Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Олимпиада жеңімпаздары-Қазақстанның мақтанышы Мұғалімнің аты-жөні: Тлеубаева Жанар Хауезовна Мектеп: КММ «№26 гимназиясы» Күні: Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақ тақырыбы | Қай спорт секциясына жазылдың? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) | Т.3. Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну А.5. Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру |
Сабақ мақсаты | Тақырып бойынша үйренген сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолдану. Қарым-қатынасқа түсіп,тақырып бойынша ойларын толықтыру. |
Бағалау критерийі | –тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді; – жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолдана алады; –тақырып бойынша диалогке түседі; – тақырып бойынша ойларын толықтырады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор: табанды, тынымсыз, жұдырықтасу, зілтемір, талап Диалогте пайдаланатын сөз тіркестер: қазақша күрес, талабы қатал, басты мақсат Талқылауға арналған сұрақтар: –Қандай спорт секциялары бар? –Қай спорт секциясына жазылдың? |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» бағдарламасының құндылықтарын негізге ала отырып : –Денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шартын жүзеге асыру; –Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; – Салауатты өмір салтын ұстану; –Спортпен шұғылдануға ынталандыру. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану, орыс тілі, дене шынықтыру |
Алдыңғы білім | Олимпиада жеңімпаздары туралы біледі, ой тұжырымдай алады |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин. 2 мин. Білу Түсіну 5 мин. 3 мин. | «Заряд алу» сергіту сәті өткізу үшін оқушылар шаттық шеңберге тұрып, көздерін жұмады. Топтың басшысы қолды 1 рет қысады, екінші айналымға келгенде 2 рет қысады, үшінші айналымда 3 рет қысады. Бұл бастаушыға барғанда, қанша заряд жібергені анықталады. Топтастыру «Пазл» әдісін пайдалана отырып, оқушыларды күрес, таеквондо суреттері арқылы топтастыру. 1-топ: күрес 2-топ : таэквондо Тыңдалым алды тапсырмасы Тапсырма №1 Ж. «Сұрақ-жауапқа құрылған хат» әдісін пайдалана бейнефильм көре отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды. Екі топтағы алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. Осы сұрақтарға жауап береді: 1-ші сұрақ : « Не?» 2-ші сұрақ : «Қай жерде ?» 3-ші сұрақ: «Не істейді?» 4-ші сұрақ: «Ол не айтты?» 5-ші сұрақ: «Адамдар не деді?» 6-шы сұрақ: «Оқиға немен аяқталды?» Тапсырма №2 Ж. «Бір қадам алға » әдісін қолдана отырып, өткен тақырыпты еске түсіреді, қойылған сұрақтарды түсінеді және жауап береді. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Еліміздің қандай атақты спортшылары бар? Қазақ жеріне алтын медаль әкелген ең жас спортшы кім? Грекияда өткен олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген Қазақстан спортшысы туралы не білесіңдер? – Сендер спортпен айналысасыңдар ма? Бағалау критерийі: – Берілген сұрақтарды түсінеді; Дескриптор : Сұрақтарды түсінеді Сұрақтарға жауап береді Қ.Б. «Шаршылар» | https://www.youtube. com/watch?v=5iHARUaAQLQ интербелсенді тақта Қазақ тілі мен әдебиет «Бәйшешек» 69 бет |
Сабақтың ортасы Қолдану 5 мин.
Қолдану
8 мин. . Жинақтау 10 мин. | Тапсырма № 3 Ж. Ж.Ж. Сөздік жұмыс «Графикалық органайзер» әдісін қолдана отырып, жаңа сөздер мен тірек сөздермен танысады. Табанды требования Тынымсыз боксировать Жұдырықтасу стойкий Зілтемір беспрерывно Талап штанга Қазақша күрес главная цель Талабы қатал борьба Басты мақсат строгие требования Бағалау критерийі: – Тақырып бойынша жаңа сөздер мен тірек сөздерді үйренеді. Дескриптор: К.Б. «Допты лақтыру» әдісі Тапсырма №4 Т.Ж. «Жалғасын тап» әдісі арқылы диалог мұқият тыңдалады (Диалогті мұғалім екі рет оқиды). Оқушылар мәтінді тыңдау барысында жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді. Тыңдалым. Айтылым –Әлібек, сен биыл спорт секциясына жазылдың ба? –Иә. Өткен жылы футбол секциясына барғам. Биыл ... ... жазылдым. – Онда немен шұғылданасыңдар? – Күн сайын үш сағаттан ... жаттығамыз. – Жаттықтырушыларың – кім? –Жаттықтырушымыз – атақты балуан. – Жаттықтырушыларың қатал ма? –Жоқ, Жаттықтырушымыз қатал емес, қазақша күрестің ... .... Күресуден бөлек, кейде ..., кейде ... де көтереміз. Өйткені қазақша күрес күштілікті, ... қажет етеді. Ал жеңу, ... - басты мақсат. –Қандай керемет! Мен де ... ... жазыламын. – Өте жақсы. Көріскенше! Бағалау критерийі: Дескриптор: Қ. Б. «Смайликтер» Айтылым Тапсырма №5 Т.Ж. 1-топ – «Графикалық кесте» әдісін пайдалана спорт секцияларының түрлерін толықтыра отырып, кестеге суретпен бейнелеу. Спорт секциялары 2-топ – «Сұрақ ілмегі» әдісін пайдалана отырып, тақырып бойынша ойды жинақтау. « Сен қай спорт секциясына жазылдың?» тақырыбы бойынша диалог құрайды. Бағалау критерийі: Спорт секцияларының түрлерін толықтыра алады; Спорт секциялары түрлерін кестеге суретпен бейнелейді; Тақырып бойынша диалог құрайды; Бүгінгі сабақ барысында алған білімдерін жинақтайды. Дескриптор: Спорт секцияларының түрлерін толықтырады; Спорт секциялары түрлерін кестеге суретпен бейнелейді; Берілген тақырыпқа диалог құрай алады; Сабақ барысында алған білімдерін жинақтай алады. Қ.Б. «Стикер» | Қағазға жазылған мәтін Қазақ тілі мен әдебиет «Бәйшешек» 72 бет А3 қағазы, түрлі түсті маркерлер |
Сабақтың соңы 3 мин. Бағалау 2 мин. | Рефлексия «Білім қоржыны» әдісі бойынша сабақ қорытындыланады Кері байланыс «Жаттығу әдісі» Жасалынған жұмысқа қимылмен кері байланыс беру: –Отыру- өте төмен бағалау, жағымсыз сезіну; – Тізені бүгіп тұру- орташа баға, немқұрайлы болу; – Екі қолын түсіріп тұру- қанағаттанарлық баға, сабырлы болу; –Қолды шынтықтап көтеру- жақсы баға, оң көзқараста болу; –Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап, аяқтың ұшымен тұру- өте жоғары баға, қуанышты болу. Үй жұмысы: «АКТ» -ны пайдалана отырып, диаграмма сызады | |
|
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқу мақсатын жүзеге асыру үшін сабақ жоспарында саралған сабақ мақсаттары Блум таксономиясына негізделіп құрылған. Сабақтағы саралау жұмысы оқушылардың қажеттіліктері есепке алына отырып жүзеге асады. Оқушылардың барлығы: сөздер мен тіркес сөздерді біледі және түсінеді. Сөздік жұмыс барысында оқушылардың тілдік мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қолдау: «Бір қадам алға», «Графикалық органайзер» Оқушылардың көбісі: тақырып бойынша кесте құрай алады және сөйлемді толықтыра алады. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау деңгейлеріне қарай жеңілден күрделіге бағытталады. Қолдау : «Графикалық кесте», «Жалғасын тап» Кейбірі: диалог құру барысында қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіреді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогті құрастырады. Қолдау: «Сұрақ ілмегі», «Білім қоржыны» Саралаудың 12 тәсілінің бірнешеуі жоспарлау кезінде қарастырылды және іске асырылды. Тапсырмалар оқу мақсатымен сәйкестіндіре отырып спиральды қағидат негізінде алынды. | Сабақта өзара бағалау, топаралық бағалау жүзеге асады. Оқушылардың тапсырманы орындаулары кезінде бағалау критерийлері мен дескрипторлар басты назарға алынады. Дескрипторға сүйене отырып, жазбаша кері байланыс жүргізіледі. Сындарлы кері байланыс оқушы әрекетін түзетулеріне мүмкіндік береді. Сабақ барысында қолданылған қалыптастырушы бағалаулар, рефлексия,кері байланыс түрлері: «Шаршылар» «Жаттығу әдісі» «Білім қоржыны» «Смайликтер» «Стикер» Бұл алынған бағалау түрлері оқушыларды оқу жетістігіне жетуіне және сындарлы оқытуға сәйкес. | Оқушылар сабақ барысында өздерін жайлы сезіну үшін, психологиялық ахуал туғызу үшін «Заряд алу» әдісі қолданылады. «Жаттығу әдісі» барысында қимыл-қозғалыстарды орындау барасында, оқушылардың денсаулығын сақтауда қауіпсіздік техникасы сақталады. Әр оқушының пікірі құнды болғандықтан, олардың еңбегі қорғалады. Пәнаралық байланыс өзін-өзі тану, дене шынықтыру, орыс тілі пәндерімен тығыз байланыста болып, сыныпта қажетті мүмкіндік жасалады. Оқушылар жұптық, топтық жұмыстар жасау арқылы қарым-қатынас ортасы орнайды. Оқушылардың оқуын қамтамасыз ететін қалыпты оқу ортасы құрылады. |
Сабақ бойынша рефлексия | |
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек? |