kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мемлекет және құқық теориясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекет және құқық түсінігі және ұғымы.Мемлекет дегеніміз -саяси ұйым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мемлекет және құқық теориясы"»

Мемлекет туралы негізгі түсініктер

Жоспар:

1) Мемлекеттің шығу тегі туралы алғы шарттар. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар.

2) Мемлекеттің батыстық (Еуропалық) және шығыстық ( Азиялық) даму жолы.

3) Мемлекеттің функциялары мен түрлері


Алғашқы қауымдық биліктің орнына мемлекеттік билік шамамен 5-6 мың жыл бұрын келді. Жердегі алғашқы мемлекеттер Солтүстік-Шығыс Африкада,Оңтүстік-Батыс жəне Оңтүстік-Шығыс Азияда, атап айтқанда Мысырда,Бабылда, Үндіде жəне Қытайда пайда болды.Мемлекеттің пайда болуы туралы осы заманғы ғылыми көзқарастардың негізі тарихи материализмді ұстанған классиктердің еңбектерінде көрініс тапқан. Соның бірі Ф.Энгельс. Оның «Отбасының, жеке меншіктің жəне мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегі аса маңызды болып есептеледі. Ф.Энгельстің пайымдауынша алғашқы қауымның ыдырауы жəне мемлекеттің пайда болуы қоғамның өндірістік экономикаға бет бұруы, өндірістік күштің дамуы, қоғамдағы өндірістік қатынастардың өзгеруі нəтижесі заңды болып табылды. Бұл үдеріс алғашқы мемлекеттердің құрылуына дейін пайда болған жəне ол баяу дамып келді.Ф. Энгельс мемлекеттің пайда болуының негізгі себептерін көрсеткен:Біріншіден, еңбектің бөлінуі – мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуі, қол өнер өндірісінің бөлінуі жəне сауда-саттықтың орын алуы. Еңбектің бөлінуі халық санының өсуі жəне олардың қажеттіліктерінің артуы, өндіріс құралдарының дамуы себебінен пайда болған үрдіс. Аталғандардың барлығы шаруашылық жүргізу үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты. Жекелеген тайпаларға өзін өзі керекті игіліктермен қатамасыз ету қажетті болмай қалды. Оларға нақты өнімді өндіру, ал өндірістің қалдығын өзге тайпаның өндіргеніне ауыстырып алған пайдалырақ бола бастады. Нəтижесінде мал шаруашылығы, егін ісі, қол өнерішілер жəне саудагерлер пайда болды. Екіншіден, жеке меншіктің пайда болуы – еңбектің өсуі қауымдық шаруашылықтың жеке топтардың не жеке адамдардың шаруашылығына бөлінуіне əкеп соқтырды. Қауымдық меншік алғашқысында топтық меншік болып, кейінректе жеке меншікке айналды.Үшіншіден, таптардың пайда болуы – таптар еңбек ету үрдісінде өзінің материалдық жағдайымен ерекшеленетін адамдардың тобы болып табылды.Əлеуметтік қызмет пен мүліктік жағынан бөліну адамдардың жеке жəне шаруашылық дербестігіне, олардың өзара тəуелсіздігіне əкеп соқтырды. Қоғам бірнеше топтарға бөлінді жəне олардың мүдделері бірі-біріне қарама – қайшы бола бастады. Таптық күресті тоқтататын күш қажет болды. Ол мемлекет болды.Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мемлекет қоғамның өзіндік дамуының өнімі ретінде, онда пайда болған қарама-қайшылықтардың нəтижесі ретінде пайда болды. Ф.Энгельс мемлекетті – құрал, инструмент ретінде қарастырды. Дəлірек айтсақ оның ойынша, мемлекет - экономикалық қанаушы таптың қаналушы таптың қарсылығын басуға жəне қанауға арналған құрал болып табылды. Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселені зерттеуге көптеген ғалымдар ұмтылған. Осы ретте мемекет жəне құқықтың пайда болуы туралы бірнеше ілімдер қалыптасып үлгерді, олардың əр қайсысы мемлекеттік ұйымдардың пайда болу қайнарын өзіндік тұрғыдан түсіндіреді.

Сол теорияларды қарастырып өтейік:

Теологиялық теория – негізін салушы ортағасырлық философ жəне теолог Фома Аквинский (1225-1274) болды, кейінгі өкілдерінің қатарына бельгиялық философ Мерсье Дезирені (1851-1926) жəне француз философы Жак Маритенді (1882-1973) жатқызуға болады. Бұл теорияның түп негізгі идеясы мемлекетті Құдай жаратқан, ал мемлекеттік билік Құдайдың жердегі билігінің жалғасы деп түсінілді. Құдайдың билігі - азаматтардың басқарушыларға толығымен бағыну қажеттілігін білдіреді. Мемлекетке бағынбау Жаратқанға бағынбау деп есептелді.

Патриахалдық теория – бұл теорияны дамытқан ежелгі грек философы Аристотель (б.э.д 384-322), сондай ақ орыс əлеуметтанушы, публицист Н. Михайловский (1842-1904) жəне т.б. болды. Аталған теорияның түпкі идеясы бойынша мемлекет бір отбасының дамуының нəтижесі ретінде есептелді.Басқарушының билігі отбасыдағы əкенің шексіз билігінің жалғасы ретінде қарастырылды. Мемлекеттегі басқарушы, отбасыдағы əке секілді сайланбайды жəне оның билігі өзгермейді əрі шексіз болып табылады. Билікке қарсы шығуғаболмайды, тек əке өзінің отбасының қалған мүшелеріне қамқорлық жасай алады. Органикалық теория – бұл теорияның өкілдері ежелгі грек философы Платон (б.э.д 427-347) жəне ағылшын философы Г. Спенсер (1820-1903) жəне т.б. болған. Бұл теорияның идеясына сəйкес мемлекет жəне құқық туралы көзқарас адамның ағзасы туралы көзқарасқа сай келеді. Мемлекет - əлеуметтік 8 дамудың нəтижесі болып табылады, ол биологиялық дамудың бір түрі. Мемлекет əрбір ағза секілді мидан (басқарушы) жəне оның берген тапсырмаларын орындауға арналған органдардан тұрады. Келісім-шарт теориясы – ХVII-XVIII ғасырларда пайда болды, өкілдері француз философы, ағартушы Жан Жак Руссо (1712-1778), ағылшын философтары Томас Гоббс (1588-1679) пен Джон Локк (1632-1704), орыс жазушысы А.Н. Радищев (1749-1802) жəне т.б. болған. Бұл теория бойынша мемлекет пен құқық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату мақсатында азаматтардың саналы, ерікті түрде бір келісімге келуі нəтижесі ретінде қарастырылады. Азаматтар өз еркі мен билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.Олар заңдарды сақтауға, салық төлеуге міндеттенеді, ал есесіне билікті ұстаушыдан өз мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауды талап етуге құқылы болып табылады. Мемлекет келісім бойынша өз азаматтарына қамқорлық жасайды. Келісім – шарт теориясы мемлекетті танып, зерттеу үшін үлкен серпіліс болды,себебі ол биліктің пайда болуы туралы діни көзқарастарды жоққа шығарды. Бұл теория демократиялық идеяны дамытты. Күштеу теориясы – XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдерінің қатарына неміс философы Е.Дюрингті (1833-1921), неміс саяси қайраткері К. Каутскийді (1854-1938) жатқызуға болады. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын бір тайпаның екінші бір тайпаны жаулап алуы сияқты əскери жəне саяси сипаттағы
факторлармен түсіндірген. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде көптеген соғыстар жүргізілді, аумақты күштеп басып алу, бір тайпаның екінші бір тайпаны басып алу орын алды. Психологиялық теория - XIX ғасырда пайда болды, оның белгілі өкілдері француз əлеуметтанушысы Г. Тард (1843-1904), австриялық психолог З. Фрейд (1856-1939), орыс философы Л. Петражицкий (1867-1931) жəне т.б. болды. Бұл теорияның өкілдері мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуын адамзаттың психикалық белгілерінің көрінуімен, адамзат санасының заңдылықтарымен түсіндірген. Барлық əлеуметтік заңдылықтар адамның мінез-құлықтары, қызмет етуі арқылы іске асырылады. Сондықтан да адамның психикалық жай-күйі осы заңдылықтардың жүзеге асырылуына əсер етеді. Мемлекетте, құқықта белсеңділер мен бəсеңділердің арасындағы психологиялық қарамақайшылықтарды шешудің құралы ретінде қарастырылады. Қоғам екіге бөлінеді:психикасы күштілер (билік жүргізуге ұмтылатындар) жəне бағынуға психологиялық түрде бейім адамдар.Қазіргі кезде заң ғылымын зерттеуші көптеген ғалымдар жоғарыда аталғандардың ішінде мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуын шынайы түрде ғылыми негіздейтін ілім ретінде К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихиматериалистік теориясын көрсетеді.

1.2Мемлекеттің түсінігі жəне мəні Мемлекеттің ұғымын ашып, қарастыру шын мəнісінде ол туралы көзқарастарды анықтауды қалыптастыру болап табылады. Сонау антикалық дəуірде мемлекет барлық қоғам өмірін реттеп отырған.

