Сабақ мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: -мінездегі жетістіктер мен міндеттер ажырата білуге үйрету. –Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету. –Адамгершілікке тәрбиелеу | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау.Тыныштық сәті Нұрға бөленуЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру В.А.Сухомлинскийдың шығармасын оқу | Сабақ барысын талдау |
Дәйексөз. Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе)- Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екінші-ұят,үшіншісі-әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады Ж.Баласағұни -Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? | |
Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) Бір адамның мінезі шорқақ, кім - көрінгенге ұрынып жүретін сотқар ұлы болыпты. Оның мінезін қайтсем түзеймін деп басы қатқан әкесі бір күні ұлына айтады: бүгін күні бойы неше адамды ренжітсең, мына есікке сонша шегені қағып отыр». Сөйтіп бір апта өтеді. Ұлы әкесіне: «Әке, айтқаныңызды орындадым. Есікке шеге қағатын орын қалмады» дейді. Әкесі: «Балам, енді сол ренжіткен адамдарыңнан кешірім сұра, әлгі адамның кешірімін алған сайын шегені суырып отыр» дейді. Бір апта өтеді, бір ай, екі ай, уақыт өте береді. Бір жыл өткенде баласы әкесіне шегелердің бәрін алып тастағанын қуана хабарлайды. Сонда әкесі баласына: «Енді мына есікке қарашы, нені көріп тұрсың?... - Осы әңгімеден не ой түйдіңдер? | |
Топпенәнайту.Бақыт құшағында 1. Көзіңнен бір ұшқын, Ұштым ба білмедім. Әйтеуір нұр құштым, Әйтеуір гүлдедім. Көктемнің бұлбұлы Кеудеме қонады. Құшаққа қыр гүлі Толғандай болады. Қ-сыКел, билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нұрымен ашылған. Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған. 2. Әнбісің төгілген Жырмысың армандай Бір бақыт көрінген Жақындап қалғандай Жанардың ұшқыны Жүректе жанады. Қолыңның ыстығы Қолымда қалады. Қ-сы | |
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Ендітыныштықкүйдеотыратұрыңыздар. Көздеріңіздіашуғаболады. | |