kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мінез-адам к?рсеткіші 9-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зiн-?зi тану саба?ыны? жоспары Мектеп: ??мкешу жалпы білім беретін орта мектебі Мерзiмі : 02.09.15жыл № 1 саба? Та?ырып: ?зі?ді тану-?мірді тану ??ндылы? : с?йіспеншілік ?асиет: адамгершілік, адалды?, татулы?, досты? М??алiм : Ж?нісова ?.М. Сынып: 9 О?ушылар саны : 9 ?атыс?аны: Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? татулы?, бірлік, ынтыма? туралы т?сініктерін ке?ейту. Міндеттері: ? Татулы?, бірлікті? адами ?арым-?атынаста?ы м?нін ашу; ? Адамдармен сыйласты?ты, жарасты?ты ??арым-?атынас жасау іскерліктерін дамыту; ? Бірлікке, ынтыма??а т?рбиелеу. Саба? барысы: 1.?йымдастыру кезе?i. Тынышты? с?тi.(Н?р?а б?лену) Баяу ?уенмен айтылады 2. Д?йекс?з «Алтау ала болса, Ауызда?ы кетеді. Т?ртеу т?гел болса, Т?бедегі келеді». Халы? ма?алы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мінез-адам к?рсеткіші 9-сынып»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзiмі : 02.09.15жыл

№ 1 сабақ

Тақырып: Өзіңді тану-өмірді тану

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиет: адамгершілік, адалдық, татулық, достық

Мұғалiм : Жүнісова Қ.М.

Сынып: 9

Оқушылар саны : 9

Қатысқаны:


Сабақтың мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

  • Адамдармен сыйластықты, жарастықты құарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

Баяу әуенмен айтылады


2. Дәйексөз


«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді».

Халық мақалы


3. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Құстар торға қалай түсті?

Үнді аңызы

Құс аулаушы бірде орманға барып, құстарға ау құрады. Құрған ауға көптеген құстар түседі: қарғалар, көгершіндер, қараторғайлар. Құстар бәрі ақылдасып, бір-біріне айтады: -Бізді алдап ауға түсірді. Бәріміз бір кезекте қанатымызды қағып, ұшып көрейік. Мүмкін жабылып ауды көтеріп кетерміз...

Бәрі бірлесе бір мезетте қанаттарын қағып көріп еді, шынында да ауды көтеріп ұша жөнелді.

Сол кезде ауға түскен құстардың аспанда ұшып бара жатқанын көріп, құс аулаушы да жарыса жөнелді. Жүгіріп келе жатып ойлады: ауға түскен құстар әр түрлі. Бір-бірімен келіспей қалса, жылдам ұша алмайды, ау жерге қарай тартады.

Дәл солай болды.


4.Шығармашылық жұмыс

«Татулық-достық кілті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.


5. Топпен ән айту

Дүние-ай

«Жігіттер» тобы

Өтетін сейілмен

Ей,дүние базарсың,

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын


Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен,

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен


Қуаныш қайғының

Бәрі де бітеді,

Бұл дүние таусылса,

Шын дүние күтеді


Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен


Амал бұл сән үйде

Иманның жолында,

Бәрі де,бәрі де

Алланың қолында


Соңғы тыныштық сәті

Көздерін жұмғызып, бір сәт сабақта не өткендерін ой елегінен өткізеді. Сабақ аяқталды!



































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзiмі : 16.09.15жыл

№ 3

Тақырып: салауаттылық-өмір негізі

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер : салауаттылық, денсаулық

Мұғалiм : Жүнісова Қ.М.

Сынып: 9

Оқушылар саны :13

Қатысқаны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

-салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

-денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

Баяу әуенмен айтылады.

Сабақ барысын талдау:

2. Дәйексөз.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».

Т. Карлейль


3. Әңгiмелеу. Өсиет әңгіме

Аңыз әңгіме

Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырлап қоршап алады.

Саудагерлер:

-Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады.

Дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол жиналып қалған қауымға:

-Алыңдар! Бұл «құдіреттің» басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, ит қаппайды және де ол ешқашан қартаймайды,-депті.

Саудагерлер қуанып кетіп:

-Айтқаныңыздың бәрі рас. Бірақ құдіретті жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін сіз қайдан біліп қойдыңыз?!-деп, таң қалады.

-Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен күркілдеп жөтеліп, ұйықтамайды. Көп ұзамай темекі адамның денсаулығын әлсіретеді де, адам тез қартайып, таяқпен жүруге мәжбүр болады. Таяқпен жүрген адамға ит қайдан жоласын?! Ол адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей көз жұмады...

Аңырап қалған жұрт ойланып қалады...

Сұрақтар:

1. Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

2.Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?

3. Зиянды нәрселердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін білесіңдер ме?

4.Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?


4. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма:«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік» атты тақырыпта ой-толғау жазыңдар.

2-тапсырма: салауаттылық тақырыбында сурет салу



5. топпен ән айту Дүние-ай

«Жігіттер» тобы

1.Өтетін сейілмен

Ей,дүние базарсың,

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын


Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен,

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен


2.Қуаныш қайғының

Бәрі де бітеді,

Бұл дүние таусылса,

Шын дүние күтеді


Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен


3.Амал бұл сән үйде

Иманның жолында,

Бәрі де,бәрі де

Алланың қолында











Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзiмі: 23.09.15жыл

№ 4сабақ

Тақырып: Салауаттылық-өмір негізі

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер : жақсылық, мейірімділік

Мұғалiм : Жүнісова Қ.М.

Сынып: 9

Оқушылар саны : 13

Қатысқаны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

-оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу ;

-сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

Баяу әуенмен айтылады.

Сабақ барысын талдау:

2. Дәйексөз.

«Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді».

В.Суров


3. Әңгiмелеу. Өсиет әңгіме

С.Мырзалы

Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық-денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып табылады.


4. Шығармашылық жұмыс.

Салауаттылық, денсаулық жайлы мақал-мәтел жазыңдар.



5. топпен ән айту Ойлан балам

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл өмірге кімдер келіп-кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Қайырмасы:

Ойлан, балам, алда үміт, арманың,

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.























































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзiмі: 30.09.15жыл

№ 5сабақ

Тақырып: Әсемдік-өмір жарасымы

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер : жақсылық, мейірімділік

Мұғалiм : Жүнісова Қ.М.

Сынып: 9

Оқушылар саны :

Қатысқаны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

-әсемдікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

Баяу әуенмен айтылады.

Сабақ барысын талдау:

2. Дәйексөз.

«Адам бойындағының бәрі де-бет-пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс».

А.П.Чехов


3. Әңгiмелеу. Өсиет әңгіме

Сүйкімді дүниенің сұлулықта

(Ертегі)

Ерте, ерте, ертеде, үлкен бір шахардың ханы өз баласына жар таңдап, жар салыпты. «Кімде-кім өз парасаты мен ақылын менің алдымда көрсете алса, сол қызды мен өз сарайыма ханша етемін» дейді. Бұл жар салуды естіген қыздар жан-жақтан ағыла бастайды. Бірі өзінің қымбат әшекейімен сұлу болғысы келеді, бірі әдемі сән-салтанатымен көзді арбайды. Бірақ, хан алдында әр қыз тек сұлулығын көрсете алғанмен, парасатын көрсете алмапты. Тіпті, сұлулық пен парасаттың бір-біріне қатысы не деп таңданғандары да жоқ емес. Осылайша, біраз таңдаумен хан да, оның баласы да шаршайды. Сөйтіп күндер өте ханның баласы енді ел аралауға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, белгісіз, күндердің күнінде бір елдің шетіне келіп, бір жұпынылау үйдің қасынан өтіп бара жатып, сұлулығы көзді алдамаса да сүйкімді бір қызды көреді. Қыз жанына жиналған барлық кішкене қыздарға кесте ілудіүйретіп отырады. Жігіт оған:

-Сіңгілерің не деген көп еді?-деп таңданысын жасырмайды. Қыз да жігітке бір сәт көз тастап, танымаса да инабаттылықпен амандасады. Үйіне кіріп, жолай өткен жігітке салқын сусын ұсынады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірті екенін, өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтып, әкесіне осы елдің адамдарына сөз салып, қызды айттырып алады. Бір қызығы, әкесі мен шешесінен бөлек, қызды бүкіл ауыл қимастықпен шығарып салады. Қоштасар сәтте ауылдың сөз тоқтатқан қариясы:-Сүйкімі дүниенің сұлулықта деуші еді бұрынғылар. Біздің қызымыз өзінің жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрген қыз еді. Осы қыздың арқасында біздің ауылымыз да сүйкімді болған екен. Біздің алтынымызды қадірлей біл,-деп шығарып салған екен.


  1. Шығармашылық жұмыс

«Менің сүйікті ісім» тақырыбында эссе шығарма жазу


5. топпен ән айту

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.














Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзiмі : 09.09.15жыл

№ 2

Тақырып : Өмірдің мәні

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер : 1) адамгершілік, ізгілік, әдептілік

Мұғалiм : Жүнісова Қ.М.

Сынып: 9

Оқушылар саны :13

Қатысқаны:


Сабақ мақсаты: «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

-өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру;

-өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу;

-өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

Баяу әуенмен айтылады.

Сабақ барысын талдау:

2. Дәйексөз.

«Жеңген адам мін-мінезін өзінің,

Танытады өз қайратын, өз үнін»

Ж.Молдағалиев


3. Әңгiмелеу. Өсиет әңгіме

Уақыт

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына:

Таң нұрына, адамның тағдырына.

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге.

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,

Енді сендер өмірден өтпеңдер деп.

М.Мақатаев


- уақыттың адам өміріне ықпалы қандай?

-«Өмірден өтпеңдер» дегенді қалай түсінесің?

-өз өміріңізді қалай өткізер едіңіз?



4. Шығармашылық жұмыс.

«Менің бір күнім» тақырыбында эссе жазу



  1. Топпен ән айту.


5. топпен ән айту «Өмір сыры» әні


«Өмір сыры»

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы















Өзіңді тану-өмірді тану



9- сынып



1-2- сабақ

Тақырыбы: Өзіңді тану-өмірді тану



Мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеті



-өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу



-өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету



-өмірді бағалауға үйрету



Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.



Әңгімелесу



Өмірдің мәні неде деп ойлайсың ?



Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет ?



Өмірді бағалай білесіз бе ?



Өмірден не күтесіңдер?



Сіздің мақсатыңыз қандай ?



Сахналау



Оқушылардың ойларын білу мақсатында «Сахналау » айдарымен берілген диологті сахналау.



Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп вңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер



Назар аударыңыз



Өз мінезіңді, ақылыңды пікірлерің мен құштарлығыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге болмайды. Осы жерде өз парасатын саған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы әлпетің туралы ұмытуға болады. Бірақ жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір.Өз парасатыңды іс- әрекетке қабілетіңді тексер: қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла, қабілеттеріңді екше.



Тапсырма М.Мақатаевтың «Өмір керек» мәнерлеп оқу



Дәйексөз «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың.»



Жаңа ақпарат



Адам өзін, өзгені танып ұсынудан, өзінің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.



Мәтінмен жұмыс «Өмірдің мәні» (ертегі)



Дәптермен жұмыс



Дәптердегі «Мен айдарымен» берілген әр сабаққа арналған афформациялардың өзіне ұнағанын таңдайды.



Ғалымдардың «Өмір » туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып өз ой толғаныстарыңды жазыңыз.



Назар аударыңыз



Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкімде сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза. Біреу одан түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес,айтыс, тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.



Дәйексөз



Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.



Дәптермен жұмыс



Өз өміріңде қол жеткізген жетістіктеріңіз туралы ойланып көріңіз.



Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мінез-адам к?рсеткіші 9-сынып

Автор: Жунусова Куаныш Мирасбековна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 249144


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства