kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚР салық жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәннің атауы: Өндіріс экономикасы

Сабақтың тақырыбы:ҚР салық жүйесі

Білімділік мақсаты: студенттерге салық жүйесінің мәнін ашып көрсетіп, салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: өз ойын анық жеткізе білу, есепті дұрыс шешу дағдыларын дамыту, пәнді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, ms powerpoint- та жасалған слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.( 2 минут)

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру (  10 минут):

1. «Ой қозғау»: (Берілген сұрақтар бойынша студенттерден ауызша сұрау)

1. Бағаның экономикалық мәні
2. Баға түрлері

3. Бағаның  функциясы                         
4. Бағалардың динамикасына әсер ететін факторлар
5. Баға жасау методологиясы

6.  Кәсіпорында баға саясатын қалыптастыру механизмдерін реттеу
 

Жаңа сабақты меңгерту( 15 минут):

Жаңа сабақтың тақырыбы: ҚР салық жүйесі

Жаңа сабақта қаралатын мәселелер:

1. Салық жүйесі  туралы түсінік                           
2. Салықтың атқаратын қызметтері        
3. Салықтың түрлері мен негізгі элементтері

  Салық жүйесі - бұл әлеуметтік - саяси, эканомикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым - салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітумен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элементі болып салық табылады.

         Салық дегеніміз - бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдірдің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:

  • салық салу объектілері бойынша;
  • салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға     қарай;
  • пайдалану тәртібі бойынша;
  • объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚР салық жүйесі»

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі

Ахметова Клара Нуртугановна

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Пәннің атауы: Өндіріс экономикасы

Сабақтың тақырыбы:ҚР салық жүйесі

Білімділік мақсаты: студенттерге салық жүйесінің мәнін ашып көрсетіп, салықтардың анықтамасын беру және олардың жіктелуін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: өз ойын анық жеткізе білу, есепті дұрыс шешу дағдыларын дамыту, пәнді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, ms powerpoint- та жасалған слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығына назар аудару.( 2 минут)

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру ( 10 минут):

1. «Ой қозғау»: (Берілген сұрақтар бойынша студенттерден ауызша сұрау)

1. Бағаның экономикалық мәні
2. Баға түрлері

3. Бағаның функциясы                         
4. Бағалардың динамикасына әсер ететін факторлар
5. Баға жасау методологиясы

6. Кәсіпорында баға саясатын қалыптастыру механизмдерін реттеу

Жаңа сабақты меңгерту( 15 минут):

Жаңа сабақтың тақырыбы: ҚР салық жүйесі

Жаңа сабақта қаралатын мәселелер:

1. Салық жүйесі туралы түсінік                           
2. Салықтың атқаратын қызметтері        
3. Салықтың түрлері мен негізгі элементтері

Салық жүйесі - бұл әлеуметтік - саяси, эканомикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым - салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітумен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элементі болып салық табылады.

Салық дегеніміз - бұл бір жақты тәртіпте уәкілетті орган тұлғалары ретінде мемлекетпен белгіленетін және мемлекеттің табысына түсетін міндетті ақшалай және нақты төлемдірдің құқықтық формасына жататын, анықталған мерзім және анықталған мөлшерде салық субьектілері жүргізетін, қайтарымсыздық, эквивалентсіздік, тұрақты сипат алатын, мемлекеттік еріксіз шаралардан қамтамасыз етілетін төлемдер. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:

  • салық салу объектілері бойынша;

  • салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

  • пайдалану тәртібі бойынша;

  • объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықтар салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар — салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.

Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, көсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады.

Жеке тура салықтар — бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Жанама салықтар — бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін

түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.

Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кіріктірілетіндігінде. Бүл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Салықты алатын және оган билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы мемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.

Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғыр-лаңдырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тутынуга салынатын салықтар — бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмлдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық ( жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салы-ғын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңи түлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлүмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.

Жеке табыс салығы бойынша мағлүмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  • тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрлыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке түлғалар;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке түлғалар;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлүмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекегтік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уөкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге

ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.

Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін үйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).

Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді.

Патент — арнаулы салық режімін қолдану құқыгын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын қужат.

Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі — салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін қүқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.Қазақстан Республикасыңдағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:

1.Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы.

  2. Жеке табыс салығы.

  3. Қосылған құнға салынатын салық.

  4. Акциздер.

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

  2. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

  1. Әлеуметтік салық

  2. Жер салығы.

  3. Көлік құралдарына салынатын салық.

  1. Мүлікке салынатын салық.

  1. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

2. Алымдар.

1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  1. Жылжымайтын мүлікке қүқықтарды және олармен жасалған мөмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  2. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  3. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  1. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  2. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  1. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

  2. Аукциондардан алынатын алым.

  1. Консулдық алым.

  2. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

  3. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

3. Төлемақылар:

  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2. Жер бетіндегі кездердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін толемақы.

5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8.Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9.Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

  1. Мемлекеттік баж.

  2. Кеден төлемдері:

  1. Кеден бажы.

  2. Кеден алымдары.

  3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

  4. Алымдар.

Салықтардың сыныпталуы


Салықты тұтынушыға аудару белгісі бойынша

Тікелей салықтар

Жанама салықтар

Қоланылуы бойынша

Жалпы салықтар

Арнайы салықтар

Салық салу объектісі бойынша

Мүлікке салынатын салық

Ресурстық салықтар

Табысқа салынатын салықтар

Айналымға салынатын салықтар

Әс әрекетке салынатын салықтар

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай

Шынайы салықтар

Жеке салықтар

Салықты алушы және басқарушы органға қарай

Мемлекеттік салықтар

Жергілікті салықтар

Салық салу көзіне қарай

Табысқа салынатын салықтар

Тұтынуға салынатын салықтар

Салық салу әдісі бойынша

Кадастрлық есеп және бағалау негізінде алынатын салықтар

Декларация негізінде алынатын салықтар

Табыс алу көзінен алынатын салықтар

Төлеуші нышаны бойынша

Заңды тұлғалардан алынатын салықтар

Жеке тұлғалардан алынатын салықтар





Жеке және нақты салықтардың айырмашылығы


Салық салу объектісі

Жеке

Нақты

Салықтың әртүрлілігі

Корпоративтік, жеке табыс салығы т.б.

Мүлік салығы, көлік салығы, жер салығы т.б

Салық төлеушінің жеке жағдайы

Ескеріледі

Ескерілмейді

Нақты табыс әкелетін мүлік бойынша қарыз деңгейі

Ескеріледі

Ескерілмейді

Салық мөлшерлемесіне байланысты салықты алу

Прогрессивтік мөлшерлеме бойынша

Пропорционалдық мөлшерлеме бойынша

Салық салынатын табыс

Белгілі кезеңде салықтарды ескере отырып алынатын табыс

Мүлік бойынша жалпы табыс

Табыс бойынша салық салу

Нақты табыс бойынша алынады

Сыртқы белгілері бойынша алынады


Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі

Жеңіл автомобильдер

Салық салу объектісі

Салықтық мөлшерлеме (АЕК)

Қозғалтқышының көлемі бойынша,см2


1100-ге дейін қоса алғанда

1

1100- ден жоғары 1500-ге дейін қоса алғанда

2

1500- ден жоғары 2000-ға дейін қоса алғанда

3

2000- нан жоғары 2500-ге дейін қоса алғанда

6

2500- ден жоғары 3000-ға дейін қоса алғанда

9

3000- нан жоғары 4000-ге дейін қоса алғанда

15

4000 нан жоғары

117




ҚР -да 31.12.2013ж. кейін шығарылған немесе ҚР аумағына 31.12.2013ж. кейін әкелінген қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін



Салық салу объектісі

Салықтық мөлшерлеме (АЕК)

Қозғалтқышының көлемі бойынша,см2


3000-нан жоғары 3200 қоса алғанда

35

3200-ден жоғары 3500 қоса алғанда

46

3500-ден жоғары 4000 қоса алғанда

66

4000-нан жоғары 5000 қоса алғанда

130

5000-нан жоғары

200


Автобустар

Салық салу объектісі

Салықтық мөлшерлеме (АЕК)

Отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда

9

Отыратын 12-ден жоғары 25 орынға дейін қоса алғанда

14

Отыратын 25 орыннан жоғары

20


Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар,шағын кемелер


Салық салу объектісі

Салықтық мөлшерлеме (АЕК)

55кВт- ға (75 ат күшіне) дейін қоса алғанда

1

55кВт- дан (75 ат күшінен) асатын

10


Сабақты бекіту (6 минут)

Есеп №1

Жеке тұлғаның меншігінде 1995 жылғы «Toyota Corolla» автокөлігі бар, қозғалтқыш

көлемі 1300 см2

Шешуі:

ҚР СК 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемесі 2 АЕК


∑салық =2917 х 2=5834


Есеп №2

Жеке тұлғаның меншігінде 2000 жылғы «Volkswagen» автокөлігі бар, қозғалтқыш

көлемі 2300 см2

Шешуі:

ҚР СК 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемесі 5 АЕК және 7 теңгеге түзету жасалады.


∑салық =2917х5+(2300-2000) х 7=14585+2100=16685

Тест «Келесі сөйлемдер дұрыс па?»

  1. Салықтар мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты (дұрыс)
    2. Мемлекеттік бюджет шығындарынын ең басты көзі –салықтар (дұрыс емес)
    3. Төлету әдістеріне қарай салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.(дұрыс)
    4. Салықтар – бұл мемлекттік бюджетке және жеке заңды тұлғаалардан алатын міндетті жарнасы (дұрыс).
    5. Салықтардың төмендеуі орта және шағын кәсіпкерліктің дамуын ілгерлетеді (дұрыс).
    6. Акциз – меншікке салынатын салық (дұрыс).
    7. Салық объектілері - салық төлеушілер болып табылады (дұрыс емес).


Сабақты қорытындылау (5 минут)

Әрбір ұғымға сәйкес келетін өз анықтамасын тауып, жауап кестесіне енгізіңіз.


 Терминдер

Жауабы

               Анықтамалар

1.

Табыс салығы

А

Тауар бағасына салынатын салықтар

2.

Салық объектілер

Б

Салық төленушіні салық төлеуден толық немесе ішінара босату

3.

Салық жеңілдіктері

В

Салық сомасы белгіленген барлық тауарлар, мүліктер және қызмет көрсетулер

4.

Салық

Г

Заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің дербес субъектісі болып табылатын кәсіпорын, мекеме, ұйым, фирма

5.

Жанама салық

Д

Жеке адамдардың және корпорациялардың табысына салынатын салық

6.

Заңды тұлға

Е

Тікелей табысқа немесе мүлікке салынады

7.

Салық субъектілері

Ж

Өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері

8.

Салық ставкасы

З

Заң бойынша салық төлеуге міндетті жүктелген заңды тұлғалар, яғни адам мен адам тобы

9.

Акциз

И

Үкіметке төленетін төлем

10.

Тікелей салық

К

Өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын салық




Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Үйге тапсырма (2 минут)

1.Берілген суреттер бойынша салықтың қай түрі екендігін анықтау

Салық салынатын және салынбайтын объектілер мен субъектілер

Тікелей салық

Жанама салық

Салық салынбайтын объектілер мен субъектілер

машина

 

 

 

кәсіпорын

 

 

 

Ботаникалық бақ

 

 

 

шикізат

 

 

 

үй

 

 

 

Темір жол билеті

 

 

 



2. «Көсемдікке ұмтылу» салыққа, салық салу ісіне байланысты атақты экономистердің, ғалымдардың, ойшылдардың қанатты сөздері мен мақал мәтелдерін жинақтап келу.


Әдебиеттер :

1.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тұралы Қазақстан Республикасының кодексі

2.Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы

3.Өмірбаев С.М. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі- Астана

4.Нұрымов А. А. ҚР Салық жүйесінің дамуының негізгі нәтижелері мен бағыттары




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ҚР салық жүйесі

Автор: Ахметова Клара Нуртугановна

Дата: 27.02.2023

Номер свидетельства: 626681

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?азіргі салы? ж?йесіні? сипаттамасы"
    ["seo_title"] => string(35) "kazirghisalykzhuiiesininsipattamasy"
    ["file_id"] => string(6) "331919"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464779944"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Салы?.Салы? ж?йесі "
    ["seo_title"] => string(20) "salyk-salyk-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "181142"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425306622"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Конспект «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»"
    ["seo_title"] => string(73) "konspekt_autocad_zhuiesinde_suret_salu_ku_ral_saimandar_taktasymen_tanysu"
    ["file_id"] => string(6) "530965"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575867848"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Аксонометриялы? проекцияларды алу ж?не оларды салу."
    ["seo_title"] => string(51) "aksonomietriialykproiektsiialardyaluzhnieolardysalu"
    ["file_id"] => string(6) "327560"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463462128"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Сал?ындату ж?йесіне техникалы? ?ызмет"
    ["seo_title"] => string(45) "salk-yndatu-zhuiiesinie-tiekhnikalyk-k-yzmiet"
    ["file_id"] => string(6) "311542"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459229956"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства