7.Жалғау нешеге бөлінеді? 8.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды.Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сұраққа жауап бере алады, сондықтансөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды.
Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сынып жұмысын, тақтадағы әріпті жазу.
Оо (қандай дыбыс) Олар орманға барды.
- Тақтадағы сызбаға, торкөздерге көңіл аударайық. Ерекше торкөздерден біз жаңа сөз туралы ұғым аламыз.
Әріпжұмбақты шешу. Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа жаңа сөздің атын оқи аламыз.
1.Оқу да бар,
Жазуда жок (О)
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ (Д)
3.Шегеде жоқ,
Таста бар (А)
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ (Ғ)
5.Шанада бар,
Әнде жоқ (А)
6.Торғайда бар,
Алауда жоқ (Й)
Одағай сөзі шықты.
- Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл - күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек.
- Бүгінгі өтетін бір мағынан түрі «Одағай» деп аталады. Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О-да-ғай. - Неше буын бар? - 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Көңіл - күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді.Мысалы: тәйт, жә.
Одағай
Көңіл күй-----Шақыру------Жекіру
- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт. Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.
Тапсырма: Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазып, одағайлардың астын сыз. Жақсы оқығандарды қол соғып құрметтеу.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.
2. Уа, қой деймін,бала!
3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.
3. ..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
Семантикалық карта
Одағай Көңіл - күй Шақыру Жекіру
Алақай +
Тү-у +
Кә-кә +
Тәйт +
Япырай +
Шіп-шіп +
Практикалық тапсырмалар
- Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен.
«Балдырған» журналы.
Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)
«Айгөлек» журналы.
Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)
«Мөлдір бұлақ» журналы.
Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?
(қуану).
-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?
-Қуану, таңдану, жылау.
Қарлы кесек ойыны. (Снежный ком)
1. Алақай 2. Алақай ауылға 3. Алақай ауылға барамыз!. А другой учащийся записывает на доске.
Сабақты қорыту:
Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік?
Бағалау: Бағалай парағы арқылы әр оқушы өз білімдерін бағалайды.