II. Жа?а та?ырып: Балалар, таби?ат бізді? ?орша?ан ортамыз, байлы?ты? к?зі. Бізіді? елімізді? таби?аты бай екенін, сол таби?атты ?ор?ау екенін білеміз. б?гінгі саба?ымыз осы таби?атта ??рып бара жат?ан а?дар, ??стар, ?сімдіктер жайында болма?.
Таби?ат – халы? ?азынасы. Сонды?тан біз оны? байлы?ын пайдалана отырып, ?ор?ауымыз ?ажет, сонды?тан да таби?атты ?астерлеп, о?ан с?йіспеншілкпен ?арап, ?ам?орлы? жасау ?ажет. Со?ан байланысты бізді? елімізде,,Халы?аралы? таби?ат ?ор?ау ?о?амы,, ??рылды. Оны? басты ма?саты- саны сиреп бара жат?ан а?, ??старды, ?сімдіктерді ?ам?орлы??а алып, арнайы кітап?а тіркеу. М?ндай кітапты,,?ызыл кітап,, деп атайды. Оны? ?ызыл ж?не сары беттері болады. ?ызыл пара?ына ??рып бара жат?ан, сары пара?ына саны аз а?, ??стар, ?сімдіктер жазылады.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? ?ызыл кітабы»
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.
2.Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны қолдану сабағы / Қолданылатын әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ,,Ой шақыру,,, ,,Лото,, ойыны, ,,Венн диаграммасы ,, , жобалар әдісі, слайдтар топтамалары.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, жағарапия, биология
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру.
II. Жаңа тақырып: Балалар, табиғат біздің қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз. бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ.
Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.
Кітап 1974 жылы шықты.
-,, Қызыл кітап,, туралы сендер не білесіңдер?
/ 2-3 оқушы қысқаша мәліметтер береді /
III.Слайдпен жұмыс: Қазір, балалар, мына слайдтар топтамалары арқылы ,,Қызыл кітапқа,, енгізілген аңдар, құстар, өсімдіктермен танысасыңдар.
Жаңа сөздер: Тянь –шань арқары – Тянь- шанский горный баран
Барыс – Снежный барс
Қызыл қайың – Красная береза
Қызыл қасқыр – Красный волк
Қабылан – Гепард
Лалагүл – Лилия
Үлкен құралай – Большая чечевица
Сиверс алмасы – Яблоня- сиверс
Ақ ләйлек – Белый аист
Қара ләйлек – Черный аист
Кіші аққу – Малый лебедь
Дала қыраны – Степной орел
Бүркіт- Беркут
Ақбас тырна – Журавль / сөздік дәптерге жаңа сөздерді жазып алады /
IY. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырту.
/ 2-3 оқушыны тақтаға шығару /
Y. Венн диаграммасы.
Венн диаграммасы бойынша Қызыл кітап, экология, табиғат сөздеріне ортақ қасиеттерді табу. / ауаны ластамау, табиғатты қорғау, аң, құстар, өсімдіктерді жоймау, келесі ұрпаққа жеткізу,т.б.
YI.Пысықтау кезеңі:
,,Лото,, ойыны деңгейлі тапсырмалар арқылы ойнатылады.
Табиғатты қалай қорғау керек?
Ол үшін не керек?
қорғай білуіміз керек табиғаттың
пайдалана отырып байлығын
қорғау үшін қоғамдық комитет құрылды
,,Қызыл кітапқа,, енгізілген
сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орын- орнына қойып, бір сөйлем құрастырыңдар.
YII. Сабақты қорытындылау:
- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Табиғатты қалай қорғау керек ?
- Ол үшін не істеу керек ? / сұрақтарға жауап алу/
YIII. Оқушыларды бағалау.
IX. Үйге тапсырма: ,,Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?,,
/ шағын әңгіме /
"Қызыл кітап" атауы қайдан шықты?
"Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.
Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
Қазақстанда сирек кездесетін жойылып бара жатқан жануарлардың түрлеріне арналған "Қазақстанның қызыл кітабы" монеталар сериясы шығарылды.