Ұйымдастыру кезеңі: «Жүректен-жүрекке» әдісімен оқушылар бір-біріне тілек айтады. Отбасы мүшелерінің атауымен 2 топқа бірігеді: «Әке», «Ана» Ширату жаттығуы: «Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашу 1. Қазақта әкені неге «отағасы» деп атайды? Ойыңды айт. 2. «Әке мен бала арасындағы сыйластық» дегенді қалай түсінесің? Тілдік бағдар Деректі және дерексіз зат есімдер Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттардың атын білдіретін сөздерді деректі зат есім деп атаймыз. Мысалы:кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам және т.б Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін заттардың атын білдіретін сөздерді дерексіз зат есім деп атаймыз. Мысалы: ақыл, ой, бақыт, арман, білім және т.б 3- тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағыналарын түсіндір. Деректі және дерексіз зат есімді тауып жазыңдар. 1. Әке-асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ. 2. Әке- балаға сыншы. 3. Әкеден-ақыл, Анадан-мейірім. Дескриптор: Мәтінді мәнерлеп оқиды. Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді таба алады. Деректі және дерексіз зат есімдерді ажыратады. ҚБ:смайлик арқылы бағалаймын 5–тапсырма. Жеке жұмыс. «Сканерлеу» әдісімен мәтінді оқып, деректі және дерексіз зат есімдерді табыңдар. Аяулы әкетайым, мен сіздің жүзіңізден шексіз махаббат көрдім, сізге ерекше еркеледім. ... Дискриптор: Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді таба алады ; Оларды қатыстырып сөйлем құрайды; Ойын еркін жеткізеді ҚБ: 3–тапсырма. Жұптық жұмыс. Әке көрген оқ жонар тақырыбына диалог құрау. Дискрептор: Диалогке қатыса алады; Деректі және дерексіз зат есімдерді қолданады; Ойын еркін жеткізеді.. Кері байланыс: «Мұғалімге хат» кестесі Оқушылар тақтада ілінген пошта жәшігіне сабақ бойынша ойы мен ұсынысын жазып салады Үй тапсырмасы: «Әкеме хат» әдісімен хат жазыңдар. |