kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Лексика" тақырыбы бойынша тіл дамыту жұмыстары (Қазақ тілі, 5-сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған "Лексика" тақырыбы бойынша тіл дамыту жұмыстарында оқушылар "Жеті ата" ауылына саяхат жасайды. Сабақ барысында "Лексика" тақырыбынан тіл дамыту жұмыстарын орындаумен қатар, "Жеті ата" туралы толық мәлімет алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Лексика" тақырыбы бойынша тіл дамыту жұмыстары (Қазақ тілі, 5-сынып)»

Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

5 «а» - сыныбы

Уақыты

25. 11. 2013 ж

Сабақтың тақырыбы

Тіл дамыту жұмыстары

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық құзіреттілік


Ә) Коммуникативтік құзіреттілік

Б) Проблеманы шешу құзіреттілігі -



Оқушыларға ақпарат көздері арқылы лексика туралы өткен сабақтардан білетін түсініктерін пайдалана отырып, олардың сөйлеу тіліндегі қолданысын меңгерту.

Лексика тарауы бойынша оқушылардың алған ақпаратын өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.


Оқушыларға жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беру арқылы оларды өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сөздік, көрнекілік, практикалық, лексикалық талдау әдісі.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, әдебиет.

Сабақа қолданылатын педагогикалық технолгиялар

СТО, АКТ, білім беруді ізгілендіру.



Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру

бөлімі


-Сәлеметсіздерме оқушылар.

-Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ екенін айта ғой.

-Оқу құралдарыңды дайындап, сабаққа назар аударыңдар.

Мұғаліммен амандасып, кезекші орнынан тұрып сабақта жоқ оқушыны айтады. Сабақ құралдарын дайындап, зейіндерін мұғалімге аударады.

Мұғалім мен оқушылар арасында өзіндік түсінік қалыптасады.

II.Үй тапсырмасын тексеру








III. Өткен материалмен жұмыс












IV. Бекіту тапсырмалары


































V. Қорытындылау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма



Үй тапсырмасына берілген

  1. 129-132-жаттығулар

  2. “Мақал – сөздің мәйегі” тақырыбында шағын ойтолғау

оқушылардың дәптерлерінен тексеріледі.




Лексика тарауына топтастыру стратегиясы арқылы шолу жасау.


Күннің жадын жаздырып, лексикалық тақырыптытанықтау мақсатында 1-тапсырма беріледі.


Тапсырма:

«Жеті атаны» рет-ретімен орналастырыңыздар.

- туажат

- әке

- немере

- бала

- шөбере

- немене

- шөпшек

- Балалар, сонымен біздер бүгін қандай тақырып аясында жұмыстанады екенбіз?

- Дұрыс-ақ, ендеше ең бірінші әке ауылының тапсырмасын орындайық.


Әке ауылы:

Төмендегі сөйлемдерді оқып, құрамынан омоним сөздерді табыңыз?

1) Сырды кім көрінгенге айта берме. Еденді сарғыш түсті сырмен бояған жөн.

2) Асқар – тіл алғыш бала, оған тіл тиіп жүрмесін.

3) Тек жігерлі адамдар ғана алға қойған арман – мүддесіне қол жеткізетіні сөзсіз. Екі қолын алдына қойып, түзу отырған Гүлшат та бұл шаруаға ықыластана кіріскен.






Бала ауылы:

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріңіздер.

Дириж . . .р, параш . . . т, да . . .рлық, конгрес . . ., тау . . .ар, мағлұм . . . т, пол . . .с, зи . . .лы, дәст . . .р, по . . .ма, брош . . .ра, акт . . .р, мәжб . . .р, сәйг . . . лік, қағ . . .да, мұқ . . . ят, ид. . .я, пр. . . зидент, фотоаппара . . ., о. . . - өрнек, пи . . .нино, қ . . .ркүйек, мұ . . . алім, комп . . . ютер, са . . .жай, жылыж . . .й.


Немере ауылы:

Мақал – мәтелдерді бір бөлек, тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңдар.

1) Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, мұратқа жетпес.

2) Тайға таңба басқандай.

3) Бой жетпеген жерге – ой жетеді,

Қыран жетпеген жерге – қиял жетеді.

4) Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме.

5) Қыздың жиған жүгіндей.

6) Шешеннің сөзі – мерген,

Шебердің көзі – мерген.

7) Жүзіктің көзінен өткендей.

8) Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.

9) Ер қаруы – бес қару.

10) Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Шөбере ауылы:

Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек.

1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарай боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен.

2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.

3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.


Шөпшек ауылы:

Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.


Ұры

өсекші

саңырау

жалқау

мылжың



Немене ауылы:

Адасқан сөздерді орындарына қою арқылы, мақалдарды табыңдар.

  • 1-топ. «Ана» туралы

1.Басқан, ананың, бар, бейіш, жерінде.

2.Танымаған, Алласын, Анасын, танымас.

3.Ананың, далада, көңілі, балада, көңілі.

  • 2-топ. «Отан» туралы

1.Өз, опасыздық, отанға, жеткенің, түбіңе, еткенің.

2.Сүю, басталады, отанды, от басынан.

3.Адам, ормансыз, отансыз, бұлбұл.

  • 3-топ. «Еңбек» туралы

1.Егін, ішерсің, ексең, тегін.

2.Наны, еңбектің, тәтті, жаны, тәтті, жалқаудың.

3.Жоқ, еңбек, есесі, қайтпас.

 

Туажат ауылы:

Ауызша. Мына сөздерді қатыстырып мақал-мәтелдер тауып жазыңыз және мағыналарын ашыңыз:

Ана, еңбек, дос, ел







Үйге тапсырма:

1 – қатар: Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, “Менің арманым” тақырыбында шағын эссе жазып келу.

2 – қатар: Мақал – мәтелдерді қатыстырып, “Мейірімді ана” тақырыбында шағын эссе жазып келу.

3 – қатар: Антоним, омоним, синоним қатыстырып, “Аяз атаға хат” тақырыбында шағын эссе жазып келу.

Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексертеді.








Өткен сабақтардан алған білімдері бойынша топтастыру стратегиясын толтырады.


Күннің жадын жазып, 1-тапсырманы орындайды.



Тапсырма:

«Жеті атаны» рет-ретімен орналастырады.

- әке

- бала

- немере

- шөбере

- шөпшек

- немене

- туажат


Мұғалімнің сұрағына жауап береді:

- «Жеті ата» тақырыбы бойынша.




Әке ауылы:

Төмендегі сөйлемдерді оқып, құрамынан омоним сөздерді табады.

1) Сыр – құпия;

еден сырлайтын қоспа

2) Тіл – биолгоиялық атау;

қазақ тілі;

тіл тию.

3) Қол – қол жеткізу;

биологиялық атау;

қалың қол (әскер).





Бала ауылы:

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіреді.

Дирижер, парашют, даярлық, конгресс, тауар, мағлұмат, полис, зиялы, дәстүр, поэма, брошюра, актер, мәжбүр, сәйгүлік, қағида, мұқият, идея, президент, фотоаппарат, ою- өрнек, пианино, қыркүйек, мұғалім, компьютер, саяжай, жылыжай.



Немере ауылы:

Мақал-мәтелдер:

1) Жан қиналмай, жұмыс бітпес,

Талап қылмай, мұратқа жетпес.

3) Бой жетпеген жерге – ой жетеді,

Қыран жетпеген жерге – қиял жетеді.

4) Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме.

6) Шешеннің сөзі – мерген,

Шебердің көзі – мерген.

9) Ер қаруы – бес қару.

10) Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Тұрақты сөз тіркестері:

2) Тайға таңба басқандай.

5) Қыздың жиған жүгіндей.

7) Жүзіктің көзінен өткендей.

8) Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.


Шөбере ауылы:

Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табады.

1. “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?”

Киізі қырық жамау, «Қайран өз үйім, кең сарай боз үйім».





2. “Керқұла атты Кендебай”

Көзді ашып-жұмғанша.



3. “Сырым мен Малайсары”

Қырық кісіні ренжітпей, «Қырықтың бірі қыдыр».




Шөпшек ауылы:

Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазады.


Ұры – баукеспе

Өсекші – әңгімешіл

Саңырау – құлағы естімейді

Жалқау – еріншек

Мылжың - сөзшең



Немене ауылы:

Адасқан сөздерді орындарына қою арқылы, мақалдарды табады.

  • 1-топ. «Ана» туралы.

1.Ананың басқан жерінде бейіш бар.

2.Анасын танымаған, Алласын танымас.

3. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  • 2-топ. «Отан» туралы

1.Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің.

2.Отанды сүю от басынан басталады.

3.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  • 3-топ. «Еңбек» туралы

1.Ексең егін, ішерсің тегің.

2.Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

3.Есесі қайтпас еңбек жоқ.


Туажат ауылы:

Қорытынды тапсырманы ауызша орындайды.










Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.



Үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендіктері анықталады.


Топтастыру стратегиясы арқылы өткен материалды еске түсіреді.













1-тапсырма арқылы лексикалық тақырып анықталады.













Берілген сөйлемдерден омоним сөздерді табу арқылы өткен тақырыпты естеріне түсіреді.











Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді жазу арқылы емлеге мән береді.







Немере ауылының тапсырмасы арқылы оқушылар мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін ажыратып үйренеді.














Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап, әдебиеттен өткен материалды естеріне түсіреді.













Дисфемизмдерді эвфемизмге ауыстыру арқылы әдепті сөйлеуге дағдыланады.







Адасқан сөздерді орнына қойып, мақал-мәтел құрастырып, өздерінің мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді.









Қорытынды тапсырма арқылы сабақ қорытындыланады.









Үй тапсырмасын орындап келу арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендіктері көрінеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Лексика" тақырыбы бойынша тіл дамыту жұмыстары (Қазақ тілі, 5-сынып)

Автор: Кожасова Аида Мурадымовна

Дата: 15.12.2016

Номер свидетельства: 369904

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Қысқа мерзімді сабақ жоспары тақырыбы: "Бейнелеу өнері мен жанрлары""
    ["seo_title"] => string(67) "kyska_merzimdi_sabak_zhospary_takyryby_beineleu_oneri_men_zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "533774"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577422209"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "? та?ырыбы : «Радио, телевизияны? мерзімді, мерзімсіз баспас?збен байланысы». "
    ["seo_title"] => string(77) "n-tak-yryby-radio-tielieviziianyn-mierzimdi-mierzimsiz-baspasozbien-bailanysy"
    ["file_id"] => string(6) "138351"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530460"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?рлаусыз м?шелерден ?ткенді ?айталау. "
    ["seo_title"] => string(44) "tu-rlausyz-mushielierdien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "182091"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425464223"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "ҚМЖ "Көркем кестелеу.Кесте түрлері""
    ["seo_title"] => string(34) "kmzh_korkem_kesteleu_keste_turleri"
    ["file_id"] => string(6) "529706"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1575217646"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "К?пшілік алдында с?йлейтін с?зді? бір т?рі"
    ["seo_title"] => string(39) "kopshilikaldyndasoilieitinsozdinbirturi"
    ["file_id"] => string(6) "301511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456933739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1500 руб.
1870 руб.
1570 руб.
1960 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства