kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қамар сұлу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән: қазақ әдебиеті     сынып:  9 сынып           

Сабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға  Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, тарихи кезеңге назар аударту. «Қамар сұлу» романын талдау арқылы жаман әдеттен арылту;

Дамытушылық: тиянақты, жүйелі, мәдениетті сөйлей білу дағдылары  мен іздемпаздық қасиеттерді қалыптастыру;

Тәрбиелік: балалардың  бойына  тарихи  саналықты  қалыптастыру, өз ұлтына,  ұлттың ардақты ұлдарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, проблемалық, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: автор портреті, тірек- сызбалар, интерактивті тақта.

Формасы: топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, өзін- өзі тану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қамар сұлу»

Астана қаласы

№14мектеп- гимназиясы

Ибраева Сараш Алкебаевна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Пән: қазақ әдебиеті сынып: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға Сұлтанмахмұт шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, тарихи кезеңге назар аударту. «Қамар сұлу» романын талдау арқылы жаман әдеттен арылту;

Дамытушылық: тиянақты, жүйелі, мәдениетті сөйлей білу дағдылары мен іздемпаздық қасиеттерді қалыптастыру;

Тәрбиелік: балалардың бойына тарихи саналықты қалыптастыру, өз ұлтына, ұлттың ардақты ұлдарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, проблемалық, түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: автор портреті, тірек- сызбалар, интерактивті тақта.

Формасы: топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, өзін- өзі тану.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы: Сұлтанмахмұт өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылардың білімдерін жинақтау үшін «Жорға » жарысын ұйымдастыру.

(Интерактивті тақтада көрсетілген 10 сұраққа 1минут ішінде жауап беру керек).

1. Сұлтанмахмұттың әкесі кім деп аталған кедей еді? (Шоқпыт)

2. Сұлтанмахмұт шешесінен неше жасында айырылды? (екі жасында)

3. Сұлтанмахмұт қай өңірде дүниеге келген?

(Қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында)

4. Сұлтанмахмұттың ақындық талантын қай молда байқайды? (Мұқан молда)

5. Сұлтанмахмұттың оқу- білімге арналған өлеңдерін ата. («Шәкірттерге», «Оқудағы мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға»)

6. Сұлтанмахмұттың неше романы бар? (екі)

7. Сұлтанмахмұт қазақтың қай ақындарын өз өлеңіне қосады? (Абай мен Шәкәрім)

8. Сұлтанмахмұт қанша жыл өмір сүрді? (27жыл)

9.1913 жылы қай журналдың редакциясында қызмет атқарды? (Айқап)

10. Сұлтанмахмұт қай жылы дүниеден өтті? ( 1920 жылы)


ІІІ. Романның жалпы мазмұны.

«Қамар сұлу» романы- әлеуметтік өмір шындығын суреттейтін аса маңызды шығарма. Романның тақырыбы-қазақ әйелдерінің теңсіздігі. Жазушы әлеуметтік мәселелер арқылы өз заманындағы қазақ әйелдерінің ауыр тағдырын бейнелейді. Қалың мал мәселесін сөз ете отырып, онымен арпалысқан Қамар сияқты оқыған қыздардың әрекетін баяндайды.


ІV. Дегейлік тапсырма. Шығарманың компазициялық құрылысына талдау.

І деңгей.

Компазициялық құрылысы

Дәлелдеме

Оқиғаға кіріспе

Ел ішіндегі Қамардың сұлу болып бойжетіп, ел аузына ілінуі.

Оқиғаның байланысы

Жастар арасындағы сезімге қарсы шыққан ауыл билері мен жастар арсындағы тартыс.

Оқиғаның басталуы

Ахмет пен Қамар арасындағы махаббат сезімнің дамуы.

Оқиғаның дамуы

Жорға Нұрымның Қамарды алуға ниеттенуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Жорға Нұрымға беруге әке қарсылығы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Жорға Нұрымның Қамарды еріксіз алып кетуі. Дертті болған - Қамар.

Оқиғаның шешімі

Ахметтің Қамарды іздеп келуі, жастар өлімі.


ІІ деңгей.

Романдағы салт -дәстүрлер көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Оқушылардың өз көзқарасы.

І. Құда түсу.

Оқушы көзқарасы

Оспан би мен Қалтай қажы Қамарды Жорға Нұрымға беруді сөз етеді.

Екі жас бір- бірін ұнатқан соң ата- аналары құда түседі.

ІІ.Қалың мал.


Ірі қара, ақша береді.

40 жылқы, 10түйе, 500 сом.

Өсіріп әлпештеген ата- анаға сый -құрмет жасалғаны дұрыс.

ІІІ.Жеңгелердің рөлі.


Ахмет пен Қамардың хаттарын жеңгелері әкеліп береді.

Екі жасты таныстырып, табыстыруда жеңгелердің рөлі бар.

ІV.Неке оқу.


Қыздың наразылығымен есептеспей, молда зорлықпен некесін қияды.

Қазіргі таңда жастардың өз еркімен некесін мешітте қияды.

V.Жар- жар айту.


Қарт қара құс сұңқарға,

Қалайша тең, жар- жар ау.

Үйлену тойларда « Жар- жар» әні айтылады.


ІІІ деңгей.

1.Романдағы кейіпкерлерді сомдау.

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

Қамар

Өте жоғары, пәк сезім

Ынталы, мейірімді,адал

Жоғары

Ахмет

Адал, болашаққа үмітпен қарайды.

Бауырмашыл

Жақсы

Омар

Өте жақсы

Болашағы зор

Мейірімді

Жақсы

Жорға Нұрым

Түсінігі нашар, өмірге қызығушылығы жоқ.

Дүниені көбірек ойлайды, пасық, надан, ескі көз қараста.

Жаман

Кейіпкерлерге ( жоғары, төмен, орта) баға бере отырып, оқушылар өз ойларын дәлелдейді.

2.Талдау сызбасы арқылы шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.

І топ: Қамар

Мінездеме

Дәлелдеме

Көркемдік тәсіл

Сұлу

Кіріспеде ақынның қызды суреттеген шумақтарын оқу.

Теңеу, эпитеттерді табу,

Ақын

1.Ахметке өлеңмен жауап жазуы.

2.Зар –зар айтуы.

3.Нұрымға жауап беруі.

4.Молдамен айтысуы.

«Ататай болдым ғашық мұрныңа» ирония.

Момын

Нұрымға айттырғанда бірден қарсы шықпайды.

«Құдай тұрсын ынсапты пендесі де,

Қоса ма қу ағашқа өрім талды » метонимия

Ашынған Қамар

Зар- зар айтуы.



ІІ топ: Ахмет

Мінездеме

Дәлелдеме

Көркемдік тәсіл

Ақылды

Досының қарындасы болған соң, сезімін білдіре алмай жүреді.

Ахметтің портретін табу.

Сезіміне берік

Қамарды іздеп келуі.

«Ахмет секілді қортықтау атаның баласы шынжыр балақ, шұбар төс Омарларға қол созды деген хабар ...»- метафора.

«Қолына түскен соң сыпыра көңіл соқырлар өлген - тірілгеніне қарасын ба?»

Елдің Жәукені күндеген кездегі сөзін табу.

Кекшіл

Молда мен Нұрымға пышақ алып ұмтылуы.

«Мұрнынан боғы ағып» -дисфемизм.


ІІІтоп: Жорға Нұрым

Мінездеме

Дәлелдеме

Көркемдік тәсіл

Дүниені малмен өлшейді

Қамарды тоқалдыққа алуға ұмтылады.

Нұрымның портретін романнан табу. Нұрым портретін суреттеуде синекдоханы қолдану шеберлігіне талдау жүргізу.

Синекдоханың ережесін еске түсіру.

Әлсізге зорлық көрсетеді

Қамарды еріксіз алып кетуі.

Надан

Қамарды әр бақсыға емдетіп, жұрттың айтқанына нана береді.

Жазушының Нұрымның ата тегін суреттеген тұсында есімшелі етістікті қолдану тәсілі арқылы Сұлтанмахмұттың ақындық шеберлігі мен жазушылық сөз саптауының ұштасуы. «Жорға »атану себебі қандай?


V. Романның тіл ерекшелігіне көңіл бөлу.

Тілі

Мысалдар

Поэтикалық тіл

а)Теңеу

Ахметтің ақыл ой зеректігінің үстіне сұңқардың баласындай бітімі жақсы.

ә) Портрет

«Пішімі де жаман,іштей мас, түксиген, бұқа мойын,алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді».

б) Нақыл сөздер

«Қырықтың бірі - қыдыр», «Бір күн тойса есектер,ми жоқ алдын есептер».


Жазушының тіл шеберлігіндегі мақал- мәтелдердің қолданылуы.

Мақал- мәтелдер

Романда қолданылған тұстары

Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

Нұрым Қамарды айттыра келгенде айтылған көпшіліктің сөзінен.

Арсызға- алты күн мейрам.

Құдалыққа қызған көпшіліктің сөзі.

Алдыңғы арба қайда жүрсе,

Соңғы арба соңда жүреді.

Қыз алудың кәделерінен кейінгі сәтте.

Бастан -құлақ садаға,

Ілем деп жүріп, ілігіп кетті.

Молданың қашқан сәті.

Көп қорқытты, терең батырды.

Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні апа қылады.

Қамардың бақсы қамшысынан әлсіреген сәтті оның әлсірегендігін нақтылай көрсету үшін берілген.

Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады.

Ахметтің бақсы мен Нұрымға пышағын ала ұмтылған кезінде Ахметтің ішкі сезімін ашу үшін пайдаланған.


VІ. Пікірталас.

Проблемалық жағдаят тудыру арқылы оқушылардың өзіндік ой пікірлерін ортаға салдыру.

1.Ахметтің әділетсіздікпен күрескен әлсіз әрекетіне көзқарасың қандай? Егер Ахметтің орнында болсаң не істер едің?

2.Қалың мал құрбаны болған Қамардың өліміне кім себепкер? Оларды қалай айыптар едің?

VІІ. Шығарманы оқу, талдау барысында оқушы бойында оянатын сезімдік құбылыстарды кесте арқылы көруге болады.


Оқушы бойында туатын психологиядық сезім


Психологиялық сезімнің туу себептері

Елестету

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, тұрмысын, Қамар мен Ахмет сынды елді аузына қаратқан жастардың жағымды қасиеттерін елестетеді.

Сүйсіну

Қамар мен Ахмет арасындағы адал сезімге,таза сүйіспеншілікке, кіршіксіз достыққа сүйсінеді.

Жек көру

Екі жасты айырмақ болған үстемдікке, дүлей қара күш иелеріне ашу ыза, кектену,жек көру сезімін бастан кешіреді.

Жаны ашу

Қамардың ауыр тағдырына, Ахметтің жазықсыз жалаға ұшырауына жаны ашиды.


Өкініш

Қамардың қайғылы өліміне,қазақ қыздарының аянышты халіне,бір- бірін сүйген екі жастың бақытсыздығына өкінеді.

Таңдану

Ақынның көркем,айшықты сөз образдарын, халық нақылдарын шебер де орынды қолдана білу шеберлігіне танданады.


VІІІ. Топ басшыларына тапсырма. «Адамдық негізі - әйел» тақырыбында шағын эссе жазу.


ІХ. Білімді бекіту. «Жүректен жүрекке» «Тілек айту» ойынын жүргізу арқылы сабақты қорытындылау.


Х.Үйге тапсырма: Романды оқу. Қамардың атынан болашаққа хат жазу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Қамар сұлу

Автор: Ибраева Сараш Алкебаевна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375208

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тема: "?амар с?лу" романы"
    ["seo_title"] => string(20) "tiemakamarsuluromany"
    ["file_id"] => string(6) "295706"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455865247"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "?аза? ?дебиеті ашы? саба?   С.Торай?ыров "?амар с?лу" романы 9-класс"
    ["seo_title"] => string(70) "k-azak-diebiieti-ashyk-sabak-s-toraig-yrov-k-amar-su-lu-romany-9-klass"
    ["file_id"] => string(6) "277383"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452879487"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "«?амар с?лу» романы"
    ["seo_title"] => string(19) "k-amar-su-lu-romany"
    ["file_id"] => string(6) "261322"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449117282"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?амар с?лу" романы"
    ["seo_title"] => string(15) "kamarsuluromany"
    ["file_id"] => string(6) "284945"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454064491"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?амар с?лу» романында?ы кейіпкерлер бейнесі "
    ["seo_title"] => string(50) "k-amar-su-lu-romanyndag-y-kieiipkierlier-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "170525"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423566981"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства