1.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.Мұғалімнің тілек білдіруі.Сұрақ жауап арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру. 2. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды тақырыпқа байланысты шағын төрт топқа бөлу. 3. «Сандық ашу» өтілген тақырыпты топтаса отырып меңгеру.Тақырыпқа байланысты әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады. Жаңа тақырыпқа байланысты ереже түсіндіру: Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз. Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді. - са да, - се де. Мысалы: Қыс келсе де, қар жаумады). - ғанмен,- генмен, - қанмен,- кенмен Мысалы: Қыс келгенмен, қар жаумады. (- а,- е,- й)+ тұра (Қыс келе тұра, қар жаумады). (- ғанына,- геніне,- қанына,- кеніне) + қарамай (қарамастан) Мысалы: Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады. (- ғаны,- гені,- қаны,- кені) + болмаса Мысалы: Қыстың келгені болмаса, қар жаумады. - ғанша,- генше,- қанша,- кенше Мысалы: Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады: а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған - ды.
ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
б) есімшеге көмектес септік (- мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен, киім - кешектерін таза ұстайтын еді.; есімшенің бұл түріне кейде да, де шылауы қосылып та қарсылықты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады;
в) есімшеге - ша,- ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы. г) – а,- е,- й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (- тан,- тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары Оқулық кестемен жұмыс 131-жаттығу. Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар. Топтық жұмыс. Оқушылармен мақал- мәтелмен жұмыс жасау Оқушыларға мысал үстінде жұмыс |