Аристотель мемлекетті жақсы өмір сүру үшін көптеген тайпалар мен ауылдардың бірігуі ретінде көрген. Ежелгі гректерде мемлекетті азаматтардың барлық саналы жəне
өнегелік мүдделерін бір жерге шоғырлау деп есептеді. Мемлекет үнемі тарихи даму үстінде болған құбылыс. Қазіргі кезде мемлекетке сан-алуан анықтама беруге болады. Мемлекет – қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше нысаны болып табылады. Мемлекет – қоғамның мүддесі мен еркін ресми білдіретін саяси биліктің ұйымы. Мемлекет - биліктің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет – қоғам дамуының нəтижесі. Мемлекетке бұрыңғысын, қазіргіні, болашағын сипаттайтын барлық белгілерін көрсететін жалпы ұғымын беру мүмкін емес. Қоғам дамуының нəтижесінде мемлекеттің мақсаты мен міндеттері,механизмдері мен функциялары үнемі өгерістерге ұшырап отырады. Мемлекет– қоғамды реттеп отыратын институт, құрал болып табылады. Мемлекет түрлі заңдарды қабылдау арқылы қоғам өмірінің барлық салаларына, қоғамдық қатынастарға ықпал етеді. Мемлекет – ұйымдастырылған күрделі механизм.
Мемлекеттің қызмет етуі үшін мемлекеттік басқару органдары қажет жəне оны атқаратын лауазым иелері болуы керек. Мемлекет – адами ресурстарды басқаратын ұйым. Мемлекет өз тұрғындарының əл-ауқатын көтермелеу үшін еңбек етуге жағдай жасайды, оның жүйесін қалыптастырады. Сонымен, мемлекет дегеніміз - өз билігін елдің барлық аумағы мен халқынатарататын, басқарудың арнайы аппаратына ие, барлығына міндетті ережелер қабылдайтын, егемендікке ие болып табылатын, қоғамның еркі мен мүддесін білдіретін биліктің егеменді, аумақтық, біріңғай саяси ұйымы болып табылады. Мемлекеттің қоғамдағы объективтік қажеттіліктерін білу үшін, жəне неге мемлекетсіз қоғамның өмір сүре алмайтындығын жəне дамымай қалатынын анықтау үшін мемлекеттің мəнін ашу қажет. Мемлекеттің маңызды белгісі оның бүкіл қоғамды басқаратын биліктің жалғызсаяси ұйымы екендігінде, олай болса
мемлекеттің мəнін ашатын көзқарастарды қарастырып көрелік: мемлекеттің таптық мəні – мемлекет экономикалық жағынан үстем таптың билігінің саяси ұйымы ретінде қарастырылады. Бұл жерде мемлекет тек осы үстем таптың мүддесін қамтамасыз етеді. Ал қаналушы таптың мүддесі үнемі қанағаттандылырымай қалады, сондықтан қоғамда үнемі қақтығыстар орын алады жəне оны жою үшін зорлық əдістері қолданылады. мемлекеттің жалпы əлеуметтік мəні – мемлеке түрлі таптар мен əлеуметтік топтардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын биліктің саяси ұйымы ретінде анықтауға болады. 10 мемлекеттің ұлттық, діни мəні – мемлекеттің жүргізетін саясатында бір ұлттың, бір діннің мүддесінің басым болуы. Жалпы айтқанда мемлекеттің мəні санқырлы, оны тек таптық не жалпы əлеуметтік деп шектеп қоюға болмайды.1.3 Мемлекеттің типтері мен нысандарыМемлекеттің табиғатын тану үшін ең маңызды ғылыми типология болып табылады. Ғылыми еңбектерде мемлекеттердің бірнеше типологиясы ұсынылған.Мемлекетті типке бөлудің екі түрлі тəсілі бар: формациялық жəне өркениеттік. Мемлекеттерді типке бөлудің негізгі критерии болып қоғамдықэкономикалық формация танылады. Мемлекеттің формациялық типологиясы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысаны болып табылады. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы марксистік танымның іргетасын құрайды. Формация – бұл өндірістің белгілі бір амалына негізделген қоғамның тарихи типі. Мемлекеттің формациялық типологиясын ұстанған өкілдердің (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) пікірінше қоғам дамуының шешуші факторыэкономикалық базис яғни осы қоғамның өндіру тəсілі болып табылады. Мемлекет экономикалық салада, өндірістік қатынастар аясында болып жатқан өзгерістерге қарай өзінің типін өзгертеді. Формациялық типология көбіне мемлекеттің таптық мəнін ашқан. Тарихқа белгілі бес формация бар: алғашқықауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік жəне социалистік. Аталғандардың ішінде мемлекеттің типологиясының марксистік ілімінің негізінде қалыптасқан формациялық критерии бойынша мына типтегі
мемлекеттер қанаушы болып есептелді: құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, ал социалистік тип болса, қоғамдық өзін-өзі басқару типіне айналуы керек болған.Экономикалық базистің типіне қарай мемлекеттің мынадай типтері бар:- құл иеленушілік мемлекет - құл иеленуші құлға билік жүргізудің құралы болды. Тарихтағы қоғамның алғашқы мемлекеттік таптық ұйымы. Құл еркіндігі бар азаматтардың жеке меншігі ретінде танылды. Бұл мемлекеттердің негізгі мақсаты құл иеленушінің меншігін қорғау болды.- феодалдық мемлекет – экономикалық тəуелді шаруалардың еңбегін қанаған ірі жер иеленуші болған феодалдардың диктатура жүргізу құралы болды. Мұнда мемлекет қанаушы таптың жерге, шаруаға жəне олардың еңбегіне құқықты қамтамасыз еткен.- буржуазиялық мемлекет – жұмысшы таптың үстінен буржуазияның жүргізген билігін қолдау құралы болды. Жұмысшы таптың жеке бостандығы бола тұра ол өз еңбегін капиталистке сатуға мəжбүр болды.- социалистік мемлекет – қоғамдық меншікке, өндіріс құралдарына негізделді жəне өз саясатында қалың халықтың мүддесін білдірді. Социалистік мемлекет еңбек етуші таптың саяси билігінің құралы болды. Сонымен, мемлекеттің формациялық типологиясы мемлекеттің экономикалық негізі мен əлеуметтік мəнін сиапттайды, яғни қандай əлеуметтік тап қоғамды басқарып отырғанын көрсетеді. Қазіргі ғылымда формациялық типология тарихтағы бұрыңғы мемлекеттерді сипаттау үшін ғана қолданылады. Мемлекеттерді типке бөлудің екінші критерии болып өркениеттік типология танылады. Өркениеттік типология ХХ ғасырда дүниеге келген. Оның негізін қалағандардың бірі ағылшын тарихшысы А.Тойнби болды. Басқа өкілдерінің
қатарында М. Вебер, П. Сорокин, О. Шпенглер, У. Ростоу жəне т.б. болды.Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік типологиясы көбінесе қоғамның мəдени сипатына (дінге, психологияға, моральге т.б.) көңіл бөлді. А. Тойнби өркениеттің он үш түрін ұсынған болатын, атап айтқанда, ежелгі грекиялық, римдік, сириялық, крито-микендік, православтық, батыс, араб, қиыр шығыстық,мексикалық, ирандық, қытайлық, үнділік жəне т.б. Оның ойынша өркениет –мəдени, экономикалық, географиялық, діни, психологиялық жəне өзге де
факторлармен ерекшеленетін қоғамның қалыпты жай-күйі болып табылды. А.Тойнбидің көзқарасы бойынша əрбір өркениет типіне мемлекет типі сəйкес келуі керек. Мемлекеттің өркениеттік типологиясы мəдени факторларға негізделген, ол мемлекетке тікелей ықпал етеді. Өркениеттік типология адам қызметінің барлық нысандары арқылы өткенді тануға мүмкіншілік береді.Өркениеттік типология тек таптар мен əлеуметік топтардың қарсылығын
айырып білуді ғана көздемей, ол сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде олардың өзара əрекеттесуі аясын да білуге жəрдемдеседі. Мемлекеттің типологиясы мемлекеттің нысаны ұғымымен тығыз байланысты болып келеді.Мемлекеттің нысаны мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызмет ету амалы болып табылады. Мемлекет нысанын оқып, зерттеу қоғамды мемлекеттік басқару қалай ұйымдастырылғанын, оны биліктің қандай органдары іске асырып жатқананын, олар қандай тəртіпте жəне оны кім
қалыптастыратынын, қоғамдағы қатынастарды реттеу үрдісінде қандай əдістер
қолданылатынын түсініп, білуге мүмкіншілік береді. Мемлекет нысаны күрделі. Құрылымы бойынша жүйелі құбылыс болып табылады. Ол өзара байланысты үш элементтен тұрады: мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны жəне мемлекеттік саяси режим нысаны.1. Мемлекеттік басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғары органдарының ұйымдастырылуы мен құызмет етуі ерекшеліктерін, құрылымын
сипаттайтын мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттік
биліктің жоғары органдарына мемлекет басшысын (монархты не президентті),
заң шығарушы органды (парламентті) жəне атқарушы биліктің жоғары органын
(үкіметті) жатқызады. Басқару нысанының екі түрі бар: монархия жəне
республика.1) Монархия дегеніміз – биліктің мұра жолымен атадан балаға берілуіне
негізделген басқару нысаны. Билік монархтың қолына шоғырланған.
Монархиялық басқару нысанына мына белгілер тəн болып келеді: мемлекет
басшысының билігі мұраға беріледі, шексіз болады, оның
қарамағындағылардың еркіне тəуелсіз болады.
Монархияның мынадай түрлері бар: абсолютті, дуалистік жəне
парламенттік. Дуалистік жəне парламенттік монархияны шектелген –
конституциялық монархия деп те атайды.
Аболютті монархия – мемлекет басшысының билігін шектейтін мемлекет
механизміндегі органдар мен мекемелердің жоқ болуымен сипатталады, яғни
монархтың билігі шексіз болады жəне оның билігін ешбір орган шектей
алмайды. Тарихта абсолютті монархия ең бірінші монархиялық басқару нысаны
болды. Осы кездері Бруней, Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт елдері абсолютті
монархияны ұстанатын елдер болғанымен, олардың конституциясы мен
заңдарынан монархияның бұл түрін таппайсың.
Дуалистік монархия ХVIII-XIX ғасырларда Еуропада кең тарала бастаған.
Заң қабылдауға ерекше құқықты иеленген Парламенттің құрылуы бұл
монархияның ерекшелігі болып табылады. Мемлекетті монарх басқарады. Ол
үкіметті құрады жəне оның жұмысын бақылайды, вето құқығын иеленеді жəне
парламентті таратуға құқылы. Басқарудың бұл нысаны Германияда, Ливияда,
Түркияда, Тайландта, жəне т.б. мемлекеттерде болған. Қазіргі кезде заң жүзінде
монархияның бұл түрі жоқ, бірақ іс жүзінде көптеген мемлекеттерде дуалистік
монархияның қалдықтары əлі де сақталған, мысалы, Марокко, Иордания жəне
т.б.Парламенттік монархия буржуазияның саяси ықпалының нығайту
нəтижесінде жəне еуропалық мемлекеттерде жұмысшы таптың санының өсуі
нəтижесінде кең етек жая бастады. Парламенттік басқару нысанында монарх
ұлт бірлігінің, ел тəуелсіздігінің символы болып табылады. Мемлекетті басқару
бойынша негізгі құзырет үкіметке тиесілі болады. Монарх парламенттің
ұсынысымен үкіметтің мүшелерін тағайындайды, монарх парламент
қабылдаған құжаттарға қатысты вето қоюға құқығы жоқ. Көптеген парламенттік
монархия мемлекеттерінде контрсигнатура институты бар.
2) Республика – мемлекеттің басқару нысанының екінші түрі. Мемлекет
басшысы (президент) сайланбалы жəне ауыспалы болып табылады, ал оның
билігі халықтың немесе өкілді орган билігінен туынды болып қарастырылады.
Республиканың келесідей белгілері бар: сайланбалық, өкілеттілік мерзімінің
болуы, ауыспалы болуы жəне т.б. Республиканың үш түрі бар: президенттік,
парламенттік жəне аралас. Президенттік республикада – президент бір мезгілде мемлекеттің басшысыжəне атқарушы биліктің басшысы болады. Мысалы, Аргентина, АҚШ жəне т.б.Президент жеке дара өзі үкіметті құрады, оны басқарады, министрлерді
қызметтен босатады. Президент парламенттің алдында саяси жауапты емес.
Президент заң шығарушы органды таратуға құқығы жоқ, бірақ оған вето
құқығын пайдаланып ықпал ете алады.Парламенттік республикада – үкімет саяси партиялар арқылы құрылады
жəне парламент алдында саяси жауапты болады. Мысалы, Түркия, Израиль,Германия жəне т.б. Қажет болған жағдайда парламент үкіметке сенімсіздік
білдіре алады. Əдетте парламенттегі партиялар өкілдерінің саны кезекті
сайлаудың нəтижесі бойынша өзгеріп жатса, үкіметтің құрамы да толығымен
өзгереді. Парламенттік республикада Президент парламентпен тағайындалады.
Заң жүзінде оның құзыреті кең болғанымен, іс жүзінде ол тек мемлекеттің
символы ғана болып табылады.
Аралас республика – жартылай президенттік жəне жартылай парламенттік
мемлекет болып есептеледі. Аралас республикада үкіметтің жауаптылығы екі
есеге артады, президент пен парламент бірлесіп отырып үкіметті құрады жəне
қызмет етуіне бақылау жасайды. Мысалы, Австрия, Польша, Финляндия,
Болгария жəне т.б.
2. Мемлекеттік құрылым нысаны – билік пен басқарудың аумақтық
ұйымдастырылуының ерекшеліктерін сипаттайтын мемлекет нысанының
элементі болып табылады. Мемлекеттің құрылым нысаны: унитарлық жəне
федеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекет – аумағы əкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінген
біріңғай, біртұтас мемлекет. Мысалы, Франция, Италия, Испания, Венгрия жəне
т.б. Унитарлық мемлекеттің екі түрі болады:













Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер

Жоспар:

1)Құқық ұғымы мен негізгі белгілері. Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі.

2)Құқықтық норманың құрылымы ; гипотеза,диспозиция ,санкция.

3)Құқықтың қайнар көзі

4) Құқықтық нормалар актілерінің жиынтығы .

5)Құқықтың өзінің құрылымы ,оның салаларға, институттарға бөлінуі.Қазақстанның негізгі құқықтық салалары.

6)Заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымддар мен қағидалары.


Жалпы ”құқық” ұғымының мағынасын терең ашу үшін, оның түсінігін,
белгілерін, түрлерін, қағидаларын жəне осы құқықтың атқаратын қызметіне
тоқталу қажет. Құқықтың түсінігі туралы заңгер ғалымдардың көзқарасын
ескере, мəнін, астарын ашу, толық ұғындыра отырып жеткізе білу - басты
мақсат.Жалпы өмірде адам əр түрлі əлеуметтік қатынастарға түседі. Қарымқатынас нəтижесінде адамдар арасында өзара əрекеттестік қалыптасады,
түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау жəне көмек беру жүзеге асады.
Қоғамдық қатынастар əлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың
арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар
мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық
құндылықтар жəне əділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың
негізі болып табылады. Сонымен, құқық дегеніміз — мемлекет арқылы
камтамасыз етілетін, əділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс
табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. [1]. Құқық –
мемлекеттің қуатты құралы. Құқық ұғымы туралы заңгер ғалымдар түрлі
пікірлер қалдырған. Сонау Рим заңгерлері, орта ғасырдағы заңгерлер түрлі
пікірлер қалдырған болса, қазіргі замандағы ғалымдар осы құқықтың мəн –
мағынасын ашып, зерделеу үстінде. Целъса, Павла, Ульпиана, Модестина,
Папиниана, Гая сынды Рим заңгерлерінің құқық түсінігін қалыптастыруда
өзіндік орындары бар. Рим заңгерлерінің бірі Цельс: “құқық дегеніміз шындық
пен қайырылымдылықтың өнері(jus est ars boni et aequi)”,- деп пайымдаған
болса, Ульпиан: «құқық зерттеуші адам алдымен jus сөзінің қайдан
шыққандығын білуі тиіс, құқық ұғымы (Otjustitia) осыдан сөзден бастау алады
(мағынасы: шындық, əділдік)...»,-деген екен. Беделді заңгерлердің бірі Павел:
«құқық ұғымы не əділетті болса, соны білдіреді жəне ол табиғаттан беріледі», -
деп түсінік қалыптастырған. Ғалымдардың тұжырымдарына қарай отырып,
құқық сөзін əділеттік сөзімен тығыз байланыстыруға да болады. Осыған
байланысты, Ибраева Алуа Саламатқызы жəне Сапарғалиев Ғайрат
Сапарғалиұлы жазған “Мемлекет жəне құқық теориясы ” кітабында құқықтың
үш алтын тірегі бар деп жазылған. Олар: имандылық, өмірдің материалдық
жағдайлары жəне мемлекет. Осылардың мазмұнын аша отырып, жалпы құқық
түсінігі имандылыққа, əдептілікке негізделеді. Имандылықтың өзі адамдардың
арасын өзара реттейтін бір күш болып табылады. Имандылық арға, ұятқа,
жұртшылықтың пікіріне сүйенеді. Ал имандылықтан құқық нəр алады.
Имандылық əділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылықты, ұрлық жəне басқа
да қылықтарды айыптайды, ал құқықта теріс қылықтарға тыйым салады. Ал
келесі алтын тірегі, жоғарыда аталып өтілгендей, өмірдің материалдық
жағдайлары. Өмірдің материалдық жағдайлары, яғни адамның өмір сүруі
өндірісіне байланысты. Өндіріс нəтижелі болу үшін оның дамуына жағдай
жасау керек, бұл тек мемлекеттің қолынан келеді. Мемлекет болса тұлғаға
меншік құқығын береді. Мемлекет құқықты қабылдайды, қамтамасыз етеді,
қорғайды, жəне олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайды.
Ағылшын құқықтанушысы Генри де Брэк - тон (?—1268) «Ағылшындар
заңы жəне дəстүрі» деген трактатында : «...құқық тек жоғары биліктің
əділеттілігімен жасалғанда ғана жүзеге асырылады»,- деген екен. Белгілі
француз құқықтанушысы, «Кутюмы Бовези» кітабының авторы Филипп де
Бомануар (1250—1296) француздардың мемлекетінде құқықтық консолидация
болуын қолдаған екен. Жалпы құқықтың ұғынудың, түсінудің бірнеше бағыттары бар:
1.Нормативистікбағыт.
2.Құқықтыңтабиғи-құқықтықтеориясы.
3.Құқықтыңдінитеориясы.
4.Құқықтыңтарихибағыты.
5.Психологиялықбағыт.
6.Социологиялықбағыт.
7.Марксистікбағыт.
8.Интегративтік бағыт.
1.Нормативистікбағыт.Оны жақтаушылар (Штаммлер, Но-вогородцев,
Кельзен жəне т.б.) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы
ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сəйкес,
құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында
заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады, жəне бұл жердегі
əрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық
туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған
нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.
2.Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. Бұл құқық Тео-риясын
жақтаушылар (Т.Гоббс, Д.Локк, А.Радищев жəне т.б.) мемлекет орнықтыратын
құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған.
Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке жəне т.б. құқық. Яғни,
табиғи құқық (адамның табиғи, мəңгі, өзгермейтін құқықтарының жиын-тығы) –
қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз
бойына сана мен мəңгілік əділеттілікті сіңіре білген құқық. Бұл теорияның 33
шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни, позитивтік құқықпен
(мемлекет қабылдаған заңдармен) қатар адамға туған сəтінен тиесілі жоғары,
шынайы, табиғи құқық та болады.3.Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына, ең алдымен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома
Аквинский жəне т.б.) егер адамға табиғи құқықтар туған сəтінен берілсе,
оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған.4. Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи, Гуго, Г.Пухтажəне т.б.) құқықты заңшығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық рухтың,дамуы нəтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған.
Құқықтанушы-ғалымдар халықтық құқықтық рухтың көріністерін дəл тауып,
оның ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы
дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.
5.Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л.И.Петражицкий,
Росс, И.М.Рейснер жəне т.б.) нормалармен қатар «құқық» түсінігіне адамдардың
құқықтық санасын да, құқықтық эмоцияларын да енгізеді. Психологиялық
бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі,
бұл кезде жаңа заңдар қалыптаспаған болатын, тіпті, деректердің өзінде
соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сəйкес шешуінде құқықтық
санаға жүгінуі танылған еді.6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теориясының өкілдері(П.Эрлих, Жени, С.И.Муромцев жəне т.б.) құқық табиғи құқықтар мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан көрініс табады деп санаған, яғни,
құқықты өз құқықтарын белгілі бір дəрежеде жүзеге асырушы жеке жəне заңды
тұлғалардың қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті құру
тəжірибесі де жарияланған.Құқықтық мемлекет – адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының толығымен қамтамасыз етілуі үшін жағдай жасайтын,
сонымен қатар заңның үстемдігін жоғары қоятын, құқық арқылы мемлекеттік
билікте асыра пайдаланушылықты болдырмау мақсатын алдына қоятын саяси
биліктің ұйымы болып табылады. Құқықтық мемлекеттің түпкілікті идеясы деспотизмді, тиранияны,бассыздықты болдырмауды меңзейді. Құқықтық мемлекеттің мынадай белілері бар:1) адамның құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз
етілуі жəне қорғалуы. Бұл қағида ҚР Конституциясының 1-бабында баяндалған.
Құқықтық мемлекет əрбір өзінің азаматының жеке тұлға ретінде дамуына жанжақты қолдау көрсетуі керек. Адамның құқықтары мен бостандықтары бірінші
орында тұруы қажет.2) заңның үстемділігі – барлық конституциялық тəртіпті қатаң сақтай
отырып биліктің жоғарғы органымен қабылданған заң атқарушы билік
актілерімен жойыла, өзгертіле немесе тоқтата тұрыла алмайды. Заңның ең
жоғарғы күші болады жəне ол республика аумағында əрекет етеді.
3) биліктің бөлінуі – билік заң шығарушы, атқарушы жəне сот биліктері
болып үш тармаққа бөлінеді. Биліктің бөліну жүйесін қалыптастырған Дж. Локк
пен Ш.Л. Монтескье болған. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін, түрлі
əлеуметтік топтардың тарапынан билікті асыра сілтеп пайдалануын жою үшін,
саяси бостандықты бекіту үшін билікті заң шығарушы, атқарушы жəне сот
билігі етіп тармақтарға бөлудің маңызы зор. Аталған биліктердің əрқайсысы
бірі-бірімен байланысты болғанымен əрқайсысы өз қызметін дербес атқарады.
Конституцияда жəне өзге де заңдарда белгіленген тепе-теңдік жəне тежемелік
жүйе нақты мемлекеттік билікке қатысты құқықтық шектеулер жиынтығын
құрайды.4) мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығының болуы – құқықтық
мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл идеяны дамытқан
И.Кант болған. Мемлекет заңи нысанда қоғам мен тұлғаның бостандығын
белгілейді, ал мемлекеттің өзі өзіндік шешімдері мен əрекеттерінде
шектеулерден бос емес. Мемлекет заңның көмегімен өзінің азаматтарымен,
қоғамдық ұйымдармен, өзге де мемлекеттермен əділеттікті жəне теңдікті
қамтамасыз ететіндей міндеттемелер алуы керек. Құқыққа бағына отырып
мемлекеттік органдар құқықтық нормалардың ұйғарымдарын бұзбауы тиіс жəне
бұл міндетті бұзғаны не орындамағаны үшін жауапты болып табылады.
Мемлекеттік органдардың өз міндеттемелерін орындауы қоғам тарапынан
бақыланады. Қоғам ол бақылауды референдум, сұрау салу, сайлаушылардың
алдында депутаттардың есеп беруі арқылы жүзеге асырады.
5) саяси плюрализмнің болуы – көппікірлілік, пікірлердің сан алуан болуын білдіреді. Құқықтық мемлекетте сөз бостандығы қамтамасыз етіледі.6) азаматтық қоғамның болуы.
Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гоббс, Локк жəне т.б.
Азаматтық қоғам өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасылық
қатынастар мен институттардың жиынтығы болып табылады.Бұл институттар
арқылы жеке тұлғалар мен олардың топтарының мүдделеріқанағаттандырылады.Азаматтық қоғамның құрылымына жатады: 191) мемлекеттік емес əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар(меншік, еңбек, кəсіпкерлік);2)мемлекеттен тəуелсіз өндірушілердің болуы; 3)қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар;4) саяси партиялар мен қозғалыстар;

Құқықтың нысаны мен қайнар көздері өзара байланысты болып келеді,
бірақ өзіндік айырмашылықтары бар. Құқықтың нысаны құқықтың мазмұны
қалай ұйымдастырылған жəне қалай көрініс табатынын көрсетсе, құқықтың
қайнар көздері болса құқықтың қалыптасуын, шығуын, оның мазмұны мен
нысанын анықтайтын факторлар жүйесін көрсетеді. Сонымен, құқықтың нысаны дегеніміз – мемлекетпен танылған заңнормаларының бекітілуі амалы болып табылады, ал құқықтың қайнар көздері –бұл құқықтың шығуы, қалыптасуы болып танылады.
Заң ғылымында құқықтың қайнар көздерінің (нысанының) мынадай түрлері
бар: құқықтық əдет-ғұрып, құқықтық прецедент, нормативтік келісім-шарт,
нормативтік-құқықтық акті жəне құқықтық доктрина.
1. Құқықтық əдет-ғұрып əлеуметтік нормалардың ең ежелгі түрі болып
табылады. Бастапқыда құқық белгілі бір халықтардың əдет-ғұрыптарының
қарапайым жиынтығы болды, кейін мемлекет пайда болғаннан соң ол құқық
қорғала бастады. Мысалы, қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Əз-Тəуке ханның
Жеті жарғысы» құқықтық əдет-ғұрып болып табылады. Əдет-ғұрыптар атадан
балаға ауызша түрде беріліп отырған. Кейін бұл əдет-ғұрыптар жалпыға бірдей
міндетті жүріс-тұрыс ережелері түрінде əрекет етіп, мемлекетпен қорғала
бастады, нəтижесінде əдет-ғұрыптар құқықтық бола бастады. Бірақ барлық 23
əдет-ғұрыптар құқықтық болған жоқ, тек мемлекетпен танылған əдет-ғұрыптар
ғана құқықтық мəнге ие болды.Қазіргі кезде əдет-ғұрыптар құқықтың қайнар көздері ретінде Африка,Латын Америка елдерінде, Жапония, Қытай мемлекеттерінде кеңінен қолданыстапқан. Қазақстан Республикасында құқықтық əдет-ғұрып құқықтың қайнар
көзі болып табылмайды.2.Құқықтық прецедент дегеніміз – сот немесе əкімшілік органның
шығарған шешімі болашақта ұқсас істерді шешу үшін үлгі болып табылады.
Құқықтық прецеденттің соттық жəне əкімшілік түрлері бар.Соттық
прецедент дегеніміз – азаматтық не қылмыстық іс бойынша соттың шығарған
шешімі, ал əкімшілік прецедент дегеніміз – атқарушы билік органы немесе
əкімшілік сотпен қабылданатын шешім болып табылады. Бұл шешімдердің
заңдық күші болады. Сот прецедентінің мынадай белгілері бар: 1) ол жоғарғы сот
инстанциясымен қабылданады;2) ол арнайы жинақтарда ресми түрде
жариялануы керек 3) прецедент ұқсас істер бойынша төменгі тұрған соттарға
қолдану міндетті болып табылады.Прецедент құқықтың қайнар көздері ретінде АҚШ-та, Австралияда,Ұлыбританияда, Канадада жəне т.б. елдерде кеңінен қолданысқа ие болып
табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық прецедент құқықтың қайнар
көзі болып табылмайды.3. Нормативтік шарт – тараптардың тең жағдайда ерікті түрде келісімге келуін көздейтін құқық нормасының бір түрі болып табылады. Заң саласында
мемлекет ішінде жəне халықаралық деңгейде түрлі нормативтік шарттар, атап
айтқанда халықаралық шарттар мен келісімдер, жұмыс беруші мен жұмысшы
ұжымның арасында жасалатын ұжымдық шарттар жасалып жатады.
Нормативтік шарттар құқықтың қайнар көзі ретінде мына салаларда
қолданылады:1) конституциялық құқықта – орталық пен жергіліктің арасында өзара
қарым-қатынастың ерекшеліктерін анықтайтын шарттар жасалады;
2) еңбек құқығында – еңбектік қатынастар ұжымдық шарттар мен
келісімдер арқылы реттеледі.Қазақстан Республикасында нормативтік шарттар құқықтың қайнар көзі болып табылады.4. Нормативтік құқықтық акті – мемлекетпен қатаң белгіленген тəртіппенқабылданатын, құқық нормаларынан тұратын ресми құжат болып табылады.Нормативтік құқықтық актілер заң жəне заңға негізделген актілер болып
екіге бөлінеді.Заң дегеніміз –мемлекетпен атап айтқанда заң шығарушы органмен немесе
халықпен референдумда ерекше тəртіппен қабылданатын, жалпыға бірдей
міндетті болып табылатын, ең жоғарғы заңдық күшке ие, маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актінің бір түрі болып
табылады.Заңның мынадай түрлері бар:1) Конституция – мемлекеттің ең негізгі заңы, конституциялық құрылысты,адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, басқару нысаны менмемлекеттік құрылымды бекітетін саяси – құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар – Конституцияда қарастырылатын жəне онымен тікелей байланысты болатын заңдар;3) ағымдағы заңдар – конституциялық заңдардың орындалуы үшінқабылданады жəне қоғам өмірінің түрлі салаларын реттейтін жай заңдар болып
табылады.Заңға негізделген актілер – заңның орындалуы үшін қабылданатын
қосымша актілер болып танылады. Заңға негізделетін актілердің мынадай түрлері бар:

1)ҚР Президентінің жарлықтары мен өкімдері;2)ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;
3)Министрліктердің, ведомствалардың, комитеттердің бұйырықтары, нұсқаулықтары мен ережелері;4)жергілікті мемлекеттік билік органдарының шешімдері мен қаулылары;
5)белгілі бір кəсіпорынның, мекеменің жəне ұйымның қабылдаған
нормативтік ұйғарымдары – локальді нормативтік актілер жəне т.б.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілер құқықтың
қайнар көзі болып табылады.5.Құқықтық доктрина – атақты заңгер-ғалымдардың еңбектеріне немесежалпыға танылған құқықтық ілімдеріне мемлекеттің рұқсатымен құқықтықнормаларды қолдану үрдісінде ресми түрде жүгінуге болатын құқықтың ерекше
нысаны болып табылады.Құқықтық доктрина англосаксондық жəне мұсылмандық құқықтық жүйелерде кеңінен қолданылады.Қоғамдық қатынастар құқықтық нормалармен реттелуі тиіс.Құқық нормасы дегеніміз – мемлекетпен белгіленген жəне қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға бірдей
міндетті, формальді анықталған жүріс-тұрыс ережелері болып танылады.
Құқық нормасының құрылымы үш элементтен тұрады:
1) гипотеза – оның əрекет етуі шартын, яғни уақытын, орнын, субъектілік
құрамын көрсететін құқық нормасының элементі.
2) диспозиция – субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы
мінез-құлқын анықтайтын, гипотезада белгіленген заңды айғақтардың бар
болғанында пайда болатын құқық нормасының элементі. Диспозиция құқық
нормасының негізгі элементі, ол болмаса құқық нормасы да болмайды. 25
3) санкция – диспозицияны жүзеге асырушы субъекті үшін салдарды
көрсететін құқық нормасының элементі. Санкция – жазалау шарасы болып
табылады.Құқық нормасы мынадай түрлері бар:
1) құқықтық реттеу пəні бойынша: конституциялық, əкімшілік, азаматтық,
қылмыстық құқықтық нормалар жəне т.б болып бөлінеді;
2) құқықтық реттеу əдістері бойынша: императивтік, диспозитивтік,
мадақтау, ұсыныстық болып бөлінеді;
3) қызмет етуіне қарай: туынды, жалпы жəне арнайы нормалар болып
бөлінеді;
4) сипатына қарай: материалды жəне процессуалды нормалар болып екіге
бөлінеді.
Құқықтық норма құқықтық қатынастың пайда болуының негізі болып
танылады. Құқық нормасы қоғамдық қатынастың құрамдас бөлігі болып
табылатын құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Құқықтық қатынастар дегеніміз – құқық нормаларымен реттелетін,

қатысушыларының тиісті субъективтік құқықтары мен заңи міндеттері бар
қоғамдық қатынас болып табылады.Құқықтық қатынастардың өзіне тəн элементтері бар, олар:1) құқықтық қатынастың субъектісі – тиісті құқықтары мен міндеттерге ие
болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар.Субъектілер жеке
тұлғалар(азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары, қос
азаматығы бар азаматтар) жəне заңды тұлғалар (мемлекеттік органдар,
ұйым, ұжым, мекеме) болып екі топқа бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз – оқшау
мүлкі бар, сол мүлікпен жауап беретін, сотта талапкер не жауапкер бола алатын,
дербес мөрі, сметасы жəне балансы бар ұйым болып табылады. Заңды тұлғалар
коммерциялық жəне коммерциялық емес болып екіге бөлінеді.
















Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы

Жоспар:

1) Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және билік органдарының жүйесінің құқықтық нормалар жиынтығы.

2)Конституциялық құқықтық нормалар мен оның түрлері . Құқықтық институттар.

3)Қазақстан Республикасы конститутциялық құқығын оқытуға – жеке тұлғаның мәртебесі жеке тұлға мен мемлекет,мемлекеттің егемендігін , биліктің бөлініуі , басқару формасы,мемлекеттік құрылыс,азаматтылықтың жалпы сұрақтары кіреді.

4) ҚР конституциялық құрылысы ұғымы . ҚР –құқықтық , әлеуметтік зайырлы ,демократиялық мемлекет. Республикалық басқару формасы .

5)Мемлекеттік құрылыстың унитарлық формасы . ҚР – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

6)Заң шығарушы билік негізі – Парламент.

Атқарушы билік органы жүйесі

7)Конституциялық Кеңес – конституциялық бақылау органы . ҚР сайлау құқығы ұғымы мен жүйесі . Сайлау жүйесі мен ұғымен түрлері . ҚР сайлау жүйесі .

Конституциялық құқық  – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын  көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік  құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:  міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Конституциялық құқықтық реттеу әдісі саяси-құқықтық сипатта  болады, өйткені Конституцияда қоғамдық идеялар, әлеуметтік құндылықтар, моральдық  принциптер категориясы бекітілген.

Осылайша, Конституциялық құқық – бұл ҚР  конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Конституциялық –  құқықтық қатынастар дегеніміз –  конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен  міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа  қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.

Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқұқ саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және  қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.

Конституциялық - құқықтық нормалар бұл  мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен  қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.

Конституциялық – құқықтық институттар  дегеніміз қоғамдық қатынастың бір  жақты және өзара байланысын реттейтін  және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты  және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың  институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән  түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

Конституциялық құқықтың пəні болып қоғамдық қатынастардың кешені
табылады. Берілген қатынастар біртұтас жəне қоғам мен мемлекеттің
құрылымының негізін сипаттайтын жəне бекітетін бір саланың пəні болып
табылады. Бұл қатынастарда қоғам мен мемлекеттің мəні мен табиғаты көрініс
табады. Конституциялық құқық қоғам өмірінің барлық салаларында
қалыптасатын қатынастарды реттейді: саяси, экономикалық, əлеуметтік, рухани
жəне т.б. Басқа салалар өмірдің бір саласындағы қоғамдық қатынастарға ғана
əсер етеді. Мысалы: əкімшілік құқықтың пəні болып əкімшілік қатынастар,
еңбек құқығында пəні болып еңбек қатынастарабылады.
Конституциялық құқықтың пəнінің ерекшелігі болып оның нормалары
берілген салалардағы белгілі қатынастарды ғана реттеуі табылады. Оның пəні
болып көрсетілген салалардағы негіз болып табылатын қатынастар табылады.
Қарастырылып отырған қатынастардың жиынтығы қоғамды біртұтас жүйе,
билікті жүзеге асыру тетігі халық, қоғам мен мемлекеттің істерін
ұйымдастырумен сипатталады.
Осы қатынастарды қарастырып өтейік. Олар үш типке бөлінеді:
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негізін
сипаттайтын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар мемлекеттің түбегейлі
бекітілімдер мен қағидаларды сипаттайды. Аталған қатынастарда олар сапалық
сипаттамада көрсетіледі: суверенитет, басқару нысаны, мемлекеттік құрылым
нысаны, биліктің тиесілілігі, саяси режим, қоғамның саяси жүйесінің жалпы
сипаттары.




















Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының негіздері

Жоспар:

1)Әкімшілік құқық пәні ,әдістері және жүйесі . Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру .

2)Әкімшілік құқықтың қайнар көздері . Әкімшілік құқық субъектілері. Түсінігі және олардың түрлері .

3)Әкімшілік жазалар.

Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару саласындағы  қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың түсінігін мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастармен байланыстырады.

Әкімшілік құқықтың пәні болып ол реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы табылады.

Теорияда әкімшілік құқықтың пәнін шартты түрде екі топқа бөліп қарастырады:

1) ішкі аппараттық қатынастар – мұнда сәйкес құқықтық нормалар атқарушы билік органдарының жүйесін, оларға бағынысты мекемелерді, олардағы қызметті ұйымдастыруды және жұмыстардың нысандары мен әдістерін бекітеді;

2) әкімшілік биліктің кәсіпорындармен, мекемелермен, кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынастары.

Әкімшілік құқық тек әкімшілік әсер ету құралдарының жүйесін құрайды: әкімшілік мәжбүрлеу, лицензиялау, тіркеу. Әкімшілік мәжбүрлеу – әкімшілік құқық пәнінің маңызды бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқықтың пәніне азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарауға байланысты қатынастар да жатады.

Жоғарыды аталғандарды қорытындылай келе, әкімшілік құқықтың пәніне мынадай анықтама беруге болады.

ҚР-ның әкімшілік құқығының пәні болып мемлекеттік әкімшіліктің қалыптасу және қызмет ету процесінде және әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын, басқа да әкімшілік әсер ету шараларын қолдану, азаматтардың шағымдарын соттан тыс тәртіпте қарау барысында пайда болатын билік қатынастары табылады.

Әкімшілік құқық пәнін басты құрамдас бөлігі, оның негізі болып мемлекеттік әкімшіліктің азаматтар және ұйымдармен қатынастарының жүйесі табылады. Әкімшілік құқықтың басты міндеті болып азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету табылады.

Әкімшілік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу әдісі құқықтық әсер етудің негізгі тәсілдерімен қатар бірқатар ерекшеліктерге ие:

а) міндеттеу – құқытық нормада қарастырылған жағдайға сәйкес белсенді түрде белгілі бір әрекетті орындауға тікелей заңды міндетті жүктеу;

ә) тыйым салу – құқықтық нормада көзделген жағдайларға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасамауға тікелей заңды міндетті жүктеу;

б) рұқсат беру – құқықтық нормамен көзделген белгілі бір әрекеттерді субъектінің қалауына қарай орындауға немесе орындамауға заңды түрде рұқсат ету.

Әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері мемлекеттік басқарудың ерекшелігімен тығыз байланысты. Себебі, бұл салада көп жағдайда бағынушылық қатынастар орын алған. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жәйт – әкімшілік-құқықтық қатынастар басым көпшілік жағдайда мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) бір жақты ерік білдіруінің негізінде қалыптасады. Мысалы, бұйрық, шешім, қаулы және т.б. Яғни, әкімшілік құқықтық реттеу заңды теңдігі жоқ қатысушылар субъектілері болып табылатын қатынастарға бағытталған.

Қоғамның санасында әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасып кеткен. Алайда, әкімшілік құқықты мемлекеттің экономикада және басқа да қоғам өмірінің  салаларында белсенді араласуы ретінде сыңар жақ түсінуге де болмайды. Әкімшілік құқық мемелекеттің мүддесіне қызмет ете отыра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды түрде жоғары тұруын қатаң сақтайды.

Кез-келген құқық саласының өзіндік ерекшеліктері болып оның пәні және әдістерімен қатар жүйесі де табылады. Мұндай кезектілік әкімшілік құқықта айқын көрінеді.

Әкімшілік құқық – реттеудің әдістерін, қағидаларын, мақсаттарын, пәнін біріктіретін құқықтық нормалардың біртұтас жүйесі. Бұл нормалар бір-бірімен тығыз байланысқан, бірдей қағидаларға негізделеді, бірдей түсініктер жүйесін пайдаланады. Сала ішінде әртүрлі заң күшіне ие, жалпы және арнайы нормалардың субординациясы айқын көрінеді.

Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынстардың міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.

Қазіргі кезде әкімшлік құқықтың мақсаттары мен міндеттеріне деген көзқарастар түбегейлі өзгеруде. Атқарушы биліктің міндеттерінің ішінде басты орынды адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту, сақтау және қорғау иеленген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және жүзеге асырудың деңгейі – биліктің жүзеге асырылуының тиімдлігінің көрсеткіші.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:

1) Мемлекеттік әкімішіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;

2) Азаматтардың, мемлекеттің ,қоғамның қауіпсізідігн қамтамасыз ету;

3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;

4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;

5) Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

6) Азаматтарды және қоғамды мемлекеттік әкімшіліктің өзіндік билігінен, немқұрайдылықтан және билікті заңсыз пайдалануынан сақтауды қамтамасыз ету.

Әкімшілік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден құралған.

Жалпы бөлім мемлекеттік әкімшілік үшін жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормаларды құрайды. Сондықтан да, өз кезегінде, жалпы бөлімнің нормалары екіге бөлінеді: жалпы реттеуші және жалпы қорғаушы нормалар.

Ерекше бөлім әкімшілік биліктің әрекет етуінің жекелеген салаларындағы арнайы реттеуші және қорғаушы нормалардан құралған.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері деп әкімшілік құқықтық нормалардан тұратын мемлекеттік органдардың актілерін айтамыз.

Қайнар көздерінің алуан түрлі болуы осы құқық саласының ең басты ерекшелігі болып табылады. Ол әкімшілік құқық пәнінің кең болуының бірден-бір дәлелі.

Барлық құқық салаларындағыдай мұнда да негізгі және басты қайнар көз ретінде – ҚР Конституциясы табылады.

Құқықтың қайнар көздері қай орган немесе лауазымды тұлға шығарғанына және заңды күшінің деңгейіне қарай мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады. Олар мынадай тәртіпте көрініс табады:

1) Референдумда және заң шығарушы органда қабылданған актілер (Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар);

2) ҚР-ның Президенті қабылдаған актілер (жарлықтар,өкім);

3) ҚР-ның Үкіметі кабылдаған актілер (қаулы, өкім);

4) Орталық атқарушы органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы);

5) Жергілікті атқарушы және өкілді органдар қабылдаған актілер (ереже, бұйрық, шешім, нұсқаулық, қаулы).

Әкімшілік құқықтың арнайы өзінің қайнар көзі болып 2001 жылғы 30-қаңтарда қабылданған “ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” табылады. Осы Кодекске көрсетілгендей, халықаралық шарттар мемлекетпен ратификацияланған болса, қайнар көз ретінде заңды күшке ие болады және де ол ҚР-ның заңдарынан жоғары тұрады.

Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың осы әкімшілік қатынастарға қатысты қабылдаған қаулылары да әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып табылады

Жалпы құқық бұзұшылық-бұл адамға,мемлекетке зиян келтіретін,құқыққа қайшы,қоғамға қауіпті,кінәлі іс- қимыл. Құқық бұзұшылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді. 1) Қылмыс-бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген,қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекер. 2) Теріс қылық-қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар тұғызатын қоғамға аса қауіпті іс әрекеттер.Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік,азаматтық-құқықтық,материалдық бөліктік,тәртіптік.Соның ішінде біздің қарастырайтын деп отырғанымыз-әкімшілік құқық бұзушылық. Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы заңдардың міндеттері –адам және азаматтардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,қоршаған ортаны,мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін,құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзұшылықтан қорғау ,сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. 1. Әкімшілік құқық бұзұшылық түсінігі.Жеке адамның,әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы,кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті,не әреетсіздігі әкімшілік құқық бұзұшылық болып табылады. Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзұшылық жасаған кезде әрбір құқық бұзұшылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзұшылық жасап,ол істерді бір судья,орган қараса,бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі-30 тәуліктен,ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауға тиіс. Әкімшілік құқық бұзұшылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар: 1) кінәлі адамның шын өкініуі; 2) кінәлі адамның құқық бұзұшылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы,залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы; 3) әкімшілік құқық бұзұшылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 4) әкімшілік құқық бұзұшылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 5) әкімшілік құқық бұзұшылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы; 6) әкімшілік құқық бұзұшылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау; 7) әкімшілік құқық бұзұшылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу,құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау,бұрықты немес өкімді орындау кезінде жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жәйлар: 1. тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру; 23 2. бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған,мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы; 3. кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту. 4. кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымен ауыратын адамдарды,не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды,не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы; 5. ұлттық,нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша,басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу,сондай-ақ ,басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 6. адамға немесе оның жақындарына қатсты белгілі бір адамның өзінің қызметтік,кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 7. кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты,сондай-ақ жас балаға,басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 8. адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасау; 9. табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше; 10. маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері Жеке адамның құқықтарыена қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар,оларға мыналар жатады; А) ааматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу; Б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу; В) азаматқа ақпарат беруден бас тарту; Г! Еңбек туралы заңдарды бұзу; Д) зейнетақымен қамтасыздандыру туралы заңдарды бұзу; Е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу; Ж) ұжымдық шарт,келісім жөніндегі келісөздерге қатысудан жалтару; З) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу. Мысалы,азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу,тілге байланысты себептер бойынша кемсіту- лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық А) үгітке тиым салынған кезеңде оны жүргізу. Б) Президентке,депутатқа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату; В) салау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің,байқаушының құқықтарын бұзу; Г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бюллетендер) беру, т.б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,судья,орган мына қаулылардың бірін шығарады: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы; 2) іс жүргізудегі қысқарту туралы; 3) жаза қолдануға құқылы судьяның,органның қарауын беру туралы; 4) айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы









































Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық

Жоспар:

1)Сыбайлас –жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңы . Негізгі ұғымдары .

2)Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушы субъектілері.

3) Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР Заңның қолданатын сала аясы . « ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі »

сақталуы.

4) Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық (30 АЕК)


“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.  
 Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. 
 Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:  
 1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі. 
 Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген. 
 Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.  2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.  Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.  Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.  Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған. 
 ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.   3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.  Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.  Заңға сәйкес аталған қағидалар: -мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті; 
 -лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;  -жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың   зиянды салдарын жою және алдын алу: 
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;  -кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау. Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.  Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. 
 Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды. 
 3.1. Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады? Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті. ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады. ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.  ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады. Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.  
 3.2. Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.  Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті. “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген: сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады; -сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.  
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады: 
 -қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 
 Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды. Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады. 3.3.Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады? “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады: 

-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы; 
 -өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану; -мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған басымдық беру; -шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру; 
-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету; 
 -мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;  -жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;  -жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;  мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;  жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса; жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;  жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;  мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру; жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;  Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса. 
 Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін? Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады. Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады. Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.Қазақстан 2008 жылғы  рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр).

Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.














Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері

Жоспар:

1)Азаматтық құқық ұғымы . Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы мен түрлері.

2)ҚР азаматтық құқығы қайнар көздері. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.

3)Азаматтардың құқық қабілеттілігі Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі және түрлері


1.Азаматтық құқық заңдарментауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.

Азаматтық құқықтың субъектілері

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.

Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі -бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

Құқықтың қабілеттiлiгiнiң негізінде азаматтар:

· өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;

· мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;

· заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;

· заңды тұлға құра алады;

· заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;

· тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;

· әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;

· басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан пайда болады.

Жасы толмағандардың әрекет қабілеттілігі - жасы 18-ге толмағандар әрекет қабілеттілігі бойынша екі топқа бөлінеді:

· он төрт жасқа толмағандар;

· он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз өрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот өрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді ез бетінше жасауға қүқылы.

Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін езге де құқыққа, албірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.

Түрлері:

· ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

· шаруа /фермерлік/ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық көсіпкерлік;

· кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады.

Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 мамырдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы», 1998 ж. 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңдары және т. б. құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.

Азаматтық кодекстің 33-бабында айтылғандай, Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлга деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік (ЖШС,ТС,СС,ҚЖС), өндірістік кооператив (бірлескен кәсіпкерлік қызмет), мемлекеттік кәсіпорын (Республикалық, коммуналдық) нысандарында құрылуы мүмкін, ал коммерциялық емес ұйымдар болып табылады мекеме (құрылтайшысы басқару, әлеуметтік мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзгеде қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым), қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті одақтар), тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар, одақтар/.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.

Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс.

2.Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді.

Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. /Иеленудің заңды, заңсыз, адал ниетті, арам ниетті деп бөлінеді. Егер мүлікті заңды негізде жасаса онда ол заңды иелену болып табылады. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзды деп есептеледі. Иеленуші иеленген затының заңсыз екенін білсе, білуге тиісті болса онда ол арам ниетті делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлелдемейінше зат иеленуші адал алушы қатарына жатады./ Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. /Затты нақты пайдаланып немесе оны кіріс алғанша тұтыну (Мыс: жалға беру) Пайдалануға өкілетті алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды.

Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді айталық затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді. (мысалы: арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі). Билік етудің өкілеттігі жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамға беруі болып табылады.

Осылардың бәрі азаматтық құқық институты - меншік құқығын құрайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды.

Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.

Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:

* жерді пайдалану құқығы;

* шаруашылық жүргізу құқығы;

* оралымды басқару құқығы;

* заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.

Азаматтық құқық қатынастарының объектілері

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегіндежылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.

Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлікдеп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бұл - біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.

Азаматтық шарттардың негізгі түрлері:

1. Мүлікті меншікке берудегі міңдеттемелер:

- сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату);

- айырбас шарты.

2. Мүлікті уақытша пайдалануға берудегі міндеттемелер:

* мүлікті жалдау /аренда/;

* лизинг;

* кәсіпорынды жалдау;

* үйлер мен ғимараттарды жалдау;

* көлік жалдау;

* прокат;

* тұрғын үйді жалдау шарты;

* мүлікті тегін пайдалану шарты.

3. Жұмыстар атқарудағы міндеттемелер:

* құрылыс мердігерлігі шарты;

* жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты;

* ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты.

4. Қызмет көрсетудегі міндеттемелер:

* өтелмелі қызмет көрсету шарты;

* тасымалдау шарты;

* көлiк экспедициясы;

* заем шарты;

* факторинг шарты;

* банктiк қызмет көрсету шарттары;

* сақтау шарты;

* сақтандыру шарты және т.б. төменде азаматтық жүйесi таблица түрiнде келтiрiлiп отыр.

Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түрі пішіндері

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіның 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдеретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталғандықтан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалармен нормалармен реттеледі.

Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.

Мәміленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен дазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көірініп тұраған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер: 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызметөрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түр пішінде жасалуы тиіс; 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарды өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе,тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниеттің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлікке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.

Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Мәміленің түрлері. Азаматтық құқық саласындамәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты және көп жақты дегенмәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.

Заңнамалар мен тараптардың кеісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақты да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар.

Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.

Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты беріп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әрекетті жақтар щарттың орындалуы барысында іске асырылады. Тараптар ең алдымен мүлікті не зқатты бір-біріне сату жөнінде өзара келісім қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негізі болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміледе, керсінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шықса, вексель қайта қаралмайды және вексель векселді ұстаушы не векселді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды.

Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді.Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.

Егер де мәміледе тараптардың құқықтар мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетілсе олкейінге қалдырылған мерзім делінеді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатандармен жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

3.Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар.

Міндеттеме қабылдаудың мақсаты борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды. Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі. Мұнымен қоса, міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін.

Мәміленің тарабы ақша міндеттемесін орындамаудың салдарынан, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебінде сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында пайыздар төленуге тиіс.

4.Неке дегеніміз ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немевсе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.

Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ.

Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-І Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемелекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтініші некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептер көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Неке тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйттар кіреді. Некеге тұруға: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен терейтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балардың, атасының, әжесінің және немерелерінің) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі бөлек немесе анасы ортақ ағалы-інілі мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап алушалар мен асырап алғандардың;4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақта мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемелекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемелекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

Некені тоқтату. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жаиялаған немесе сот хабар-ошарсыз кетккен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешеімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.

Некені бұзу. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмілетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі – зайыптыларға ортақ кәмлетке толмаған балаларынаң болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін: 1) сот хабар – ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сотәрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бюостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

Некені сот тәртібімен бұзу: 1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі – зайыптыларда кәмлетке толмаған ортақ балалардың болуы; 2) ерлі-зайыптылардың біреунің некені бұзуға келісімі болмаған кезде; 3) егер ерлі – зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қармастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса; 4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

Егер сот ерлі-зайыпталардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреунің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып , істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер ерлі-зайыптылардың татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. Екі жақтың өзара некені тоқтату туралы ерікті келісімі болған жағдайда некені бұзу сот шешімімен кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.

Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәлетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.

Егер ерлі зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот: 1) неке бұзылғаннан кейін кәмлетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға; 2) балаларды асырауға алимент ат-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге; 3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге; 4) екінші жұбайдың асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда- соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқталады. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті. Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.

Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайында қамқорлық жасауға міндетті.

Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ текретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреунің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.























Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы негіздері

Жоспар:

1)Еңбек құқығы ұғымы . Ұжымдық және жеке еңбектік шарт.

2)Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты . Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаудың ерекшеліктері.

3)Еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттар . Еңбек шартын тоқтату . Еңбекті қоррғау.

4)Еңбектік тәртіп. Материалдық жауапкершілік.

5)Еңбектік даулар . Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы түсінігі , қайнар көздері.

6)Қазақстан Республиксаында зейнетақымен қамтамсыз етудің құқықтық негіздері. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

7)Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Төлемдерді тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі .

 

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла­нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.Еңбек қатынастары еңбек құкығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдык еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.

Құқыктың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла­нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құкықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпы-лама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай бвлгілермен: 1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қаты­настарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.

Еңбек құқығы жүйес ідеп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құкығы институттарының барлығына бірдей колданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құкығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек кұкығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.Еңбек құқыгы негіздері (деректік көздері) дегеніміз заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық қатынастарды және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін нормативті актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар: 1) еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған зандык күші бар актілердің санының көптігі; 2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің са-нының басымдылығы; 3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) зандық күшіне қарай: зандар, зандық күші бар актілерге — Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары, Үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрыктар, ережелер және жергілікті нормативтік актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республи-калық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.

Еңбек құқығының қайнар көздері — күрделі, көп деңгейлі кұрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі зандык күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. (Тиісінше, еңбек құқығы саласының құрылымдарын). Еңбек туралы заңнамалар да Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексіне (2007), жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынасын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасы бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық зандар алдында басымдылығы бар, және, егер оны қолдану үшін Қазақстан Республи-касының заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (8-бап), халықаралық ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметтейді.Еңбек құқығының негізгі деректік көздеріне еңбек саласында қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылғы 25 маусымда Женева қаласыңда дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған «Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы» халықара­лық Конвенция қабылданған. Осы Конвенцияға 1999 жылғы 20 шілдеде № 444 Заңмен Қазақстан Республикасы қосылды. Сон-дай-ақ Женева қаласында 1999 жылғы 17 маусымда Халықара­лық еңбек ұйымы Бас конференциясыңын 87-сессиясында қабылданған «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенция (182-Конвенция) қабылданды. Бұл Конвенцияға да Қазақстан 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 367-ІІ Заңмен қосылды. Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас кон-ференциясының 14-сессиясы «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы» Конвенция (29-конвенция) қабылдады. Бұл Конвенцияға Қазақстан 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 120-И Заңымен косылды. Женевада 1957 жылғы 25 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 40-сессиясы қабылдаған «Мәжбүрлі еңбекті жою туралы» Конвенцияға Қазақстан Рес­публикасы 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 117-И Заңымен қосылды. Женевада 1948 жылғы 9 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 31-сессиясы қабылдаған «Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы» Конвенциясына біздің еліміз 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 119-11 Заңымен қосылды.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданған № 251-III ҚРЗ «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі». Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.













Салық құқығының негіздері

Жоспар:

1)Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.

2) Салық және оның түрлері . Салықтық жеңілдіктер .

3)Салық төлеуден жалтарыну

4)Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі.

Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.

Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.

Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.

Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:

- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

- Салық – ақшалай нысанды төленеді;

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

- Салық – баламасыз сипатта болады;

- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;

- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.

1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.

Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.

Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:

Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;

Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).Ал, қайтарымсыздық дегеніміз- ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.

4. Салық –баламасыз сипатта болады.

Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.

Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.

5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.

Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.

6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

Салық қатынастарының тұрақталығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығы жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).

Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасы таба береді.

Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;

- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;

- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;

- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;

- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;

- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.

Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.

1.Салықты тек мемлекет қана белгілейді.

Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге және енгізуге құқық жоқ.

Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.

Салық- осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.

Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:

Біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;

Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;

Үшіншіден, осы қабылданғанқұқықтық акт белгілі бір тәтіпке сәйкес жүргізіледі.

2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.

Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.

Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып норативті актілерді шығару табылады.

Салықтың құқықтық негізі ретінде – мемлекет шығарған номативті акт қабылданады.

Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.

3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады.

Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.

Салықтық суверенитет (егемендік)-мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.

4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
























Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

Жоспар:

1)ҚР қылмыстық құқығының негіздері. Қылмыстық құқық материалдық құқықтың басты саласы ретінде .

2)Оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны, құқықтық мемлекетті нығайту негізіндегі маңызы мен рөлі .

3)Қылмыстық құқықтың мақсаттары мен қағидалдары.

4)Қылмыс ұғымы мен оның белгілері. Қылмыстың құрамы. Мемлекетті басқару және мемлекеттік қызмет мүдделері үшін сыбайлас жемқорлық пен өзге қылмыстар.

5)Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық жаза.

6)Кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауапкершілігі .


Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық-тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

Қылмыстық заңның белгілері.
  1. Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.

  2. Қылмыстық заңда Конституциядан және Конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады.

Жоғары заңдық күш көрініс табады:

  • бір де бір орган(Конституцияда көрсетілгеннен басқа) заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес;

  • барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келмеуі тиіс;

  • басқа нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі;

  1. Қылмыстық заңның келесі белгісі- оның ''нормативтіліг''і.Қылмыстық заңда құқық нормалары,яғни адамдардың ұқсас жағдайлардың анықталмаған санына есептелген, жалпыға міндетті мінез құлық ережелері мен субъектілерінің анықталмаған шеңбері бар.

Құқық нормалары құқықтық шығармашылық процессінде жасалады, ол мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Заңшығармашылық бастама құқығы Конституция бойынша ҚР Парламентінің депутаттарына және ҚРҮкіметіне берілген.

Қылмыстық заңның құрылымы

Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.

  1. '''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

2. '''Диспозиция''' — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:

  • Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".

  • Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".

  • Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".

  • Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".

3. '''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).

  • Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.

Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.

  • Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.

 Қылмыстық  заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.

       Адамның әрбір  әрекетін соның ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.Жалпылама  түсінігінде қылмыстың объективтік  жағы қылмыстық заңмен қорғалатын  объектіге қоғамдық қауіпті қол  сұғудан көрінетін адамның сыртқы  жүріс-тұрысының актісі болып  табылады. Қылмыстың  объективтік жағы негізінен төмендегідей  белгілерден тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамдық қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және салдар арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары. Біздің  ойымызша аталған ұстаным дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.Алайда  құқықтық әдебиеттерде қылмыстың  объективтік жағының белгілеріне  қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың «дербес элементтері» ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады. Бұдан  байқайтынымыз қылмыстың объективтік  жағының мазмұны даулы мәселе  әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты  саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков «Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің «өзегі». Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді».  Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде «заңның жекелеген ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді».В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты  сарлау бойынша жазылған монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелері оның себептерін және қылмыс  жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді атап көрсеткен. Егер  қылмыс субъектісін құқықтық  ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің  жеке басы криминологиялық ұғым  болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен  бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық, біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді қамтиды.Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын, химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және  ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.А.Н. Трайнин  бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек. Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады.Қылмыс  субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н. Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және қылмыс рецидивін жатқызды.Қылмысты  жасаған кезде қылмыстық жауапқа  тартылатын жас ретінде 16 жасқа  толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан кейде өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық Кодекстің 15-бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол адам өлтіру (96), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ –дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299). Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның  қортындысымен сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін. Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап, оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру  бойынша ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады. Егер  жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы байқалатындай болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол  үшін қажетті жағдайларда балалар  психологиясы саласындағы (педагог, психолог) мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету  мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті ересек адамның айдап салуымен  жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы. Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1) интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.Егер  тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады. Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін түсінуге қаблетсіз болуы. Заңдылық  критеридің екінші белгісі жоғарыда  атап өткеніміздей  еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда  тұлғаны өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания. Тұлғаның  есі дұрыс еместігі оның қылмыстық  заңда қарастырылған нақты қоғамдық қауіпті жасау оқиғасында және оның осы іс-әрекетті жасаған сәтіне байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. «Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс». Бұл ретте әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық – писхиатриялық сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз болады.








Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтігі сыбайлас жемқорлықпен басқа да қылмыстар

Жоспар:

1)Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің заңдық негіздері.

2) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу саласындағы мемлекеттік саясат. 3)Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері.

4)Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауаптылық.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын  анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның  құқықтық  анықтамасы  белгілі  бір  қиындық  туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.

Н.Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды [1 25-26 бб.]. А.И.Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді [2, 50 б.]. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi [3. 30 б.; 4. 34 б.; 5-22 б.]. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп  анықтама келтіреді. Б.В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді [6, 8 б.].

Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтамыз.

Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).

Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу  сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін - өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді [1, 11-27 бб]. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін- өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.

Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды [7. 237-238, бб.]. Әрине, осындай өкілеттіктерді теріс пайдаланушылық көп материалдық шығынға ұшыратуы және басқа да ауыр жағдайға ұщыратуы мүмкін, ал ол үшін сол коммерциялық және өзге ұйымдардағы кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жергілікті Мемлекеттік басқару және басқару органдарына келетін болсақ,оларды сыбайлас жемқорлықтың орын алған саласына қосу принципті түрде маңызды болып табылады.  Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 8 бөлігіне сәйкес аталған органдар мемлекеттік өкімет органдары жүйесіне кірмейді, ал конститутциялық құрылымның негізін анықтайтын осы баптарды бөлім етіп алу кездейсоқ емес. Баптардың мазмұны мен орны жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды осындай негіздің бірі ретінде қараудың куәсі болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың субъектілері мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамдар, не оған тексертілген адамдар, лауазымды адамдар, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер танылады. Егер лауазым иелерінің сыбайлас жемқорлық субъектілеріне қатысы жайлы әдебиетте бірыңғай пікір қалыптасқан болса, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің осы санатқа жату мәселесі даулы болып табылады. В.С.Коммисаров сыбайлас жемқорлық субъектісін мемлекеттікқызметкерлер ретінде қарау қағидасы дұрыс емес деп есептеп,оны төмендегі ойларға байланыстырады. Біріншіден, бұл дегеніміз қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін едәуір ұлғайтады деген ұғымды білдіреді, ал бұл болса қылмыстық саясатты дамыту пәрменділігімен толық дәрежеде сәйкес келмейді. Екіншіден, бұл түбірімен дұрыс еме, себебі сыбайлас жемқорлықтың мәні билік өкіллеттілігі болмағандықтан олар сыбайлас жемқорлық әрекет жасай алмайды, ал бірақосындай қыллмыстарға қатысушы болуы мүмкін [7, 42 б.].

Н.Ф. Кузнецова лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлерді коррупциялық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту криминологиялық негізсіз деп есептейді. Оның пікірінше, бұл адамдардың қоғамдық қауіптілігі антиәлеуметтік криминалдық дәрежеге жетпейді [1, 29 б.]. Басқа да авторлар осындай пікірді ұстанады [8, 33 б.].

Біздің пікірімізше лауазым иесі болып табылмайтын Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі қатыстарына қосу төмендегі жағдайларға байланысты:

а) Сыбайлас жемқорлықтың соңғы кездегі ұлғаю көлемі биліктің барлық тармақтарының сыбайлас жемқорлықпен байланыса, оларға қарсы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ең тиімді жолдарын іздеуге, соның ішінде коррупциялық қылмыс субъектілерінің шеңберін кеңейту  жолымен де негіз болды. Егер ''қылмыстық саясатты дамыту тенденциясы'' деген сөздерден қылмыстық заңдарды ізгілендіруді түсінсек, онда мұндай ізгілендіру жемқорлық қылмыстың белең алып тұрған қазіргі кезінде де, онымен табысты күресте де өзін-өзі ақтамайды [9, 153-160 бб.].

б) В.С. Комиссаровтың лауазым иелері болып табылмайтын қызметкерлердің билік өкілеттілігі болмайды деген пікірмен келісе отырып, келесі мәселені атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлықтың мәні адамның жеке басының мүддесі үшін өз қызмет бабын, билік өкілеттілігін пайдалануда. Қызмет бабын пайдалану деген тек билік өкілеттілігін пайдалану ғана емес, сонымен бірге оның белгілі бір лауазымдық орынға ие болуына байланысты берілген мүмкіндіктерімен беделін пайдалану деген сөз. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер лауазым иесі болмаса да және олардың билік өкілеттілігі болмаса да олар өздерінің қызмет бабына байланысты берілген мүмкіндіктері мен беделін пайдакүнемдікке немесе басқа жеке мақсатта пайдалану мүмкіндіктері бар.

в) Мемлекеттік билікпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қарсы кез келген қызметкер (нұсқаушы, референт, хатшы, көмекші) жоғары дәрежеде қауіп төндіре алады. Б.В. Волженкин дұрыс атап көрсеткендей, іске осылай қарау ұсақ қызметкерлерді жауапқа тарту керек деген ойды білдірмесе керек, себебі, қызмет бабындағы қылмыстың көпшілігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың міндетті шарты заң қорғайтын мүддеге – елеулі түрде бұзу, зиян келтіру болып табылады, ал мұндай әрекетті олар өздерінің қызмет бабының шектелуіне байланысты әдетте жасай алмайды [10. 55 б.]. Егер қызметкер өзінің қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланып, құқық қорғау мүддесіне орасан зор нұқсан келтірсе, онда оны жауапқа тарту керек.

  1. Іс-әрекеті жеке адам, мемлекет, қоғам мүддесіне қарсы келіп және ол пайдакүнемдік басқа да жеке мүддені көздеу сипатына ие болады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тек пайдакүнемдікпен ғана байланысты емес сонымен қатар ол басқада жеке мүддеге байланысты (басшыға жағымпаздану, туыстық қамқорлық жасау, рулық қатынасты қоздыру және т. б.)

Сыбайлас жемқорлық әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Тек осы белгі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік тәртіптік, азаматық-құқықтық жауапкершілікке тартып коррупцияның болмашы түрін айырып алуға болады.

Заң әдебиеттерінде сыбайлас жемқорлықты қоғамға қауіпті iс-әрекеттердi үнемі жасау деп түсіндіру көзқарасы қалыптасқан [11, 13 б.]. Бірақ бұл біздің көзқарасымызға сай емес,  өйткені мұндай түсінік коррупциямен күресті өте қиындатып жібереді, себебі үнемі жасау ұғымын сипатын дәлелдеу қажеттілігі туады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың қауіптілікті оның қылмыстық- құқықтық қорғау объектісін елеулі түрде бұзады. Осы келтірілген зиянды қол сұғушылықтың санына қатысты қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет өкілеттілігін бір рет теріс пайдаланудың өзі жеке адам, қоғам, мемлекет мүддесіне онша қауіпті емес бірнеше сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаудан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Сонымен біз сыбайлас жемқорлыққа тән негізгі белгілерді анықтадық. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықта төмендегідей қылмыстық-құқықтық анықтама беруге болады. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтама құбылыстың нақты көріністерінің кең шеңберін қамтып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтың көрініс нысандары: Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дәлдігі мен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырып, біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін атап өтіп, оның белгілі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы екенін айттық. Бірақ, осы жиынтықты құрайтын нақты іс-әрекет турасында әдебиеттегі пікірлер әр түрлі.

В.С.Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады [7, 28 б.].

Г.Н. Борзенков қылмыстың: талан-тараж, парақорлық және қызмет өкілеттілігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді [3, 30 б.].

П.Н. Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып талан-таражға салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады [11. 13 б.].

Л.А. Жуков коррупциялық құқық бұзуды шартты түрде пара-сыйлық, параға сатып алу және коррупциялық сыбайластық деп бөледі [12, 13 б.].

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы бірыңғай келісілген пікірдің болмауы бұл терминді өз бетінше және қарама-қарсы мағынада мемлекеттік билік және басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне қолдануға әкеліп соқты.

Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандық анықтамасы көптеген нақты қылмыс құрамының түрлері көрсетілген халықаралық құжаттарда аталып кеткен.

Біздің пікіріміз бойынша, сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық-құқықтық нысандарын тек ғана парақорлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Бұл коррупция сияқты күрделі де әрқилы құбылысқа жеңіл-желпі қарау болып есептеледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бұзу субъектісінің ауқымы парақорлық субъектісі ауқымынан кең екенін де есте сақтау қажет.

Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:

а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;

б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;

в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  қылмыстық  заңдылықты  дамытудың  маңызды  ерекше.

Бұрын айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды роль атқарады.

Бұл шаралар панацея емес – олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күресте қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.

Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды, оның нақты теориялық базаға негізделуі, ішкі және халықаралық тәжірибелердің тарихи дәстүрлер ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан да іс жүргізудегі пайда болған қажеттіліктерді объективті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынадай:

Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның және лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетедіжәне оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып "лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын" жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚР ҚК 54-бабы).

  1. Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасағандарға соттар белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты жаза түрін өте сирек қолданады. Ішінара біз зерттеген 40 қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы аудандық және қалалық соттары 2000-2004 жылдар ішінде оның тек 9%-ғана осындай жаза қолданған. Жазаның осындай түрін негізсіз сирек қолдану сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандардың қызметіне өзінің негізгі жазасын өтеп келгеннен соң орналасуына мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндікті, әрине олар ''бұрыңғы байланыстарын'' және, сонымен қатар оларға ''қарыз'' адамдарды пайдалана отырып іске асырады. Осының бәрі халықтың әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін қалпына келтіре алмайды, сонымен қатар жазаның өз мақсаттарына жетуiне көмегін тигізбейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өз қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адамдарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналасу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 41-бабын осыған байланысты төмендегі келесі мазмұнда толықтыру ұсынылады: ''Белгілі бір қызмет лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсiппен айналысу құқығынан айыру жазасы, егер ол осы кодекстің Ерекше бөлімінде тиісті бапта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза ретінде қаралмаса, егер сот бұл қылмысты лауазым иесі, лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлер өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып жасағанын анықтаса бұл қосымша жаза ретінде қолданылады'' .

  1. Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады және сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.

Бірақ та біздің пікірімізше, заң шығарушының бұл мәселеде белгілі бір дәйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде - қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет. Мысалы мұндай құрамдарға ҚК–тің 181-бабы 3-бөлігі, 180-бап 2-бөлігі, 196-бап 3-бөлігі, 206-бап 3-бөлігi, 207-бап 3-бөлігi, 251-бап 4-бөлігi, 259-бап 4-бөлігi және т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.

  1. Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативті-құқықтық актілерді қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып міндетті түрде орындауға тиісті лауазым иелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дәлелдеп отыр. ''Мемлекеттік қызмет туралы'' заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары және мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту – жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан, бұл талап орындалмайды. Шенеуліктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмән тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа әдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық- құқықтық норманы белгілеу қажет.

Әрине сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар деп нені түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының ''Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы'' 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Қаулысы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №18 ''Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы'' нормативтік қаулыларын келтіруге болады. Соңғы қаулыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңды бұзушылық деп мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін және басқа да өзінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен сол артықшылықтар алуы сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғаларға аталған игіліктері мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы деп түсіну керек делінген (13).

  1. Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминальды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Н.Л.Павленконың дұрыс пікірі бойынша ''Коррупция дегеніміз ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тәсілі'' [14, 109 б.]. Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса отандық ұйымдасқан қылмыстың әуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағы коррупция дегеніміз – тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тәсілі. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі деген ғалымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мәнінде ''ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады, ал бұд экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға, дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді'' [15, 145-154 бб.].

Осылайша мемлекеттік билік органдарына сенімді және кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне сондықтан да біз жоғарыда атап   өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50% дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюі қауіп тудырып отыр. Егер 2002 жылы 8 коррупциялық байланысы бар 78 ұйымдасқан қылмыстық топ (4,8%) анықталса, ал 2003 жылы 37 (12,9%) анықталды.














































Құқық қорғау орагандары және Қазақстан Республикасының соты

Жоспар:

1)Құқық қорғау органдары : сот ,төрелк сот, Конститутуциялық сот (Қазақстанда Конст.кеңес),прокуратура,ішкі істер органдары,мемлекеттік қауіпсіздік ,кедендік бақылау,әділет органдары

2)ҚР Прокуратурасының жүйесі , құрылымы,қызметі.

3)Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттары: адвокатураны , нотариат.

4)Заңдық көмек түсінігі және түрлері. ҚР сот және сот төрелігі .

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң  тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді. Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді. Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады. а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды; ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын; б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын; в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын; г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын. Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу. Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.1 Қазақстан Республикасында  құқық қорғау органдарының қызметінің  және ұйымдастырылуының негіздері 
Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.  
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура. 
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та туылады.

2 Қазақстан  Республикасының прокуратурасы:  жүйесі, құрылымы 
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

3 Ішкі істер  органдары 
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

4 ҚР-ның қауіпсіздік  комитеті органдарының жүйесі, мақсаты 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары — республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.  
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

5 Қазақстан  Республикасындағы сот және сот әділдігі 
Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі — соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. 
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Мемлекет және құқық теориясы"

Автор: Какимжанов Аман

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Мемлекет ?аржасы"
    ["seo_title"] => string(21) "miemliekiet-k-arzhasy"
    ["file_id"] => string(6) "313168"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459438978"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Д?ниетану п?нінен 4-сынып?а арнал?анорта,?за? ж?не ?ыс?а мерзімді саба? жоспарлары "
    ["seo_title"] => string(93) "duniietanu-p-ninien-4-synypk-a-arnalg-anorta-u-zak-zh-nie-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "236579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1444120181"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Шетел тілін ерте жастан о?ытуды? ма?ызы ж?не оны? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(67) "shietieltiliniertiezhastanokytudynmanyzyzhnieonynieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "273217"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452172484"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(211) ""Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі"
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasyn_zhuzieghie_asyru_aiasynda_zhan_a_formatsiia_m_2"
    ["file_id"] => string(6) "406782"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491372625"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Абылай хан т?сында?ы ?аза? ханды?ы. "
    ["seo_title"] => string(42) "abylai-khan-tu-syndag-y-k-azak-khandyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "191927"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427384525"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства