kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ке к?рген - о? жонар, ана к?рген- тон пішер

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар бойында жеке ?абілеттерін дамыту. ?ке-шешеге деген с?йіспеншіліктерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ке к?рген - о? жонар, ана к?рген- тон пішер»

4



«Әке көрген - оқ жонар,

Ана көрген - тон пішер»

Мақсаты: білімділік-оқушылардың жан-жақты мағлұмат алуына бағыт беру, шығармашылық қабілеттерін,іскерлік дағдыларын қалыптастыру,ананың мейірімділігін, әкенің өнегесін ұғындыру.

дамытушылық-оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, еркін ойлауға мүмкіндік беру, әке-шешеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

тәрбиелік- өз бетінше ізденуге,өз бетінше жұмыс жасауға, топтық, ұжымдық әрекетке бейімделуге,адамгершілікке, ізгілікке, ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу

Түрі: тренинг

Әдісі:СТО технологиясы, пікірлесу

Көрнекілік: слайдтар,үлестірме қағаздар

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

«Қырандар»- ұлдар, «Зеректер»-қыздар тобы

1. Қызығушылықты ояту

«Бақ, құт» деген сөздерді қалай түсінесіздер?

а) оқушыларға ойлануға мүмкіндік беру

ә) оқушылардың пікірін тыңдау және ортаға салу

б) айтылған пікірлермен келісу

2. Мағынаны ашу

а) Бақ, құт сөздерін топтастыру










ә) түйіні

Бақ дегеніміз- адамның жан-жақтылығы

Құт- береке, ырыс. «Жақсы келсе - құт»

3. Ой қозғау

1. Әке, ана, баланы «үш бақытым» деуге бола ма ? Неліктен ?

2. «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» дегенді қалай

түсінесің?

























а) «Бес жолды өлеңнен» тұратын қорытынды

ә) Сынып сағатының түйіні, тұжырымды қысқа сөзбен жеткізу:

Әке Ана

Үлгілі Айбынды. Мейірімді Аяулы.

Өсіреді Еңбектенеді Асырайды. Бағады Тәрбиелейді Мәпелейді

Әке-жанұяның негізгі тірегі. Анам менің ардақты- адам.

Ата-ана Шеше




б) Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бала - ата-ананың бауыр еті.

Ата-анаң –қамқоршың,тірегің.Құрметтейтін абзал жандар.


Ата-ана бақытымсың, барымсың

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын!


Ұлың өссін, ер жетіп, жігіт болып,

Қызың өссін бой жетіп, үміт болып.

Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз

Білімді боп өсеміз ақыл толып.


Жыр арнап ой қозғадық кең көлемде

Балаларың бейім ғой әр өнерге

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып

Қосамыз біз Сіздерді енді өлеңге

«Қырандар» топ басшысы оқиды.

І. Айналайын әкем менің, қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады,

Сіз арқылы аман-есен ер жетіп,

Сіз арқылы білімді адам боламын.


Жақсы болу-бізге міндет түсінем,

Үлгі аламаз әкелердің ісінен.

Алғысымыз арналады Сіздерге

Балаларын әлпештеп-ақ өсірген!


Сіздер барда бақыттымыз ардайым,

Өміріңді тағдырыңды жалғайық.

Ұстаздардан білім алып өркендеп,

Қияларға қанат қағып самғайық.


ІІ. Жаным әке, бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды.

Өзің барда еркелеймін өмірге

Арқасында алақанның аялы.


Арқа сүйер асқар тауым-әкемсің,

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін.

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Аман жүрші айналайын әкешім!


Жаным әке,сен мен үшін пірімсің,

Айтылатын әсем әуен,жырымсың.

Өзің барда қысылмаймын қашанда,

Мейірімді, шуағымсың, күнімсің!


«Зеректер» топ басшысы оқиды.

І.Ақын жаны аналардан жаралған,

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған.

Аналарға бас иеміз бәріміз

Бар өмірін баласына арнаған.


Жаным ана, жаутаңдаған жанарың,

Тыным таппай жеткіздің-ау балаңды!

«Әжімденіп ақ жүзіңде қалған ба?»

Деп ойлана мен анама қарадым.


Балалардан аямадың барыңды,

Аналары әркімге де қадірлі.

Артық адам жоқ қой сірә өзіңнен,

Көңілі кең, жүрегі жұмсақ, жаны ізгі.


ІІ.Анам маған үлкенді сыйла деген

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем.


Анамнан қалған ізеттілік

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық менің сәби айбарым ғой

Маңдайымнан жүргені жүз өптіріп.


Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін

Махабатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің


Қатысқандарыңызға рахмет !

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?ке к?рген - о? жонар, ана к?рген- тон пішер

Автор: Оз?анбаева Мереке Бегалиевна

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства