kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мейірімділік –асыл қасиет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады.» Шәкәрім Құдайбердіұлы«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады.» Шәкәрім Құдайбердіұлы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мейірімділік –асыл қасиет"»

Мектеп Ащысай ОЖББМБ Мерзiм:

Мұғалім: А.С. Айсиева

сынып -8 Оқушы саны-7

Тақырып:Мейірімділік –асыл қасиет

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер:мейірімділік,қамқорлық,сыйластық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мейірімділік туралы түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға өзара және айналамен мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерін түсіндіру.

  • Барлық жанға қамқорлық қасиеттерін дамыту

  • Мейірімділікке,сыйластыққа,қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстарқұралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Тыныштық сәті. Мейірімділік орманына саяхат

Балалар, көзімізді жұмып, біраз дем алып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сыйқырлы , мейірімділік пен сүйіспеншілікке , ізгілікке толы орманға саяхат жасаймыз.Кәне,ойша сыныптан шығып сыртқа қарай аяңдайық.Күн шапағы нұрын төгіп тұр.Орманға қарай жүре бастайық. Келе жатқанда абай болыңдар, жәндіктерді басып кетпеңдер. Бір минут тоқтап айналаға көз сал. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезін. Мейірім гүлдерінің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігіне зейін сал. Оны иіске және хош иісін жұт.Бойыңа мейірім нұры таралып жатқанын елестет.Жан дүниең жағымды сезімге толды. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре бер.Құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түс, қарашы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жапырақтардың сыбдырын тыңда. Біз өзімізді мейірімділікке толы орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демал. Түбіне барып отырғың келетін ағашты таңда. Ағашқа жақында да оны діңінен құшақта. Оның қуаттылығы мен қамқорлығын сезін, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырыс. Енді оның діңіне арқаңды сүйеп отыр. Көзіңді жұмып, терең тыныс ал және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөл. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сенің өз ағашың бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңды есте ұста. Ал қазір мектепке қайтуға дайындал. Орныңнан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын сал. Келген жолыңмен кері қайт, жолыңдағы жәндіктерді басып кетпе. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңа тағы бір қара, таза ауаны терең жұт, есікті ашып, өз орныңа қайтып кел. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақта.

Сұрақтар:

Қандай күйде болдыңдар?

Жаттығу қалай әсер етті?

Ішкі тыныштыққа келе алдыңдар ма?


Сабақ барысын талдау:


3-мин






Лунная саната”Бетховен




  1. Дәйексөз.

«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады.» Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қыздар қайталайды.

Сұрақтар:

  1. Мағынасын қалай түсінесіңдер?

5-мин

Оқып үйренейік.

Ана махаббаты

Р. Акдемір

Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.

Ана күнде кешке қарай балаларымен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Жексенбі кешінде де күндегі жерінде отырып, ері мен балаларының үйге қайтуын асыға күтетін. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын.

Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларын естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін...

Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар. Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді.

Бұл – өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды... Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек... Басқа да біраз нәрселер... Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.

Ана бір күн бойы үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді... Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді.

Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.

Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:

  • Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы.

Анасы ұлын аймалап:

  • Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.

Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны көріп тұрған анасы қызына жақындап:

  • Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.

Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:

  • Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ ешкімге айтпа, – деді.

Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.

Анасының:

  • Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.

  • Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың. Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.

Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды. Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкелері:

  • Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың, біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді әйеліне қарап.

Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.

Ойланайық,пікірлесейік.

Сұрақтар:

  • Әңгімеде не туралы айтылған?

  • Кемтар ана өзін қай кезде бақытты сезінетін?

  • Қызы неге қатты қуанды?

  • Әкелері балаларын не деп қуантты?

  • Кемтар ананың көңілі неге құлазыды?

  • «Мейірімділікті анадан үйрен» деген мақалды осы әңгімемен қалай байланыстырар едің?

  • Өз анаңның мейрімділігін қалай жеткізер едің?

  • Мейірімділік неден шығады деп ойлайсың?

  • Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге

бөленесіңдер?

Жаңа ақпарат

Ана — табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші жан. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана.Тіпті адамзаттың мекені жерді де анаға теңейміз. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Демек,біз мейірімділікті алғаш анадан сезініп,мейірім сезімін бойымызға анадан дарытамыз.

Мұғалім сыйы. «Кәрі ат» Лев Толстой

(Мұғалім әңгімелеп береді.)

Сұрақтар:

  • Қалай ойласыңдар бұл әңгіме бізге нені үйретеді?

  • Кәрі қария Пимен Тимофеевичті елестете отрып,кәрі атқа деген ызасы неге айналып бара жатты?

  • Сендердің де жануарларға деген мейірім көрсеткен кездерің болды ма?

Видео ролик тамашалу. (Оқушылар пікірлерін тыңдау)

Жаңа ақпарат

Жер әлемдегі құбылыстар сәт санап,күнде өзгеруде,жаңғыруда.Бұл әрине,заңдылық.Өзгермейтін бір заңдылық-ол адами қарым-қатынас пен адамгершілік ілімі.Ол қайырымдылық,көмек-жәрдем,мейірімділік,кішіпейілділік ата-анаға кіршіксіз мейірім,хайуанаттар әлеміне деген аяушылық т.б.

интернет материалдары

































































5-минут












Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1-тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар мейірімділікке байланысты сөздер арқылы күннің бейнесін жасап,талдайды.

1-топ Мейірімді адам: жақсы жан , ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі.ақылды,сезімтал,дарқан,жомарттық.

2-топ Мейірімді іс:ізгілік,үлкенге көмек,кішіге қамқорлық,қайырымдылық,барымен бөлісу,қол ұшын беру,жанашыр болу.

3-топ

Адамгершілік қайдан шығады?-мейірімділік,қайырымдылық,жақсыны көру,ізгі ой,ғибрат тыңдау,жақсыны айту.

2-Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

1-топ

Күлімдеген …. Мейірімді. (күн)      Кіршіксіз ақ ….  Мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  Мейірімді!  (су) Бәрімізді көтеріп түрған  …. Мейірімді!  (жер)

Аяулы …. Мейірімді! (анам)            Қадірлі …. Мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. Мейірімді! (әжем)   Еркелеткен ….  Мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. Мейірімді! (ұстазым) 

2-топ  Тату-тәтті …. Мейірімді!  (достарым)

Кіршіксіз ақ ….  Мейірімді! (қар)

Бәрімізді көтеріп түрған  …. Мейірімді!  (жер)

Қадірлі …. Мейірімді! (әкем)

Еркелеткен ….  Мейірімді! (атам)

Тату-тәтті …. Мейірімді!  (достарым)

3-топ

Жарқыраған ашық....мейірімді (аспан)

Қызыққа толы... мейірімді (әлем)

Аялай соққан самал ... мейірімді (жел)

Қамқоршы ... мейірімді (апам)

Ер қамын ойлаған ... мейірімді (ел)

3-тапсырма: Оқушылар Камиль Муллашевтің «Нәзіктік аурасы»«Бала мен құстар» атты туындыларына қарап,ондағы мейрімділік көріністерін әңгімелеп беріңдер.

Қорытындылау

Ал бүгінгі сабағымызға арқау болып отқан Мейірімділік, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Сондықтан жүрегіміз әрдайым мейірімділікке толы болса адамға жат қылықтарға ешқашан жол болмайды.Қазір қоғам қалай тез дамыса,адам санасы да сондай дәрежеде дамып өсіп келеді.Адам санасы өскен сайын ертеңгі болашағымызда жүректері мейірімге толы адамдар көбейе бермек.

|Оқушылар бір-біріне мейірімділік сыйлығын сыйлайды)

13-мин

Үй тапсырмасы.

«Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында эссе жазып келу.

1-мин

Жүректен-жүрекке

Оқушылар шеңберде тұрып ән орындайды.

Топпен ән айту.

Мейрім” әні Ш.Смаханұлы,С.Кәрімбаев


2-мин

«Гимн мейірім» трио

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік.Сабақта айтылған ойлар мен пікірлерді жүрегімізге сақтайық.

1-мин




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мейірімділік –асыл қасиет"

Автор: Айсиева Айжан Сагитовна

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506814

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мейірімділік асыл ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-9"
    ["file_id"] => string(6) "306701"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458187822"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "«Мейірімділік  - асыл ?асиет» "
    ["seo_title"] => string(27) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "173298"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423953569"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Мейірімділік  -асыл ?асиет "
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-4"
    ["file_id"] => string(6) "239286"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1444752176"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-7"
    ["file_id"] => string(6) "292494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285291"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мейірімділік -асыл  ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-8"
    ["file_id"] => string(6) "292495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455285298"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства