kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша

Мақсаты: 1. Сызықшаның қойылу себептерін түсіндіру.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем»

Мерзімі

Тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: 1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Елжандылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз. М., Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді. Еселі далаға шықса, таң құланиектеніп атып келеді екен.

1) есімше + –ша, -ше жұрнақтары

2) есімше + жатыс септік жалғау –ған+да, -ген+де

3) есімше + септеулік шылау (-ған, -ген + соң, кейін, сайын, бері, шейін)

4) есімше + мезгіл мәнді көмекші сөз тіркесуі (-ған, -ген + кезде, шақта, уақытта)

5) көсемшеден (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне –са, -се, -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

Сұраулары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін? М., Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.

Тапсырмалар:

132-жаттығу.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

133-жаттығу.

Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас жасаңдар.

ІІІ Бекіту

Синтаксистік талдау

Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.

Тимур қайтып келісімен, нағашысы шақырып алды – предикаттық қатынас, қиысу, етістікті тіркес.

Үйге қайтып келісімен, оны шақырып алды, жанына шақырып алды

– етістікті тіркес, синтетикалық тәсіл, меңгеру

IV Рефлексия

V Үй тапсырмасы

Мысал теру.

VIБағалау

Мерзімі

Тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: 1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ


Шартты бағыныңқылы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.

М., Екпей, егін бітпес; үйренбей, білім бітпес.


Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

Мысал

Шартты рай

-са, -се

Қайтсе? (не істесе?)

/...../ тыңдаса, /---/

Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.

Көсемше

-ма+й

(-ме+й)

-майынша

(-мейінше)

Қайтпей? (не етпей?)

қайтпейінше?

(не етпейінше?)

/... ...../ таппай /----/


/.........../ үйренбейн ше, /-------/

Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды.

Есімше

-ған+да

(-ген+де)

қайткенде?

(не еткенде?)

/....../ болмағанда, /--------/

Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.


123-жаттығу. Жоғарыда берілген сөйлемдердің сұрақтарын қойып, баяндауыштарының жасалу жолдарын кестеге қарап түсіндіріңдер.


124-жаттығу. Төменде берілген шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер де, байқағандарыңды түйіндеңдер.



126-жаттығу. Мәтінді құрайтын құрмалас сөйлемдердің ішінен шартты бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, жасалу жолдарына көңіл бөліңдер.

ІІІ Бекіту

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

IV Рефлексия

V Үй тапсырмасы

Мысал теру.

VIБағалау





















































Мерзімі

Тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас

Мақсаты: 1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Елжандылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас дейді. М., Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.

Сұраулары: Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп?

Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

А) Есімшенің өткен шақ формасына – дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жұрнақтың қосылуы арқылы жасалады: Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

Ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады. Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық ала алмады.

Б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай, бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.

В) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды.

Себеп бағыныңқы құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.



134-жаттығу. Төмендегі себеп бағыныңқылы сабақтастардың баяндауыштарын тауып, қалай жасалғанын анықтаңдар.

135-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқылы сабақтас құраңдар.

139-жаттығу.

Күй аңызын оқып шығыңдар.

Тыныс белгісі қойылмаған құрмаластың тыныс белгісін қойыңдар.

Қарамен терілген сөздердің мағынасын ашыңдар.

ІІІ Бекіту

138-жаттығу. Баяндауыштары тұлғалас құрмаластардың қайсысы шартты, қайсысы салыстырмалы, қайсысы мезгіл бағыныңқылы екендігін ажыратыңдар.

IV Рефлексия


V Үй тапсырмасы

136, 137-жаттығу.

VIБағалау
















































Мерзімі

Тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»

Мақсаты: 1. Жазушы туралы өмірінен мәлімет беріп, әңгімесімен танысу5.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ

І Сапарғали Бегалин

  • 1895 ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы

  • Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесін бітірген

  • Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы

  • Әңгіме-хикаялары: «Ермектің алмасы», «Сахара саңлақтары»», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Мектеп түлектері», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз»

ІІ Жазушы естелігін оқу.

ІІІ Мәтінді оқып келгендіктен сұрақтар мен тапсырмалар орындату.

1. Шоқан кім? Ол жайында не білесің?

2. Шоқан мысықпен қай жерде кездесті? Шоқан мен Мысықтың кездесу кезіндегі диалогтерін (айтылу ерекшелігін сақтап) оқы.

3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды? Мысықтың негізгі ермегі не еді?

4. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?

5. «Қайырымдылық», «Өнердің болашағы», «Мүсінші Мысық», «Уәде еттің - орында» деген тақырыптардың қайсысы шығарманың қай бөліміне лайықты деп санайсың? Сол жеке-жеке тақырыптар бойынша түсінгеніңді қысқаша әңгімеле.

ІІІ Бекіту

С.Бегалин балаларға арнап Шоқан Уәлиханов туралы шығарманы қалай жазған?




IV Рефлексия

Балалар, бұл шығарма сендерге несімен ұнады?

V Үй тапсырмасы

9-сұрақ бойынша шығарманы мазмұндау

VIБағалау
















































Мерзімі

Тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Мақсаты: 1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Елжандылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ


Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сөйлемдердің сызбасы

Мысал

шартты рай

-са да

-се де

қайтсе де?

не етсе де?

/....../ шаршаса де, /----/

Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

көсемше

-ған/ -ген

мен, ша /ше/


-ған-ы

-ген+і

болмаса

-ған+ы+на

-ген+і+не қарамастан, қарамай

қайткенмен?

не еткенмен?

қайткенше?

не еткенше?

қайткені (не еткені) болмаса?

қайткеніне (не еткеніне) қарамастан? қарамай?

/..../ естігенмен, /----/


/..../ ұрысқанша, /------/


/...../ шаршағаны болмаса, /--------/


/......./ шаршағанына қарамастан (қарамай?), /----/

Бір сөзді қайталай бер- генше, менің комбайн- ды жүргізгенімді айтсаңшы.


Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

Есімше

(-е, -й) тұра

қайте (не ете) тұра?

/...... / көре тұра, /-----/

Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжіри -белі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.


129-жаттығу. Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.


130- жаттығу. Төмендегі сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.


131-жаттығу. Төмендегі қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.


ІІІ Бекіту



IV Рефлексия

Нені білдім?

V Үй тапсырмасы

Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем түріне көркем шығармадан мысал теру.

VIБағалау




















































Мерзімі

Тақырыбы: «Шығамын тірі болсам адам болып»

Мақсаты: 1. Өлеңге әдеби-теориялық талдау

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ

1. Өлеңді оқу.

2. Тақырыбы:

Идеясы: адамның өзін-өзі билеуі, өз еркін өзінің бағындыруы

3. Әдеби-теориялық талдау.

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп, надан болып?! –

өз-өзіне ант береді, алдына үлкен азаматтық бағдарлама қояды.

4. 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

5. Аллитерация

























Мерзімі

Тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: 1. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгерту.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Жаңа сабақ

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.

бағыныңқы баяндауышы

тұлғалық белгісі

сұрауы

сөйлемдердің сызбасы

көсемше

-ып, -п, -п.

-а, -е, -й

қайтіп? Қалай?

/......../ қосылып /------/

есімше

-ған+дай

(-ген+дей) болып

-ған, -ген

күйі (қалпында)

-ма+с+тан

-па+с+тан

-бе+с+тен

қалай?


қалай?



қалай?

/......./ танығандай болып, /-------/

/........../ ұстаған күйі, /------/


/...../ талмастан, /---------/


140-жаттығу. Мәтінде құрмаластың арасына қойылатын үтір қойылмаған. Үтірді қойып шығыңдар.

2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

3. Мәтінде кімнің тағдыры баяндалған, сол жөнінде ой толғаңдар.

4. Ол үшін мына сұрақтар бойынша ізденіңдер: Үзінде Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан алынған? Шәйза мен шешесі неліктен мұндай қорлыққа ұшырады?


141-жаттығу. Төмендегі мәтін – жоғарыдағы берілген мәтіннің жалғасы. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауышының орнына көп нүкте қойылған. Көп нүктенің орнына сөйлемнің ыңғайына қарай қажетті баяндауыш болатын сөздерді ойдан тауып қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар.


143-жаттығу. Оқып, үзіндідегі тірек сөздерді табыңдар. 2. Қимыл-сын пысықтауышы бар жай сөйлем мен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді айырыңдар. 3. Мәтінде қандай қимыл-әрекет суреттелген? Зәрубай мен Омардың өнерін жеткізген осы үзіндіні суреттеу деуге бола ма? Толық жауап беріңдер.

ІІІ Бекіту

Синтаксистік талдау.

Шу толастай берген сәтте қоян қабын қымтанып, дайын отырған Зәрубай ортаға шоршып шыға келді.

Шу толастай берген – етістікті тіркес, қиысу, предикаттық қатынас.

Сәтте қоян қабын қымтанып – етістікті тіркес, синтетикалық тәсіл, меңгеру.

Зәрубай шоршып шыға келді – етістікті тіркес, предикаттық қатынас, қиысу.

Ортаға шоршып шыға келді – етістікті тіркес, синтетикалық тәсіл, меңгеру.

IV Рефлексия

Нені білдім?

V Үй тапсырмасы

Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем түріне көркем шығармадан мысал теру.

VIБағалау































Мерзімі

Тақырыбы: Есімшенің тәуелденуі

Мақсаты: 1. Есімшенің тәуелдену жолдарын түсіндіру.

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.

3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау

ІІ Қайталау

Есімшенің етістік белгісі қандай? (жіктеліп келіп етіс жасайды). Есімшеге тән белгісі қандай? (есімдер сияқты көптеледі, есптеледі, тәуелденеді)

ІІІ Жаңа сабақ

І. Есімше есім сөздердің орнына қолданылғанда тәуелденеді.

Оңаша тәуелдену Ортақ тәуелдену

І Менің барғаным Біздің барғанымыз

ІІ Сенің барғаның Сендердің барғандарың

Сіздің барғаныңыз Сіздердің барғандарыңыз

ІІІ Оның барғаны Олардың барғандары


ІІ. Түсінгендерін тексеру.

А) есімшелі сөзді тәуелдеу

Ә) «Жедел жауап» Есімшені етістікке айналдыру.

Орылған егін – Егін орылды ұшқан құс – құс ұшты

Көрер көз – көз көрді Басар тау – тау басылды

Істейтін жұмыс – жұмыс істеді Піскен ас – ас пісті

Тыңдалған әңгіме – әңгіме тыңдалды

Шырқалған ән – ән шырқалды

Б) Ілияс Жансүгіровтің орындауында «Әнші» өлеңінде қанша есімше бар?

В) Абайдың «Тоты құс түсті көбелек» өлеңінде қанша есімше бар?

Г) Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс (сөйлемдерден есімшелерді табу).

IV Бекіту

«Жылдам ойла!» ойыны

1. Таба ма екен – 3. Келе алады -

2. Бермес пе екен - 4. Айта алмайды -

V Рефлексия

А) таблицаны толтыру

нені еске түсірдік?

нені үйрендік?



VІ Үйге тапсырма

VІІ Бағалау

Өлең өлкесінің дарабоз дарыны

(Әдеби-сазды кеш)


Мақсаты: ғасырлар тоғысында Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: ақын шығармашылығына арналған көрме, ақынның портреті, кештің тақырыбы жазылған плакат.

(Музыкалық әуен ойналып тұрады)


1-жүргізуші: - Ей, өлең, маған тиген еншім едің,

Бой жазайын, қасыма келші менің.

Менің саған шамалы жақсылығым,

Сен де маған, әрине, көншімедің.

Сананы сары уайым сарылтқанмен,

Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен,

Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,

Үзбеймін күдерімді халықтан мен! – деп ақынның өз»і жырлағандай, жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлаған, өз дәуірінің шежіресін айқын да айшықты бояумен жеткізген, қасқая қарап ақиқатты жырлаған Мұқағали Мақатаев шығармалары 60-80 жылдардың көркем тілімен жазылған тұтас бір шежіресі секілді.

Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Автор: Зилькенов Саниял Оразбаевич

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412748

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "конспект урок на тему "Себеп ба?ыны??ы саба?тас ??рмалас с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-urok-na-tiemu-siebiep-bag-ynyn-k-y-sabak-tas-k-u-rmalas-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "177012"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424536365"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Сабақтың тақырыбы: «Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.»"
    ["seo_title"] => string(70) "sabak_tyn_tak_yryby_miezghil_bag_ynyn_k_y_sabak_tas_k_u_rmalas_soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "371919"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482258487"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Мезгіл ж?не мекен ба?ыны??ылы саба?тас "
    ["seo_title"] => string(48) "miezghil-zh-nie-miekien-bag-ynyn-k-yly-sabak-tas"
    ["file_id"] => string(6) "159169"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421855488"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?тас ??рмалас.?имыл сын ба?ыны??ылы саба?тас ??рмалас с?йлем"
    ["seo_title"] => string(58) "sabaktaskurmalaskimylsynbagynynkylysabaktaskurmalassoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "283813"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453890037"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?имыл сын ба?ыны??ылы саба?тас ??рмалас с?йлем"
    ["seo_title"] => string(42) "kimylsynbagynynkylysabaktaskurmalassoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "283812"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453889941"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства