлемі 38 мың теңгеге көбейді. Дайын өнімнің бастапқы мерзімде қоймадағы қалдығы 80 мың теңге, мерзімнің соңында 30 мың теңге болды. Кәсіпорындағы сатылған, жалпы және таза өнімді анықтау керек, егер материалдық шығын құны тауарлы өнімнің 55% құрғанда.


Сабақты қорытындылау (6 минут)


Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар


ТҰЖЫРЫМ

СӘЙКЕС ЖАУАПТАР

1

Өндірілген ұлттық кірістің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы


 

2

Таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасы арқылы анықталады


 

3

Өндірістегі таза пайданың негізгі қорға қатынасы арқылы анықталады


 

4

Еңбекақының өсуі, нақты табыстың өсуі, үй жайының болуы, денсаулық сақтау, міндетті білім алу деңгейінің жоғары болуы


 

5

Материалдық шығындардың өндірілген жалпы көлеміне қатынасы


 

6

Капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне қатынасы


 

7

Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы


 

8

Еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш


 

9

Ғылыми-техниканың жетістіктерінің өндірісте қолдану, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, тиімді инвестициялық саясат жүргізу


 

10

Белгілі-бір өндірістік-шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру


 




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

тиімділікті аттыру жолдары

Ә

әлеуметтік тиімділік

Б

қоғамдық еңбектің өнімділігі

В

өнім рентабельділігі

Г

салыстыру тиімділігі

Ғ

өнімнің капитал сыйымдылығы

Д

өнімнің материалдық сыйымдылығы

Ж

өндірістің рентабельділігі

З

экономикалық тиімділік

И

еңбек сиымдылығы


Есеп

1 Кәсіпорын негізгі өнімді 325,6 мың теңге сомасына шығарды. Шетке орындалған жұмыс кұны 41,15 мың теңгені құрды.Өз өндірген жартылай фабрикат - 23,7 мың теңге, оның ішінде 80% өзінің өндірісінде пайдаланды. Жыл аяғында аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 мың теңгеге көбейді. Материалдық шығын тауарлы өнімнің құнынан 40%-ды құрды. Сатылған өнім, жалпы және таза өнім көлемін анықтау керек.


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар

1 Қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіретін, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін фактор:

А) амортизация

B) аккредитив

C) ғылыми - техникалық прогресс

D) хеджирлеу

E) қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы

2 Өндірілген ұлттық кірістің материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына қатынасы:

А) қоғамдық еңбектің өнімділігі

В) қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы

С) ұлттық кіріс

D) қор сыйымдылығы

Е) қор сиымдылығы.

3 Қоғамдық игіліктер дербес игіліктерге қарағанда:

А) бөлінеді;

B) жекелеп пайдалануға болады;

С) бөлінеді және жекелеп пайдалануға болады;

D) бөлінбейді және жекелеп пайдалануға болмайды;

Е) бөлінеді, бірақ жекелеп пайдалануға болмайды.

4 Өндірісті күшейту, оның тиімділігін арттыру факторларының бірі:

А) инвистицияларды көбейту;

В) экономика құрылымын жетілдіру;

С) халық тұтынатын тауарға бағаны жоғарылату;

D) әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

Е) нарықтық экономикаға көшу.

5. Өндірістің экономикалық тиімділігіне анықтама берініз:

А) Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы;

В) Қоғамның қызметті принципінде табыс табу емес,қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау;

С) Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келеді;

D) Жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдарын номенклатурасын айғақтайды;

E) Меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты еңбекті үнемдеу

6.Экономика тиімді болып есептеледі, егер қоғамның ең болмағанда бір мүшесі өзінің жағдайын жақсарту кезінде қоғамның басқа бір мүшесінің жағдайының міндетті түрде нашарлайтын болса:

А) Паретоның оптимумы

В) Маркстің оптимумы

С) Смитің оптимумы

D) Фридмэннің оптимумы

Е) Энлельстің оптимумы

7. Әлеуметтік тиімділік дегеніміз

А) өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау.

В) кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі.

С) ғылым және техника жетістіктерін өндірісте қолдану.

D) таза пайданың негізгі қорға қатынасы.

E) таза пайданың өнімнің өзіндік құнға қатынасы

8. Экономикалық тиімділік –бұл:

А) Кәсіпорынның шаруащылық қызметі нәтижесінің қоғамның әлеуметтік мақсатына сәйкес келуі

В) Өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны

С) Өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындардың жиынтығы

D) Өнімнің бір бірлігін шығару үшін шығынды аз жұмсау жолы

Е) Уақыт бірлігіндегі жұмыскерлердің еңбек шығыны




ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ: Сабақты белсене қатысқан, есептерді шығарған студенттерді бағалау.


Үйге тапсырма


Әдебиеттер :

1.Байнеева Өндіріс экономикасы Оқу құралы Алматы,Триумф «Т»

2.Мейірбеков А.Қ. Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Оқу құралы –Алматы,

Экономика

3.Жүнісов Б.А,Мамбетов Ұ.Е,Байжомартов Ұ.С Нарықтық экономиканың негіздері

4.Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері . Оқулық Лекциялық курс




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар

Автор: Ахметова Клара Нуртугановна

Дата: 27.02.2023

Номер свидетельства: 626682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Информатикадан ?йірме ж?мысын тиімді ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(46) "informatikadanuiirmiezhumysyntiimdiuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "269804"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450905558"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Мектептегі ?дістемелікж?мыстарды ?йымдастыруды? тиімділігі. Баяндама "
    ["seo_title"] => string(77) "miektieptieghi-distiemielikzhu-mystardy-u-iymdastyrudyn-tiimdilighi-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "229309"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1441691017"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Мектептегі ?дістемелік ж?мыстарды ?йымдастыруды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(68) "miektieptieghi-distiemielik-zhu-mystardy-u-iymdastyrudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "229310"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1441691259"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Баяндама:Оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдістерінің тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_ok_ushy_bielsiendilighi_mien_shyg_armashylyg_yn_arttyruda_ok_u_mien_zh"
    ["file_id"] => string(6) "411583"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493134780"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Жа?аша білім беруді? тиімділігі" та?ырыбында шы?армашылы? есеп"
    ["seo_title"] => string(72) "zhan-asha-bilim-bierudin-tiimdilighi-tak-yrybynda-shyg-armashylyk-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "256971"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448257418"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства