kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ?дебиеті ашы? саба? С.Торай?ыров "?амар с?лу" романы 9-класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-класс               ?аза? ?дебиеті

Саба?ты? та?ырыбы: С.Торай?ыров «?амар с?лу» романы.

Ма?саты: Та?ырыпты ме?герту.

Міндеті:

Білімділік. О?ушылар?а романны? негізгі о?и?а желісін ме?герту, та?ырыбын ашу, а?ынны? негізгі айтайын деген ойын а??арту.

Дамытушылы?. Т?рлі с?ра?тар?а жауап бергізу ар?ылы ойлау ?абілетін, ой ?рісін, ізденісін, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік. Шы?арманы талдау ар?ылы ?дет-??рыптарды са?тау?а, ?з бас бостанды?тары ?шін к?ресе білуге, ?лтты? салт-д?ст?рімізді биік ?стау?а, т?рбиелі ?л-?ыздар болып ?сулеріне ы?пал жасау. Жеке т?л?а ?алыптастыру.

Саба?ты? т?рі:  Д?ст?рден тыс саба?.

Саба?ты? типі: Жа?а ??ымды ме?герту.

О?ытуды? ?дісі: Жеке, ж?пты?, ?жымды? ж?мыс. Талдау, с?ра?-жауап.

К?рнекіліктер: Интерактивті та?та, кестелер мен сызбалар, тірек с?здер, роман м?тіндері жазыл?ан пара?тар.

Саба?ты? барысы:

1 ?йымдастыру б?лімі

2 ?й тапсырмасы

(Кестеге ?арап, С.Торай?ыровты? ?мірі мен ?ле?дері туралы айту)

?мірі. 1893 жыл 28 ?азан Омбы уезі, Шар?ай болысы. Отбасы. Балалы? ша?ы. Баянауыл. ?стаздары: ?кесі, ?лі, Тортай, М??ан, ?бдірахман(1908), Н?р?али Бекбауов(1911), Ахун Раман??ли (1912)

?ызметі.О?ытушы. 1913 жыл. Тройцк. «Ай?ап» журналы.

?о?ам ?айраткері. Алашорда партиясы.

Шы?армалары.

Поэмалары: «Айтыс», «Таныстыру», «Адас?ан ?мір», «Кедей»

Романдары: «?амар с?лу», «Кім жазы?ты»

 

 

?ле?дері

А?артушылы? ба?ыт. «О?ып ж?рген жастар?а», «Ш?кірттерге», «О?уда?ы ма?сат не?», «Анау-мынау», «Ш?кірт ойы».

Азаматты? ба?ыт. «Шы?амын тірі болсам адам болып», «Б?л кімдер?»,т.б.

Махаббат лирикасы. «А??удай ?лбіреген с???а? мойын», «А? с?уле», «?ыз с?ю», «Г?л?йім».

С.Торай?ыров ?аза? прозасы мен поэзиясын жа?а саты?а к?терген ірі суреткер, реалист а?ын.

Жа?а саба?ты ме?герту ж?мыстары.

- С.Торай?ыровты? б?гін «?амар с?лу» романын ?теміз. ?ай д?уірде, ?ай ?о?амда ?мір с?рсе де ?йел ?мір тірегі, ?о?амны? ?оз?аушы к?ші, ?рпа? т?рбиелеуші. Феодалды? ?о?амда ?мір с?рген, ?алы? мал ??рбаны бол?ан ?ыздар мен ?йелдерді? та?дыры романны? негізгі ?зегі.

Б?гінгі саба?та біз нені білуіміз керек?

Шы?арманы? мазм?ны. Та?ырыбы. Идеясы.

1.М?тінмен ж?мыс.(?р о?ушы ?зіне берілген ?зіндімен танысып, бір-екі с?йлеммен не туралы екенін айту).

Шы?арманы? жалпы мазм?нымен танысу.

2.Кесте толтыру ар?ылы шы?арманы? та?ырыбы мен идеясын аны?тау. (Д?птерге жазу)

1. Та?ырыбы                          2.Шы?арманы? идеясы   

?леуметтік  те?сіздік,                      ?аза? жастарыны?  бас бостанды?ы,                    

 ?йел те?сіздігі.                                 ?ыздарды?алы? мал?а   сату.

5.Салт-д?ст?р                                                 3.Негізгі кейіпкерлер:

Атастыру, ?ызды    «?амар с?лу»  ?амар, Ахмет, Омар, Н?рым

?алы? мал?а сату,          романы

жар-жар, ?шкіру,        4.?осал?ы кейіпкерлер:

к?де беру.                   ?алтан, Оспан, ?асен, Б?йтек молда

 

 

О?ушылар салт-д?ст?рді? осы т?рлерін білеміз бе? (Мазм?нын ашу)

Атастыру -  ?ыз бала мен ер баланы ата-аналары ?здері с?з байластырып, ?осу. ?ызды ?алы? мал?а беру. Жар-жар. ?шкіру. К?де беру.

3.Та?ырып бойынша проблемалы? с?ра?тар:

(?з ойларын, пікірлерін білдіру)

А) «?амар с?лу» романында?ы салт-д?ст?р ?азіргі та?да са?тал?ан ба?

?) Романны? «?амар с?лу» деп аталуы.

Б) ?амарды? орнында сендер болса?дар ?иынды?ты ?алай  же?ер еді?дер?

В) Романны? ?алай ая?тал?анын ?алар еді??

Саба?ты ?орытындылай келе б?гінгі саба?тан «нені білу керек  едік» ж?не «нені ?йрендім»

Бекіту.

 1.Нені ?йрендім?

Салт-д?ст?рді? т?рлерін. ?з бас бостанды?ы ?шін к?ресу. Т?рбиелі  болу. Махаббат?а адалды?.

2.Синквинг (Д?птерге жазу) 

1. ?амар

2. С?лу, ба?ытсыз

3. О?ыды, жылады, ?лді

4. Азап?а шыдай алмай ?леді.

5. ?ыз

?йге тапсырма.

Романнан ?зінді жаттау. Негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру.

Ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиеті ашы? саба? С.Торай?ыров "?амар с?лу" романы 9-класс»

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігіне 20жыл толуына арналған іс шара

1-жүргізуші:Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін.

Жауды жеңіп,Отаны азат еткен,

Құрметпен қарсы алады Жеңіс күнін.

2-жүргізуші: Оңайлықпен түскен жоқ Жеңіс бізге,

Соғыс елді түсірді- ау ауыр күйге.

Жұрт күйзелді, төгілді қанша көзге жас,

Түнерді қайғы бұлты талай үйде.

3-жүргізуші: Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір,төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

4-жүргізуші:Бейнетімнен бақ құшқан кең далаға,

Қанды өзендер құйғандай сан арнаға.

Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп,

Не кінәң бар. Адамдар, тағар маған?

1-жүргізуші: Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,

Алды- арты құрыш қамал тұрды қоршап.

Жау жеңілді,сол соғыс арқасында,

Өсті, ер жетті бүгігі батыр ұрпақ.

2-жүргізуші: Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан,Әлия,Мәншүк,Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып, шешек атып көгерген жер.

(Осы кезде батырлардың суреттері слайдтан көрсетіледі)

1-жүргізуші:Сол бір сұрапыл соғыс біткелі талай уақыт өтті.

Фашизмді талқандаған ,кеңес халқы батырлығының бағасы жылдан-жылға артпаса кемімек емес.Ақтөбе халқы да майданда соғысып,таудай тер төгіп,жеңісті жақындату жолында аянбай қалған жоқ.Майданға ержүрек ұл-қыздарын аттандырып,солардың ішінде халықтың қайғысы мен қасіретін жан жүрегімен сезініп,соғыстың сұмдықтарын ерлікпен жеңе білген небәрі 18-гі уыздай жас қыз Әлия да бар еді.Ия, ол мәңгі жасқалпында есінде қалды.Оның есімі Қазақстандықтардың,оның ішінде Ақтөбеліктердің де қаһарман ерлігін паш етеді.Шығыс қыздарының ішінен тек қана екі қыз Совет Одағының батыры атағына ие болған.Олар қазақтың ару қыздары Әлия мен Мәншүк.(Осы кезде Әлия мен Мәншүк суреттері слайдтан көрсетіледі)

2-жүргізуші:

Ақтөбеде 1941 жылы қаңтар айында 336 мың адам тұратын. Ұлы Отан соғысына Ақтөбе облысынан 122 мың 423 адам аттанды. Олардың 36мың 192-сі соғыстан оралмады. Ақтөбелік жауынгерлер Москва, Станлинград окоптарында, Днепрде, Украина мен Белорусияда соғысты. Біздің 35 жерлесіміз Совет Одағының батыры атағымен марапатталды. Ақтөбенің 9 ұлы жауынгерлік ерліктің жоғарғы марапаты, үш мәрте «Даңқ Орденінің» иегері атанды.

1-жүргізуші: Қиылды қанаттары тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

2-жүргізуші: Бұлт басты, ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте,

Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.

Хор «Ана туралы баллада»

1-ж.Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмыстайды халық бұл.

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді,

Батырлардың жүрегі боп, жанып тұр.

2-ж.Олар сенің мәңгі аппақ күнің ғой,

Олар сенің солмайтұғын гүлің ғой.

Ескерткішке жиі барып әрдайым ,

Бас киіміңді қолыңа алып, гүлін қой.

(Сахнаға атасы мен немересі шығып, Әлия ескерткішіне гүл қояды)

(Слайдтан Ақтөбе мен Мұғалжар ардагерлері көрсетіледі)

Хор «Жасаңдар ағалар»

1-ж.Жасасын, Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың!

Болашақ ұрпақ, ерлігін айтар жырлар мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда,

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

2-ж.Жасасын, Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып, болашағыңа жүре берІ

1-ж.Болмасын соғыс!

2-ж.Болмасын соғыс!

Екеуі бірге:

Болмасын!

1-ж.Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

2-ж.Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.

Біз кешегі майдангерміз күйрете,

Қанпезер фашизмді жеңгенбіз.

Шынболат Ділдебаевтың «Қазағым» термесі.

1-ж.

-Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығынада дамудың біржақтылығын жоюдың қажеттілігі анық сезіледі. Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 м. гектар тың өнімін арттыру міндеті тұрды. Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауылшаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандарылды.

2-ж.

-1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Сол кезде «Едим мы друзья, в дальние края» деген ән кең тарады. 1954-1959 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дәнді дақылдар өндірісі артты, азық- түлікпен қамтамасыз етудің жақсы жақтары қарастырылды.

Жерді пайдаланудың тиімді жолдары пайда болып, мамандар ауыл шаруашылығына ағылды.

(сахнаға масақ ұстаған қыздар шығып көрініс көрсетеді)

Ән «Шолпан»

1-ж.Күйзелген ел бой түзеп, жасарды енді.

Жетім - жесір жетіліп, қатарға енді.

Жаңа завод, құрылыс ойда-қырда,

Жеңіссіз мұндай жұмыс жасар ма еді.

2-ж.Бейбіт ел қанат жайып өсчер, өрлеп,

Адамзат адал ойлы бізге сенбек.

Жақтаған бейбіт күн мен әділетті,

Жолымен ұлы мақсат іздей бермек.

Күй «Өрлеу»

Домбырашылар ансамблінің орындауында халық күйі «Тепенкөк»

(Слайдтан Н.Ә.Назарбаевтың суреттері, Астана, елорда, ту, елтаңба суреттері көрсетіліп жатады.)

1-ж.Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

Көрсең де талай қорлық азаппенен.

Бір ата бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда – тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

2-ж.

-Ия, «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.

Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отынын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. ( Әр ұлттың киімін киген қыздар сахнаға шығады.)

1-ж.Кең байтақ туған өлкем Қазақстан,

Мен сені әрқашан да мақтан тұтам.

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

Баршаны байлығымен таң қалдырған,

2-ж.Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші, Қазақстан!

Шарықта, шарла көкте, көк байрағым,

Арманым, азаттығым көпке айғағым.

Хор «Қазақстан»



























Тәуелсіз Қазақстанға – 20 жыл

(Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шараның сценариі)

1-ж. Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

2-ж. Тәуелсіздік! Жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным.

Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім қолдан түспес құраным.

1-ж. Тәуелсіздік бізге текке келмеген,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Сонда-дағы қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген.

2-ж. Бабалардың ғасыр бойы арманы,

Өткені мен келешегін жалғады.

Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,

Егеменді – тәуелсіздік алғалы.

Хор «Егеменді Қазақстан»

  1. Ж.1991 жыл 1 желтоқсан

2-ж. Президент тұңғыш болған қазағымнан,

Ел-жұртын алып шықты азабынан.

Береке-бірлікпенен тату бол деп,

Әр ұлттың жастарына салды ұран.

Ән «Сарыарқа»

1-ж. Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егеменді ел бақытты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-ж. Азат өлкелі күндей келіп шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!

Би «Дала гүлдері»

1-ж. Тәуелсіздік монументі. Республика алаңын көркейтіп тұрған қайталанбас туындыларының бірі болып табылады.Ол Шота Уалихановтың бастауымен салынған. Оңтүстік Астананың көгімен шектесіп тұрған Ұлы алтын адам қанатты жолбарысты бағындырып тұрғандай, айналасындағы орналасқан туындылар қазақ халқының тарихын көз алдына елестетеді.

2-ж. Қазақстан, тәуелсіз Қазақстаным!

Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.

Алтын күн алтын далама құйыпты нұрын,

Желбіреп тұрған көк Туым, биік тұғырым.

Ән «Туған жер»

1-ж. 20 жыл Тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Өзің үшін болашаққа жол ашу.

Өзге елдермен терезең тең болмаса,

Тар кезеңде бекер болар,

Тәуекел деп таласу.

2-ж. 20 жыл Тәуелсіз еліміз!

Бұл мол асу,

Алыс-жақын мемлекетпен жарасу.

Құдай өзі қоңсы қылған елдермен,

Барлық мемлекеттермен,

Тең жағдайда санасу.

1-ж. 20 жыл Тәуелсіз еліміз!

Бұл мол асу,

Болашақтың ірге тасын қаласу.

Халқымызға хақ тағала жар болса,

Ұлы тарих көшімен,

Қол ұстасып әрі асу.

Хор «Көктем мерекесі»

2-ж. 1992 жыл 4 маусым

1-ж. Еліміздің рәміздері қабылданған күн!

2-ж. 1992 жыл 2 наурыз

1-ж. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына қабылданған күн!

2-ж 1992 жыл қазан

1-ж. Дүниежүзілік қазақтардың құрлытайы болған күн!

  1. Ж.1993 жыл 15 қараша

1-ж. Ұлттық валютаның қабылданған күні!

2-ж.1995 жыл 30 тамыз

1-ж. Ата Заңымыздың қабылданған күні!

2-ж. 1996 жыл

1-ж. «Шанхай бірлестігін» құру туралы құжатқа қол қойылған күн!

2-ж. 1997 жыл 10 қазан

1-ж. Ақмола қаласы ҚР астанасы болып жарияланған күн!

2-ж. 1997 жыл 11 қазан

1-ж.Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланған күн!

2-ж. 1998 жыл 9 маусым

1-ж. Астана қаласының Халықаралық тұсаукесері болған күн!

Күй «Би күйі»

2-ж . 2000 жыл

1-ж. Мәдениетті қолдау күні

2-ж. 2002 жыл

1-ж. Денсаулық жылы

2-ж .2005 жыл

1-ж. Қазақстанда Ресей жылы

2-ж .2006 жыл

1-ж. Мемлекеттік Әнұранға өзгеріс енгізілген жыл.

2-ж .2010 жыл

1-ж. Европа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, халықаралық аренада беделі көтерілді.

2-ж . Қауіпсіздік, ынтымақта талап бір,

Бар жүрекке ізгілікті тараттыр.

Осы жайлы Астананың Саммиті,

Астанаға әлем бүгін қарап тұр.

1-ж. Алты құрлық, алыс-жақын, қиырдан,

Алпыс елдің басшылары жинылған.

Дүрбелеңді дүйім дүние назары,

Бүгін біздің Астанаға бұрылды.

2-ж. 2011 жыл 30 қаңтар

1-ж. Жетінші Азиада ойындары елімізде өткізілді.

(Слайдтан көріністер)

Би «Дала гүлі»

2-ж. Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші, Қазақстан!

Шарықта, шарла көкте, көк байрағым,

Арманым, азаттығым көпке айғағым.

1-ж. Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

Көрсең де талай қорлық азаппенен.

Бір ата бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек бар деген бабам.

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

Хор «Егеменді Қазақстан».

Қорытынды сөз.



«Бүгін, бүгін, дәл бүгін!

Ақтармаған жыр қалмас!»

атты Қ.Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына арналған әдеби - танымдық кеш.

Мұғалім: Ей, тәкәппар дүние!

Маған да бір қарашы!

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы, - деп жырлаған қазақ поэзиясының классигі, қазақ өлеңіне тың леп, жаңа дауыс әкелген, от ауызды, орақ тілді, Сарыарқаның сабазы, алдаспандай өр ақын –Қасым Аманжоловтың туғанына биыл 100жыл толып отыр. Қасым ауыр заман, құбылмалы саясат, соғыс, тұрмыс шаршатқан жұртты жұбатқан, сергіткен ақын. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, жауға қарсы қолындағы қаруымен де, қаламымен де белсене күрескен өжет ақындардың бірі. Сол ақынның 100 жылдығына арналған «Бүгін, бүгін, дәл бүгін! Ақтармаған жыр қалмас!» атты әдеби танымдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

І бөлім. Жыр жазамын жүрегіммен.

1-ж.

Қасым ақын 1911 жылы Қарағанды ауданында Ақтайлақ өзенінің бойында дүниеге келген.

Өмірге кірдім еңбектеп,

Шалқалап әкем шықты үйден;

Жетімдік тағдыр жетті ептеп,

Қабағы қату түксиген.

Өмірден үміт жоқ өзге,

Даланың тердім тезегін, - деп ақынның өзі жырлағандай әкесі Рахымжан Аманжолұлы 1918 жылы 43 жасында қайтыс болады. Жастай жетім қалған ол Семейдегі интернатқа түседі. Сонда сауат ашады. 1927-1930 жылдары Семей малдәрігерлік техникумында оқиды. Одан соң Орал қ. пед. институтта, біраз уақыт Ленинградтың орман шаруашылығы институтында да білім алады. Бірақ оны денсаулығына байланысты бітірместен, 1932 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетіне қызметке орналасады.

2-ж. «Өзім туралы» әні.

1-ж. Күндерде күн болғанда,

Кеудеге зіл толғанда,

Дүние азып-тозғанда,

Айуаншылық қозғанда...- деген сияқты жолдар Қасымның жасынан ауыз әдебиетінің уызына жарып өскен талант екендігін айғақтайды. Бұл енді, әсіресе қазақ ақыны үшін айнымас табиғи заңдылық десек те қателеспейміз.

2-ж. Құлашты сермеп,

Қырандай өрлеп,

Шықтым өмір шыңына!

Қиырды болжап,

Қандым өмір сырына!

Қасым туған Қарқаралы өңірі ұлы Абай туған Шыңғыстаумен каөршілес, еншілес орналасқан. Оның екінші бір бастау бұлағы, ақындығының қайнар көзі – бала кезінен естіп өскен Абай жырлары. Есейе келе, Семейге барған кезінде жас Қасым Абай өлеңдерін, Абай рухымен тіптен жақын танысты.

1-ж. Өлең «Нұрлы дүние»

2-ж. Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған.

1-ж. Қ.Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.

2-ж. «Орал» өлеңі

1-ж. Әр өлең кітабы шыққан сайын Қасым ақын жырлары байтақ қазақ даласына кең құлаш ұрып, жайыла түсті. Әсіресе, «Дауыл» кітабындағы өлеңдері ақынды бұрын ешкім шықпаған биік шыңға шығарды.

2-ж. «Дауыл» өлеңі

1-ж. Қасым ақын сусындаған тағы бір мектеп – ол батыс пен шығыстың классикалық поэзиясы еді. Қасым

Оларды оқып қана қоймай, өз көнілінен шыққан шығармаларын қазақ тіліне сәтті тәржімалады. Әсіресе Лермонтов пен Маяковскийдің жан-дүниесі ақынға соншалықты жақын әсер етті.

2-ж. «Ақын ескерткіші» өлеңі

1-ж . Поэзия әлемінен шарқ ұрып өзін іздеген ақын талмай талаптанып жүрген кезінде Ұлы Отан Соғысы басталады. Алдымен Қасым әскер қатарына Қиыр Шығысқа шақырылады. Сол жақтан әскери эшалонмен ұзақ жол жүріп, туған жердің үстімен, бір сәт те аялдамастан батыстағы майданға аттанады.

2-ж. Өңімде ме еді, түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды.

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да, бұзды.

1-ж. «Өлмес өмір өлеңі» өлеңі

2-ж. Құдіреті күші, жер жаһанның

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу-кегі

Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да жарыл жүрек!

1-ж. Оның «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы небәрі 26 жасында жау қолынан қаза тапқан қазақ ақыны, батыр Абдолла Жұмағалиевтің өшпес ерлігіне сөзбен сомдалған ескерткіш деуге лайық.

2-ж. «Абдолла» пэмасынан үзінді.

1-ж. «Үстімде сұр шинелім» өлеңі

2-ж. Соғыстан кейін де Қасым ақын әдебиетте өнімді еңбек етті. Оның ойлы, парасатты, рухы асқақ, сезімі сергек жырлары қазақ поэзиясының алтын қорына енгізілгені қашан?! Оның терең тебірініспен жазылған әрбір лирикалық өлеңі әр оқығанда жаңа бір қырынан ашылады. Қасым ақын ұлылығының сыры да сол болса керек.

2-ж. Қасымның «Орамал», «Қара ағаш», «Ақшалық»,т.б. көптеген өшпес жырлары қазақ поэзиясына жаңалық болып келеді.

1-ж. «Сабыр етші» өлеңі

1-ж. Ақынның халыққа кең тараған «Дариға, сол қыз», «Ақсәуле», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Өзім туралы», «Туған жер», т.б. сияқты өлеңдеріне жазған ғажайы сазды әндері радиотолқындарынан түсіп көрген емес.

2-ж. Ән «Туған жер»

1-ж. «Қасым үйсіз-күйсіз өмір сүрді. Керек десек, күшті тамақ, қажетті дәрі алуға қаржысы болмады»,-деп Батыр ағамыз Бауыржанның күйіне айтқаны бар еді.



2-ж. Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын Астанамды,

Өлеңнің отын жағып асырармын,

Өзімді, әйелімді, жас баламды, -деп жырлайды.

«Баспана» өлеңі

  1. « Жылдар соңғы арман болған жаңа пәтерге біз Ілияс аға Омаровтың көмегімен 1949 жылдың сегізінші қазанында көштік. 1948 жылғы желтоқсаннан бері Қасым бауыры ауырып, қатты сырқаттанып жүрген» деп Сақыпжамал апай еске алады.

2-ж. О,тағдыр, мені сауықтыр,

Айтатын жыр, ойым бар.

Көңілім соған ауып тұр,

Алда бір қызық тойым бар...

1-ж. Көңілдің күйін төгейік,

Арманда кеттік демейік.

Бәрін де беріп ел-жұртқа,

Қарыздар болмай өлейік, - деп ауырып төсек тартып жатқан шақтағы арманының өзі осындай еді-ау.

2-ж. «Отбасына арналған өлеңі»

1-ж. Осы кеште Қасым гармонь тартты, домбыра шертті, ән салды. Бұл біздің отбасымен қарсы алған соңғы жаңа жылымыз еді»,-деп зайыбы Сақыпжамал еске алды.

ІІ бөлім. Айтылар мен туралы естеліктер.

2-Ж. Қасым небәрі 44 жасында өкпе ауруынан 1955 жылы 18 қаңтарда мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1955жылы шығармаларының толық жинағы үш томдығының бірінші томы жарық көріпті. Кітаптың алғысөзін Т.Әлімқұлов жазған.

- Қасым өз құдіретін өзі сезген, өз өлеңінің өлместігін болжаған көреген ақын.

2-ж. Соғыстан бұрын оны тентек ақын деп, жазушылар одағы мүшелігінен шығарған.

- Мен енді мүшелікке алындар деп, сендердің алдарыңа арыз алып келмеймін. Өздерің мені жазушылар одағына сырттан алатын боласыңдар,-деген екен.

1-ж. Ақырында ақынның айтқаны келеді. Қасым Қиыр Шығыста жатқанда оны жазушылар одағы мүшесіне қайта қабылдайды.

2-ж. «Тірімде –бақытсыз, түбінде – бақытты ақынмын»- деген Қасымды қазақ қауымы терең түсінеді.

1-ж. Ұлы жазушы М.Әуезов бір топ ақынға мінездеме береді: «Қырғи тілді Асқар, сыршыл үнді Әбділда, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр, күйлі-мұңды Қасым, ізденгіш те тапқыш Хмит, сырлы сазды Сырбай, салқын ойлы Сайын».

2-ж. Осындағы Мұқаңның дуалы аузына іліккен «күйлі-мұңды Қасым» жырлары өзінің өміршеңдігімен бүгінге дейін қазақтың өлең көшін алға сүйреп келе жатқан құдіретті күшке, рухты, өршіл, өжет, жалынды, лепті қасиеттерге суарылғандығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

1-ж. Қасым өз халқының, өз қоғамының, өз дәуірінің шежіресі ретінде мәңгі өшпес шындықтарды тарихқа қалдырды... Тауға шығып, жаңарған кең далаға қарасақ, қатарымызда Қасым тұрғандай көрінеді. Рауандап атқан «таң жеңгені», «қанаты қанға малынған ақша бұлтты», кешкі шымқай арайды көргенде Қасым есімізге түседі. «Алыстағы нажағайдың қара түнгі қанаты» жарқылдағанда, аспан сатыр-сұтыр жарылғанда, дауыл ысқырып соққанда арасында Қасым жүргендей сезіледі. Сіркіреп жауын жауғанда ақын жаны ауамызда қалықтап жүзіп жүргендей болады. Қарауылға тұрған ай да, заңғарда жүзген жұлдыз да, Сарыарқа жақтан ескен жібек қанат самал да Қасымды есімізге салады...

2-ж. Мұңлы Қасым осылай күңірене дүниеден өтті. Бірақ оның тот баспас, алмас өлеңдері жылдардың жотасына шығып, биікке көт ерілді.

1-ж. М.Шаханов «Қасымды қабылдамаған адам хақында» өлеңі.

2-ж. Қасым – қазақтың ұлы ақыны, оның өз алдына қиындық мектебі бар. Толып жатқан шәкірттері бар. Сол шәкірттер қатарына М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов секілді аса дарынды бірсыпыра ақындарды жатқызуға болады. М.Мақатаев өзінің Қасымға арнаған өлеңінде: Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым? Ақынмын деп қопаңдап жүргендермен, Ақындығы Қасымның, десі басым,-дейді.

1-ж. Қайда жүрсек Қасымның жыры, Қасымның әні жадымыздан шықпайды. Жүрек толқытарлық, жан тебірентерлік осы жолдары оқығанда, Қасым ақынның құдіреттілігін сезінгендей боласың.

2-ж. Шынында да бүгінгі ұрпақ Қасым жырларына қазір де, сондай күй кешетініне риясыз сенесің. Ол үшін әр оқығанда, әр қырынан көрінетін, оқыған сайын жаңа бір тылсымы, тосын бір жұмбағы ашылатын Қасым әлеміне сүңгисің. Ондайда тек ақынның қаламынан туған жырларына жүгіну керек-ақ.

1-ж. «Қасым солай болмаса» өлеңі.

2-ж. Әр ақын тарих қойнауында жатқан алдыңғы көшке ілігеді.Сол көштің әсем әуезін, асыл м еруертін бойына сіңіреді. Алдыңғы лект ің асқақ рухына, мәңгі өшпес мақамына еліктеу арқылы, өз жолын, өз соқпағын табады. Қасым ақынның өзіндік бітім болмысы, бүтін тұлғасы дәл солай қалыптасқан.

1-ж. Өмірден ерте өткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. «Ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» демекші, сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталған.

Мұғалім:

- Кешегі жас, бүгінгі алпысты алқымдаған азаматтар Қасымның өлеңдерін жатқа өскелең ұрпақ кем де кем. Бәлкім, бұл игі дәстүрді Қасым ақынның 100 жылдығында қайта жандандыру керек шығар деген оймен бүгінгі кешті ұймдастырған едік.

Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлапры қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді.

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап.

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпемді мен жатырмын қырда қымтап, - деп ақын жырлағандай от ауызды, орақ тілді, Сарыарқаның сабазына арналған кеш аяқталуға жақын.

Сіздердің кештен алған әсерлеріңіз?

Қасым кім?

Ол қандай ақын?

(Өз пікірлеріңізді ортаға салып, ойларыңызды айтыңыздар)

  • Қасым Аманжоловтың ақындық әлеміне әлі талай жас ұрпақтың ат басын тірері, әлі талай жырқұмар қауымның тағзым етіп табынары хақ!





























«Тіл – жұтамас байлық,

Жойылмас қазына» атты кластан тыс шара.

І «Қазақстан – менің елім» атты фильм көрсетіледі. Күй ойнап тұрады.

ІІ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

1-Ж. Әр халықтың аса бай рухани қазынасы – туған ана тілі. Туған тіл домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. «Мен заманында қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім». (М.Дулатв)

Тіл сенің - ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің - жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман, көк арайлы бағыстаның!

2-ж. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұмығы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Тіл сенің –өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің – көмейдегі күміс жырың!

Аспаның, айың, күнің, ауаң, демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің, тапқыр жырың.

1-ж. Құрмаетті ұстаздар мен оқушылар, Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – жұтамас байлық, Жойылмас қазына» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздердің аларынызда сайысқа қатысатын топтар.

2-ж. «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі - талап, жолаушысы - ой, қорғаушысы - мінез, сынаушысы - халық». Топтың мүшелерін қол соғып қошеметтейік, халайық!

1-ж. Сайыс әділ өтуі үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.

2-ж. Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

І кезең. «Бәйге» сұрақ-жауап. (Әр топқа сұрақтар беріледі. Барлығы он балымен есептеледі)

ІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл – жеті түрлі білім біл» немесе полиглот.

(Сөздер беріледі соның орысша, ағылшынша нұсқасын айту)

ІІІ кезең. «Ділмар»

(Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрау)

ІУ кезең. «Бабалардан қалған асыл сөз»

(Тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер сайысы)

У кезең. «Ойлан тап!»

(Топтар мимикамен көрсеткен әрекеттерін сөзбен айтып беру)

1-ж. Ендеше сайысымызды бастаймыз! І кезең. «Бәйге»

(Әр топқа он сұрақтан беріледі)

2-ж. ІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл – жеті түрлі білім біл»

(Парақшаларға жазылған сөздер беріледі)

1-ж. Өнер алды қызыл тіл,

Ой толғаған жырлы тіл.

Қалауын тауып қар жаққан,

Тас тілетін алмас тіл.

Қорғасынды балқытып,

Сөзінен бал тамған тіл – деп тіл шеберлігін байкау мақсатында келесі сайысымыз «Ділмар».

(Плакаттағы тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрау. Бүгінгі тақырыпқа байланысты)

2-ж. Ән «Тілім менің»

1-ж. «Бабалардан қалған асыл сөз»

(Берілген уақытта қанша тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып үлгереді.)

2-ж. У кезең. «Ойлан тап!»

(Топтар мимикамен көрсеткен әрекеттерін сөзбен айтып беру)

1-ж. Қуан, бабам!

Қуанатын жөнің бар.

Деген едің –

Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандық - ау,

Сол үшін ғұмырыңды

Құрбан етіп жолыңда ар.

2-ж. Қуан, анам!

Ұзағынан сүйініп,

Сәтіңде көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңмен

Бойға біткен тілімді

Пір тұтамын,

Мен алдыңда иіліп.

1-ж. Егеменді еліміздің, тіліміздің тұғыры биік болсын! Көк байрағымыз көкте желбірей берсін! Шаңырақтарыңызға құт-береке орнасын!

2-ж. Тілдер күніне арналған шарамыз аяқталды. Сау болыңыздар.































Мектеп бітіруші түлектер кешіне арналған «Жұлдызды кеш» атты шара.

(Ақырын музыка, вальс, әдемі әуен)

Екі жүргізуші ортаға шығады.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» дей отырып бүгінгі кешке қош келдіңіздер!

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің қырық бірінші түлегі бүгінгі кеште балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Бұл кун мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Олай болса, осы вальс әуенімен ұядан ұшар түлектердің қоштасу кешін бастайық.

Музыка. Вальс

Ж.: Жетекші деген – ерекше тұлға, дара шың,

Ұмытылмастай көңілге мәңгі қалатын.

Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,

Шәкірттерін оңаша еске алатын – деп ортаға класс жетекшімізді шақырамыз.

Ж.: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырамыз ортаға.

(Музыка әуенімен барлық түлектер сахнаға шығады)

Ж.: Қараңыздаршы, кешегі осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кішкене бүлдіршіндер, міне бүгін бір-бір шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрін бірге қоссақ жарық жұлдызға айналады.

Олай болса, бұл кешемізді болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап «Жұлдызды кеш» деп атайық.

Ж.: Бүгінгі кеш Сіздер үшін қымбатты түлектер! Бүгінгі айтылар тілек, орындалар ән мен күй, ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар сіздерге арналады.

Ж.: Құрметті қонақтар, түлектер бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймызІ

Ж.: Кештің ашылу салтанатын мектебіміздің директорына сөз берумен бастаймыз.

Хор. Мектебім айтар әнім

Ж.: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін тасып, толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Ж.: Кештің «Жұлдызды кеш» аталу себебін түлектердің жұлдызын танумен бастайық.

«Оқу білім бұлағы» дейміз немесе «Бұлақ көрсең көзін аш» дейді. Бұлақ – бұл су, яғни Суды қорған етер топ жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.

Алдарыңызда Су атасының балалары: Қанат, Маржан, Ақмарал (Слайдтан жұлдыз иелерін толқын үстінде көрсету).

Ж.: Қорғаны су жұлдыздар өмірде өте нәзік, сезімтал болып келеді. Шаяндар: өздерін әлеуметтік жұмыста, ұстаздық салада көрсетеді. Сарышаяндар: тез және шапшаң шешім қабылдауға бейім, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой береді. Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар болады. Олар әр мамандықты қалауыгша жандандыра алады.

Ж.: Бұл өмірде өздеріңді суда жүрген балықтай сезініңдер. Қиналмай, сүрінбей, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.

Олай болса, Су атаның балалары да тегін болмады. Ал, бұл жұлдыздардың өз өнерлері бар. Тамашалайық.

(Кластың әр оқушысын өлең шумақтарымен таныстырады. Слайдтан фотосуреттері көрсетіледі).

Ж.: Келесі кезек Жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары. Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамы нық болсын деп ортаға Нұрсейіт, Марғұлан, Асқар, Аманжол, Оңболсын,Әліби, Айнұрды шақырамыз.(Слайдтан жұлдыз иелерін Жер-Ана үстінде көрсетеді).

Ж.: Жер-Ананы қорған қылған топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясын ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар: театр өнері мен оны қою барысында өздерін көрсете біледі. Бикештер: ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал Ешкімұйіздер: өздерінің бірбеткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.

Ж.: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріңе жақын болыңдар. Биіктен көрініп, бақытты болыңдар.

Жер-Ананы қорған қылған топ өз шығармаларын көрсетпек.

(Ұстаздармен жұмыс).

Ән. Қош бол, мектебім!

Ж.: Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жандар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткекндер – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер жұлдыздары.

Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Таразы, Суқұйғыш, Егіздердер. Олар: Есет, Айгерім, Мөлдір, Айгерім, Айнұр, Әлия. (Слайд)





Ж.: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады. Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды. Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғампаздығы жоғары. Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға, жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.

Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздары өз шығармашылығын көрсетеді.

(Ата-аналармен жұмыс)

Ән. Менің анам

Ж.: Міне, ең соңғы жұлдыздар тобына да кезек келді.

ОТ – Азамат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексіз жігерлі, шығармашылық танымы мол болып келеді. От тәңірінің қорғауындағы жұлдыздар: Тоқты, Арыстан, Мерген. Олар: Гаухар, Айдана, Дария, Шернияз.(Слайд)

Тоқтылар арасында музыкаға бейімдер көп болады. Арыстандар арасында әотістер, режисерлер мен продюсерлер де аз болмайды. Ал, Мергендер болса, өнерге бейім болғанымен, көп еліктеп кетеді. Осы болжаудан кейін, бұл азаматтардың барлығы сөзсіз «эстрада жұлдыздары бола алады» деп тұжырым айтуға әбден болады.



Енқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады.

(Ұстаздарға арнау)

Хор.

Ән. Ұстазым

Ж.: Міне, көздеріңіз жеткен болар, бүгінгі түлектерімізді текке жұлдызға теңемеген болдық. Оларды шын мәнінде аспан жұлдыздары алысқа, ғарышқа шақырады екен! Біз де тілектеспізІ Жолдарыңыз болсын!

Ж.: Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Қандай ғажап қарашы айналаңа,

Бақыттан басың, сірә, айнала ма?!

Ұл-қызы азамат боп есейді деп,

Құрметпен сөз берейік ата-анаға.

(Ата-аналар шығып сөйлейді)

Ж.: Ұлағатты жетекшіміз,

Аямаған жан шуағын,

Санамызға сіз жақтыңыз

Өнер – білім шам - шырағын!

Сізге шаттық, бақ тілейміз

Тәлім алған ұл - қызыңыз.

Төккен терім деп біліңіз,

Жарқыраса жұлдызымыз! - деп сөз кезегін класс жетекшімізге береміз.

Класс жетекші:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Құрметті түлектер! Сіздердің де бақытты жарқын өмірге аяқ басқандарыңызға біз де қуаныштымыз. Алда басталар өмірдің саналы жолы ешкімді адастырмасын. Сіздер жердегі жұлдыз болсаңыздар, аспандығы жұлдыздарыңыз өздеріңізге серік болып, алысқа жетелесінІ

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Ақ жол, құрметті түлектер!

(Қоңырау үні)

Ж.: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тіоектеспіз!

Ән. Достар. (Шар, лента, салют)

Ж.: Түлектерге арналған мерекелік кеш аяқталды. Қош сау болыңыздарІ































7 «А»классӘдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Аттандыру» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту

Күтілетін нәтиже:

1) оқушыларға Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, «Аттандыру» өлеңінің негізгі тақырыбын, автордың айтайын деген ойын меңгерту;

2) оқушылардың ойын, шығармашылығын дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттыру;

3)елін, жерін, отанын құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Жобалып оқыту технологиясы. СТО стратегияларын қолдану.

Сабақтың типі. Жаңа ұғымды меңгерту

Көрнекілік. Интерактивті тақта, үлестірме парақшалары, бағалау парағы, түрлі-түсті қалпақтар.

Пәнаралық байланыс. Тарих, өнер

Не арқылы бағаланады.

Бағалау парақшалары.

Сабақтың барысы.

І.Қызығушылықты ояту

«Сұрақ - жауап» әдісі.

1Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін еске түсіріп жіберейік. Жоспар түрінде.

Жетішатыр

Оқудағы жастар

Шәкет үйінде

Әмірқанның әні

Наурыз мерекесі

Әмірқанның үйі

Әмірқанның Ақтамақ туралы әңгімесі

(Әмірқанның Ақтамақ туралы әңгімесі аяқталмай қалған сияқты соны өз қиялдарыңмен жалғастырып жазу.)

2 «Ақтамақ хикаясы» әңгіме құрау.

3 Интерактивті тақтадан Сүйінбай Аронұлының суреті көрсетіледі.

Кімнің суретін көріп тұрмыз?

С.Аронұлы мына сөздерді кімге арнап айтты деп ойлайсыздар.« ...Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, тозығы жеткен көне жолға түспе, жаңа жолға түс. Ақынның әрбір сөзі қайраған қанжардай қиып түсетін өткір болуы керек. Еш уақытта біреуге сатылма, тура бол. Құдықтан тартқан су сияқты, сөзді өз жүрегіңнен ала біл» (Жамбыл Жабаевқа) Жамбылдың «Менің пірім – Сүйінбай» деп Сүйінбайды пір тұтқан.

Ендеше бүгінгі сабақта Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы және «Аттандыру» өлеңімен таныс боламыз.

Тапсырма

  1. Оқулықты пайдаланып Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныс боламыз.

  2. «Кластер» әдісі. Ж.Жабаев кім?

Ақын Айтыскер

Жамбыл Жыршы

ІІ. Мағынаны ашу.

«Алты телпек» әдісі.

Тапсырма. Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау.

І. Өлеңді 2-3 мәрте мәнерлеп оқу.

(Тапсырманы орындағанда өлең жолдарынан үзінділер келтіре отырып орындау)

1 «Ақ телпек» СТАТИСТИКАЛЫҚ (тақырыпқа қатысты деректер келтіру)

2 «Сары телпек» СӘТТІЛІК (өлеңдегі сәтті кезеңдерді айту)

(Алғашқы перзенті болуы, ақынның баласы болуы...)

3 «Қара телпек» СӘТСІЗДІК (өлеңнен сәтсіз кезеңдерді айту)

(Соғыс, сұрапыл соғыстың болуы, майданға аттануы...)

4 «Көк телпек» АНАЛИТИКАЛЫҚ (өлеңге талдау жасап, неге? не үшін? Неге

байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді)

5 «Жасыл телпек» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз» идеялар мен болжамдар айту)

6 «Қызыл телпек» СЕЗІМТАЛ (өлеңді оқу барысында бастан кешкен сезімдерін тұжырымдайы)

(Саған айтқан сөзімнен

Сабақ алсын тыңдаған)

ІІ. Әр топ өзінің жасаған жұмысы барысында телпек түріне байланысты атқарған қызметі бойынша презентация дайындау.

ІІІ. Топтардың жұмыстары бойынша презентация.

Өлең кімге арналған? Жамбылдың баласына арналған өлеңі. Баласына берген батасы.

Өлең жолдарынан ауыз әдебиетінің қай үлгісін көреміз?



ІУ. Бата. Бата дегеніміз? Батаның түрлері. (Теріс бата. «Қыз Жібек» жыры. Төлегенге әкесінің берген батасы. Оқушылар өздері білетін баталарын айту.

КЕСТЕ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ

1Тұрмыс-салт жырлары 2 Мұң- шер өлеңдері

(жар- жар, беташар, сыңсу) (қоштасу, естірту, жоқтау, бата)

ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ШАҒЫН ТҮРЛЕРІ

У. Қоштасу. Қоштасудың түрлері. Қоштасу үлгісін өлең жолдарынан табу. (Өлеңде әкесі баласын ұзақ сапарға аттандырып, қоштасып бата беруі.Қоштасу үлгісін өзіміз өткен қай лиро-эпостық жырдан көреміз? Есімізге түсіріп көрейік. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. Ай мен Таңсықтың өз елімен қоштасуы.

ІІІ Ой толғаныс.«Синкуейн» әдісі

1Зат есім ( 1) Алғадай

2 Сын есім (2 ) ержүрек, арлы

3 Етістік (3 ) аттанды, алды, тыңдаған

4 Мағыналы сөйлем Қош, қош балам, қош балам!,

5 Синоним (1) бала


Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп жаттау.

Алғадай туралы мәліметтер.




































7-классҚазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: М.Өтемісұлының жалынды өлеңдерін мәнерлеп оқыту, өлеңнің

мазмұнын, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.

Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге,

шығармашылықпен жұмысжасауға машықтандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке , елін, жерін құрметтеп, қастерлеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрден тыс.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,талдау, түсіндіру, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка,география

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын сұрау

І. Сұрақ-жауап

1.Д.Бабатайұлының «Аягөз қайда барасың?» атты өлеңінің тақырыбы қандай?

2.Өлеңнің негізгі тақырыбы, ақынның айтайын деген ойы қандай?

3.Өлеңге арқау болған не жағдай?

4.Аягөз туралы материалдары талдау

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

/ Сұрақтарға жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысын картадан табу/

  Қозы-Корпеш  - Баян сұлу мавзолейі

Барақ султанның мавзолейі

        Балтабек қажы мавзолейі

1 . Аягөз ауданы қай облыста орналасқан, аудан орталығы? /Шығыс Қазақстан, Аягөз қаласы/

2. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш бар. Соның ішінде халықтық архитектура үлгісіне саналаған әлемге әйгелі қай ескерткіш бар? /Қозы Көрпеш – Баян сұлу/

   

3. Аягөз ауданы – абыздар елі, батырлар мекені. Дулат Бабатайұлы, Ақтамберді жырау және кімдердің ізі қалған жер? /А.Құнанбайұлы, Ш.Шыңғысұлы, Семенов-Тянь Шанскийдің, Г.Потаниннің ізі қалған/

4. Аягөз ауданында дүниеге келген қазіргі Тәуелсіз еліміздің қай айтыскер ақынын білеміз? /Ринат Зайытов/

Жаңа сабақ: М.Өтемісұлы өмірі. «Тарланым» өлеңі.

Махамбет Өтемісұлы кім? Топтастыру әдісімен тақтаға жазу.

Махамбеттің суреті слайдтан көрсетіледі.

Махамбет Өтемісұлы

(1804-1846)

М.Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша, орысша хат таныған. Ақын жас кезінен бастап, халықтың ауыр мұңын, тұрмысын жан дүниесімен түсінген. Махамбеттің шебер ұйымдастырушы, жалынды ақын, тұнып тұрған талант екенін әскери экспедицияда жүрген Е. П. Ковалевскийдің өзі мойындаған. Махамбеттің өзіне дейінгі және кейінгі ақындардан айрмашылығы өлеңдерінің отты қызуында, асқақ арманды рухында, болашаққа, келер күнге деген сенімінде. Оның 70шақты өлеңі және бірнеше күйлері бар. Махамбет Беріш руынан, атасы Өтеміс оның атасы Құлмәлі. Махамбет өте өршіл, сөзге ділмар, он саусағынан өнер тамған, заңғар батырымыздың сүйегі Алматы, Гурьев, Мәскеуді 17 жыл шарлап,1983жылы 15 мамыр күні туған жері Қараойға жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде 11 шумақты өлеңі жазылған мазар салынды. Батырдың 200жылдығы 2003жылы Юнеско көлемінде атап өтілді. Осы шараға орайкітапкөрмелері ашылып, бірнеше күйлері оркестрге қосылды

.

II. Сондай-ақ, 1836-1839жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, елді азаттыққа шақырда, шаруалар көтерілісін бастады. Бұл көтерілісті Исатай Тайманов басқарған еді. Исатай Тайманов туралы не білеміз?

Мына картадан Исатай мен Махамбет бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісінің болған жерлерін көреміз.

Атырау қаласында екеуіне арнап ескерткіш қайған.

Махамбет өлеңдерін екіге бөліп қарастыруға болады. Көтеріліске дейінгі және көтерілістен кейінгі жырлар. Махамбеттің Исатайға арналған «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай сөзі», «Ей,Махамбет жолдасым!», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы- Исатай!», «Исатай сөзі», т.б өлеңдері бар.

Олай болса, туып-өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгіге тіккен М.Өтемісұлы ның «Тарланым» атты өлеңіне кеңінен тоқталамыз.

IIІ .Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақ:

1. «Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

Тақтаға жазу

/Тарлан - өжет, қайратты, мықты, қайсар, батыр.../

IУ.«Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқу.

/2-3 қайтара оқыту/.

1.Өлең кімге арналған?

/Исатайға/

2. Ақын неге өкінеді? Өлеңнен ауыз әдебиетінің қай үлгісі н көреміз?

/Жоқтау сарыны бар, өлең жолдарынан оқу/

3. Исатайды ң сырт бейнесін, жан дүниесін, ақылдылығын, ержүректігін қалай суреттейді? Неге теңейді?

/Өлең жолдарынан табу/

4.Батырлар жырындағы Қобыланды , Алпамыстарға ұқсастығы бар ма? /Қобыланды ның суреті/

/Елдерін қорғаған, мықты, батыр.../

V. Ақын қолданған бейнелі сөздерге назар аударайық.

Сөздікпен жұмыс.

Кермиық, кербез – паң, сұлу

Керіскедей – келіскен, көз тартатын, үлкен

Шандоз – асыл, ардақты.

Керіскедей шандозым. Керіске – жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын үлкен бауырмен жорғалаушы. Кешіл – варан-алигатор-қалтырауын.

Керіскедей шандозым,

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім

деп теңеліп тұрғанның бәрі тірі, айбынды, айбарлы, әсем нәрселер. Керіскенің күрескерлік қабілеті мықты, ақын осы қасиетті бағалайды.

Шандоз – ағаш кәсібі арқылы келген сөз. Үйді ағаштан салғанда әсемдеп, жалғыз құрал балтамен шауып өрнектеген. Шеберлерді ел шандоздар деп атаған. Исатайдың қасиетін ,қолбасшылық қабілетін осы шандозға теңеп тұр.

Міне, Махамбеттің Исатайды «Керіскедей шандозым» деп атауы осында

Жебе – садақ оғы.

Сусар – аң

Бөрік

Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- елтірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,- деп алуы содан.

Адырна – садақтың жебесін тіреп ататын тарамысы

VІ. Әдебиет теориясында ауыстыру яки метафора деген бар. Суреттеліп отырған затты айқындай түсу үшін өзіне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.

/Мына жолдардан метафораны табыңыздар/

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Арыстаным, көп болды-ау,

Саған менің арманым!

Теңеу – көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылысқа салыстырып бейнелеу.

/Мына жолдардан теңеуді табыңыздар/

Құландай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздейтерең ақылдым!

Ассонанс – өлеңдегі дауысты дыбыстардың қайталануы. Өлеңдердің үйлесімін күшейтіп, ұйқасты біріктіре, жымдастыра түседі.

Аллитерация – Шығармадағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді.

/Өлеңнен ассонанс пен аллитерацияны тауып көрейік.

УІІ. Махамбеттің Исатайға арналған тағы бір өлеңін тыңдап көрейік. «Исатай деген ағам бар». /Дискіден тыңдау/

VІІІ. Махамбет қайтпас қайсар өршіл ақын ғана емес күйші де болған. «Жұмыр-Қылыш», «Нарын», т.б. күйлері бар. Махамбет Жұмыр мен Қылыш атты батырлармен Исатай өмірден өткеннен кейін жұптарын жазбай бірге жүреді. Сол батырлардың құрметіне осы «Жұмыр-Қылыш» күйін шығарған. Сол күйді тыңдап көрейік.

Күй «Жұмыр – Қылыш»

ІХ. Сабақты бекіту.

Пікіралмасу.

Бүгінгі сабақтан нені білдім? Сабақтан алған әсерім.

Х. Үйге тапсырма:М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, мазмұндау. «Тарланым» өлеңін жаттау.

ХІ. Оқушыларды бағалау.

Сонымен, бүгін біз дауылпаз,жалынды ақын М.Өтемісұлының өмірі , шығармашылығымен таныстық.Кең даласын еркін кезіп, елі,жері үшін,халқының бас бостандығы үшін ашық күрескен, қарапайым халықтың мұңын, жүрек зарын өзекті өлең, шалқар күйлерімен баяндап кеткен қайтпас қайсар, батыр атамыз кейінгі ұрпақтарына мол мұра қалдырды. Тарихымызда Махамбет атамыз сияқты қазақ халқы үшін әділетсіздікке, хандардың озбырлығына қарсы күрескен Бөгенбай батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді жақсы білеміз. Олардың бізге қалдырып кеткен мол мұраларын зерттеу, насихаттау біздің перзенттік борышымыз.













6-класс Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың міндеті:

А) Оқушыларға қайталама қос сөздердің қалай жасалуын меңгерту.

Ә) Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытып, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Б) Ұлтжандылыққа, елін, жерін қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кесте, интерактивті тақта, ермексаз.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, әдебиет

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Оқытудың әдісі: ой қозғау, талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасы

89-жаттығу.

Суретке қарап мәтін құрастыру. Қос сөздердің қалай жасалғанын түсіндіру.

1-слайд

Қос сөз дегеніміз?

Қос сөздер нешеге бөлінеді?

Қайталама қос сөз дегеніміз?

Қайталама қос сөздер нешеге бөлінеді?

(Жасалу жолдарына тоқталып, мысалдар айтып, тақтаға жазу)

Бұл қайталама қос сөздердің жасалу жолдары. Енді оқушылар бүгінгі сабақта қос сөздің екінші түрі қосарлама қос сөздерге тоқталамыз.

Жаңа сабақты меңгерту.

Қосарлама қос сөздер.

Екі түбірден қосарланып жасалған сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, жуық (синоним) сөздер немесе қарама-қарсы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: үлкен-кіші, үлкен мен кіші.

Кәрі-жас түгел жиналды – кәрі мен жас түгел жиналды.

Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады.

1 Мағынасы бір-біріне жақын сөздер немесе қарама-қарсы сөздер қосарланады.

2 Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: бала-шаға, көйлек-көншік.

3 Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: некен-саяқ, оқта-текте.

4 Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарлама қос сөздер.

Олардың сыңарлары кейде бір тұлға, кейде әр тұлғада болады.

М.: оқу-ағарту саласы, саяси-экономикалық жағдай, қазақша-орысша сөздік.

Қос сөздер дефис арқылы жазылады, қосымша екінші сыңарына жалғанады.

Оқушылармен жұмыс.

2-слайд

1.Біз, қазақ елі, ерлік-жігері табанды, қайтпас қайсар, сенімді, ар-намысы биік елміз.

2.Біздің еліміз шет елдермен тығыз қарым-қатынаста.

3.Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

4. «Менің Қазақстаным» атты ақпараттық-насихат пойызы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту.

(Оқушылар тақтадан оқып, қос сөздерді тауып, қосарлама қос сөздерің жасалу жолдарын анықтау. Дәптерге жазып алу.)

93-жаттығу.

Қос сөздердің жасалу жолына тоқталу.

Қосарлама қос сөздердің жасалу жолын айту.

Алыс-жақын(синоним), апалы-сіңілі (синоним), аталы-балалы (екі сыңары да мағынала)...

94-жаттығу.

3-слайд (интерактивті тақтаға жазу)

Екі сыңары мағыналы Бір сыңары мағынасыз Екі сыңары да мағынасыз

қос сөздер қос сөздер қос сөздер

Алпыс-жетпіс құда-жекжат апақ-сапақ

(сан) (туысқан) (қарбалас)

Ел-жұрт сүйек-саяқ апыл-ғұпыл

(халық) (саудыраған сүйек) (асығыс)

Сергіту сәті.

4-слайд Аспанға қарап Ай көрдік,

Төмен қарап Жер көрдік.

Оңға бұрылып, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.

(Қазақстанның суреті, Елбасы, Ту, Елтаңба, Тәуелсіздік монументі, Бәйтерек, 20 жыл)

Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл оқушылар?

Еліміздің тәуелсіздігімізге 20 жыл. Міне, оқушылар тақтадағы жиырма тірек сөздерді пайдаланып, қос сөздерді қатыстырып (қайталама, қосарлама) шағын мәтін құраймыз.

5-слайд

Қазақстан, егеменді, тәуелсіз, жиырма жыл, Отан, бірлік, ынтымақ, Елбасы, елтаңба, ұлтжанды, болашақ, ұрпақ, салауатты, ту, жеке тұлға, еліміз, мемлекет, адамзат, жастар, халық.

(Мәтінді оқып, қолданылған қос сөздерді анықтап, жасалу жолын айту)

Бекіту.

  1. Сұрақ-жауап

Қосарлама қос сөздер дегеніміз?

Қосарлама қос сөздерің құрамы қандай болады?

2.Ермексазбен жұмыс.

Гүл, құмыра, алма жасап, орналастырып, әңгіме құрау.

(Гүлді құмыраға салып, алманы қасына қойып біртұтас бірлік, ынтымақ, береке болсын)

Міне, оқушылар, бүгінгі Егеменді Еліміздің Тәуелсіздігіне жиырма жыл толуына орай өткізілген сабағымызды аяқтаймыз. Ынтымақта, бірлікте, жасампаздықта болайық!

Үйге тапсырмаЕреже, 99, 100-жаттығулар.

Оқушыларды бағалауКүн «өте жақсы»Ту «жақсы»

Күн нұрындай егеменді елемізге шуақтарың шашылсын. Күн алғандар.

Еліміздің желбіреген көк туындай биіктерден көрініңдер. Ту алғандар.

10-класс Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғалымы.

Сабақтың мақсаты: Шоқан шығармашылығын тереңірек меңгерту.

Сабақтың міндеті:

А) Шоқанның сан қырлы еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру.

Ә) Оқушыларды тұжырымды ой айтуға, саралап талдауға, көзқарасын білдіруге жетелеу.

Б) Елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету; оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іздендіру-зерттеу сабағы

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру

Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары

Көрнекілік: Ш.Уәлихановтың портреті, Қазақстанның және Европаның картасы, Мультимедиялық құралдар.

Қосымша әдебиеттер: Ұлы Тұран ұлдары. А.Асанов; С.Мұқанов «Аққан жұлдыз».

Пәнаралық байланыс: тарих, география, этнография, бейнелеу өнері, қырғыз әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Кіріспе. Құйрықты жұлдыз секілді,

Туады да, көп тұрмады.

Көрген-білген өкінді,

Мін тағар жан болмады,- деп ақындар жырлағандай халқымыздың біртуар дара тұлғасы.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханеовтың биыл туғанына осы қараша айында 175 жыл толып отыр. Біз өткен сабақта Шоқанның өмірі мен шығармашылығын жалпы өтіп, үйге тереңірек ізденіп келуге берілген еді. Енді сол үй тапсырмасына көшейік. Шоқанның туған кезінен бастап өміріндегі елеулі оқиғаларын өмірінің соңына дейін қамтуымыз керек. Ол үшін тақтаға назар аударамыз.

Сандар мен тірек сөздерге көңіл бөлеміз.

1. Өмірі.

2. Шоқан білім алған бастаулары.

3. Шоқан және ауыз әдебиеті.

4. 1853 жылы Кадет корпусын аяқтады.

5. 1854 жылы Жетісу, Шығыс, Оңтүстік Қазақстанды аралап шығады.

6.1856 жылы Қырғыз еліне баруы.

7. 1857 жылы Ыстық көлге саяхаты.

8. 1858-1857 жылдар. Қашқарияға саяхаты.

9.Орыс достары.

10. 1961 жыл.

11. 1863 жыл Сот реформасы.

12. 1864 ,1865 өмірінің соңғы кезеңі.

13. Бейнелеу өнері.

14. Зерттеушілер.

15. Әдеби мұра, кино, көркем шығармалар.

Негізгі бөлім.

Міне күллі қазақты әлемге танытқан. Қазақтың ғылыми әлемінің аспанында өз халқына қызмет етіп, өлшеусіз мол мұра қалдырған сирек азаматтардың бірі. Академик Н.И.Веселовский: Ш.Ш.Уәлиханов Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай шыға келгенде...деп жазған еді.

Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғалымы. Ол ғылымның әр саласында өз ізін қалдырған, оның еңбектері Германия, Англияда жарық көрді.Англияда орыстар «Орта Азиялық Азияда» деген кітап шығарып, оған Шоқанның Қашқарияға саяхаты туралы еңбегінің аудармасы енген. (Европа картасы. Картадан көрсету)

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы. Өлмейтұғын артында із қалдырған» дей келе Шоқанның әдебиет саласындағы еңбектері негізінде жұмыс жүргіземіз.

  1. INSERT стратегиясы бойынша Шоқанның еңбектерінен алынған мәтін таратылады. Мәтінді оқи отырып, қарындашпен белгі қойып отырыңдар.

№1 №2 (Оқу, талдау)

  1. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Шоқанның ғылыми еңбектері. Кесте толтыру, дәптерге жазу.

3.Біздің сабағымыздың басты кейіпкері – Шоқан. Өз көзқарасымыз бойынша Шоқанға «Концептуалдық кесте» арқылы анықтама беріп көрейік.

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға









Бекіту.

Эссе. Қазақтың тұңғыш ғалымы – Шоқан.

Үйге тапсырма.

«Шоқан шыңы» деген тақырыпқа өткен және бүгінгі сабақтарды қорыта, тереңірек талдай отырып шығарма жазу.

Бағалау.























6-класс Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың міндеті:

Білімділік. Сын есім туралы жалпы мағлұмат беріп, түсінік қалыптастыру, зат есім арқылы алуан түрлі белгілерін білдіретінін дәлелдеу.

Дамытушылық. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.

Тәрбиелік. Оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу, өз тілін жете меңгере отырып, өзге тілдерді де үйреніп, қадірлей білуге үйрету.

Оқытудың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жүргізу, сергіту ойындары.

Сабақтың көрнекілігі: ойын түрлері, оқулық, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Балалығым, бақытым қазақ тілім.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ер, ат, жүген, бесік, тон, шұбат.

2.Малшы, айтыс, сүзбе, күйші.

3.Алтыбақан, айтыс, сүзбе, күйші.

4. Сәукеле, ою, түйе, сандық.

5.Мейірім, қуаныш, бақыт.

(Оқушылар бір-бірден мысалдарды оқи отырып, зат есімдерді түріне қарай ажыратып, ережені жатқа айтады.)



Жаңа сабақ. Сын есім.

Қазақ тілі – өте бай, ғажап тіл. Тілімізде әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлінеді, оны сөз таптары деп атаймыз. Бір топы зат есіт туралы оқып білдік. Енді келесі тобы сын есім туралы өткелі отырмыз.

(Тақтаға алманың, оқушы ұл, қыз баланың, киіз үйдің суреттері ілінеді, слайдтан көрсетіледі.)

1

Түр-түсіне қарай қандай?

қызыл

қара торы

ақ боз

2

Көлеміне қарай қандай?

үлкен

бойшаң

Биік, кең

3

Дәміне, иісіне қарай?

Тәтті, ащы



4

Сасасына қарай қандай?

жақсы

Алғыр, зерек, әдемі

берік

5

Затқа, мезгіл-мекенге, іс-әрекетке қатысты сынды білдіруіне қарай қандай?

Жаздық, күздік

Білімді, көрікті, ақылды, ибалы, талапты, зерделі

Жаздық, күздік, қыстық

Оқулықпен жұмыс.

127, 128 – жаттығуларды орындау.

Сергіту сәті. «Сыңарын тап» ойыны.

1 Әдепті бала – арлы бала,

------------------------------------

2 Батыл жігіт жол бастар,

--------------------------------------

3 Көз – қорқақ, ----------------

4 Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

5Өнерсіз қыздан без,

Ойын «Бір сөзбен айтқанда қалай деп атайды?»

Сөзге шешен адамды ---------------

Айтқанға сене салатын адамды

Жан аямай жұмыс істейтін адамды

Бойы ұзын адамды

Көрінгенге соқтыға беретін адамды

Ауызша оқушылармен жұмыс.

Кейбір сын есімдер омоним бола алады.

Мысалы: ақ

Кейбір сын есімдер антоним бола алады.

М.: жақсы-жаман

Кейбір сын есімдер синоним болады.

М.: сұлу-әдемі, көрікті

Кейбір сын есімдер тұрақты тіркес болады.

М.: иман жүзді

Төмендегі сын есімдерге тиісті зат есімдерді тіпкестір.

Білімді сөйлем

Басыңқы оқушы

Қабілетті адам

Сабақты қорыту.

1.Қазіргі таңда елемізде халықаралық деңгейде қандай шара өтеді?

2.Қай қалада, қашан өтеді?

Сол себепті елу алты елден келген басшылары бір-бірімен халықаралық тілде түсінісіп, сөйлеседі. Ағылмын тілін білу – міндетті. Елбасы өзінің халқына жолдауына ағылшын тілін білу керек деген. Сол себепті бізде бүгінгі сабағымызға ағылшын тілін кірістірейік. Сын есім – орыс тілінде «имя прилагательное» деп аталады, ағылшын тілінде – «зе әджектив» деп аталаы.

Слайд көрсетіледі.

Good boy

Good friend

Red apple

Бағалау

Үй тапсырмасы.131-жаттығу. «Менің анам» немесе «Менің мектебім» тақырыбына шағын шығарма жазу.



5-класс Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Рухы асқақ Отырар»

Мақсаты: Өлеңнің толық мазмұнын меңгерту

Міндеті: Білімділік. М.Шахановтың өмірі туралы қысқаша мәлімет, тарихы мол Отырар қаласы туралы түсінік, поэма оқиғасына, мазмұнына және тіліне талдау жасау.

Дамытушылық.Өлеңді мәнерлеп және рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту, өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.

Тәрбиелік.Оқушыларды отансүйгіштік рухқа, елінің, жерінің тарихы мен әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Сабақтың типі: Білім мен дағдына қалыптастыру

Оқытудың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, рөлдерге бөліп оқу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері, бейнелеу өнерін.

Көрнекілік: М.Шаханов автопортреті, ежелгі Отырарда табылған жәдігерлердің суреттері, карта, кодоскоп.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасы

Мұғалім «Отырарым» өлеңімен ашады.

  1. М.Шаханов кім, оның қандай шығармаларын білесі?

2)Отырар қаласы туралы тарихи деректерге сүйене отырып.?

3)Шыңғас хан деген кім? Ол туралы қандай деректер бар?(Мұғалім Шыңғыс ханның өмірге келуі туралы мәлімет береді)

4)Картадан Монголияны, Отырар қаласын көрсетеді.

Көрініс: Шыңғыс хан мен Шағатайдың диалогіне байланысты.

Мұғалім сөзі: -Бірлік бар жерде тірлік бар ! - деген атам қазақ. Бірліктің арқасында Қазақстан дамып, өсіп, елу дамыған елдің қатарына қосылу болашақта. М.Шахановтың өлеңімен көріністі аяқтайды.



Кейіпкерлерге мінездеме.

1.Шыңғыс хан – Моңғол ханы.

2.Шағатай – Шыңғыс ханның ұлы

3.Қадырхан (Қайырхан) – Отырардың ханы

4.Қараша (Қарашоқы) - сатқын

5.Қария – сатқынның әкесі.

3.Үй тапсырмасын қорыту.



Поэма мазмұнын талдау.

1.Шыңғыс хан мен Шағатай диалогі

2.Соғыстың оқиғасы

3.Шыңғыс ханның Қайырхан мен қарашоқыға әңгімесі

4.Қайырхан тілегі

5.Қарияның ісі

Мұғалім «Танакөз» жыр жинағынан поэма соңындағы М.Шахановтың ойын мәнерлеп оқиды.

4.Бекіту

1.Отырар қаласының орнынан табылған жәдігерлердің суретін көрсету.(слайд)

2.Кодоскоппен сөздіктердің мәнін түсіндіру.

3.Қайырхан мен Шыңғыс ханға мінездеме беру.

4.М.Шахановқа хат жолдау.

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма

1.Өлеңнің құрылысына қарай талдау жасау.

2. «Отырар ойраны». Оқыған шығарма бойынша ойларын жазу.





9-класс Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы.

Мақсаты: Тақырыпты меңгерту.

Міндеті:

Білімділік. Оқушыларға романның негізгі оқиға желісін меңгерту, тақырыбын ашу, ақынның негізгі айтайын деген ойын аңғарту.

Дамытушылық. Түрлі сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілетін, ой өрісін, ізденісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік. Шығарманы талдау арқылы әдет-ғұрыптарды сақтауға, өз бас бостандықтары үшін күресе білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға, тәрбиелі ұл-қыздар болып өсулеріне ықпал жасау. Жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Оқытудың әдісі: Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс. Талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, кестелер мен сызбалар, тірек сөздер, роман мәтіндері жазылған парақтар.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру бөлімі

2 Үй тапсырмасы

(Кестеге қарап, С.Торайғыровтың өмірі мен өлеңдері туралы айту)

Өмірі. 1893 жыл 28 қазан Омбы уезі, Шарғай болысы. Отбасы. Балалық шағы. Баянауыл. Ұстаздары: әкесі, Әлі, Тортай, Мұқан, Әбдірахман(1908), Нұрғали Бекбауов(1911), Ахун Раманқұли (1912)

Қызметі.Оқытушы. 1913 жыл. Тройцк. «Айқап» журналы.

Қоғам қайраткері. Алашорда партиясы.

Шығармалары.

Поэмалары: «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей»

Романдары: «Қамар сұлу», «Кім жазықты»





Өлеңдері

Ағартушылық бағыт. «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Шәкірт ойы».

Азаматтық бағыт. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Бұл кімдер?»,т.б.

Махаббат лирикасы. «Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын», «Ақ сәуле», «Қыз сүю», «Гүләйім».

С.Торайғыров қазақ прозасы мен поэзиясын жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист ақын.

Жаңа сабақты меңгерту жұмыстары.

- С.Торайғыровтың бүгін «Қамар сұлу» романын өтеміз. Қай дәуірде, қай қоғамда өмір сүрсе де әйел өмір тірегі, қоғамның қозғаушы күші, ұрпақ тәрбиелеуші. Феодалдық қоғамда өмір сүрген, қалың мал құрбаны болған қыздар мен әйелдердің тағдыры романның негізгі өзегі.

Бүгінгі сабақта біз нені білуіміз керек?

Шығарманың мазмұны. Тақырыбы. Идеясы.

1.Мәтінмен жұмыс.(Әр оқушы өзіне берілген үзіндімен танысып, бір-екі сөйлеммен не туралы екенін айту).

Шығарманың жалпы мазмұнымен танысу.

2.Кесте толтыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. (Дәптерге жазу)

1. Тақырыбы 2.Шығарманың идеясы

Әлеуметтік теңсіздік , Қазақ жастарының бас бостандығы,

әйел теңсіздігі. қыздардықалың малға сату.

5.Салт-дәстүр 3.Негізгі кейіпкерлер:

Атастыру, қызды «Қамар сүлу» Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым

қалың малға сату, романы

жар-жар, үшкіру, 4.Қосалқы кейіпкерлер:

кәде беру. Қалтан, Оспан, Қасен, Бәйтек молда





Оқушылар салт-дәстүрдің осы түрлерін білеміз бе? (Мазмұнын ашу)

Атастыру - қыз бала мен ер баланы ата-аналары өздері сөз байластырып, қосу. Қызды қалың малға беру. Жар-жар. Үшкіру. Кәде беру.

3.Тақырып бойынша проблемалық сұрақтар:

(Өз ойларын, пікірлерін білдіру)

А) «Қамар сұлу» романындағы салт-дәстүр қазіргі таңда сақталған ба?

Ә) Романның «Қамар сұлу» деп аталуы.

Б) Қамардың орнында сендер болсаңдар қиындықты қалай жеңер едіңдер?

В) Романның қалай аяқталғанын қалар едің?

Сабақты қорытындылай келе бүгінгі сабақтан «нені білу керек едік» және «нені үйрендім»

Бекіту.

1.Нені үйрендім?

Салт-дәстүрдің түрлерін. Өз бас бостандығы үшін күресу. Тәрбиелі болу. Махаббатқа адалдық.

2.Синквинг (Дәптерге жазу)

1. Қамар

2. Сұлу, бақытсыз

3. Оқыды, жылады, өлді

4. Азапқа шыдай алмай өледі.

5. Қыз

Үйге тапсырма.

Романнан үзінді жаттау. Негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру.

Бағалау.











Озық тәжірибе, ортақ әдіс

(Сабақтар мен іс шаралар жоспары)

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қаласы

№4 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Құрмашева Қуаныш Сайынқызы

2012 жыл













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?аза? ?дебиеті ашы? саба? С.Торай?ыров "?амар с?лу" романы 9-класс

Автор: Кушербаева Адеми Утешовна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства