Уақыт | Жұмыс кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ұйымдас- тыру түрі | Бағалау | Қолданылатын модуль |
2мин | Ынтымақтастық кезеңі | Сәлемдесу. Психологиялық қолайлы ахуал орнату. «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері. | Бір-біріне жақсы тілектер айту | Бір-бірін сыйлау | | Жас ерекшеліктеріне сай оқыту |
3 мин | Өткен сабақпен ұштастыру | Сандыққа сұрақтар саламын | Әр оқушы сандықтан сұрақтарды алып, жауап береді. | «Сиқырлы сандық» әдісі | Өзін-өзі бағалау 1 дұрыс жауап 1 ұпай | ОүБ |
2 мин | Топқа бөлу | Спорт түрлері суреттері бойынша оқушыларды топқа бөлу | 4 топқа бөлінеді | Топтарға бөліну: баскетбол, футбол, шахмат, теннис | | |
1 мин | Операциялық жұмыс кезеңі | Топқа бөлінген суреттер арқылы тақырыпқа шығу | Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріп тақырыпқа шығады | Топпен шешеді Тақырыпты жазу | Бірін-бірі бағалау Әр дұрыс жауап 1 ұпай | |
13 мин | Білім Түсіну | Таратылған мәтінімен жұмыс. жаңа сөздерді пайдаланып мазмұнын өз сөзімен білдіру | Топта топ басшыны, спикерді, тайм спикерді, хатшыны тағайындау. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеп, топта ортақ шешім шығару 1-топ:Баскетбол ойыны 2-топ:футбол ойыны 3-топ: шахмат ойыны 4-топ теннис ойыны | Постерге салу ЖИГСО | Бірін-бірі бағалау Әр дұрыс жауап 1 ұпай | |
10 мин | Қолдану | Жазбаша жұмыс. Ережемен жұмыс жүргізу | Әр топ өз мәтінінен 2 етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазады. | Дәптермен жұмыс | Бірін-бірі бағалау Әр дұрыс жауап 1 ұпай | |
5 мин 4 мин | Талдау | Оқулықпен жұмыс 128 бет 1-шы тапсырма 1топ Футбол ойыны жылдамдықты, шыдамдылықты, қимыл – қозғалысты дамытады. 2 топ: Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады. 3 топ: Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. 4 топ:Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. | Оқулықтағы диалогты толықтырады. Алдарындағы үлестірме кеспелерде «спорт» тақырыбына негізгі сөздер қатары берілген, сол сөздерді дұрыс орнықтырып сөйлем құрастыру керек. | «Сұрақ –жауап» әдісі | Бірін-бірі бағалау Әр дұрыс жауап 1 ұпай | Диалогқа түсу, СТО, Дарынды балалармен жұмыс |
3 мин | Жинақтау Бағалау | Бақылау сұрақтары: Баскетбол қайда пайда болған? Футбол сөзі қай тілден шыққан? Баскетбол сөзі нені білдіреді? Шахмат сөзінің мағынасы қандай? Шахматты неше адам ойнайды? Барды, ойнады, білдірді етістіктерінен болымсыз етістік жаса. | Кубизм әдісі оқушылардың білімдерін қорытындылау Әр оқушы «Егер мен спортшы болсам..» деген ұғымды 1 сөйлемнен жалғастырып айтады. | «Кубизм» әдісі | Бірін-бірі бағалау Әр дұрыс жауап 1 ұпай | |
1 мин | Қорытынды | | Табыс ағашынан өз білім деңгейі қай жерге жеткенін көрсетеді. | | | |
1 мин | | Жиынтық бағаны шығару | Топ басшылары топ мүшелерінің жиынтық бағасын шығарады | | | |