Білімділік мақсаты: жарықшақты қол гранаталары түрлерімен, құрлысымен таныстыру;
Дамытушылық мақсаты: оның құрлысын үйрене отырып, дұрыс қолдана алу жолдарымен үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: әр оқушы бойында Отанға деген сүйіспеншілік, саналы түрде оны қорғауға даяр болуға үйрету.
Сабақтың міндеті: әскери қару-жарақтардың шығу тарихын, қауіпсіздік шараларын,негізгі бөлшектері мен механизмдерін және ұрыстық қасиетін білу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, маркер, слайдтар,плакаттар,оқулықтар, секундамер АК-74 автомат оқу макетң,пенвматикалық винтовка.
І Ұйымдастыру бөлімі.
Взводты сапқа тұрғызу, баяндау, сәлемдесу, оқушылардың тазалығын, әскери киімдерін тексеру.
Екі топқа бөлу, көш басшыларды тағайындау, тексеру-бағалау парақтарын тарату.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау,өткен тақырыпқа шолу.
І топ
АК-74 автоматының тарихы.
АК-74 автоматының тактика-техникалық толық мінездемесін түсіндіру.
АК-74 автоматының құрал-жабдықтарын ата.
ІІ топ
АК-74 автоматының қауіпсіздік ережесін түсіндір.
АК-74 автоматы мен РПК пулемётының айырмашылығын ата.
АК-74 автоматын шашып-жинау нормативін орындау.
ІІІ Жаңа сабақ.
Жарықшақты қол гранаталры жақын ұрыстағы (шабуылда,оқпанда,жертөледе,елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған. Қазақстан армиясының қарулануында:
РГД- 5 қол гранатасы;
РГН және РГО қол гранатасы;
Ф-1 қол гранатасы бар.
Гранаталар жарықшақтарының ұшу қашықтарына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН шабуылдағы, ф-1 мен РГО қорғаныстағы гранаталарға жатады. РГД-5- жарықшақты қол гранатасының құрлымы,ұрыстық қасиеті және қолданылуы.
Қол гранаталарының қолданылуы және ұрыстық қасиеті
РГД-5 жарықшақты қол гранатасы- арақашықтықта әрекет ететін граната,ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған.Граната лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автокөліктерде) әртүрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Граната жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық.
Граната лақтырудың орташа қашықтығы-40-50 м.
Жабдықталған гранатаның массасы-310 г.
Тұтандырғыш бәсендеткішінің жану уақыты-3,2-4,2 с.
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
Арақашықтық әрекет шайқасында қорғаныс гранатасын ата?
а) Ф-1 б) РГД-5 в) РГД-42
Ф-1 гранатасының қиратқыш жарықшақтарының ұшу радиусы.
а) 25м б) 200м в) 15м
РГД-5 гранатасының салмағы
а)600гр б) 420 гр в)310гр
Жарықшақты қол гранаталарының негізгі бөлшектері
а) Тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпус, жарылғыш заряд, тұтандырғыш
б) корпус, соққыш механизм, тұтандырғыш
в)Тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпус,жарылғыш заряд, саққыш механизм
Гранатаның жарылғыш заряд жаруға арналғаны
а) Соққыш механизм б) тұтақыш капсуль в)Тұтандырғыш
Жауаптары: 1-А 2.-Г 3.-В 4. –А 5.- Г
V. Жаңа сабақты қортындылау:
1. Не үйрендім?
2. Нені білдім?
3. Нені білгім келеді?
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалап, атап өту.
Үйге тапсырма:§10 177- бет. Қосымша тапсырма, граната сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.