Просмотр содержимого документа
«Жарықшақты қол гранаталары»
Ысқақов Қуаныш Құдабайұлы
Майбалық орта мектебінің
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Майбалық ауылы, Жамбыл ауданы, СҚО
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ҚРҚК-теріндегі қол гранаталарының түрлері, РГД-5, Ф-1 қол гранаталары, оларға арналған тұтандырғыштың арналуы, құрлысы және ұрыстық қасиеттері жайлы теориялық білім беру;
Тәрбиелілік: оқушыларды отансүйгіштікке, ата-бабаларымыздың Отан үшін жауына қарсылық көрсетудегі ел қорғау жолындағы ерлік дәстүрлерін үлгі ете отырып Отан қорғау жолында қиындықтарға мойымауға тәрбиелеу; қырағылыққа, ойланып әрекет етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, меңгерген әдістерін тәжірибеде қолдана білуге машықтандыру, қару-жарақтардың түрлерін еркін меңгеруді оқып-үйренуге баулу, сабақ барысында қолданылған амалдар және көрнекіліктер арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, Ф-1 және РГД-5 гранаталарының құрлысы, Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған гранаталар, оларды қолдану сәті бейнеленген архивтік фотосуреттер, шетел армиясының гранаталары бейнеленген слайдтар, бейнефильмдер.
Пәнаралық байланыс: тарих, физика
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе-2 мин
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Взвод командирі сынып оқушыларын сапқа тұрғызып, әскери оқытушыға рапортын береді;
әскери оқытушы рапорт қабылдайды
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау- 4 мин
1. Бейне фильм көрсету
2. «Ой қозғау»
Оқушылар бейне фильмнен көргендерін миға шабуыл жасау арқылы (ұрыс, мина, соғыс, граната, жарылыс, жауға қарсы тойтарыс жасау т.б.) жинақтайды.
3. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Мұғалім сөзі:
- Рахмет, оқушылар!
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары.
Мақсаты: ҚРҚК-теріндегі қол гранаталарын, оның түрлерін, құрлысын және ұрыстық қасиеттерін тану
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.
№ 1-інші сызба. Қол гранаталарының түрлері
Қазақстан армиясының қарулануындағы қол гранаталары: ҚРҚК Қару жарағында жарақшақты қол гранаталары бар. Жарақшақты қол гранаталары қарсыластың адам күшін жарақшақтармен жоюға арналған. Граната жарылған кезде адам күшін жоюға жеткіліктей энергиясы бар көптеген жарықшақтар жан-жаққа ұшады. Жарықшақты қол гранаталары, әсіресе жақыннан ұрысуға, шабуылда, орманда, тауда, паналарда ұрыс жүргізгенде ерекше нәтиже береді.
№ 2-інші сызба. Жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты граната түрлері
РГД-5 жарықшақты қол гранатасы – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады. Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50 м. Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.
Ф - 1 жарықшақты қол гранатасы –арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайдардан және тасадан, сауытты транспортерден, танкілерден (өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200-га жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45 м. Жарақталған гранат массасы – 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.
№ 1-інші кесте. Гранаталардың ұрыстық қасиеті.
Гранаталар
Ұрыстық қасиеті
РГД-5
Ф-1
Жарықшақтарының қиратқыш радиусы, м
25
200
Лақтырудың орташа қашықтығы, м
40-50
35-45
Жарақталған гранат массасы, г
310
600
Бәсеңдеткіштің жану уақыты, с
3,2-4,2
3,2-4,2
Гранаталарды сақтау
Гранаталар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке гранаталар, тұтқалар мен тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Жауынгерлер гранаталары арнайы сөмкелерде, ал тұтандырғыш гранаталар бөлек орналасады, оларды қағазға немесе таза матаға орап салады.
№ 3-інші сызба. РГД, Ф-1 және РГО қол гранаталарының құрлысы
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:
1.Үйренуші болат дуылға кию керек.
2. Гранаталар мен тұтанғыштарды оқтау алдында тексер керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек.
3. Бірнеше гранаталар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылғаннан соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек.
4. Қол гранаталарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 м жерді қоршау керек
5. Қорғаныстағы және танкге қарсы гранаталарды лақтыруды офицер жетекшілігі және т.б. бөлімше командирі шешеді.
6. Гранаталар мен тұтанғыштар беру орыны 25 м қашықтықта жарықтау керек.
ІҮ. Меңгерту, дамыту бөлімі - 17 мин
«Білімдарлар» ойыны. Әр топқа сабақ тақырыптарына сай түсіндірме мәтіндер беріледі. Оқушылар осы тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруге дайындалады және басқа топтарға сұрақтар дайындайды. Дайындалуға 5 мин уақыт беріледі. Бір топ тақтаға шығып, басқа топ өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар береді. Топтың сұрақты өз ішінде талдауына 20 секунд беріледі де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
Тақырыптар:
1. РГД-5 қол гранатасы.
2. Ф-1 қол гранатасы.
Ү. Бекіту (кері байланыс) - 12 мин
А) Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі. Орындап болған соң, жауап парақтарын сағат тілі бағытымен жанындағы серігіне береді, олар шаблон бойынша дұрыс жауаптарын белгілейді де, топ жетекшісі бағалау парағын толтырып мұғалімге ұсынады.
Тест сұрақтары.
І-деңгей.
1. РГД-5 гранатасының қандай бөліктері 2- ..........................
2. Ф-1 гранатасының қандай бөліктері: 1-...........................
3. Қол граннаттары қарсыластың ............................... ....... жоюға арналған.
4. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты .......... сек.
5. Ф-1 гранатасының салмағы ..............
ІІ-деңгей.
1. Неліктен Ф-1 гранатасы қорғаныстық болып табылады?
2. Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдері жұмысының реті.
A. Соққыш → Капсюль-детонатор → Бәсеңдеткіш → Капсюль-тұтандырғыш ;
B. Капсюль-детонатор → Соққыш → Бәсеңдеткіш → Капсюль-тұтандырғыш;
C. Капсюль-детонатор → Бәсеңдеткіш → Соққыш →Капсюль-тұтандырғыш;
D. Соққыш Капсюль-тұтандырғыш → Бәсеңдеткіш →Капсюль-детонатор.
Ә) Әрбір топ екі гранатаның Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары және айырмашылықтарын тауып жазады. Ең көп мәлімет жинақтаған топ жеңімпаз деп табылады.
Ф-1 РГД-5
ҮІ. Оқушылар білімін бағалау – 2 мин
Оқушылардың жинаған ұпайлары, тесттің дұрыс жауаптар саны және топтың бағасы нәтижесінде әр оқушының жинаған ұпайы, бағасы, топтың жалпы ұпайы мен орны және сыныптың орташа бағасы бағаланады.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру – 2 мин
Қол гранаталары жайлы интернет материалдарын әкелу;
Шет ел армиялары қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері туралы интернеттен материалдар алып, зерттеу.