Сабақта Қазақстандағы өнертапқыштар туралы мәлімет берілді. Оқушылар осы тақырып бойынша постерлер қорғап, 321-әдісін пайдаланып, сабақтын мазмұнын ашты.Өздерінің дайындаған презентацияларын қорғады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қазақстандағы өнертапқыштық"»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстандағы өнертапқыштық жайында танымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Тыңдалған мәтінінің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызбаларда белгілерді сипаттау Сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлану және танымдық қабілеттерін арттыру.
Оқулық: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова .Алматы «Мектеп» 2015
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық.
II. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІI. Жаңа сабаққа дайындық:
1)Оқушылардың көңілін бейнетаспаға аудару
Бейнетаспаны тамашалағаннан кейін слайдтқа қарай отырып, оқушылардан жауап алу.
1. Қазақстан мемлекеті өнертапқыш тарапынан қандай орын алады?
2. Елімізде соңғы 20 жыл ішінде қанша ғылыми жетістіктің патенттелгенін айтуға болады?
3. Өнертапқыштық қай кезде пайда болды?
IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі:
Өнертапқыштық қасиет кез келген ұлттың маңдайына жазылған нәрсе. Кез келген ұлт талантты. Тек таланттың көзін аша білу керек. Мұндай дарынды азаматтарға мемлекет қолдау көрсетсе, жұмысқа жастың қабілеті оянады. Бойдағы дарындылық қабілетке, қамқорлыққа қатысты екені сөзсіз.
Топтық жұмыс .Оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ
2-топ
3-топ
2)Слайдтарды тамашалайды.
1.«Электронды домбыра»
Оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын қолданысқа енгізді.
Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Авторы – оңтүстікқазақстандық ІT маман Нұрлан Қамбар. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға мүмкіндік береді,- дейді өнертапқыш.
2. «Электронды қазақ үй»
«Электронды қазақ үй» жобасының жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы қызылордалық баспасөз өкілдерімен кездесіп, аталмыш жоба жөнінде жан-жақты айтып берді.
Электронды қазақ үй 4 негізгі бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім – ертегілер. 150 ертегі бар. Екінші бөлім – балалар әні. Балаларға арналған 167 ән енгізілген. Қазақ әндерін бала жастан жаттауға, ән үйренуге тиімді. Үшінші бөлім – күйлер. Төртінші бөлім – дәстүрлі ән, терме-толғаулар, бесік жырлары және Абай атамыздың 45 қара сөзі,114 халық әні, 202 халық әнші-композиторларының әндері, 62 терме-толғау, 26 отаншылдық рухтағы ән, 7 бесік жыры, бар. Ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейтін өнім патенттелген, авторлық құқығы қорғалған, Жобаның жүзеге асуына 3 жыл уақыт жұмсалған.
3. «Электронды бесiк»
Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық батарейкамен-ақ қозғала беретін бесік ойлап тапқан астаналық жас өнертапқыш көпшілік жас қазақ отбасыларының мұқтаждығын дөп басқандай.
211 бет. №2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, сұрақтар құрастыру
212 бет. №5 тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сөйлемдердің
дұрыс не бұрыс екенін тексеріңдер.
6)Жазылым.Дәптермен жұмыс.
Грамматикалық тапсырма.
Сөйлемдерге талдау жасау (морфологиялық,синтаксистік)
Құрмалас сөйлемдерді қайталау . Тапсырманы әр оқушыөз бетінше орындау керек екенін ескерту.
«Электронды қазақ үй» жобасының жауапты редакторы Жарқын Сәленұлы қызылордалық баспасөз өкілдерімен кездесіп, аталмыш жоба жөнінде жан-жақты айтып берді.
Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады.
V.Тексеру кезеңі
Топ арасында сұрақ-жауап жүргізу.
VІ.Бекіту кезеңі
7) Айтылым. Жобаны қорғату.
Әр топ өздеріне тиісті жобаны қорғайды.
VII.Сабақты қорытындылау
8) «3 2 1 әдісі» қолдану. (Рефлексия)
Оқушыларды бағалау.
9) Критериалды бағалау (балл бойынша)
1. Мәтінді түсіне білу. (оқу, аудару)
2.Сұрақтарға жауап бере білу.
3.Сұрақ қоя білу.
4. Грамматикалық тапсырманы орындай білу.
5. Қосымша тапсырма орындауы.(шығармашылық ізденіс)
Үй тапсырмасын беру.
«Қазақстандағы өнертапқыштық»тақырыбына шағын эссе жазу.