kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмаларды орындату. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, шыңдау; дамытушылық – сөздік қорларын байыту.

Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру; тәрбиелік –орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ойын қорыта білуге және де жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге жетелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ еліне саяхат»

Қазақ еліне саяхат

(ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмаларды орындату. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, шыңдау; дамытушылық – сөздік қорларын байыту.

Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру; тәрбиелік –орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ойын қорыта білуге және де жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге жетелеу.

Сабақтың типі: ертегі-ойын сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, сөздік, жаттықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: ертегіге байланысты жануарлар маскасы, тапсырмалар жазылған қима қағаздар.

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жек-дара, жұппен, топпен.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекшімен сұхбат

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, қызығушылықтарын ояту.

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап

Қазақ тілін бастаймыз!

II. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша ойын сабағы болмақ. Сабақта өтілген тақырыптарды еске түсіреміз, тіл, ой, шығармашылық қабілеттеріңдідамытып, әр түрлі тапсырмаларды дұрыс орындап, өз жігерлігімізді көрсетіп, сабаққа белсенді қатысайық. «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы.

Кел, тыңдайық ертегі,

Естіген жанды елітеді.

Талай ғажап оқиға

Қызық сырын шертеді.

Ерте, ерте, ертеде... бір ата мен әже болыпты...

Атасы: –Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Әжесі: –Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

Атасы: – Қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.

Әжесі солай істейді.Қаптың түбін қағып,қалған ұннан бауырсақ пісіреді де,суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді...

Орман ішіне домалап келіп, қоянның көжегін үйретіп жатқанын естиді:

-Сұр көжегім, көжегім,

Еркелігіңді сеземін.

Сабаққа мойын бұратын

Сенің де келді кезегің.

Білмесең надан боласың,

Жау қолында қаласың.

Үйреніп бәрін біле алсаң,

Ақылың жетіп толасың.

Көжегі бауырсақты көріп, қорқып қашып кетеді.

Қоян: –Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын.

Бауырсақ: –Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда

Атадан да қаштым,

Ападан да қаштым,

Қоян сенен де қашып кетемін

Қоян: - Қой, бауырсақ, сенің өлеңің жақсы екен, сен одан да менің тапсырмамды орында.

Бауырсақ: - Енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.



Қоянның тапсырмасы:

1. Екі топтан екі оқушы шығып, үстелде жатқан әріптердің ішінен қазақ тілінің төл дыбыстарын тауып, күннің жан жағына іледі және осы дыбыстар кездесетін сөздерді атайды. (топтағы басқа оқушылар да көмектесуге болады)

2. Екі топтан бір-бірден екі оқушы шығып, үй жануарларының төлдерін жанына қойып, атауларын айтады.



Тапсырманы орындап болып келе жатқан бауырсақ шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.

Аю: –Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Жемеші, мен саған өлең айтып беремін.

Атадан да қаштым,

Ападан да қаштым,

Қояннан да қаштым,

Сенен де аю, қашып кетемін.

Аю: - Әй, балалар, балалар!

Менде қызық ойын бар,

Ал, ықылас қойыңдар.

Қане тәртіп сақтайық,

Мен берген тапсырманы,

Бұлжытпай орындайық.



Аюдың тапсырмасы:



1. Жоғалған әріпті тап.

Қаза... т..лі, математика саба...ы, ...дебиеттік оқу, д...ниетану сабағы, дене шыны...тыру, м...тін аудару, есеп шы...ару, п...ндер, жатты...улар жасау, к...нделік толтыру, саба... кестесі.







Бауырсақ: -Жарайсыңдар, балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар.



Сергіту сәті

Аспанға қарап, Ай көрдік,

Төменге қарап, Жер көрдік,

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.



Бауырсақ домалап, аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.

Қасқыр: –Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Жемеші, мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: - Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек емес, сен менің тапсырмамды орында.



Қасқырдың тапсырмасы:



1. Екі топқа парақтар беріледі. Оған өздері білетін оқу құралдарының суретін салып, олардың атауларын айту.

2. Бір күндік сабақ кестесін қазақ тілінде жазу.

1-топ дүйсенбі күнінің сабақ кестесін

2-топ сәрсенбі күнінің сабақ кестесін



Бауырсақ: - Рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар, - деп әрі қарай домалап кетеді.

Бауырсақ домалап келе жатып, бір дыбыстарды естиді.

Түлкі: - Түлкішегім, құлыным,

Сен ғой менің тілегім.

Аңшы кімді қумаған?

Жарылмасын жүрегің!-

деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен.

Түлкі бауырсақты көріп: - Амансың ба, бауырсақ?

Көргендерге ұнайды,

Жүзің қызыл шырайлы,

Мен сені жеймін.

Бауырсақ: - Жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Атадан да қаштым, ападан да қаштым,

Сенен де оңай құтылып кетемін.

Түлкі: - Оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмамды орында.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық,

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық.

Түлкінің тапсырмасы:

1. Екі топқа орыс тілінде жазылған сөздер беріледі. Оқушылар олардың аудармаларын жазулары керек.

2. Екі топ оқушылары отбасы мүшелерінің туыстық атауларын берілген параққа жазады.



ІІІ. Сабақты бекіту

Тест

1. Отбасы сөзінің аудармасы:

А) семья Ә) школа



2. Күн, гүл, үстел, үлкен сөздерінде қай дыбыс қайталанып келеді?

А) Әә Ә) Үү



3. Оқу құралдарына нелер жатады?

А) кітап, дәптер Ә) әке, аға, ата



4. Бір аптада неше күн бар?

А) жеті Ә) алты



5. Ң – қандай дыбыс?

А) дауысты Ә) дауыссыз



6. Күз айларын белгіле.

А) қыркүйек, қазан, қараша Ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан



IV. Рефлексия.

  • Балалар, бүгін сабақ сендерге ұнады ма?

  • Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

білдің?

Сабақта не үйрендің?

үйренгің келеді

V. Үйге тапсырма: сөздерді қайталау.

VI. Бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Қазақ еліне саяхат

Автор: Жанауова Гульмира Замзаевна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396842

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Та?ырыбы: "Ертегі еліне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(36) "tak-yryby-iertieghi-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "170285"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423529182"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Математика  еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(30) "matiematika-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "162596"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422373125"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«?АЗА?СТАН ЕЛІНЕ САЯХАТ»"
    ["seo_title"] => string(24) "kazakstanieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287575"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454503858"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Сыныптан тыс іс-шара  "Мультфильмдер еліне саяхат"   презентациясымен"
    ["seo_title"] => string(66) "synyptantysissharamultfilmdierieliniesaiakhatpriezientatsiiasymien"
    ["file_id"] => string(6) "301736"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456983572"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сиқырлы пішіндер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(36) "sik_yrly_pishindier_ielinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "415335"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494783195"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства