kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азіргі салы? ж?йесіні? сипаттамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Салы?» ??ымымен «салы? ж?йесі» ??ымы ты?ыз байланысты. Мемлекетте алынатын салы?тар мен бюджетке т?ленетін бас?а да міндетті т?лем т?рлеріні?, оны ??ру мен алуды? нысандары мен ?дістеріні?, принциптеріні?, салы? за?дары мен салы??а ?атысты нормативті актілерді?, салы? ?ызметі органдарыны? жиынты?ы мемлекетті? салы? ж?йесін ??райды. 

Экономикалы? жа?ынан салы? ж?йесі мемлекетті?, айма?тарды? ж?не муниципалды ??рылымдарды? ?ызметін ?аржылай ?амтамасыз етуге байланысты ?р т?рлі мемлекеттер, мемлекет пен салы? т?леуші арасында?ы, ?р т?рлі салы? т?леушілер арасында?ы, сондай-а? о?ан тікелей ?атысушы за?ды ж?не жеке т?л?алар арасында?ы к?рделі ?зара байланысты ?леуметтік-экономикалы? ?атынастарды? жиынты?ын ??райды.

Салы? ж?йесіне ?ажетті негізгі талаптар мыналар:

- салы? ??рамы д?л аны?талуы ?ажет. Ол ?шін салы? за?дылы?ында мемлекетте алынатын салы?тарды? толы? тізімі мазм?ндалуы керек;

- салы? ж?йесі салы? т?леушілер ?шін салы?тан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

- салы? ж?йесіні? ?арапайымдылы?ы. Б?л ?сіресе, салы?ты? д?рыс т?ленуі ?шін ба?ылауды ж?зеге асыруда ма?ызды;

- салы? ж?йесі салы? т?леушіні? ?з ?аражатын ?ндіріске салуына ы?пал етуі керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азіргі салы? ж?йесіні? сипаттамасы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 8

Күні

Топ





Пән: Салық және салық салу.

Сабақ тақырыбы: Қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.




Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Білім алушылардың салық жүйесі туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық : Салық жүйесі жайлы білімдерін арттыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, заман талабына сай азамат болып қалыптасуға баулу.


Пәнді оқыту әдістері: түсіндіру, сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдістері, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Экономика негіздері, бухгалтерлік есеп, қаржы және несие.


Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: Дәріс, есеп, тест тапсырмалары.

Негізгі әдебиет: Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е «Салық және салық салу»,

А. Х. Амерханова, Г. З. Фахрутдинова «Салық және салық салу».


Сабақты ұйымдастыру кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу.

Журнал бойынша білім алушылардыңдің сабаққа қатынасуын түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.

Салықтық реттеу дегеніміз не? т.б. сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.

ІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

Қазіргі кездегі салық жүйесі

IІІ.Жаңа тақырыпты бекіту.

Салық жүйесі дегеніміз не?

Бюджетіміздің қанша пайызын шамамен салық құрайды?

Еліміздің кез-келген азаматы салық төлеуге міндетті ме, жоқ па? т.б.

V. Үй тапсырмасы.

Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е «Салық және салық салу» 338-340 беттерді оқу

VІ. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорыта келе білім алушылардың сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою.


Оқытушы Байдилданова М. С.

Әдіскер Жанысбекова Г.А.




Қазіргі салық жүйесiнің сипаттамасы


«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:

- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;

- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;

- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.

2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да  түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман  талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.

Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.

Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.

Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.

Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.



























Есеп


1 есеп. «Мақам» ЖШС ағымдағы салық кезеңiнiң 25 қарашасының заңды тұлғаларының мүлiк салығын бюджетке төледi, ағымдағы төлемдердiң енгiзуiсiз. Төлелген салықтың сомасы сәйкесiнше 100000 теңге, ағымдағы төлеудi 400000 теңге соманы құрады.

«Мақам» ЖШСтың салық заңының бұзушылығы орынды алады ма? Егер иә болса, онда жауапкершiлiктiң шаралары осы кәсiпорынға қолдануы керек болған ба?




Тест сұрақтары


1 Қ.Р-да салық салу жалпыға бірдей және міндетті болуы салық салудың қай приципі?

А) салық салудың әділдігі:

Б) салық заңдарының жариялылығы;

С) салық салудың жариялылығы;

Д) салық жүйесінің біртұтастығы;

Е) салық салудың міндеттілігі.


2 Заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген тұлға – бұл

А) субъект;

Б) объект;

С) салық ставкасы;

Д) салық квотасы;

Е) салық оклады.


3 Салық объектісі:

А) салық есептелетін база;

Б) салықтың материалдық өрнектелуі

С) салық сипаттамасы;

Д) заңмен бекітілген салық бұйымынын өлшеу параметірі

Е) салықтық базаны өлшеу бірлігіне шаққандағы салықтық есептеулер шамасы.


4 Салық ставкасы дегеніміз не?

А) төленген салық сомасы;

Б) салық салу өлшем бірлігіне есептелген салық мөлшері;

С) барлық салық салу объектісіне салынған салық мөлшері;

Д) объект пен салық сомасының ара қатынасы;

Е) бір салық салу объектісіне төленген салық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?азіргі салы? ж?йесіні? сипаттамасы

Автор: Байдилданова Марал Сейтжановна

Дата: 01.06.2016

Номер свидетельства: 331919


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства