Сабақтың басы 7-8 минут 10-15 минут | Ұйымдастыру кезеңі: А) оқушылармен амандасу; Б) сыныптың даярлығын тексеру; С. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңбері» әдісі Мақсаты: оқушылардың шеңбер бойында идея мен тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау. Қадамдары: - оқушылар үлкен шеңбер құрады, - кезектесіп бір-бірлеріне тілек айтады. Ж. “Ыстық орындық” әдісі Мақсаты: оқушылардың алдыңғы білетін тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру, кері байланыс жасау. Ұсынылған тапсырма бойынша қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру. Сұрақтар: - Отбасыңда неше адам бар? - Қандай отбасылық мейрамдарды атап өтесіңдер? - Отбасы күні қашан тойланады? -Отан отбасынан басталады мақалын қалай түсінесің? Ынталандыру: Жарайсың! Керемет! Тамаша! Топтастыру «Мозайка» әдісі Сурет қиындыларымен топтарға жайғасады. Сұрақтар: - Оқушылар, мына суреттерде кімдер бейнеленген? - Суретті 1 сөзбен қалай атар едіңдер? - Ендеше, алдағы сабағымыз осы отбасы мүшелерінің біріне арналып отыр. Соған көшеміз. Тыңдалым алды жұмысы ТЖ. 1-тапсырма. Графикалық кестеде берілген үлгі бойынша сөздердің мағынасын анықта. Орындалуы: Оқушылар кестедегі үлгі бойынша тірек сөздердің мағынасын аңықтайды. Мақсаты: сөздік қорды дамыту, мағынасын ашу. Кесте Сөз | Сіздің ойыңызша, оның мағынасы қандай | Сөздіктегі анықтамасы | Сөйлем | Отағасы | отбасы тірегі | әке | Әке-отбасының тірегі | Өнеге | | | | Шыда | | | | Еркеле | | | | Намыс | | | | Тәрбие | | | | Ынталандыру: ауызша мадақтау Оқушыларды жаңа тақырыпты игергендері үшін мадақтау. Жарайсың! Керемет! Тамаша! | «Шаттық шеңбері» «Ыстық орындық» Бейнелі суреттер А4 қағаз АКТ Үлестірме материал 12.1 |
Сабақтың ортасы – 10-15 минут 7 минут 5-10 минут | Тыңдалым кезі тапсырмасы С. Мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, не туралы екендігіне болжамдарыңды айтыңдар. Мәтін бөлігі: Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге ерекше еркеледім... ТЖ. 2-тапсырма «ПОПС» формуласы Оқушылар формулаға сүйеніп, тақырыпта көтерілген мәселе бойынша ойларын айтады. Мақсаты: тақырыпқа ену үшін жасалатын қадам. Клише: Менің ойымша... Оған дәлелім... Бағалау критерийі: мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжайды Дескриптор: ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды. «Жасыл түс» - барлық талаптарға сай орындалған. «Сары түс» - менің сұрағым бар. «Қызыл түс» – ұсынысым бар. Ж. «Түртіп алу» әдісі Мәтіннің жалғасын тыңда. Мәтінде кездесетін деректі, дерексіз зат есімдерді жазып алып отыр және олармен сөйлем құрастыр. Мәтін жалғасы: Сізді мақтан етемін, құрметтеймін. Өзіңізге деген сенім қалыптасты. Сізден жауапкершілікті үйрендім. Бізге: «Үлкендерге сәлем беріңдер», «Қолында ауыр заты болса, көмектесіңдер», «Өтірік айтпаңдар!», «Ұрлық жасамаңдар!», «Намысты болыңдар!», «Қиындыққа шыдаңдар!», «Жасырын, жаман істен аулақ болыңдар!» - деп тәрбиеледіңіз. Сізді қатты сағындым, аяулы әкем! Кесте Деректі зат есімдер | Дерексіз зат есімдер | | | Бағалау критерийі: мәтіндерден деректі және дерексіз зат есімдерді ажыратып, жазба жұмыстарында қолданады; Дескриптор: мәтіндегі деректі зат есімдерді анықтайды; дерексіз зат есімдердің анықтайды; сөйлем құрастырады; ҚБ. «Қосу, алу, қызықты» әдісі арқылы топ мүшелері бірін-бірі өзара бағалайды. «Қосу» - сабақта ұнаған кезеңін жазады. «Алу» - оқушының ойынша, ақпарат ол үшін керексіз. «Қызықты» - оқушыларға қызығушылық тудырған тапсырмалар туралы жазады. Жазылым ТЖ. 3-тапсырма «Постер» әдісі «Әке» тақырыбында білгеніңді жинақтап, постер құрастыр. Мақсаты: ой желісі арқылы екі жақты пікірді үйлестіру, өзіндік түсінік қалыптастыру, мәтіндегі тірек сөздерді теріп алу. А. Бұл оқушылар тобы «Дара диаграммаға» әке туралы білгендерін жазады. В. Бұл оқушылар «Қабырғадағы рөл» әдісімен жұмыс жасайды. Әкенің сыртқы сипаттауларын береді және әкеге деген пікірлерін білдіреді. С. Бұл оқушылар «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы мәтінді оқып, өзіндік пікірді постерге түсіреді. Мәтін | Пікір | Әкеге тән қасиеттер Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелген. | | Әкеге тән әрекеттер Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. | | Бағалау критерийі: «Әке» тақырыбында мәліметтерді жинақтай отырып, постер құрастырады. Дескриптор: - әке туралы мәліметтерді жинақтайды; - постерге түсіреді, түсіндіреді; ҚБ. Оқушылар бір-біріне өзара кері байланыс береді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Екі жұлдыз –екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы) Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе | Аудиомәтін «Бағдаршам» әдісі Аудиомәтін «Қосу, алу, қызықты» әдісі + - Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. 1-бөлім. / Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2018 ж. – 10 б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
Сыныптағы білім алу қажеттілігі ерекше оқушыларға олардың қабілетін ескере отырып күрделенген тапсырмалар беріледі. Барынша қолдау: А. Бұл оқушылар тобы «Дара диаграммаға» әке туралы білгендерін жазады. Орташа қолдау: В. Бұл оқушылар «Қабырғадағы рөл» әдісімен жұмыс жасайды. Әкенің сыртқы сипаттауларын береді және әкеге деген пікірлерін білдіреді. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар: С. Бұл оқушылар «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы мәтінді оқып, өзіндік пікірді постерге түсіреді. | Сабақ барысындағы оқушы жұмыстарының нәтижесі мұғалімнің уәждеу сөздерімен ынталандырылып отырады. Жазба жұмыстарға дескрипторларға негізделген кері байланыс берілді. Оқушылар белсенділігін арттыру үшін мына әдіс-тәсілдер қолданылады: -«Бағдаршам» әдісі -«Түртіп алу» әдісі; -«Қосу, алу, қызықты» әдісі - «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі; - «Жетістік сатысы» әдісі | Интернет желісін қолдануда қауіпсіздік ережелері сақталды. |