kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Туған жер», «Сен сұлу» өлеңдері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Мағжан Жұмабаев   «Жазғы таң»,   «Туған жер»,  «Сен сұлу» өлеңдері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Туған жер», «Сен сұлу» өлеңдері.»


Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Туған жер», «Сен сұлу» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,зерттеу.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгенде

.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу

Мағжанның, Абайдың, Сұлтанмахмұттың суреттерін арқылы топқа бөлу.

Шеңбер құрып, сәттілік тілеу.

Бүгінгі жаңа сабақтан не күтетіндіктерін жазып,стикерлерді «Күту ағашына » жабыстыру.


ІІ. үй жұмысын тексеру.

1 – топ: С.Торайғыров өмірі.

2-топ: С.Торайғыров шығармашылығы.

3-топ: «Туған еліме» жатқа айту. Постер қорғау түрінде.


ІІІ.Жаңа сабақ. Мағжан – культурасы зор ақын. Заманнан басып озып, ілгерілеп  кеткен  ақын  болады.Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  ақын- жазушыларының ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз - Мағжанның сөзі .

                                                                                М. Әуезов

Біз білетін Мағжан кім? Топтастыру.

1.Ақын                            2. Зерттеуші     3. Аудармашы

өлеңдері              

поэмасы

 

 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»


Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді. 

Өмірдерек кестесі
Тарихи күн Болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.


Кестеден соң Мағжан туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар бейнероликтен қысқаша өмірбаянымен танысады. Топтан бір оқушы түсінігін айтып береді.

ІV. Сергіту сәті. «Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны арқылы оқушылар сабақта меңгерілген тақырыптардан құралған сұрақтарға жауап береді.

Өлеңдерін талдау.

Суреткер шығармашылығы-оның автопортреті.Ақынның өлеңінен айна-қатесіз оның өзі танылады.Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер – ақынның өзі.

«Ізденіс тенденциясы» сәті.

Ақынның үш өлеңі 3 топқа беріледі:

1-топ «Жазғы таң» өлеңі;

2-топ «Туған жер» өлеңі;

3-топ «сен сұлу» өлеңі.


І тапсырма. Берілген өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ тапсырма: Өлең құрылысын сатылай кешенді талдау.

Өлең құрылысына талдау жаса

 

1.Тақырыбы _____________________________

2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________

6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________


ІІІ тапсырма: Өлеңдегі оқиға желісін суреттеу. ( Постер түрінде.)

Бекіту. Мағжан туралы слайдпен өзім қысқаша қорытамын.

VI.Үйге тапсырма. Берілген үш өлеңнің бірін жаттау.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға ет, картоп, рожкидің суреті бар қағаздар беріледі. Сабақты толық түсінсе тақтадағы қазанға етті, дұрыс түсінбесе картопты, мүлдем түсінбесе рожкиды салып сабақты бағалайды.

VIII.Бағалау. белсенді қатысқандарын бағалаймын.






















































А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі.




Ашық сабақ тақырыбы: « Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Сен сұлу», «Туған жер» өлеңдері.»

( 11 «б» сыныбы)



























Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

А.К. Мухатова






2015-2016 оқу жылы.



2015-2016 оқу жылында 11 «б»

сыныбында өтілген

ашық сабаққа



Анықтама.


11 «б» сыныбында он төрт оқушы болса соның барлығы сабаққа қатысты. Сабақтың алға қойған мақсаты :Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту болатын. Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Сабаққа оқушылар белсене қатысты, үй тапсырмасын постер қорғау әдіс – тәсілі арқылы айтып бағаланды, топқа бөлу әдісі болды. Мағжанның өмірін толық болмаса да нақты айтып жеткізуге тырыстым. Бейнеролик көрсетілді. Сабаққа сыймай қалған Бекітуге арналған тапсырма болды. «Мағжан ілімі кімге бұйырады?!» атты ойын түрінде ұйымдастырылған қорытынды сабаққа сыимай қалды. Жалпы сабақтың алдына қойған мақсатым орындалды.






Пән мұғалімі: А.К Мухатова.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Туған жер», «Сен сұлу» өлеңдері.

Автор: Мухатова Ардак Кожантаевна

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "открытый урок на тему: " Мағжан Жұмабаев «Туған жер», «Сен сұлу» ""
    ["seo_title"] => string(67) "otkrytyi_urok_na_tiemu_mag_zhan_zhu_mabaiev_tug_an_zhier_sien_su_lu"
    ["file_id"] => string(6) "362385"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480046824"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(37) "mag_zhan_zhu_mabaiev_suiiemin_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "409261"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492186849"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ма?жан Ж?мабаев -Т?ркістан- ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(33) "magzhanzhumabaievturkistanolieni2"
    ["file_id"] => string(6) "289563"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454838603"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "открытый урок Ма?жан Ж?мабаев «Бесік жыры»"
    ["seo_title"] => string(40) "otkrytyiurokmagzhanzhumabaievbiesikzhyry"
    ["file_id"] => string(6) "292151"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455219835"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "ту?ан жерім-т???ан шежіре "
    ["seo_title"] => string(35) "tug-an-zhierim-tu-n-g-an-shiezhirie"
    ["file_id"] => string(6) "201526"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429083317"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства