kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің бос уақытым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная работа соответствует программе учащихся 6 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің бос уақытым»

Сабақтың тақырыбы:  «Менің бос уақытым»

Сабақтың мақсаты: Уақытты тиімді пайдалануға , бос уақытты пайдалы еңбекке жұмсауға шақыру. Ауызша және жазбаша тілді дамыту.

Сабақтың  түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, 5 жолды өлең құрау

Сабақтың формасы: топтық жұмыс 

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, презентация

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: тақырыпты меңгеру, бос уақыты туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу  - Кезекшінің  мәліметі -Оқушыларды түгендеу

1. Психологиялық дайындық: сабақ алдында бір-бірімізге сәтілік тілейміз. Оқушылар жақсы тілектер айтады.

Мұғалімдермен амандасу.

2. Топқа бөлу 2 мин. (асық арқылы топқа бөліну)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сағаттың суретін салып келу.

Қолдану

КАЛЛАЖ орындау арқылы әр топ өз жұмыстарын қорғайды. (Күн тәртібі)

Смайликпен бағалайды

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Жаңа тақырыпқа шығу. 3 мин.

1. Берілген сөзжұмбақты шешу

БОС УАҚЫТ

Сонымен сабақтың тақырыбы қалай болды?

2. Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету
- Сендер бос уақыттарында не істейсіңдер?

- Қандай жұмыспен айналысқанды ұнатасындар?

- Ата- аналарына көмектесесіңдер ме?

- Мектептегі қандай үйірмелерге қатысасыңдар?

- Сендер сағат нешеде оянасыңдар? 
- Таңертеңгі асты нешеде ішесіңдер? 
- Мектепте сабақ нешеде басталады? 
- Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың? 

Ассоциация құру.

Бос уақытта не істеуді ұнатасыз?

Тауға шығу Теледидар көру Музыка тыңдау

Шаңғы тебу Коньки тебу

Кітап оқу Кинотеатрға бару Ән салу

Билеу

ІV. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгендерін топ ішінде талқылау. Мәтін бойынша әр топ бір- біріне сұрақ дайындау. 3мин



Бос уақытым

Біздің мектепте өте жақсы білім береді. Соған қоса мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Сабақ біткесін оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Қыздардың көбі «Табиғат достары» үйірмесіне жазылды. Бүгін олар өз қолдарымен аквариум жасады.

Ал ұлдар футболға қатысады. Айжан мен Орал музыка үйірмесіне жазылды. Осы үйірме жақында ашылды. Біздің мектептегі өміріміз өте қызықты. Әрқайсымыз сабаққа да, үйірмелерге де белсене қатысып отырамыз.

Мен Асқар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Үйірме өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Асқар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.

V. Сөздікпен жұмыс. Сөздерді оқу, өздеріне оқыту. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

соған қоса – наряду с этим

қалау – желание

жақында – недавно

белсене – активно

жүлделі орын – призовое место

ие болу – завоевать

үйірме- кружок

математика әлемінде- в мире математики

досыммен бірге- с другом

ояну-просыпаться 
серуендеу-гулять 
орындау-выполнять 
кесте-график 
ұйықтар алдында-перед сном 

VІ. Диалогпен жұмыс. (Диалогтің ережесін еске түсіру. Берілген диалогты жұппен ортаға шығып оқу, өздері бос уақытқа қатысты диалог құру)

Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.

Диалогта сұрақ – жауап, қарсы сұрақ, сөйлеушілердің көңіл күйі, реакциясы болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және ұзын болуы мүмкін.

Диалогта келесі айтылғандар орын алады:

Сөйлемдерді аяқтамау;

Сөздің орнына қимыл, мимика қолдану;

Диалог оқу

1.- Әсем, қазір қолың бос па? 
- Иә, боспын. Неге? 
- Мен бассейнге барамын. Барасың ба? 
- Барамын. 
- Онда қазір бізге кел. 
- Жақсы. Кездескенше. 

-Кездескенше

- Асем, ты сейчас свободна? 
- Да, свободна. Что случилось? 
- Я пойду в бассейн. Пойдешь? 
- Пойду. 
- Тогда сейчас приходи к нам. 
- Хорошо. До встречи 
2.- Нұрлан: Жұлдыз, жұма күні не істейсің, қолың бос па?

Жұлдыз: Жоқ, мен жұма, жексенбі күндері фитнесзалда боламын. Не болды?

Нұрлан: Менің бос уақытым бар еді. Кинотеатрда жақсы кино болады екен.

Жұлдыз: Сен бос уақытыңда кино көруді жақсы көресің бе?

Нұрлан: Иә, ал сен ше?

Жұлдыз: Мен кітап оқимын, жүзумен айналысуды ұнатамын.

Нұрлан: Қашан қолың бос болады?

Жұлдыз: Сейсенбіде боспын. Сейсенбіде барайық, жарай ма?

Нұрлан: Жарайды, кездескенше! Сау бол!

Жұлдыз: Сау бол!

VІІ. Тапсырмалармен жұмыс. Тақтамен жұмыс

Талдау. Грамматикалық тапсырмаларды тарату

Берілген тапсырмаларды жазбаша орындайды. 5 мин

І топ- «Күн тәртібі»; ІІ топ- «Бос уақыт»- тәуелдеу, септеу.

VІІІ. Синквейн әдісі. 5 жол өлең құрастыру. (Жарты парақ қағаз тарату) (Уақыт сөзіне)

Парақшаларда орындайды.

Зат есім (Уақыт)

Етістік (өткізу, орындау, ұнату, жақсы көремін )

Сын есім (қызықты, белсенді)

Синоним (Мезгіл)

Сөйлем (Мен бүгінгі уақытымды қызықты өткіздім)

ІХ. Сабақты бекіту.

Сурет бойынша әңгіме құру. (5 мин.)

Х. Сабақты қорыту: 
Сөйлемдерді етістіктермен аяқтау арқылы: 
Мен таңертең .... 
Беті-қолымды .... 
Тісімді жақсылап .... 
Сосын таңғы асты .... 
Мектепке көлікпен.... 
Сабақтан бірде .... 
Үйге екіде .... 
Түскі асымды .... 
Демалып біраз .... 
Содан ертеңгі сабақты .... 
Сағат онда ұйқыға .... 

Үйге тапсырма

«Менің бос уақытым» эссе жазу. Жаңа сөздерді жаттау.

Бағалау.

Гүл шоғырына стикер жапсыру.Оқушылар стикерге сабақ бойынша өз ойларын жазады.





























 

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің бос уақытым

Автор: Игисенова Умыт Сандыбековна

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375716

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "«Жоспар! Бос уақыт! Мен!» ұланбасылар арасындағы жоспарлау тренингі"
    ["seo_title"] => string(64) "zhospar_bos_uakyt_men_ulanbasylar_arasyndagy_zhosparlau_treningi"
    ["file_id"] => string(6) "575061"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1615354917"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Бос уа?ыт"
    ["seo_title"] => string(56) "k-azak-tili-p-ninien-sabak-zhospary-tak-yryby-bos-uak-yt"
    ["file_id"] => string(6) "295343"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455804045"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?йдегі мені? бос уа?ытым" 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(36) "uidieghi-mienin-bos-uak-ytym-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "200157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428739263"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?ліппе "?лтты? киімдер. Бос уа?ыт""
    ["seo_title"] => string(28) "lippieulttykkiimdierbosuakyt"
    ["file_id"] => string(6) "271204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451403012"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Саба?ты? та?ырыбы: Бос уа?ыт "
    ["seo_title"] => string(30) "sabak-tyn-tak-yryby-bos-uak-yt"
    ["file_id"] => string(6) "177750"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424703253"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства